- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •5В011600 - «География» мамандығының
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Бағалау саясаты
- •Баға қоюдын қағидалары
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Ландшафтану пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Студенттердің білімін оқу-жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Ландшафттану пәнінің глоссарийі
- •Сабақта бағдарламалық және мультимедиялық құралдармен қамтамасызетілуі
- •Мамандандырылған арнайы дәрісхана, кабинет пен зертхананың тізімі
Ландшафтану пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
Өздік жұмыстар студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, кәсіби біліктілігін қалыптастыруда ерекше орын алады.Тапсырмалар жүйесін бірнеше тармақшаларға бөліп беру арқылы туындаған өзекті мәселелерді өз беттерімен шешу арқылы танымдық қарқындылықтарын бекітіп, өз беттерімен ізденуге дағдыландырады.Өздік жұмыс барысында студенттер дүниежүзі елдерінің топтасуының өзіндік белгілерін, құрлықтардағы елдердің аймақтық жіктелуі мен олардың даму деңгейлерін анықтай отырып, дүниежүзі елдерінің өнеркәсібін, шаруашылығын, халқын, даму болашағын әр түрлі әдебиет көздерін пайдалана отырып,өз беттерінше анықтай алады.Өздік жұмысты орындату тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтап, пайдаланылатын әдебиеттер мен құрал-жабдықтарды көрсетіп, әдістемелік нұсқаулар беруден басталады.
Ландшафтану пәнінен өткізілетін өздік жұмыстарда картаны оқып түсіну құралы ғана емес, білім көзі ретінде қолдану үшін көлденең қима-сызбалар,топографиялық карталар,жер бедерінің қалыптасуы мен түзілу жолдары,бедерждің формалары мен өзгеру заңдылықтарын,геоморфологиялық зерттеу әдістері мен геоморфологиялық карта құрастыру әдістерін,қазіргі кездегі геоморфологиялық –антропогендік процестердің дамуы мен олардан сақтану жолдарын қарастырады.
Өздік сабақтың мақсаты:
1. Студенттердің өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру;
2. Студенттің топта өз ойын ашық білдіру, материалды талдау және талқылау дағдысын қалыптастыру;
3. Студенттердің курсты толық меңгеріп, жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету;
4.Минерология және петрография пәніне қажетті материалдарды талдау әдістерін пайдалануға машықтандыру,
5. Арнайы үлестірме материалдарды және бақылау құралдарын пайдалану арқылы студенттердің ой-өрісін дамыту.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырмамен жұмыс істеу барысында студенттер мыналарға баса назар аударуы тиіс:
1. Тапсырманың ауқымды және қандай сұрақтар берілгеніне;
2.Тапсырманы орындау үшін қандай әдістерді пайдалануы қажеттігіне;
3. Берілген материалды жүйелеу және талдау жасау арқылы негізгі ұғымдарды анықтауға;
4. Тапсырманы орындау немесе пікірталас барысында өзінің нақты тұжырымдарын алға тартуға;
5. Бақылау құралдарының сұрақтарына жауап беруде негізгі қай материалға қатысты екенін анықтауға.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тапсырмалардың мазмұны |
Сағат саны |
Тапсыру мерзімі |
Бақылау формасы |
1 |
Ландшафттардың түрлері. Динамикасы. 1.Ландшафттану-территориялық табиғат кешендері туралы ілім. 2.Территориялық табиғат кешендерінің құрамы. 3.Ландшафттың таксономиялық бірлік жүйесі. Ландшафттыны зерттеудің әдістемесі. |
11 |
4 - апта |
Реферат |
2 |
Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы. 1. Ландшафт дамуы сатылары. 2.Ландшафттану ғылымының басталуы В.В.Докучаевтың еңбегі мен оның мектебі. 3.Ландшафттану ғылымы екінші дүние жүзілік соғыстан кейн. |
12 |
7-апта |
реферат, |
3 |
Ландшафттың аймақтық және аудандық бөлшектері. 1.Эпигеосфераның регионалдық және жергілікті дифференцияциясы. Зоналық ендік. 2.Ландшафттық зоналардың системасы, секторлық және азоналдығы. 3.Ландшафттық дифференциацияға орорафиялық фактор мен биіктік белдеудердың әсері. |
11 |
11-апта |
реферат |
4 |
Ландшафт морфологиясы. 1. Фация қарапайым геосистема. 2. Мекендер және ландшафттық басқа да морфологиялық бірліктері. 3.Ландшафттар морфологиясындағы типологиялық проблемалар. |
11 |
14-апта |
Реферат |
|
Барлығы: |
45 |
|
|
