Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizkhim_kitap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
490.32 Кб
Скачать

6. Фазалық диаграммалардың фармация үшін маңызы.

Күй диаграммаларын пайдалана білу қабілеті мүмкіндік беретін алдын ала көре білуге және тоқтатуға болады:

  • дәрілік препараттардың «физикалық сәйкессіздігі» (ұнтақтардың ылғалдануы, эмульсиялардың қабат қабаттарға бөлінуі);

  • «химиялық сәйкессіздігі» (жаңа қосылыстардың түзілуіне әкелетін дәрілік препараттың компоненттерінің өзара әрекеттесуі).

Эвтектиканың түзілуі тән болатын қоспалар:

  • ацетилсалицил қышқылы - амидопирин;

  • антипирин - фенацетин;

  • резорцин - анестезин.

ҰСЫНЫСТАР:

Дәріске дайындық кезінде берілген тақырыптың фармация мен фармацевтикалық препараттардың технологиясымен байланысына аса көңіл бөліңіз.

Алдыңғы тақырыпта зерттелінген фазалар анықтамасы мен гомогенді және гетерогенді термодинамикалық жүйелерге мысалдарын еске түсіріңіз.

Бірінші сұрақты қарастырғанда жүйедегі тәуелсіз компоненттерінің санын анықтау ережелеріне көңіл бөліңіз. Оқулықта талданған мысалдарды көңіл бөле отырып, зерттеңіз, ұқсас мысалдарды ойлап табуға тырысыңыз.

Клапейрон -Клаузиус теңдеуінің булану, балқу және сублимация процестері үшін қолданылуын талдаңыз.

Диаграмманы анализдеудің негізгі анықтамалары, заңдары мен принциптерін есте сақтап қалуға тырысыңыз. Су және бинарлы қоспаның диаграммаларын зерттеуде оларды өз дәптерлеріңізге тұрғызыңыз және керекті жазбаларды жаза отырып, аса терең түрде анализ жүргізіңіз.

Термиялық анализдің негіздерін қарастыра отырып, визуальды әдіс пен салқындату қисықтарының әдәсін салыстырыңыз. Салқындату қисықтарының әрқайсысын анализдеңіз.

Дәрілік препараттарды дайындаудағы күй диаграммаларының практикалық қолданылуына мысалдарды оқулықтан табыңыз (мысалы, балауыз, суппозиторийлер).

Тақырыптың материалын зерттегеннен соң, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛ:

  1. Презентация (слайдтар).

  2. Таблицалар.

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

  1. Евстратова К.И. и др. Физическая и коллоидная химия. - М.: ВШ, 1990.-487 б.

  2. Равич Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. - М.: 2001.- 254 б.

  3. Кругляков П.М., Хаскова Т.Н. Физическая и коллоидная химия. - М.: ВШ, 2005.- 319 б.

  4. Бугреева Е.В. и др. Практикум по физической и коллоидной химии. М.: ВШ, 1990 – 255 б.

  5. Х.М.Рубина и др. Практикум по физической и коллоидной химии. М.: 2001.152 б.

  6. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. Алматы.: Баспа, 1999. – 164 б.

  7. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дәуренбеков Қ.Н. Бейорганикалық, физикалық және коллоидтық химия. - Шымкент. 2004.

Қосымша:

  1. Мушкамбаров Н.Н. Физическая и коллоидная химия. - М.: ГЭОТАР МЕД, 2001.- 384 б.

  2. Зимон А.Д. Физическая химия. - М.: Агар, 2003.- 320 б.

  3. Белик В.В. Физическая и коллоидная химия. - М.: «Академия», 2005. – 288 б.

  4. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. СПб.: Химиздат, 2001.- 784 б.

  5. Гельфман М.И. Практикум по физической химии. СПб.: Лань, 2003.- 256 б.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР:

  1. Фаза деген не? Фазалар саны бойынша термодинамикалық жүйелер қалай жіктеледі?

  2. Булану, балқу және сублимация деген не? Процестерге сәйкесінше мысалдар келтіріңіз.

  3. Компонент деген не? Жүйеде тәуелсіз компоненттер санын қалай анықтауға болады?

  4. Еркіндік дәрежесінің саны деген не?

  5. Гиббстің фазалар ережесіне анықтама беріңіз. Оның математикалық теңдеуін келтіріңіз.

  6. Анализ нәтижесінде сулы ерітіндіде Na+, NO3- иондары бар екені белгілі болды. Осы жүйеде компоненттер саны қанша?

  7. Клапейрон Клаузиус теңдеуінің булану, балқу және сублимация процестеріне қолданылуын қарастырыңыз.

  8. Судың күй диаграммасын дәптеріңізге тұрғызыңыз, оған Гиббстің фазалар ережесін қолданыңыз.

  9. Н.С.Курнаков ұсынғын физика химиялық анализдің мәнін түсіндіріңіз.

  10. Бинарлы жүйенің балқу диаграммасы қандай координаталарда тұрғызылады?

  11. Ликвидус және солидус сызықтарына анықтама беріңіз.

  12. Эвтектика деген не? Неліктен эвтектиканы тек бір зат деп қана қарастыруға болмайды?

  13. Таза заттың, заттар қоспасының және эвтектикалық қоспаның салқындату қисықтарын анализдеңіз.

  14. Физика химиялық анализдің аналитикалық әдістермен салыстырғанда артықшылығының мәні неде?

  15. Дәрілік заттардың физикалық үйлесімсіздігі деп қалай түсінесіз? Қалай оны тоқтатуға болады? Ван Аркельдің қоспалардың ылғалдану кестесін қалай пайдалануға болады?

  16. Эвтектикалық қоспаның түзілуі препараттың фармокологиялық қызметіне қалай әсер етеді?

  17. Физика химиялық анализдің фармацевтикалық практикада қолданылуына мысалдар келтіріңіз.

3 ДӘРІС.

ТАҚЫРЫБЫ: Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Инъекция мен көз тамшыларына арналған дәрілік заттар ерітінділерін изотондау

МАҚСАТЫ: Ерітінділердің коллигативті қасиеттері мен оларды сипаттайтын заңдармен танысу; фармацияда қолданылатын жаңа дәрілік заттардың изотондық коэффицентін бағалау мен молярлық массасын анықтау физика химиялық мәнін түсіндіру.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

  1. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы.

  2. Рауль заңынан шығатын салдарлар. Криометрия. Эбуллиометрия. Фармацияда қолданылуы.

  3. Осмос және осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Осмостың организмнің тіршілігіндегі және дәрілік заттардың әсеріндегі рөлі.

  4. Электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Вант-Гофф изотондық коэффиценті.

  5. Инъекция мен көз тамшыларына арналған дәрілік заттар ерітінділерін изотондау.

ДӘРІСТІҢ ТЕЗИСТЕРІ:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]