Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizkhim_kitap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
490.32 Кб
Скачать
  1. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылық теориялары

А). ДЛФО тұрақтылық теориясы

Авторлары: Дерягин, Ландау – ССРО: Фервей, Овербек – Голландия.

Осы теорияға сәйкес ҚЭҚ (қос электрлік қабат) арасында электростатикалық тебіліс жүргендіктен, коллоидтф бөлшектері бір-біріне жақындай алмайды.

Коллоидты бөлшектердің сольватты қабатының есебінен бөлшектердің бір-біріне жақындағанда олардың бірігуіне кедергі келтіретінн расклинивающая прослойка пайда болады. Алайда, егер бөлшектерде энергияның артық қоры болып, расклинивающая прослойка әсерін жеңсе, онда бөлшектер бірігіп, коагуляция жүреді (Ван-дер-ваальс тартылыс күштері электростатикалық тербеліс күштерінен асып түссе).

Cn= , осындағы

Z – коагулятор – ионның заряды.

Б). Г.Фрейдлиятің адсорбциялық коагуляция теориясы

Коагулятор иондары коллоидты бөлшектерімен адсорбцияланады. Коагуляция әр түрлі иондардың эквивалентті мөлшерінің адсорбциясынан туындаған ξ – потенциалдың бірдей кемуінен пайда болады. Потенциал анықтаушы иондардың зарядың коагулятор – иондармен бейтараптау нәтижесінде ξ – потенциалының критикалық мәнге дейін кемиді.

Фрейндлих теориясының қолданылуына шектеулер:

  • әр түрлі электролиттердің адсорбциясы үнемі эквивалентті мөлшерде жүре бермейді;

  • көбінесе, тек диффузиялық қабатта өзгерістер болады, ал потенциал анықтаушы иондардың заряды өзгеріске ұшырамайды.

  1. Коллоидты қорғау. Дәрілік қалыптардың технологиясындағы маңызы

Коллоидты қорғау – бұл жоғары молекулалы қосылыстарды (белок, полисахаридтер) енгізу жолымен коллоидты бөлшектердің бетіне олардың бірігуіне кедергі келтіретін адсорбциялық-сольватты қабатты түзуі арқылы лиофобты зольдің агрегативтік тұрақтылығының артуы.

Қорғау саны – бұл 10 мл зольге 1 мл 10%-дық NaCL ерітіндісін қосқанда зольді коагуляциядан қорғайтын құрғақ ЖМЗ миллиграмына тең болатын ЖМЗ-ң қорғау қабілетінің сандық сипаттамсы.

Сенсибилизация – бұл ЖМЗ аз мөлшерін қосқанда коллоидтардың тұрақтылығының азаю құбылысы.

Зольдердің үйренуі – бұл электролиттің жоғары концентрациясында электролит- коагулянттің бірден көп мөлшерін қосқаннан гөрі, оны зольге аздаған порциялармен үстемелеп қосқан жағдайда байқалатын құбылыс.

ҰСЫНЫСТАР:

Дәріске дайындық кезінде берілген тақырыптың фармация мен фармацевтикалық препараттар технологиясымен байланысына аса көңіл бөліңіз.

Бірінші сұрақты қарастырғанда зольдердің кинетикалық пен агрегативтік тұрақтылығы арасындағы айырмашылықты түсінуге тырысыңыз, сондай-ақ, термодинамикалық тұрақтылық тұрғысынан лиофильді және лиофобтыколлоидты жүйелерді салыстырыңыз.

Екінші сұрақты қарастырғанда коллоидты ерітінділерді көптеген факторлар, оның ішінде ең тиімдісі – электролиттерді қосу екеніне көңіл бөліңіз. Бұл – жеткілікті түрде түсінуге болатын құбысыс. Сіз білесіз, коллоидты бөлшектер зарядталған және бір-біріне тебілгендіктен ерітіндіде жабыспайды. Электролитті қосқанда электрокинетикалық потенциал мәнімен сандық анықталатын бөлшектің заряд шамасы кенет азаяды, сондықтан тебіліс күштері әлсірейді. Дәптерлеріңізге жасырын және айқын, сондай-ақ тез және жылдам коагуляция арасындағы айырмашылықты түсінуге Сізге көмектесетін коагуляция жылдамдығының қосылған электролит концентрациясына түрлі электролиттермен коагуляциялау бойынша лабораториялық тәжірибелерді еске түсіріңіз және осы ережені нақты мысалда қолданыңыз.

Электролиттің коагуляция табалдырығы мен коагуляциялаушы қабілеті ұғымдарының байланысына көңіл бөліңіз, осы шамаларды есептеу үшін формуланы есте сақтаңыз.

Зольдерді электролиттер қоспасымен коагуляциялауына тоқталып өтіңіз, өйткені қарастырылған синергизм, антагонизм және аддитивтілік ұғымдары Сіздің басқа пәндерді игергенде міндетті түрде қажет болады.

