Люшер тесті.
Түстің әсер етуі адамда физиологиялық және психологиялық эффект тудырады. Бұл жағдай өндірісте, эстетикада, өнерде бұрыннан есептелді. Түске эмоционслдық қатынас оның қалауымен не қаламауымен мінезделеді, ол психодиагностикада есептеледі.
Люшер тесті зерттелушіні белгілі іс-әрекетке, көңіл- күйге, функционалдық қалыпқа және жеке бастың неғұрлым берік қасиеттеріне жиі бағытталғанын көрсетуге негізделген.
Шетел психологтары Люшер тестін кадрлар тандаған кезде, өндірітік ұжымдарды кешендендіргенде, некелік портреттерді тандауда кеңес беруде қолданылады. Олардың психологиялық талдауларындатүстердің мәні әртүрлі зерттеушілердің көпванды контингентін жан-жақты зерттеу барысында анықтады.
Түстердің мінездемесі (Люшер бойынша) өзіне төрт негізгі және төрт қосымша түстерді қосады.
Негізгі түстерді:
көк – тыныштық, қанағаттану;
көк-жасыл – сенім сезімі, қырсықтық;
сары-қызыл – ерік күшін, агрессияны, қозуды белгілейді;
ашық-сары – белсенділік, қарым-қатынасқа ұмтылу, экспансивтілік, қуаныштық.
Оптималды жағдайда кикілжіннің болмауы кезінде негізгі түстер үстемді алғашқы бес орынды алады.
Қосымша түстер: 5) сиякөк, 6) қоңыр, 7) қара, 8) сұр жағымсыз тенденцияның белгісі: аландаушылық, стресс, қорқыныш, өкініш сезімдері. Бұл түстердің мәні (негізгілер сияқты) үлкен дәрежеде олардвң өзара құрылған, орындар бойынша койылғанымен анықталады.
Нұсқау. (психолог үшін): «Түрлі түсті карточкаларды араластырып, түсімен қаратып қойыныз. Зерттелушіден сегіз түстен, ұнайтынынан тандауды, сұраңыз. Бұл кезде оған түсті тандағанда өзіндегі киіміне, көзінің түсіне сәйкестірмеу керектігін түсіндіру қажет».
Зерттелуші сегіз түстен неғұрлым жағымдысын андау керек. Тандалған түстің картояканы аударып шетке қою керек. Қалған жеті түстен ұнайтын түсті тандауды ұсыну керек. Тандалған карточканы аударып, біріншіден онға қарай қою керек. Процедураны қайталаныз. Карточкалардың нөмірлерін қойылған ретпен жазып алыныз, 2-3 минуттан кейін, карточкаларды түсімен жоғары қарай тағы да қойыныз және соны тағы істеңіз. Зерттелуші түстерді қою қатарын есіне сақтап, саналы ауыстырмау керек. Ол түстерін алғашқы реттей тандау керек.
Тестілеу нәтижесінде сегіз орынды аламыз:
Бірінші және екінші – нақты тандау (++ белгіленеді);
Үшінші және төртінші – тандау (хх белгіленеді);
Бесінші және алтыншы – түске бейтарап сезім;
(жетінші және сегізінші – түсті ұнатпау (--).
Талдау негізінде М.Люшер зерттеудің 3600-ден көп нәтижеге тандалған орындарға мінездеме берді:
1-ші орын мақсатқа жету тәсілін бейнелейді (мысалы, көк түсті тандау тыныш әрекет етуді көрсетеді, ешбір артық қысымсыз);
2-ші орын зертелуші ұмтылатын мақсатты көрсетеді;
3-ші және 4-ші орындар түсті қалауын және зерттелушінің ол болатын ақиқат жағдаятты түйсінуді бейнелейді;
5-ші және 6-шы орындар түске бейтарап қатынасты көрсетеді. Олар зерттелушінің өзінің қалпын, көңіл-күйін, берілген түстермен мотивін байланыстырмайтынын көрсетпейді. Бірақ та белгілі жағдаятта бұл орын түстің резервті трактатын құрайды, мысалы, көк түс (тыныштық түсі) берілген жағжаятта сәкес келмейді, соған байлвныств шеттетіледі;
7-ші және 8-ші орындар түске жағымсыз қатынасты көрсетеді, берілген түсте көрінетін көңі-күйді, мотив, қажеттілікті басуға ұмтылады.
