Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
30 алгоритм СД каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.91 Кб
Скачать

Хирургиядағы мейірбике ісі пәні бойынша стандарттар тізімі.

1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (С-4) өңдеу.

2.Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.

3.Стандарт: Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-А, анти-В).

4.Стандарт: «Іштің жедел хирургиялық аурулары » кезінде жедел көмек көрсету.

5.Стандарт: Жүрек өкпелік реанимациясын жүргізу.

6.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.

7. Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.

8. Стандарт: Гипсті лонгетті салу.

9.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.

10.Стандарт: Қандағы резус факторды анықтау.

11. Стандарт: Гипс лонгеттерін дайындау.

12.Стандарт: Екі көзге байлам салу.

13.Стандарт: Биологиялық сынама жүргізу тәсілі.

14.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .

15. Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату.

16. Стандарт: «Дезо» байламын салу.

17. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу.

18. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.

19. Стандарт: Жараның үстіне түйінді тігісті қою.

20. Стандарт: «Гиппократ» қалпағын салу.

21.Стандарт: Медбикенің стерильді халат, қалпақ, маска, қолғапты кию тәсілдері.

22.Стандарт: Дәрігерді отаға киіндіру.

23.Стандарт: Біріншілік медициналық өңдеуді жүргізу.

24.Стандарт: Иыққа «Масақ» тәрізді таңғыш салу.

25. Стандарт: Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек көрсету.

26. Стандарт:«Филончиков-Гроссих» бойынша операциялық алаңды өңдеу.

27. Стандарт:«Ноқта» таңғышын салу.

28.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда «Крамер» жақтауын салу.

29. Стандарт: Гипсті таңғышты салу.

30. Стандарт: АВО бойынша қанның сәйкестігін анықтау.

1.Стандарт: Қолды первомур ерітіндісімен (с-4) өңдеу.

Мақсаты: Қолды операцияға дейін өңдеу. Ерітінді қолды және операциялық аймақты өңдеуге арналған.

Керекті құрал - жабдықтар: 2,4% Первомур ерітіндісі, сабын, стерильді орамал, тазиктің ішіндегі фишкалар.

Ескерту: Ерітінді С-4 33% сутегі асқын тотығынан (171мл), 85% құмырсқа қышқылынан (81мл) , және дестилденген су (10л ) 1,5сағатқа дейін тоңазытқышқа қойылады 2,4% первомур ерітіндісін 10л дистилденген суға құяды.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолды сабынмен ағып тұрған судың астында 1мин жуып тұру, саусақтың ұшынан ортаңғы жоғарғы қолға дейін.

  2. Қолыңызды стерильді орамалмен кептіріңіз.

  3. Қолды 2,4% первомур ерітіндісімен сүртіңіз.

  4. Қолыңызды 1минут ішінде өңдеңіз, мына тәртіппен: 30секунд шынтаққа дейін, сосын 30секунд білезікті.

  5. 1 фишканы тазиктің ішінен алыңыз. 5л тазиктің ішінде ерітіндіні ауыстырмай, 10 адам қолын жууға болады.

  6. Стерильді орамалмен қолыңызды құрғатыңыз.

Ескерту.

  • Өңдеу алдында міндетті түрде қолыңызды ереже бойынша жуыңыз.

  • Тырнақтарыңыз қысқа етіп алыну керек (90% микробтар тырнақ астына жиналады), қолында жаралар қабыну ошақтары болмау керек.

  • Жүзіктері болмау керек.

  • Қолын шынтақпен ашылатын арнайы қол жуғыш болуы керек.

  • Қолды сумен білектен ағатындай қылып жуу керек.

  • Алдымен алақанды, сосын әр саусақтың артқы бетін, саусақ аралық кеңістіктерді және сол қолдың тырнақтарын сосын оң қолдың тырнақтарын жуу керек.

  • Сосын алақанның, білезіктің жоғарғы сол жағын және оң жағын жуу.

2. Стандарт: Бұғана асты катетерін енгізу және күтім жасау.

Мақсаты: ауа эмболиясы, сепсис, тромбофлебит, венада тромбынын пайда болуын және катетердің түспеуін бақылау

Көрсеткіші: Ұзақ уакыт үдемелі ем шара, парентералды тамақтандыру көк тамыр арқылы егу болмаған жағдайда, арнайы диагностикалық зерттеулер ( ОҚҚ-ды, жүрек қуысындағы кысымды, рентген контрасты тексеру)

Қарама-қарсы көрсеткіштер: пиодермия, катетер қою аймағының жарақаттануы.

Керекті құралдар:

-стерильді қолғап.

-спирт 96% - 1фл

-гепарин ерітіндісі-5мл , 0.9% натрий хлор ертіндісі,

-1% бриллиант жасылы, 5% йод

-заласыздандырылган шприц 2.0 дәрілік заттарды енгізу

-стерильді мақта шариктер.

Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:

-катетер қойған жерде терінің қызаруы және іріңдеуі.

-катетерде ауаның болуы.

-қан тамырының ұюы және катетердің жүрмей қалуы.

-катетер жарылуы немесе қан тамырының жүрмей қалуы

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Катетерді қолданар алдында залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.

2. Асептикалық таңғышты шешу.

3. Асептикалық таңғышты шешіңіз,катетерді 96% спиртпен өңдеу

4. Еш қиындықсыз, ине поршенін өзімізге қарай тартамыз. Инеде қою қызыл қан шыққаны катетердің енгенін білдіреді.

5. Катетерді 1-2 изотоникалық натрий хлор ертіндісі, гепаринмен -1000 ед. 5 мл-ге натрий хлор ертіндісімен толтырады.

6. Катетер орнын спирт пен немесе 1% бриллиант жасылымен өңдеп лейкопластер жабыстырамыз.

7. Катетер канюлясын науқас терең тыныс алған кезде жалғайды (егер бұғана асты венасы катетрленген болса), ал егер ЖӨЖ қолданады.

8. Катетерде қан ұйып қалғанда изотоникалық ерітіндіні жіберу науқасты терең дем алдырып ситеманы жабу.

9. Ескерту кезінде қан ұйып қалғанда ертіндіні мөлшерлі түрде енгізу.

10. Инфузия кезінде кететер канюласы және иненің түйіні залалсыздандырылған салфеткамен жабылу қажет .

11. Катетер алынғаннан соң 5% спирт ертіндісімен өңделіп залалсыздандырылған салфеткамен жабамыз.

12.Жара жазылғанша антисептикпен өңдеп таңып тұру керек.

Нәтижесін бағалау: ауырсыну жоқ, катетер өткізгіштігі жақсы, дұрыс бекітілген, катетерді алғаннан кейін жара тез жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]