Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Латинский.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476.67 Кб
Скачать

Тақырып: Сын есiмнiң күшейтпелi шырайы.

Күшейтпелi шырай ( er-ға аяқталатын сын есiмдерден басқа) жай шырай негiзiне -issim жұрнағына -us(m), -a(f), -um(n) тектiк жалғауларының жалғануы арқылы жасалады.

жай шырайдың жұрнақ тектiк жалғаулар

негiзi -us(m), a(f),um(n)

longus,a,um

long- + -issim + longissimus,a,um

brevis,e

brev- -issim brevissimus,a,um

-er-ға аяқталған сын есiмдер күшейтпелi шырайы жай шырайда тұрған атау септiктегi masculinum сын есiм формасына -rim жұрнағының қосылуы және -us, -a, -um

тектiң жалғауларының жалғануы арқылы жасалады.

Nom.Sing. masc. жұрнақ тек жалғаулары

-er-ға аяқталатын

жай шырайдағы -rim -us(m),-a(f),-um(n)

сын есiмдер + ruberrimus

ruber (m)

rubra ruberrima

rubrum ruberrimum

NB!

Күшейтпелi шырай белгiсi - екi дауыссыз - ss немесе -rr. Сын есiмнiң күшейтпелi шырайы 1-топтың сын есiмдерi сияқты сондай тектiк жалғауда және сондай сөздiк формада болады. Мысалы: longissimus,a,um - ұзынырақ, ең ұзын, өте ұзын. ruberrimus,a,um - қызылдау, ең қызыл, өте қызыл.

Әртүрлi негiздерден жасалған

салыстырмалы шырайлар.

Әртүрлi негiздерден жасалған бiрнеше сын есiмнiң салыстырмалы шырайлары бар. Оларды есте сақтау қажет:

ж ай шырай салыстырмалы шырай күшейтпелi шырай

magnus,a,um major,ius maximus,a,um

parvus,a,um minor,ius minimus,a,um

Ескерту: maximus,a,um және supremus,a,um сын есiмдерi кейде “ең жоғарғы” деп бiрдей аударылады. Бiрақта maximus, a, um көп санды және көлемдi бiлдiредi, ал supremus, a, um биiктiктi, жоғарылықты бiлдiредi. Мысалы:

dosis maxima - ең жоғарғы доза

linea suprema - ең жоғарғы жолақ

Күшейтпелi шырайдағы сын есiмдер зат есiммен ортақ ережелер бойынша байланысады. Мысалы:

musculus (m) longissimus - ұзынырақ бұлшықет

linea (f) longissima - ұзынырақ жол

Күшейтпелi шырайдағы сын есiмдер 1-топтағы сын есiмдер сияқты септеледi. Мысалы:

Nom.Sing. -us, -a, -um

Gen.Sing. -i, -ae, -i

Жаттығулар.

1-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, аударыңыз.

арқаның ең жалпақ бұлшықетi, арқаның ең жалпақ бұлшықетiнiң дорбасы, ең жоғарғы мойындырық жолағы, кеуде қуысының ең үлкен бұлшықетi, мойынның ең ұзын бұлшықетi, ең кiшкентай саусақ, ең кiшкентай саусақтың қысқа бұлшықетi, ең кiшкентай саты тәрiздi бұлшықет.

Лексикалық минимум.

Зат есiм.

1-септеу.

А. mucosa,ae f - шырыш, сiлемей

tunica,ae f - қабық

Б. conjuctiva,ae f - конúюктива

flexura,ae f - бүгiлiс

uretra,ae f - зәр каналы

2-септеу.

A. colon,i n - тоқ iшек

duodenum,i n - он екi елi iшек

ileum,i n - мықын iшек

intestinum,i n - iшек

oesophagus,i m - өңеш

periton(a)eum,i n - iшастар

rectum,i n - тiк iшек

uterus,i m - жатыр

ventriculus,i m - қарынша

Б. anus,i m - тiк iшек

c(a)ecum,i n - соқыр iшек

crassum,i n - тоқ iшек

fundus,i m - түп

jejunum,i n - аш iшек

perin(a)eum,i n - бұт, шат

truncus,i m - дене

3-септеу.