Тандалған түстер жазбасы тандалған орынды көрсету ретімен нөмірлерді снаумен жүзеге асады. Мысалы, қызыл, сары, көк, жасыл, сиякөк, қоңыр және қара түстері жазумен:
++ хх \\ --
34 10 25 67
Алаң ++; хх; \\; -- 4 функционалды топтарды құрайды.
Тандау нәтижесін трактаттау тәсілінің бірінде белгіленгендей, негізгі түстердің орналасуын бағалау болып табылады. Егер олар бестен ары қарай орынды алса, онда олар мінезделген қажеттіліктер қанағаттандырылмады, ізгілікті алаңдаушылық, жағымсыз жағдай орынын алады.
Негізгі түстердің өзара орналасуы қарастырылады. Егер, мысалы, 1 және 2нөмірлері (көк және жасыл) жақын орналасса (функционалды топты бейімдеп), олардың жалпы қасиеті айшықтанады – «ішке қарай» субъектті бағытталу. 2 және 3 нөмірлердегі түстердің сәкесуі (жасыл және қызыл) автономдылықты, өзбеттілікті, иницативтілікті көрсетеді. 3 және 4 нөмірдегі түстердің сәйкесу (қызыл және жасылдың) «сыртқа» бағытталуды көрсетеді. 1 және 4 нөмірдегі түстердің сәкесуі (көк және қызылдың) бір функционалдық топта ортаға тәуелділіктің жағымдылығын және субъекттік бағыттылық пен (көк түс) автономдылықты, «сыртқа» бағыттылықты (қызыл түс) көрсетеді. Жасыл және сары түстердің сәйкесуі (2 және 4 нөмірлердің) «ішке» субъектті қарсы ұмтылу ретінде қарастырылады, автономдық «ішке» ұмтылуда қыңырлық, ортаға тәуелділік ретінде қарастырылады.
М.Люшер пікірі бойынша негізгі түстер келесі психологиялық қажеттіліктерді белгілейді:
1-ші (көк) – қанағаттануды, тыныштықты, жағымдылықты қажет ету;
2-ші (жасыл) - өзін сендіруді қажет ету;
3-ші (қызыл) – белсенді әрекет ету мен жетістікке жетуді қажет ету;
4-ші (сары) – перспективаны, жақсыға уміттену, арманды қажет ету.
Егер негізгі түстер 1-ші – 5-ші орындарда орналасса, бұл қажеттіліктер белгілі шамада қанағаттандырылады; егер олар 6-шы – 8-ші орындарды болса, онда қандай да бір кикілжін, алаңдаушылық, қанағаттанбау, жағымсыз жағдайлардың әсері орын алады. Тандалмайтын түс стресс ретінде болады. Мысалы, тандалмаған көк түс тыныштықтың жоқтығынан қанағаттанбауды көрсетеді.
М.Люшер түс тандауын талдау барысында жұмысқа қабілеттілікті бағалау мүмкіндіктері, келесі сілтемелерге сүйеніп есептеді.
Жасыл түс іс-әрекеттің күрделі шарттарында еріктің көрінуімен мінезделеді.
Қызыл түс ерік күшін және мақсатқа жетуге ұмтылумен қанағаттану сезімін көрсетеді, ол жұмысқа қабілеттілікке әсер етеді.
Сары сәттілікке үмітті көрсетеді, іс-әрекетке қатысудан қанағаттану (кейде оның деталін анық қабылдамай), ары қарай жұмыс істеуге бағдарлану.
Егер бұл үш түстерді басында және барлығы бірге тұрса, онда неғұрлым жемісті іс-әрекет, неғұрлым жоғары жұмысқа қабілеттілік мүмкін. Егер олар қатардың екінші жартысында орналасса және бір-бірінен бөлініп тұрса, болжам аз жағымды.
Алаңдаушылық көрсеткіштері. Егер негізгі түс 6-шы орында тұрса, ол «-» белгісімен белгіленеід және қалғандары, одан кейін орналасқан (7-ші – 8-ші орын), бұл белгімен белгіленеді. Оларды тандалмаған түстер ретінде қарастыру керек, алаңдаушылы, жағымсыз қалып ретінде.