Төртінші сұрақты талдағанда қарастырылған құбылыстардың практикалық қолданылуына назар аударыңыз. Дисперсті жүйелерге тән жалпы заңдылықтар мен қасиеттерді әртүрлі дәрілік қалыптарды алуда кеңінен қолданылады. Мысалы, ЖМЗ-ң қорғаныш қасиеттерін фармацевтикалы өндірісте коллоидты күйіндегі тұрақты дәрілік препараттарды алу үшін пайдаланады. Күміс препараттарын (коллаогол, протаргол) дайындағанда белокты заттармен коллоидтық қорғау құбылысы негізге алады.

ЖМЗ-ң аз мөлшерін қосқанда коллоидтардың тұрақтылығының кемуі ретінде байқалатын сенсибилизация құбылысын түсіндіруге тырысыңыз.

Анықтамалар, негізгі ұғымдарды есте сақтауға тырысыңыз, дәптеріңізге жаңа терминдерді жазыңыз. Материалды зерттеу процесінде конспект құрастырыңыз және бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛ:

Презентация (слайдтар)

ӘДЕБИЕТ:

  1. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и колоидная химия. – М.: ВШ, 1990.-487 б.

  2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и колоидная химия.-М., 2001.-254 б.

  3. Кругляков П.М., Хаскова Т.Н. Физическая и колоидная химия.-М.: ВШ, 2005.-319 б.

  4. Бугреева Е.В. және т.б. Практикум по физической и колоидной химии.-М.: ВШ 1990.-255б.

  5. Х.М. Рубина және т.б. Практикум по физической и колоидной химии.-М., 2001.-152б.

  6. Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А., Дәуренбеков Қ.Н. Бейорганикалық, физикалық және коллоидтық химия.-Шымкент. 2004.

Қосымша:

  1. Мушкамбаров Н.Н. Физическая и колоидная химия. – М.: ВШ, ГЭОТАР-МЕД, 2001.-384 б.

  2. Зимон А.Д. Физическая химия. – М.: Агар, 2003.-320 б.

  3. Белик В.В. Физическая и колоидная химия. – М.: «Академия», 2005.-288 б.

  4. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. – СПб.: Химиздат, 2001.-784 б.

  5. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.-560 б.

  6. И.Тиноко, К.Зауэр, Дж.Паглиси. Физическая химия. Принципы и применение в биологических науках. – М.: Техносфера, 2005.-744 б.

  7. Бабков А.В. және т.б. Практикум по общей химии. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. – М.: ВШ, 2001-237б.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Салыстырмалы термодинамикалық тұрақтылық, седиментациялық және агрегаттық тұрақтылық ұғымдарына анықтама беріңіз.

  2. Термодинамикалық тұрақтылық тұрғысынан лиофильді және лиофобты коллоидты жүйелерді сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз.

  3. Лиофобты зольдердің негізгі тұрақтылық факторларын атаңыз. Оларды түсіндіріңіз.

  4. Кинетикалық тұрақтылықтың қандай факторларын білесіз? Олардың әсері неде?

  5. Коагуляция деген не? Зольдердің коагуляциясын қандай факторлар туғызады?

  6. Жасырын және айқын коагуляция кезеңдерін салыстырыңыз.

  7. Коагуляция табалдырығы деген не? Оны қалай есептейді? Электролиттің коагуляция табалдырығы мен оның коагуляциялау қабілеті қалай байланысты?

  8. Шульце-Гарди ережесін айтыңыз және оның қолданылуының нақты мысалдармен көрсетіңіз.

  9. Индифферентті және индифферентті емес электролиттер ұғымдарына анықтама беріңіз.

  10. Концентрациялық, бейтарапталған, өзара коагуляцияда өтетін процестердің мәнін түсіндіріңіз.

  11. Электролиттер қоспасының әсерінен зольдердің коагуляциясының ерекшелігі неде?

  12. «Зольдің әдеттенуі (үйренуі)» деп қандай құбылысты айтады? Оны қалай түсіндіруге болады?

  13. ДЛФО теориясының мәні неде? Ісінуді күшейтетін қысым деген не? Қандай жағдайладда оң және теріс ісінуді күшейтетін қысым байқалады?

  14. Фрейндлихтың адсорбциялық коагуляция теориясының мәні неде?

  15. Коллоидты қорғау құбылысының маңызын түсіндіріңіз. Осы құбылысты дәрілік заттар технологиясында неліктен қолданады?

10 ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: Жоғары молекулалы заттар және олардың ерітінділері

МАҚСАТЫ: Жоғары молекулалы заттар туралы түсінікті тереңдету және ЖМЗ ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен танысу.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

  1. ЖМЗ. Негізгі түсініктері. ЖМЗ жіктелуі.

  2. ЖМЗ ісінуі және еруі.

  3. ЖМЗ ерітінділерінің тұтқырлығы.

  4. Полиэлектролиттер. Изоэлектрлік нүкте.

  5. ЖМЗ ерітінділерінің осмостық қысымы. Доннан мембраналық тепе-теңдігі.

  6. Гельдер мен сірнелер.

ДӘРІСТІҢ ТЕЗИСТЕРІ:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]