- •Мысалы: aorta (аорта)-қолқа, сosta(коста)-қабырға,
- •Тақырып: Екпiн. Созылыңқы буын, қысқа буын. Екпiн қою ережесiн бiлу.
- •Тақырып: Сын есiмнiң күшейтпелi шырайы.
- •Тақырып: 3-септеудегi зат есiмдер туралы жалпы түсiнiк.
- •Тақырып: 3-септеу зат есiм. (Femininum.)
- •Тақырып: Зат есiмнiң 1-5 септеулерi және сын есiмнiң Nominativus Pluralis-сы
- •§1 Зат есiмнiң Nominativus Pluralis-тық алгоритм құрылысы
- •Тақырып: Зат есiмнiң 1-5-септелуi
- •§1 Зат және сын есiмдердiң Genetivus Pluralis-тық алгоритм құрылысы.
- •Тақырып: Бақылауға дайындық. Өздiк жұмысы.
Латын тiлi және
негiзгi медициналық
атаулары
Семей
ББК 5410
Т 23
Оқу құралын дайындаған Семей мемлекеттiк медицина университетінін қазақ және латын тiлi кафедрасының оқытушысы
Мустафинова О.А..
Медициналық жоғарғы, орта оқу орындарының студенттерiне арналған оқу құралы.
ММУ - нің ғылыми кеңесi Орталық әдiстемелiк кенесі басуға ұсынады.
Invia est in medicina
via sine lingua Latina
Кiрiспе сөз
Қазақстанның тәуелсiздiк алып және қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болып бекiтiлуiне байланысты, сондай-ақ жоғары оқу орындарында қазақ бөлiмдерiнiң көптен ашылуы, осы оқу орындарында оқитын студенттер үшiн мемлекеттiк тiлде жазылған оқулыққа деген сұранысты, қажеттiлiктi туғызды.
Осы оқулықта дәл осы мақсатқа байланысты құрастырылған, мемлекеттiк тiлде оқитын студент-дәрiгердiң мемлекеттiк тiлде кәсiби тiлiн дамытуға арналған.
Оқулық болашақ дәрiгерлердiң кәсiби медициналық терминдердi сауатты және орынды қолдана бiлуiне көп пайдасы бар.
Оқулық-термин сөздердi жүйелеп меңгеру принципiнде құрастырылған, мысалы, адам анатомиясы курсы бойынша термин сөздердi латын тiлi сабағында қайталап оқыту арқылы, студенттердiң анатомиялық терминдердi терең ұғынып және оларды меңгеруге берiлетiн уақытты қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Оқулықта негiзгi тақырыптарға байланысты әртүрлi жаттығулар берiлген:
1.зат есiм
2.сын есiм
3.сын есiмнiң салыстырмалы түрлерi
4.зат есiмнiң септелуi және т.б.
Осы жаттығулар студенттердiң әр тақырыпты дұрыс ұғынуына және қорытындылауға мүмкiндiк бередi. Әр сабаққа байланысты лексикалық сөздiктер берiлген, олар медициналық терминдерде жатталуына, сондай-ақ студенттердiң тiл байлығын арттыруға арналған. Әр сөздi таңдау кезiнде, тек жалаң сөз ғана емес, осы сөздердiң афоризмдерде, сөз тiркестерiнде қайталануына көп көңiл бөлiнедi, осындай жаттығулар болашақ дәрiгерлердiң сөздiң мағынасын дұрыс түсiнуге және дұрыс қолдана бiлу мәдениетiне де үйретедi.
Оқулық медициналық жоғары, орта оқу орындарында оқитын студенттермен жұмыс iстеуге арналған.
Ф о н е т и к а
Латын алфавитi
Латын тiлiнде 25 әрiп бар. Олар:
Баспа әрiптер |
Әрiптердiң аты |
Айтылуы |
Аа Вb Cc Dd Ee Ff Gg Hh Ii Jj Kk Ll Mm Nn Oo Pp Rr Ss Tt Uu Vv Xx Yy Zz |
А Бэ Цэ Дэ Э Эф Гэ Га И Йота Ка Эль Эм Эн О Пэ Ку Эр Эс Тэ У Вэ Икс Ипсилон, игрек Зэта |
А Б Ц әлде к Д Э Ф Г һ, Гауһар и й к ль м н о п к р с әлде з т у в кс и з
|
Дыбыстар классификациясы.