Люшер тестінде мұндай жағдайлар «А» әрпімен қосымша белгіленеді түс нөмірі мен «-» белгісінің үстінен, мысалы:
А А А
- - -
1 6 0
Коменсация көрсеткіштері. Стресс басталу кезінде, түстер алаңдаулары (қандай да негізгі түспен көрінетін, 6-шы және 8-ші орында орналасқан), 1-ші қарастырылады (компенсациялаушы мотиы, көңіл-күй, әрекет). Бұл жағдайда 1-ші орын алатын сан үстіне, С әрпі қойылады. Егер компенсация негізгі түстердің біруімен өтсе, қалыпты көрініс болып табылады. Стресс көрсеткішінің факты оптималды қалыптың жетіспеушілігін көрсетеді.
Сол жағдайларда, компенсация қосымша түстер арқылы өтсе, тест нәтижелері жағымсыз қалыптың көрсеткіші ретінде трактатталады.
Алаңдаушылық интенсивтілігінің көрсеткіштері негізгі түстер алатын орынмен мінезделеді. Егер негізгі түс 6-шы орында болса, онда алаңдаушылықты тудыратын фактор, қатысты әлсіз болып саналады (бұл ! белгісімен белгіленеді); егер түс 7-ші орында, екі !! белгісімен белгіленеді; егер 8-ші орында !!! белгісімен белгіленеіді. Осылай стресс, алаңдаушылық бастауын мінездейтін 6-шы белгіге дейін қойылады, мысалы:
! - !! - !!! -
А - А - А -
2 1 4
Осылай жағымсыз компенсация жағдайлары бағаланады. Егер негізгі түстердің бірі немесе сиякөк компенсация қызметін атқарса, ешбір белгі қойылмайды. Егер сұр, қоңыр немесе қара түс 3-ші орынды басса, ! белгісі қойылады, егер 2-ші орын !! белгісі, егер бірінші орын, !!! белгісі қойылады. Осылай, олар 6-ау болуы мүмкін, мысалы:
! !! !!!
- - -
С С С
- - -
6 0 7
«!» белгісі көп болған сайын, болжам жағымсыз болады.
Алынған нәтижелердің есебімен тестілеу психикалық қалыпты реттеу мен өзін реттеу жұмыстары бойынша мақсатты ұйымдастыруды, аутогендік жаттығу арқылы. Осындай жұмыстарды қайта тестілеу (басқа әдістермен сәйкестіріп), алаңдаушылық, қысымдылықтың төмендеуі ақпаратын бере алады.
Тестілеудің нәтижесін талдау кезінде ерекше маңызды мәнге ақырғы 8-ші орындағы түс бағасы ие (немесе 4-ші функционалды топта екі түс негізінде «-» белгісімен).
Бірінші және сегізінші орындардың сәйкесуіне мән беріңіздер, компенсация орын ала ма, қалыпты схема бойынша ол құрылған ба.
2-ші және 3-ші орындарды түстердің қатынасы солай талданады (қалаулы мақсат және жағдаят). Олардың арапсында кикілжің жоқ па. Мысалы, қызыл түс екінші, сұр түс үшінші орындарда мақсат, мотиы және өзінің шынайы қалпынын бағасы арасында кикілжінді көрсетеді.
Люшер тестінің нәтижесін талдап, алынған психодиагностикалық ақпаратты анкеталау, бақылау, әңгімелесу мәліметімен сәкестіруге тура келеді. Тек осындай жеке бастың жан-жақты зерттеуі кезінде жеке бас қасиеті, оның психологиялық ерекшеліктері туралы күрделі қорытындылар жасауға болады.
Қалыпты, эмоционалды қалыпты, қысымды, алаңдаушылықты бағалау үшін тест нәтижесін пайдалану перспективасы туралы айтуға болады. Бірақ та түстік тесттің көрсеткішінің сәйкесуі (бірінші орында 6,7,8 түстерін тандау) және жағысыз қалыптың дамуы туралы сенімді айтуға мүмкіндік береді.
Люшер бойынша түрлі-түсті жұптардың интерпретациясы.
«++» позициялар.
Бірінші түс көк.
+1+2 (көк және жасыл) – қанағаттану сезімі, тыныштық, тыныш жерге ұмтылу, кикілжінге, стреске араласқысы келмеу.
+1+3 (көк және қызыл) – толықтық сезімі, белсенді және тығыз қатынасқа саналы ұмтылу. Басқалар жағынан зейінде қажет ету.
