Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizkhim_kitap.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
490 Кб
Скачать
☆
  1. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Гесс заңы және одан шығатын салдары. Кирхгофф заңы.

Термохимия – химиялық реакциялар энергиясын зерттейтін химия тарауы.

Калориметр – химиялық реакциялардың жылулық эффектісін өлшеуге арналған құрал.

Реакция энтальпиясы (∆Нг ) – изобаралық-изотермиялық жағдайда химиялық реакция нәтижесінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.

Экзотермиялық процесстер – жүйеден қоршаған ортаға энергия бөле жүретін процессор.

Эндотермиялық процесстер – жүйенің қоршаған ортадан энергия жүретін процессор.

Термохимиялық теңдеулер – жылулық эффектілерді ескере жазылған химиялық реакциялар теңдеулері.

Химиялық қосылыстардың түзілу стандарты энтальпиясы ( жылуы) (∆Нºf ) – стандартты жағдайда жай заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілеті жылу мөлшері.

Химиялық қосылыстың ыдырау стандатты (жылуы) энтальпиясы (∆Нºd) – стандартты жағдайда 1 моль күрделі зат жай заттарға ыдырағанда бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері.

Стандартты жағдайлар:

  • зат мөлшері n=1моль

  • қысым p=101325 Па

  • температура Т=298,15 К

Жай заттардың стандартты түзілу жылуы оларға тиімді термодинамикалық күйінде стандартты жағдайда нөлге тең деп алынады.

Жану энтальпиясы (жылуы )( (∆Нс ) – берілген заттың 1 молінің оттекпен жоғары оксидтер тузілгенге дейін тотығу реакциясының жылу эффектісі.

Лавуазье-Лаплас заңы:

Қандайда бір химиялық қосылыстың ыдырау жылуы абсолюттік мәні бойынша оның төзілу жылуына тең және таңбасына қарама-қарсы.

Гесс заңы:

Тұрақты қысымда немесе тұрақты көлемде өтетін химиялық реакциялардың жылу эффектісі аралық сатылар санына тәуелді емес, тек жүйенің бастапқы және соңғы күйі мен түріне тәуелді.

Гесс заңынан шығатын бірінші салдар:

Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің жану жылуларының қосындысынан бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындысын стехиометриялық коэффиценттерді ескере отырып, алып тастағанға тең.

∆Нr =∑∆ (бастапқы заттар) - ∑∆n1Hc (өнімдер)

Меншікті жылу сыйымдылық – зат массасының бірлігіне қатысты анықталынған жылу сыйымдылық.

Массалық жылу сыйымдылық – зат мөлшерінің бірлігіне қатысты анықталынған жылусыйымдылық.

Молярлық жылу сыйымдылық – температурасын бірліке жоғарылату үшін 1 моль затқа берілетін жылу мөлшері.

Орташа молярлық жылусыйымдылық (С) – температурасын бірлікке ∆Т өзгерту үшін 1 моль затқа берілетін жылу мөлшеріне (Q) тең болатын жылусыйымдылық.

Шынайы жылусыйымдылық – температурасын жоғарылату үшін денеге берілген жылудың шексіз аз мөлшерінің dQ сәйкес температура dT өсіміне қатынасы.

Кирхгоф теңдеуінің дифференциалды формасы:

  • (dH / dT)p = ∆Cp (p = const)

  • (dU / dT) = ∆Cv (v = const)

Кирхгоф заңы:

Жылу эффектісінің температура өзгергендегі өзгерісі жылусыйымдылық айырымына тең.

Кирхгоф теңдеуінің интегралды формасы:

  • ∆HTp2 = ∆HT1 + pdT

  • ∆UTp2 = ∆UT1 + vdT

Кирхгоф теңдеуі қолданылады:

  • химиялық процесстер

  • физикалық процесстер (булану, аллотропты түрөзгерістері және т.б.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]