Латын тiлiнде басқа тiлдердегi сияқты дауысты және дауыссыз дыбыстар бар.
Дауысты дыбыстар: а, е, i, о, u, y ;
Дауыссыз дыбыстар:b,c,d,f,g,h,j,k,l,m,n,p,q,r,s,t,v,x,z;
Дауысты дыбыстар монофтонгтарға және дифтонгтарға бөлiнедi. Монофтонг – бiр дауысты дыбыстан, ал дифтонг екi дауысты дыбыстан құралады. Олар: ae,oe,au,eu.
3. Дауысты дыбыстардың айтылуы.
A,o,u -қазақ тiлiнде а,о,у сияқты айтылады.
Мысалы: aorta (аорта)-қолқа, сosta(коста)-қабырға,
unus (унус)-бiр
E е- қазақ тiлiнде [э] деп оқылады.
Мысалы: vertrebra(вэртэбра)-омыртқа,
semen(сэмэн)-ұрық
I i - қазақ тiлiнде [и] деп оқылады, бiрақ сөздiң басында дауысты дыбыстың алдында және екi дауысты дыбыстың ортасында ол (қысқа) [й] болып оқылады.
Мысалы: iecur(йэкур)-бауыр,
maior(майор)-үлкен.
Y y - грек тiлiнен енген сөздерде кездеседi. Ол қазақ
тiлiндегi [и] сияқты оқылады.
Мысалы: amylum(амилум)-крахмал,
pyramis(пирамис)-пирамида.
Дифтонгтардың айтылуы.
Дифтонгтар-ае;ое;au;eu.
Ае;ое -қазақ тiлiнде [э] сияқты айтылады.
Мысалы: aegrotus(эгротус)-науқас,
оedema(эдема)-iсiну.
Егерде ё-нiң үстiнде қос нүкте болса, онда олар бөлек оқылады.
Мысалы:aёr(аэр)-әуе, aloё(алоэ)-алоэ.
Au - қазақша [ау] деп оқылады.
Мысалы: aurum (аурум) - алтын; trauma (траума) -мертiгу.
Eu - қазақ тiлiнде [эу] деп оқылады.
Мысалы: pneumonia (пнеумония) - өкпенiң қабынуы.
Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.
Сс - е; i; у дауысты дыбыстарының және ае;ое дифтонгтардың алдында тұрса, [ц] деп оқылады.
Мысалы: processus (процэссус) - өсiндi, acidum (ацидум) - қышқыл, cytus (цитус) - жасуша, cаеcum (цэкум) - соқыр iшек, coelia (цэлиа) - iш қуысы.
Ал a;o;u дауысты дыбыстарының және дауыссыз дыбыстардың алдында [к] деп оқылады.
Мысалы: clavicula (клявикуля) - бұғана, medicus - (мэдикус) - дәрiгер.
Кк - латын тiлiнде бұл әрiп өте сирек қолданылады.
Мысалы: kalium (калиум) - калий.
Ll - латын тiлiнде бұл әрiп жiңiшкеленiп оқылады.
Мысалы: lak (ляк) - сүт, animal (анималь)-жануар.
Ss - қазақ тiлiндегi [с] сияқты оқылады.
Мысалы: sutura (сутура) - тiгiс, fossa (фосса) - шұңқыр;
Егер бұл әрiп екi дауысты дыбыстың ортасында немесе дауысты дыбыс m; n; алдында тұрса ол қазақ тiлiндегi [з] сияқты оқылады.
Мысалы: вasis (базис) - негiз, plasma (плaзма) - қанның сарысуы, mensis (мэнзис) - ай.
Vv - қазақ тiлiнде [в] секiлдi оқылады.
Мысалы: virus (вирус) - вирус.
Хх - қазақ тiлiнде [кс] деп оқылады.