+1+5 (көк және сиякөк) – сәл тынымсыздану, эстетикаға ұмтылу, сезгіш ортаны қажет ету.
+1+6 (көк және қоңыр) – тынымсыздық, жалғыздықтан қорқу, кикілжіннен кетуге тырысу, стрестен қашу.
+1+7 (көк және қара) – жағымсыз қалып, тыныштыққа, демалуға ұмтылу, өзіне қанағаттанбау, жағдаятқа жағымсыз қатынас.
+1+8 (көк және сұр) – жағымсыз қалып, стрестен құтылу қажеттілігі, тыныштыққа, демалуға ұмтылу.
Бірінші түс жасыл.
+2+1 (жасыл және көк) – жағымды қалып, мойындауға ұмтылу, іс-әрекетке, сәттілікте қамтамасыз ететін.
+2+3 (жасыл және қызыл) –сәттілікке белсенді ұмтылу, өзбетінше шешім қабылдауға, іс-әрекеттегі бөгеттерді женуге тырысу.
+2+4 (жасыл және сары) - – сәл тынымсыздану, мойындауға ұмтылу,
+2+5 (жасыл және сиякөк) – сәл тынымсыздану, мойындауға ұмтылу, әйгілікке, өзінің қылықтарына айналадағылардың қалай қарайтынына жоғары мән беру.
+2+6 (жасыл және қоңыр) – қанағаттанбау сезімі, шаршау, айналадағылар жағынан өзіне қатынасының мәнін асыра бағалау.
+2+7 (жасыл және қара) – реніш, ызалық сезімі, қатандыққа авторитарлық ұмтылу.
+2+8 (жасыл және сұр) – қанағаттанбау сезімі, мойындауға ұмтылу, әсер еткісі келу.
Бірінші түс қызыл.
+3+1 (қызыл және көк) –іскерлі қозу, іс-әрекетке белсенді ұмтылу, әсер, ләззат алуға ұмтылу.
+3+2 (қызыл және жасыл) – іскерлі қозу, мақсатқа белсенді ұмтылу, барлық қиындықтарды жену, өзінің іс-әрекетін жоғары бағалауға тырысу.
+3+4 (қызыл және сары) - іскерлі, сәл жоғары қозу, еліктеу оптимизм, қатынасқа ұмтылу, іс-әрекет өрісінің кеңеюі.
+3+5 (қызыл және сиякөк) – жоғары қозушылық, кейде адекваттық еліктеу, әсер етуге ұмтылу.
+3+6 (қызыл және қоңыр) – жағымсыз көңіл-қүй, ашу, жағымсыз жағдаяттан кетуге тырысу.
+3+8 (қызыл және сұр) – қанағаттанбау сезімі, тәуекелге, әрекетке бағыттылық.
Бірінші түс сары.
+4+1 (сары және көк) – көңіл-күйі жалпы жағымда, позитивті эмоционалды қалыпқа ұмтылу, өзара шыдамдылық.
+4+2 (сары және жасыл) – жалпы жағымды көңіл-күй, тұрған тапсырмаларды шешудің алғашқы жолдарын іздеу, өзін-өзі сендіруге ұмтылу.
+4+3 (сары және қызыл) – бірнеше жоғары іскерлі қозу, кең белсенділікке ұмтылу.
+4+5 (сары және сиякөк) – эйфория, үлкен оқиғаларға ұмтылу, әсер етуге тырысу.
+4+6 (сары және қоңыр) - жағысыз көңіл-күй, өкініш, эмоционалдық босансуды қажет ет, демалу.
+4+7 (сары және қара) – мүлдем жағымсыз көңіл-күй, кез келген мәселелерден кетуге тырысу, қажетті, аз адекватты шешімдерге бейімділік.
+4+8 (сары және сұр) – жағымсыз қиын жағдай, жағымсыз жағдаяттан кетуге тырысу, оны қалай істеу туралы нақты елестер.
Бірінші түс сиякөк.
+5+1 (сиякөк және көк) – белгісіз көңіл-күй, келісім мен гармонияға тырысу,
+5+2 (сиякөк және жасыл) – байқағыштық, әсер еткісі келу.
+5+3 (сиякөк және қызыл) – кейде қозу, еліктеу, әсер етуге тырысу.
