- •1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.
- •2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.
- •3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
- •4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
- •6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
- •7.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
- •8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.
- •9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
- •10. Стандарт: Резус факторды тез анықтау.
- •11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау
- •12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
- •13. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау
- •14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
- •15.Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
- •16.Стандарт: «Дезо» байламын салу.
- •17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
- •18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
- •19.Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою
- •20. Стандарт: «Гипократ» қалпағын салу
- •21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
- •22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.
- •23. Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.
- •25. Стандарт: Ашық пневмоторокс кезінде жедел көмек
- •26.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
- •27.Стандарт . « Ноқта » тәрізді байламды салу.
- •28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
- •29.Стандарт: Гипсті таңғышты салу.
- •30. Стандарт: аво жүйесі бойынша қан топтарын анықтау(сарысумен).
3. Cтандар : Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-а, анти-в).
Мақсаты: Қан құйғаннан кейінгі асқынуларды болдырмау.
Көрсеткіш: Қан және оның құрамаларында анти- А анти –В цоликлонды ABO орнына , стандартты изогемоаглютициялық сары су.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жарамдылық мерзімі өткен цоликлон қолдану, температураның дұрыс сақталмауы, жарықтың дұрыс түспеуі.
Керекті құралдар:
-Залалсыздандырылған қолғап.
-Цоликлоны бар ампулалар анти-А, анти-В, анти-АВ.
-Сарысуды алуға және тамызуға арналған пипеткалар.
-Арнайы планшет (ұялы табақша) немесе таза ақ тарелка.
-Әйнек таяқшалар немесе төрт бұрышты шыны.
-Құмсағат 5 минутқа
-Физ.ерітінді натрий хлориді.
-Залалсыздандырылған шприцтер 20 мл(1-2)
-96%спирт
- Залалсыздандырылған материал.
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
-қан алу кезіндегі қорқыныш пен ауру сезімі.
-синкоп.
-асептиканың ережесінің бұзылуы салдарынан пункция орнына инфекцияның түсуі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Залалсыздандырылған қолғапты кию.
2. Анти-А, анти-В, анти-АВ цоликлонының сыртқы түрі арқылы сапасын тексеріңіз (мөлдірлігі),ампуланың бүтіндігі, қан тобы жазылған этикеткасын, титрын, жарамдылық мерзімін.
3. Тексеруге арналған қан сарысумен 1:10 қатынасында.
4. Сосын сары сумен қанды араластырып қадағалаймыз.
5. Агглютинация мен цоликлон анти –А мен анти – В мен 5 секундтан кейін пайда болады.
6. 2-5 минуттай бақылау керек
7. Кенеттен болатын агглютинацияны бақылау үшін 1- 2 тамшы физ.ерітінді қосамыз.
Нәтижесін бағалау:
Агглютинация болмаса цоликлон анти-А, цоликлон анти-В, бұл 0(1) қан тобын жатады.
-агглютинация болса цоликлон анти-А бұл А(2) қан тобын жатады
- агглютинация болса цоликлон анти-В бұл В(3) қан тобын жатады
-агглютинация болды цоликлонмен анти-А және анти-В бұл АВ(4) қан тобын жатады.
4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.
Мақсаты: Іш құрылысының патологиясының, іштен қан кетудің, перитониттің алдын алу.
Көрсеткіштері: Әр түрлі жабық жарақаттар, іш құрылысының хирургиялық аурулары(асқазан, 12 елі ішек , ішек, бауыр, көк бауыр, ұйқы безі, перитонит).
Қарсы көрсеткіштері: Жылытқыш қолдану, клизма қою, іш өткізетін препартаттар беруге, асқазанды жууға, жансыздандыруға, су, тамақ ішуге, антибиотиктер салуға болмайды.
Керекті құралдар:
Зембіл
Мұзды мұйық
Жастықша
Асқынулар:
Ауырсыну сезімі
Бас ауыру, әлсіздік, температураның көтерілуі.
Перитонит, шок
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты шалқасынан тізе астына жастықша қойып жатқызу.
2. Мұзды мұйықты ішке қою.
3. Хирургия бөлімшесіне жеткізу.
Нәтижені бағалау: Жағдайының жақсаруы, гемодинамикасының жақсаруы.
5.Стандарт: Жүрек-өкпелік реанимациясын жүргізу.
Мақсаты: Ағзаның өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру.
Көрсеткіші: Кенеттен жүрек тоқтауы, клиникалық өлім, электр жарақаты, суға батқанда, жол апаты, оқыс жағдайлар,және т.б.
Қарсы көрсеткіштері: Реанимация шарасын кеш бастау, онкологиялық және созылмалы аурулардың терминальді кезеңдері, қарттық кезең.
Керекті құралдары:
залалсыздандырылған қолғап , муляж.
Залалсыздандырылған таңғыш мата (салфеткалар, бинттер, медициналық марлі)
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар :
Декортикация
Реанимациядан кейінгі синдром.
Қабырғалардың сынуы.
Кеуде құысының зақымдануы.
Тілді жұтқанда тыныс мүшелерінің жабылып қалуы, құсық пен тыныс алу жолының бітелуі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүрек өкпе реанимация жасаудың көрсеткішін анықтау, жүрек пен өкпе қызметінің тежелуінің белгілері.
2. Науқасқа реанимация жасау үшін, қатты жерге жатқызап орналастыру керек.
3. Сафаридің үш әдісін жасаймыз ( басын артқа шалқайтамыз, төменгі жақ сүйегін алдыға қарай жылжытып ауызын ашамыз)
4. Тыныс жолының өткізгіштігін тексереміз, ауыз құысын бөгде заттардан тазалаймыз.
5.Мұрнын бір қолымен қысып,екінші қолымен астыңғы жағын ұстап турады.
6. Өкпеге ауа жинап, науқастың ерніне ернін тигізіп 2 рет ауа жібереміз, кеуде қуысы 3 – 4 см көтерілгенше, дем шығу өздігінен, дем беру минутына 12 рет
7. Жұдырықпен жүрек тұсына соғу
8. Алақанды кеуде құысының 3/1 бөлігінен 2 см төмен, шеміршектен жоғарлау, екінші қолдың үстіне құлпы тәрізді қоямыз
9. Сонымен кеудені 3 – 4 см ішке қарай басамыз минутына 60 – 80 рет. Жасанды дем беру мен басу 1:30
10. Әр 1 – 2 минутта реанимацияның дұрыстығын анықтаймыз ( пульсті ұйқы артериясынан анықтау, көз қарашығының кішірейуі, терінің түсінің өзгеруі)
Нәтижені бағалау:Ұйқы артериясында пульстың анықталуы,тері түсінің өзгеруі.