Мысалы: apex (апэкс) - бас жақ.ұшы
Zz - грек тiлiнен енген сөздерде кездеседi. Бұл әрiп қазақ тiлiнде [з] сияқты оқылады.
Мысалы: zona (зона) - белдеу.
Әрiптер тiркесiнiң айтылуы.
1.ngu -дауысты дыбыстың алдында тұрса, ол [нгв] болып
оқылады:
lingua (лингва) - тiл.
2.ngu - дауыссыз дыбыстың алдында тұрса, [нгу] деп оқылады:
lingula (лингуля) - тiлше.
3.ti - дауысты дыбыстың алдында тұрса, [ци] деп оқылады:
rotatio (ротацио) - айналу.
NB! Егер осы әрiп тiркесiнiң алдында s әлде x тұрса, ол [ти] болып оқылады: mixtio (микстио) - қоспа.
4.qu [-кв] деп айтылады: aqua (аква) - су.
5.sch- [сх] деп оқылады: schola (схола) - мектеп.
6.su- [су] деп оқылады: sutura (сутура) - тiгiс.
Егер бұл әрiптеркес a,e дауысты дыбыстарынан кейiн тұрса, онда ол [св] деп оқылады: suavis (свавис) - тәттi.
Диграфтардың айтылуы.
Диграфтар - екi дауыссыз дыбыстан тұрып, бiр дыбыс болып оқылады. Олар грек тiлiнен енген сөздерде кездеседi:
Диграфтар: ch, ph, rh, th;
сh-[x], ph-[ф], rh-[p], th-[т]
Мысалы: chorus (хорус) - хор
рhosphorus (фосфорус) - фосфор
rhaphe (рафэ) - тiгiс
thorax (торакс) - кеуде қуысы
Жаттығулар
1-жаттығу. Дауысты дыбыстардың сипаттамасын еске түсiрiп, сөздердi дұрыс оқыңыз:
а) ala (аля) - қанат
minor (минор) - кiшкене
arteria (артериа) - артерия
lamina (лямина) - жұқа қабықша
abdomen (абдомэн)-iш
fovea (фовэа) - шұңқыр
fibula (фибуля) - асықты жiлiк шыбығы /кәрiжiлiк шыбығы/
femur (фэмур) - сан
linea (линэа) - сызық
б) Оқыңыз, өз-өзiңiздi тексерiңiз:
Infundibulum - астау тәрiздi шөлмек, оймыш
Regiо - аймақ
Inferior - төменгi
Anterior - алдыңғы
Membrana - жарғақ
Hepar - бауыр
Hilus - қақпа
Cysta - сарысулы iсiк.
2-жаттығу.
а) i,j дыбыстарының айтылуы мен жазылу ережесiн түсiндiрiңiз:
Intestinum (интэстинум) - iшек
Infraspinatus (инфраспинатус) - қырасты
Iater (грек) (йатэр) - дәрiгер
Insula (инсуля) - арал
Iunctura (юнктура) - жалғама
б) Oқыңыз, өз-өзiңiздi тексерiңiз:
Majalis - мамырлы
Major - үлкен
Ieiunum (jejunum) - аш iшек
Iugum (jugum) - дөң
Iugularis (jugularis) - мойынтырық
3-жаттығу. Дифтонгтардың сипаттамасын еске түсiрiп, дұрыс оқыңыз:
а) Vertebrae (вэртэбрэ) - омыртқалар
Costae (костэ) - қабырғалар
Caecum (цэкум) - соқыр iшек
Oesophagus (эзофагус) - өңеш
Pleura (плеура) - плевра
Auricularis (аурикулярис)-құлақты
Diploё (диплоэ) - диплоэ (жалпақ сүйектiң кемiк заты)
б) Aponeurosis – шандыр
Uropoёticus - несеп түзушi
Aёr - ауа
Aegrotus - науқас
Cristae - қырқалар
Pneumonia - өкпенiң қабынуы
Жаттығулар.