+5+4 (сиякөк және сары) – қозу, қиялдау, жарқын оқиғаларға ұмтылу.
+5+6 (сиякөк және қоңыр) – қозу, күшті эмоционалдық уайымдарға бағыттылық.
+5+7 (сиякөк және қара) – жағымсыз қалып.
+5+8 (сиякөк және сұр) – қысым, өзін кикілжіндерден шектеуге ұмтылу, стрестен.
Бірінші түс қоңыр.
+6+1 (қоңыр және көк) – қысым, жалғыздықтан қорқу, жағымсыз жағдаяттан кетуге тырысу.
+6+2 (қоңыр және жасыл) - тынымсыздық сезімі, өзіне қатаң қадағалау жүрзізуге тырысу, қателерді болдыртпауға тырысу.
+6+3 (қоңыр және қызыл) – эмоционалды босансуға белсенді ұмтылу.
+6+4 (қоыр және сары) – жағымды перспективаға сенімді жоғалту, ойланбайтын шешімдердің мүмкін болуы («маған бірібір»).
+6+5 (қоңыр және сиякөк) – қанағаттанбау сезімі, конфортқа ұмтылу.
+6+7 (қоңыр және қара) – жағымсыз қалып, өкініш, тыныштыққа ұмтылу, белсенділіктен кетуге тырысу.
+6+8 (қоңыр және сұр) – жағымсыз қалып, күрделі мәселелерден кетуге тырысу, олармен күреспеу.
Бірінші түс қара.
+7+1 (қара және көк) – жағымсыз қалып, мәселелерден кетуге тырысу («есімді шығармаса екен»).
+7+2 (қара және жасыл) – қозу, айналадағыларға ашулы қатынас, адекваттық емес қырсықтық.
+7+3 (қара және қызыл) – күшті қозу, аффективті қылықтар мүмкін.
+7+4 (қара және сары) – жағымсыз қалып, суицидті ойлар.
+7+5 (қара және сиякөк) – қысымдылық, гармония туралы армандар.
+7+6 (қара және қоңыр) – қозу, нақты емес тапсырмаларды құру, тынымсыз ойлардан кетуге тырысу, адекваттық емес.
+7+8 (қара және сұр) – умітсіздік сезімі, барлығына қарсы келуге тырысу, адекваттық емес.
Бірінші түс сұр.
+8+1 (сұр және көк) – жағымсыз қалып, тыныштықты қалау.
+8+2 (сұр және жасыл) – жағымсыз қалып, айналадағылардың қарсылығын түйсіну және ортадан шектелуге тырысу.
+8+3 (сұр және қызыл) – жағымсыз ұалып, айналадағыларға жоғары талаптар, кейде адекваттық белсенділік.
+8+4 (сұр және сары) – жағымсыз қалып, мәселеден кетуге тырысу, оларды шешпеу.
+8+5 (сұр және сиякөк) – тынымсыздық сезімі, байқағыштық, бұл сезімді жасыруға тырысу.
+8+6 (сұр және қоңыр) – жағымсыз қалып, күрделі, қиын қобалжудан кетуге тырысу.
+8+7 (сұр және қара) – жағымсыз қалып, ренжу, шаршау сезімі, адекваттық емес шешімдерді қабылдау.
«--»позициялар.
Бірінші түс сұр.
-8-1 (сұр және көк) – қанағаттанбау сезімі, эмоционалдық қысым.
-8-2 (сұр және жасыл) – эмоционалдық қысым, жағымсыз жағдаяттан шығуға тырысу.
-8-3 (сұр және қызыл) – тітіркену, көмексіз қалу.
-8-4 (сұр және сары) – алаңдаушылық, өзінің күшіне сенбеу.
-8-5 (сұр және сиякөк) – қадағаланбайтын қозушылық.
-8-6 (сұр және қоңыр) – алаңдаушылық, өзнің күшіне сенбеушілік, жоғары талап, өзінің жеке басын мойындауға тырысу.
-8-7 (сұр және қара) - өзінің жеке басының қандай да бір шектеулерден бас тарту, іс-әрекетке белсенді ұмтылу.
Бірінші түс көк.
-1-2 (көк және жасыл) – күшті қысым, жағымсыз стрестік қалыптан құтылуға тырысу.
