- •1.Химиялық термодинамика. Негізгі түсініктер.
- •Қоршаған ортамен массасы мен энергиясымен байланысуына қарай
- •Фазалар саны бойынша
- •2.Термодинамиканың бірінші батамасы. Ішкі энергия. Энтальпия
- •Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Гесс заңы және одан шығатын салдары. Кирхгофф заңы.
- •4.Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия.
- •5.Изохоралық-изотермиялық және изобаралық-изотермиялық потенциал. Процесстердің өздігінен жүрудің шарттары.
- •1.Презентация (слайдтар)
- •Гиббстің фазалар ережесі.
- •Клапейрон- Клаузиус теңдеуі және оның булану, балқу мен сублимация процестеріне қолданылуы.
- •Бір компонентті жүйелердің күй диаграммалары. Судың күй диаграммасы.
- •4. Сұйық күйінде компоненттердің өзара шексіз еритін және қатты күйінде компоненттері өзара ерімейтін (изоморфты емес) , химиялық қосылыс түзбейтін жүйелер.
- •5. Физика - химиялық анализ туралы түсінік (н.С.Курнаков). Термиялық анализ.
- •6. Фазалық диаграммалардың фармация үшін маңызы.
- •Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы
- •Рауль заңынан шығатын салдарлар. Криометрия. Эбуллиометрия. Фармацияда қолданылуы.
- •3. Осмос және осмостық қысым. Вант-Гофф заңы.Осмостың организмнің тіршілігіндегі және дәрілік заттардың әсеріндегі рөлі Жартылай өткізгіш мембрана:
- •1.Меншікті электрөткізгіштік және оның түрлі факторларға тәуелділігі. Абсолютті қозғалыс жылдамдылығы және иондардың қозғалғыштығы
- •2. Эквивалентті (молярлық) элетрөткізгіштік. Кольрауш заңы.
- •3. Сусыз ерітінділердің электрөткізгіштігі
- •4. Кондуктометрия.
- •5. Кондуктометрлік титрлеу және оның фармацевтикалық анализде қолданылуы.
- •1. Беттік құбылыстар және адсорбция. Негізгі түсініктері.
- •2. Фазалардың жылжымалы бөліну бетіндегі («сұйықтық -газ», «сұйықтық-сұйықтық») адсорбциясы.
- •3. Жұғу. Ағу. Когезия. Адгезия
- •5. Күшті электролиттердің эквивалентті және талғамды адсорбциясы. Ион алмасу адсорбциясы
- •Презентация (слайдтар)
- •Плакаттар.
- •3. Коллоидты ерітінділердің классификациясы
- •5. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері.
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық және агрегативтік тұрақтылығы
- •Зольдердің электролиттермен коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесі
- •Коллоидты ерітінділердің тұрақтылық теориялары
- •Коллоидты қорғау. Дәрілік қалыптардың технологиясындағы маңызы
- •Жмз. Негізгі түсініктері. Жмз жіктелуі.
- •Жмз ерітінділерінің тұтқырлығы
- •Полиэлектролиттер. Изоэлектрлік нүкте
- •Жмз ерітінділерінің осмостық қысымы. Доннан мембраналық тепе-теңдігі
- •Гельдер мен сірнелер
- •Балқу нүктесін анықтауға арналған “Apotec” құралын пайдалану бойынша жетекшілік
- •2 Кесте:
- •2 Кесте:
- •I тәжірбие. Мыс(II) және темір (III) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматографиямен бөлу
- •2 Тәжірбие. Тағам өнімдеріндегі темір(III) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау.
Коллоидты ерітінділердің кинетикалық және агрегативтік тұрақтылығы
Коллоидты жүйенің салыстырмалы термадинамикалық тұрақтылығы – бұл жүйенің уақыт бірлігінде өзінің күйі мен қасиеттерін өзгертпей сақтай білу қабілеті.
Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы – бұл дисперсті фаза бөлшектерінің бастапқы дисперстілік дәрежесін сақтай білу қабілеті және олардың дисперсті ортада біркелкі таралуы.
Кинетикалық (седиментациялық) тұрақтылық – бұл дисперсті фазаның ауырлық күшіне қатысты тұрақтылығы, ол жүйенің бөлшектерінің оның бүкіл көлеміне біркелкі таралуы қабілетін сипаттайды.
Агрегаттық тұтқырлық – бұл коллоидты бөлшектердің бір-бірімен бірікпей және бастапқы дисперстілік дәрежесін сақтап қалу қабілеті.
Термодинамикалық тұрақты коллоидтар (лиофильді):
өздігінен диспергирленеді (∆G<0);
қосымша тұрақтандырусыз жүре алады;
БАЗ мицеллярлы ерітінділері, ЖМЗ ерітінділері.
Термодинамикалық тұрақсыз коллоидтар (лиофобты):
өздігінен түзілмейді (∆G>0);
қосымша тұрақтандыруды қажет етеді;
зольдер, суспензиялар, эмульсиялар.
Термодинамикалық тұрақтылық факторлары:
электростатикалық фактор электростатикалық тебіліс есебінен аттас зарядталған иондардың жақындауынан бөлшектерді қорғайтын ҚЭҚ (ДЭС) болуымен түсіндіріледі;
адсорбциялық-сольватты фактор бөлшектердің соқтығысында адсорбциялық-сольватт қабаттар олардың бірігуіне кедергі келтіруімен байқалатын фаза аралық тартылысты кемуіне және бөліну бетінің ∆G азаюына әкеледі.
