- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
Мақсаты: Қан құюдан кейінгі асқынудың алдын алу.
Қарсы көрсеткіштері: Сарысудың стандарты 1:32 төмен және қолдану мерзімі өткен,аглютинация кезінде 5 минуттан асса,қалыпты температураны сақтамаған жағдайда,жарық дұрыс болмаған кезде құюға болмайды.
Керекті құралдар:
-залалсызданған қолғап
-2 сериялы стандартты табақша
-штатив
-сарысуларды тамызуға арналған пипетка.
- Стандартты сарысулар
-Шыны әйнек,шыны таяқша
-5 минуттық құм сағат
-Натрий хлор ертіндісі
-Залалсыздандырлған 20 мл шприц(1-2)
-Спирт 96%-50,0 мл
-Заласыздандырылған мақта шариктер,салфеткалар т/б.
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
-Қан алу кезіндегі ауру сезімі мен қорқынышы
-Синкоп
-Асептика ережесін сақтамағаннан қан алған жерге инфекцияның түсуі
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Бастар алдында заласыздырылған қолғап кию.
2. 2 сериялы табақшаға стандартты сарысудың 1-2 тамшысын тамызамыз:О(I)-сарысуын сол жаққа,А(II)-сарысуын ортаға,В(III)-сарысуын оң жаққа.
3. Алынған қанды сарысудың жанына бөлек-бөлек тамызамыз.
4. Қанның көлемі сарысудың көлемімен 8-10 есе аз болу керек
5. Араластырғаннан кейін табақшаны қолға алып ақырын шайқаймыз,ол аглютинацияны тездетеді.
6. Аглютинация басталғаннан кейін (3 минуттан кем емес) әрқайсысына 0,9% натрий хлоридін тамызамыз, 5 минут бақылаймыз.
7. 5 минуттан соң реакцияны жарықта бақылаймыз.Аглютинация дұрыс байқалмаған жағдайда әрқайсысына тағыда 0,9% натрий хлор ертіндісін бір тамшыдан тамызамыз,осыдан кейін қорытынды шығарамыз.
Нәтижені бағалау:
3 ұяшықта да аглютинация болмаса ол О(I) қан тобы.Аглютинация О(I)және B(III) ұяшықта болса,ол A(II) қан тобы. Аглютинация О(I) және A(II)болса,ол B(III) қан тобы. . Аглютинация 3 ұяшықта да болса,ол АВ(IV)қан тобы.Жалған агглютинацияны анықтау үшін 2 тамшы физ.ерітінді қосамыз,өзгеріс болмаса 4 қан тобы екенін анықтайды.