С. dens,dentis m - тiс

Сын есiм.

1-топ

А. hyoideus,a,um - тiл асты (сүйек)

hypoglossus,a,um - тiл асты (жүйке)

iliacus,a,um - мықындық

maximus,a,um - ең үлкен

minimus,a,um - ең кiшi

mucosus,a,um - шырышты

submucosus,a,um - шырыш асты

supremus,a,um - ең биiк

Б. sacrococcygeus,a,um - сегiзкөз-құйымшақтық

stylohyoideus,a,um - бiз-тiласты

stylopharyngeus,a,um - бiз-жұтқыншақтық

С. caninus,a,um - ит

deciduus,a,um -сүт (тiс)

geniohyoideus,a,um – аша сүйек иек асты

infrahyoideus,a,um – аша сүйек тiл асты

omohyoideus,a,um – аша сүйек жауырын асты

sternohyoideus,a,um – аша сүйек тос асты

suprahyoideus,a,um – аша сүйек үстi

thyrohyoideus,a,um - қалқанша аша сүйек асты

2-топ.

А. intestinalis,e - iшектiк

simplex,e - қарапайым

teres,etis - жұмыр

vaginalis,e - қынаптық

Б. biceps,itis - екi басты

quadriceps,itis - төрт басты

tenuis,e - жұқа

triceps,itis - үш басты

С. molaris,e - ұлкен азу тiс

premolaris,e – кiшi азу тiс

Афоризмдер және атаулар.

  1. Scientia - potentia est! – Бiлiм - күш!

  2. Tria videnda sunt oratori: quid dicat et quo, quidque loco et quomodo. – Шешен үш нәрсенi көре бiлуi қажет: не айтуды, қай жерде және қалай.

Тақырып: Бақылауға дайындық. Өздiк жұмысы.

Жаттығулар.

1-жаттығу. Зат есiмдердiң септеуiн анықтаңыз.

sulcus,i m; cornu,us n; eminentia,ae f; canalis,is m; septum,i m; scabies,ei f; encephalon,i n; manubrium,i n; pectus,oris n; plexus,us m; apex,icis m; fonticulus,i m; pancreas,atis n; genu,us n; superficies,ei f.

2-жаттығу. Зат есiмнiң сөздiк формасын толтырыңыз.

orbita; colon; tympanum; vagina; stratum; processus; facies; os; thalamus; foramen; humerus; costa; caput; olecranon; corpus; arcus.

3-жаттығу.Сын есiмдердiң сөздiк формасын толтырыңыз.

anatomicus; arteriosa; facialis; cavum; spinale; palatinum; costarius; transversa; gastricum; molare; communis; dentale; transversalis; ossea; pterygoideum; sqamosus.

4-жаттығу. Gen.Sing.-та жiктеңiз.

sutura transversa; processus zygomaticus; lamina horizontalis; musculus pterygoideus; facies articularis; nervus interosseus; os nasale; ligamentum accessorium; manubrium dextrum; incisura jugularis; septum osseum; foramen occipitale; ductus hepaticus; substantia alba.

5-жаттығу. Сөздiк формасын берiп, Gen.Sing. -та жiктеңiз.

major; minor; anterior; posterior; superior; inferior.

6-жаттығу. Жақшадағы сын есiмдердi зат есiммен байланыстырыңыз:

омыртқа (мойын, төс, бел, сегiзкөз, құйымшақ); сүйек (маңдай, таңдай, мұрын, тор, шүйде, аша, бет, сегiзкөз); өсiндi (көлденең, буын, тор, таңдай); тесiк (шүйде, сопақ, омыртқа, домалақ).

7-жаттығу. Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердi зат есiммен дұрыс байланыстырыңыз:

үлкен (қанат, төмпешiк, тесiк); төменгi (ойыс, қуыс, тесiк); кiшi (түйiн, артерия, дене); алдыңғы (бұтақ, байлам, перде).

8-жаттығу. Аударыңыз.

оң жақтағы бауырлық жол; қуыс веналық сала; тiлдiң сiлекейлiк қабаты; мұрын қуысы; жоғарғы бөлiк; төс омыртқаның денесi; маңдай сүйектiң бет өсiндiсi.