1-жаттығу.Дауыссыз дыбыстардың сипаттамасын еске түсiрiп, дұрыс оқыңыз:
а) Caput (капут) - бас
Collum (коллюм) - мойын
Truncus (трункус) - дене, құрсақ
Facies (фациэс) - бет
Caecum (цэкум) - соқыр iшек
Cranium (краниум) - бас сүйек
Cerebrum (цэрэбрум)-ми
б) Sceleton - қаңқа
Clavicularis - бұғаналық
Musculu - бұлшықет
Scapula - жауырын
Cartilago - шемiршек
Arcus - доға
Condylus - айдаршық
2-жаттығу. s,ss дыбыстарына назар аударып, келесi сөздердi оқыңыз:
А) Humerus (хумэрус) - иық сүйек
Mesеnterium (мэзэнтэриум) - шажырқай
Impressio (импрэссио) - қысу
Septum (сэптум) - перде
Basis (базис) - негiз
Segmentum (сэгмэнтум) - бөлiк
Incisivus (инцизивус) - күрек тiс
б) petrosus - тас тәрiздi
mesogastrium - қарынның ортаңғы қабаты
sacralis - сегiзкөздiк
fossa - шұңқыр
sinus - қуыс
3-жаттығу. x,z дыбыстарына назар аударып, келесi сөздердi оқыңыз:
а) flexio (флэксио) - бүгiлiс
simplex (симплэкс) - жай
axis (аксис) - бiлiк, II -шi мойын омыртқасы
maxilla(максилля) - жоғарғы жақ
fornix (форникс) - күмбез
plexus (плэксус) - өрiм
larynx (ляринкс) - көмей
zygoma(зигома)- бет сүйек
б) dexter - оң
radix - тамыр
coxa - жамбас
extractum - сығынды
zona orbitalis -шеңбер белдеуi
vena azygos - сыңар вена
4
-жаттығу.
qu;
ngu
дыбыстарына
назар
аударып,
келесi
сөздердi
оқыңыз:
а) lamina quadrigemina (лямина квадрагемина) - төрт жұпты табақша
quadratus (квадратус) - квадратты
quintus (квинтус) - бес
aqua (аква) - су
unguentum (унгвентум) - май
lingula (лингуля) - тiлше
unguis (унгвис) - тырнақ
б) linea obliqua -қисық сызық
inguinalis - бүт, шат
angulus - бұрыш
sanguis - қан
squamosus - қабыршақты
5- жаттығу ti дыбысына назар аударып, келесi сөздердi
оқыңыз.
а) solutio (солуцио) - ерiтiндi
palpatio (ральпацио) - сипап қарау
protuberantia(протуберанциа) - томпақ
ostium (остиум) - тесiк
eminentia (еминенциа) - төмпек
tibia (тибиа) - кәрi жiлiк
articulatio (артикуляцио) - буын
б) digestio - ас қорыту
substantia - зат
pronatio - алақанды ішке қарай айналдыру
supinatio - алақанды сыртқа қарай айналдыру
curatio - науқасты емдеу
distantia - қашықтық
6-жаттығу. Дифтонгтарға назар аударып, келесi сөздердi оқыңыз.
а) nucha (нуха) - мойын
thorax (торакс) - кеуде қуысы
sphincter (сфинктер) - қысқыш
ophthalmicus (офтальмикус) - көздiк
chylus (хилус) - сүт шырыны
б) trochanter - ұршық
bronchus - кеңiрдек тамыры
os ethmoidale - тор сүйек
phalanx - саусақ сүйектерi
rhinencephalon - мидың иiс сезу бөлiгi
thyreoideus - қалқаншалық
Афоризмдер.
-Invia est in medicina via sine lingua Latina! - Медицина жолын латын тiлiнсiз өтуге болмайды.
-Alma mater! - қоректендiретiн ана (бiтiрiлген жоғарғы оқу орны туралы).
-Ad litteram! - Дәлме-дәл.
-Ad exemplum! - Мысалы.
-Ad notam! - Естерiңiзге
-Dictum-factum! - Айтылды-iстелдi.
-Nota bene! - Жақсы белгiле. Есiңде сақта.