-1-3 (көк және қызыл) – күшті қысым, көмексіз қалу сезімі, эмоционалдық, жағдаяттан шығуға тырысу.
-1-4 (көк және сары) – стреске жақын қалып, эмоционалдық жағымыз айым, көмексіз қалу.
-1-5 (көк және сиякөк) – стреске жақын қалып, өзара қатынастың күрделілігі, мүмкіндіктерде шектелу сезімі, шыдамсыздық.
-1-6 (көк және қоңыр) – эмоционалдық қанағаттанбау, өзін шектеу, көмек іздеу.
-1-7 (көк және қара) – стреске жақын қалып, эмоционалдық қанағаттанбау, психогенді жағдаяттан кетуге тырысу.
-1-8 (көк және сұр) – сәл шаршаған қалып, алаңдаушылық, перспективасыздық, түйсіну.
Бірінші түс жасыл.
-2-1 (жасыл және көк) – шаршау, өз күшіне сенбеу, жағымсыз жағдаяттан кетуге тырысу.
-2-3 (жасыл және қызыл) – қатты қозу, ауыр уайымдар, ортамен қатынасты өзіне қарсы деп санайды, аффективті қылықтар мүмкін.
-2-4 (жасыл және сары) – фрустрацияға жақын қалып, өкініш сезімі, шешімге келе алмау.
-2-5 (жасыл және сиякөк) – стреске жақын жағдай, өзін төмен сезіну, өзнің күшіне сенбеу.
-2-6 (жасыл және қоңыр) – стреске жақын, өзіндік қадағалауының адекваттық емес жоғары, мойындауға тырысу.
-2-7 (жасыл және қара) – фрустрация, сәтсіздіктен тітіркеу, ерік сапаларының төмендеуі.
Бірінші түс қызыл.
-3-1 (қызыл және көк) - қозуды басу, тітіркену, шыдамсыздық, жағымсыздықтан шығу жолын іздеу.
-3-2 (қызыл және жасыл) – адекваттық емесөзін бағалаудың стресс жағдайы.
-3-4 (қызыл және сары) – алаңдаушылық, ортаның адекваттық емес бағалауы, зін анықтауға ұмтылу.
-3-5 (қызыл және сиякөк) - өзара түсініспеушіліктен стреске түсу, өзіне сенімсіз болу.
-3-6 (қызыл және қоңыр) – қысымдылық, өзін шектеууден туған сезімталдық, достық қатынас жоқ.
-3-7 (қызыл және қара) – терең өкініштен стреске түсу, фрустрация, алаңдаушылық сезімі, кикілжін мәселені шешуде әлсіздік, фрустрациялық жағдаяттан шығуға тырысу.
-3-8 (қызыл және сұр) – сәл қозу, перспективаны жоғалту сезімі, жүйкелік қозудың мүмкіндігі.
Бірінші түс сары.
-4-1 (сары және көк) - өкініш сезімі, стреске жақын жағдай, жағымсыз эмоцияны басуға тырысу.
-4-2 (сары және жасыл) – шешімге келе алмау, алаңдаушылық, өкініш.
-4-3 (сары және қызыл) - қозудан пайда болған стресс, жетістікке жетуіне күмәндану, өзін-өзі ақтау.
-4-5 (сары және сиякөк) – эмоционалды өкініш және тынымсыздық сезімі, алаңдау, өкіну.
-4-7 (сары және қара) – қысымдылық, сенімсіздік сезімі, сырттай қадағаланудан қашуға тырысу.
-4-8 (сары және сұр) – қысымдылық, маңыздыны жоғалтудан қорқу, мүмкіндікті жоғалту.
Бірінші түс сиякөк.
-5-1 (сиякөк және көк) - өзіне қанағатанбау, белсенділікке стимулдаушы, әріптетікке ұмтылу.
-5-2 (сиякөк және жасыл) - өзіне сенімділік жүзеге аспағандықтан стреске түсу.
-5-3 (сиякөк және қызыл) – белсенді, кейде ойланбай істеген әрекеттерден кейін стреске ұшырау.
-5-4 (сиякөк және сары) – сақтылық, күдіктілік, өкініш, тұйықтылық,
-5-6 (сиякөк және қоңыр) - өзара қатынас бұзылғаннан туған стресс, басқаларға жоғары талап қою.
-5-7 (сиякөк және қара) - өзбетінше шешім қабылдаудан туған қысым, өзара түсінуге тырысу, ойдың анық көрінуі.