энтропиялық фактор дисперстілігі жоғары жүйелер үшін тән, броундық қозғалыстағы майда бөлшектердің қатысуы есебінен байқалады және бөлшектердің жүйенің бүкіл көлемінде біркелкі таралуына себебін тигізеді.
Кинетикалық тұрақтылық факторлары:
құрылымдық-механикалық фактор бөлшектер бетінде механикалық беріктігі мен серпінділігі есебінен бірігуіне кедергі келтіретін қорғаныш қабаттардың (үлдір) түзілуімен байланысты;
гидродинамикалық фактор ортаның тұтқырлығы, дисперстік фаза мен дисперстік ортаның тығыздығын арттырғанда агрегаттану жылдамдығы төмендетеді.
Кинетикалық тұрақтылыққа әсер ететін факторлар:
температура;
бөлшектердің өлшемі;
ортаның тығыздығы.
Зольдердің электролиттермен коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесі
Коагуляция – бұл коллоидты бөлшектердің ірі агрегаттарға бірігу процесі.
Коагуляцияның сыртқы белгілері:
ерітінді түсінің өзгеруі;
ерітіндінің лайлануы;
тұнбаның түсуі – седиментация.
Коагуляцияның сыртқы белгілері:
электролиттерді қосу;
температураның өзгкрісі;
электр тоғын өткізу;
механикалық әсер ету (шайқау);
сәулелік энергиямен әсер ету;
ұзақ диализ.
Коагуляция табалдырығы (Ст) – бұл зольдың бір литріне қосқанда коагуляциясын туғызатын электролиттің минимальды мөлшері.
1000
Ст=
,
[
]-
ммоль/л
Зольдің коагуляциялаушы қабілеті (КҚ) – бұл коагуляция табалдырығына кері шама.
КС=
,
осындағы
Ст – коагуляция табалдырығы, ммоль/л;
КҚ – золдьдің коагуляциялаушы қабілеті, л/ммоль;
Сэл – электролиттің молярлы консентрациясы, моль/л;
Vэл – электролиттің көлемі, мл;
Vзоль – зольдің көлемі, мл
Жасырын коагуляция – бұл жәй көзге көрінбейтін, седиментациялық тұрақтылығы сақталып, бөлшектердің іріленуі бойынша жүретін коагуляция процесінің бірінші стадиясы.
Айқын коагуляция – бұл ерітіндінің көзге көрінетін өзгерістерімен жүретін, бөлшектердің агрегаттанып, олардың седиментациялық тұрақтылығының жоғалуына байланысты жүретін коагуляция процесінің екінші стадиясы.
Шульце-Гарди ережесі:
коагуляцияны заряд таңбасы коллоидты бөлшектің заряд таңбасына қарама-қарсы болатын электролит ионы тудырады;
ион заряды артық болған сайын, оның коагуляциялаушы қабілеті жоғары болады.
Ион-коагулянт – бұл заряд таңбасы коллоидты бөлшектің заряд таңбасына қарама-қарсы болатын ион.
Лиотропты қатарлар – бұл коагуляциялаушы қабілетінің азаю ретінде орналасқан иондар қатары
Катиондардың коагуляциялаушы қабілеті:
Al3 + > Zn2 + >Na+
Ag+ > Cs+ > Rb+ > NH4+ >K+ > Na+ > Li+
Ba2+ > Si2+ > Ca2+ > Mg2+
Аниондардың коагуляциялаушы қабілеті:
PO3-4 > SO42- > Cl-
Cl- > Br- > NO3- > I- > CNS-
Индифферентті электролит – бұл дисперстік фаза бөлшектерінің кристалдық торын жетілдіруге қабілеті жоқ иондары бар электролит.
Индифферентті емес электролит – бұл иондарының біреуі қатты фазаның кристалдық торын жетілдіруге қабілетті болып, оған өзінің зарядын бере алатын иондары бар электролит.
Концентрациялық коагуляция – бұл қарсы иондардың диффузиялық қабатының қысылып және электрокинетикалық потенциалдың абсолютті мәнінің азаюы салдарынан индифферентті электролит әсерінен жүретін коагуляция.
Нейтрализациялық коагуляция – бұл потенциал анықтаушы иондардың бейтараптанып және электродинамикалық потенциалдың абсолютті мәнінің азаюы салдарынан индифферентті емес электролит әсерінен жүретін коагуляция.
Электролиттер қоспасымен коагуляциясы:
аддитивтік – бұл электролиттердің коагуляциялаушы қосынды әсері;
синергизм – бұл электролиттердің коагуляциялаушы әсерінің өзара күшеюі;
антагонизм – бұл бір электролиттің коагуляциялаушы әсерінен екінші электролитпен әлсіреуі.
Өзара коагуляция – бұл заряд таңбалары қарама-қарсы зольдердің бірге қатысуынан жүзеге асатын коагуляция
Баяу коагуляция – бұл коагуляция процесінің бастапқы стадиясы, ол электролиттің төменгі концентрациясында бөлшектердің барлық соқтығысулары олардың бірігуіне әкеліп соқпайтын шарт сақталған жағдайда жүреді.
Жылдам коагуляция – бұл электролиттің жоғары концентрациясында коагуляция жылдамдығының өсіп, белгілі бір мәнге жеткеннен соң, ары қарай өзгермейтін жағдайда жүретін коагуляция; бөлшектердің барлық соқтығысулары тиімді.