-5-8 (сиякөк және сұр) – шыдамсыздық, өзін қадағалауға ұмтылу, кейбір эмоционалдық қозуды тудыру.
Бірініші түс қоңыр.
-6-1 (қоңыр және көк) – жағымсыз қалып, қанағаттанбау сезімі, өзін-өзі шектеуге және қадағалауға тырысу.
-6-2 (қоңыр және жасыл) – жағымсыз жағдай, шамадан тыс өзін қадағалаудан қашу.
-6-3 (қоңыр және қызыл) – эротикалық және басқа биологиялық қажеттіліктерден стреске түсу, стрестен шығу үшін әріптестікке тырысу.
-6-4 (қоңыр және сары) – сенімділік арқылы алаңдаушылықты жасыруға тырысу.
-6-5 (қоңыр және сиякөк) – жағымсыз жағдай, сезгіштік гармонияға ұмтылуға қанағаттанбау.
-6-7 (қоңыр және қара) – бағынудан кетуге тырысу, түрлі тыймдарға жағымсыз қатынас.
-6-8 (қоңыр және сұр) – биологиялық, жыныстық қажеттіліктерді басудан туған стресс.
Бірінші түс қара.
-7-1 (қара және көк) – көмек керек екенін жасырудан туған жағымсыз жағдай.
-7-2 (қара жәна жасыл) – қалаулы әрекеттерді еркін шектеуден фрустрацияға жақын жағдай, бөгеттерден кетуге тырысу.
-7-3 (қара және қызыл) – күтпеген жағдаяттан туған стресс, эмоционалдық қозу.
-7-4 (қара және сары) – ары қарай болатын сәтсіздіктерден қорқудан туған стресс, саналы компромистерден бас тарту.
-7-5 (қара және сиякөк) – идеал жағдаяттарды іздеу.
-7-6 (қара және қоңыр) – жағымсыз шектеулерден стрестік жағдай, қиындықтан кету.
-7-8 (қара және сұр) – жағымсыз жағдаяттан шығуға тырысу.
М.Люшер түстердің түрлі позициялардағы сәйкестіктері белгіленген арнайы таблицаны құрады
№ 7 Жеке тұлғаның танымдық процестері
« Білім алу процесіне қалай қарайсыз ? » атты тесті.
Құрлымы:
Төменде 8 жұп пікірлер ұсынылған. Әрбір жұпта айтылған пікірге өз ойыңызды білдіріңіз. Егер сіз сол жақтағы пікірмен толық келіссеңіз « х »-10 ды , ал оң жақтағы пікірмен толық келіссеңіз « х » және өзіңіз қалайтын санды белгілейсіз.
Оң жақтағы пікірге келісіп, сенсеңіз « х » 9 - дан 5 – ке дейін, ал сол жақпен сәл келісіңкіремей, күдіктенсеңіз 5 –тен 2-ге дейінгі санды белгілеңіз.
Жұмыстан білім алып, ------------------------ Өзіңдегі бар білімге
үйренемін деген кезде 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 сенім арту керек
ғана жұмысқа кіру керек
Әрекетіңіз, ойыңыз мықты --------------------- Біреу басқалай істе
екеніне нақты сенімді 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 демегенше өз ісіңді
болмағанша жұмыс өзіңнің ойынша атқар.
орныңыздағы ережеге
бағыну керек.
Жұмысты тек бір ------------------------ Жұмысты жүзеге асыру
жоспармен атқаруға 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 үшін тек бір ғана
келмейді. жоспарды пайдалану
керек.
Жұмысқа түскен кездегі ------------------------ Басшыға дайындық күні
дайындық күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 емес, жұмыстың нәтижесі
ерекше рөл атқарады. керек.
Сұрақ қою арқылы ------------------------ Сұрақ қою арқылы
эффективті түрде 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 өзіңізді « ақымақ »
білім алуға болады. көрсетіп, ұжымның
мазасын аласыз.
Оқығым келеді деген -------------------------- Оқығым келеді деген
ұсынысты айту арқылы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ұсынысты айту арқылы
жұмысқа қатынасты тек өзіңіздің көмексіз
өзгертуге болады. екеніңізді көрсетесіз.
Біреуден көмек алғанша ------------------------- Біреуден көмек алған
қателік жіберген дұрыс. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 сіздің
шамасыздығыңызды
білдіреді.
Сізді жұмысыңызды -------------------------- Сізді нақты әрекеттерді
толықтыру үшін 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 жүзеге асыру үшін
жұмысқа қабылдайды. жұмысқа қабылдайды.
Нәтижені талдау.
Қорытынды балл арқылы есептелінеді. Бірінші талдау, жауап беруші – «х » - жоғарғы сандарды белгілесе, онда оның білімге деген қатынасының, белсенділігінің жоғары екенін білдіреді. Екінші талдау бойынша, « х » -«белгілі бір сан » - келесі шкаламен қосылады. Әрбір шкала сызықтары I, II, III, IV, V сандарымен белгіленеді. Орналасқан 8 шкала ішінен бір – біріне ең жақын орналасқан шкалалар сіздің мамандық білімге деген дайындығыңыздың көрсеткіші.
I - анық байқалатын күшті қолдау ;
II - анық байқалатын сәл қолдау ;
III - анық байқалатын немқұрайлылық ;
IV - мамандық білімін сәл ғана қолдау ;
Нәтижелерді талдау арқылы оқушунуң білімін мамандық білімге дейінгі жалғасу прооцессіні ңдеңгейін анықтайды. Алынған жауаптар арқылы сыналушының мамандық білімге деген қатынасты анықтауға болады. Жоғарыда анықталған тест жұмысы тек индивидке ғана емес сонымен қатар топқа да жүргізіледі. Топтық тестің нәтижесі арқылы бұл топтың мамандық білімге деген талпынысын, білімін одан әрі қарай қалыптастыруға деген ниетін аңғарамыз. Тестіленген әр индивидтің жауаптарының баллын қосып, тестіленуші адам санына бөлеміз. Сонымен қатар алынған нәтиже арқылы әлеуметтік – психологиялық ортаның жеке тұлғаға тигізетін әсерін анықтауға болады.
№ 8 Ата – аналарға арналған сауалнама.
Ата – аналарға сауалнама таратылады.
Нұсқау: «Сұрақша пікірлерін оқындар. Егер осы пікірмен келіссеңіз олардың пікірдің рет саны бланктан дөңгелектеңіз. Егер келіспесеңіз – рет санды сызыңыз. Егер сіздің таңдауыңыз қиын болса, сұрақ белгісін қойыңыз, естерінде ұстаңыз, сіз өзіңіздің жанұядағы көңіл – күйіңізді сипаттайсыз, шынайы жауап беруге тырысыңыз». [55,59,60]
Мен білемін, менің жанұя мүшелерім жиі маған наразы болады.
Мен сеземін, мен қалай істесемде, бәрі бір осылай болады.
Мен көп нәрсені істеуге үлгермеймін.
Менің жанұямда болған жағдайларға ылғи мен кінәлі болып шығамын.
Мен өзімді жиі дәрменсіз сезінемін.
Үйде маған жиі ашулануға тура келеді.
Мен үйге келгенде өзімді ебедейсіз және ыңғайсыз сезінемін.
Менің жанұйямның кейбір мүшелері мені зердесіз (топас) деп санайды.
Мен үйде болғанда, барлық уақытта бірдеңкеге алаңдаймын.
Менің жанұйямның мүшелерінің өзіме сын қарасын жиі сезінемін.
Мен жоқта бірдеңке болды ма деп, үйге үрей келемін.
Әлі көп нәрсені жасау керек деген сезіну үйде үнемі болады.
Өзімді кейде артық сезінемін.
Үйде менде осындай жағдай, қолымды көтере алмаймын
Үйде маған үнемі өзімді ұстауым керек.
Үйге бара жатқанда, бір нәрсе жасаймын деп ойлайсың, ал керісінше мүлдем басқаны жасауға тура келеді.
Маған, егер мен кетсем, ешкім оны байқамайтын сияқты.
Жанұялық істер жайлы ойласам, сабырсыздыққа бастаймын.
Менің кейбір жанұя мүшелеріне мен үшін достарының таныстарының алдында ыңғайсыздау болады.
Жиі жақсылық жасағым келеді, бірақ керісінше болып шығады.
Біздің жаұядағы көп нәрселер ұнамайды, бірақ оны көрсетуге тырысамын. [55,60,65]
