- •1.Химиялық термодинамика. Негізгі түсініктер.
- •Қоршаған ортамен массасы мен энергиясымен байланысуына қарай
- •Фазалар саны бойынша
- •2.Термодинамиканың бірінші батамасы. Ішкі энергия. Энтальпия
- •Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Гесс заңы және одан шығатын салдары. Кирхгофф заңы.
- •4.Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия.
- •5.Изохоралық-изотермиялық және изобаралық-изотермиялық потенциал. Процесстердің өздігінен жүрудің шарттары.
- •1.Презентация (слайдтар)
- •Гиббстің фазалар ережесі.
- •Клапейрон- Клаузиус теңдеуі және оның булану, балқу мен сублимация процестеріне қолданылуы.
- •Бір компонентті жүйелердің күй диаграммалары. Судың күй диаграммасы.
- •4. Сұйық күйінде компоненттердің өзара шексіз еритін және қатты күйінде компоненттері өзара ерімейтін (изоморфты емес) , химиялық қосылыс түзбейтін жүйелер.
- •5. Физика - химиялық анализ туралы түсінік (н.С.Курнаков). Термиялық анализ.
- •6. Фазалық диаграммалардың фармация үшін маңызы.
- •Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы
- •Рауль заңынан шығатын салдарлар. Криометрия. Эбуллиометрия. Фармацияда қолданылуы.
- •3. Осмос және осмостық қысым. Вант-Гофф заңы.Осмостың организмнің тіршілігіндегі және дәрілік заттардың әсеріндегі рөлі Жартылай өткізгіш мембрана:
- •1.Меншікті электрөткізгіштік және оның түрлі факторларға тәуелділігі. Абсолютті қозғалыс жылдамдылығы және иондардың қозғалғыштығы
- •2. Эквивалентті (молярлық) элетрөткізгіштік. Кольрауш заңы.
- •3. Сусыз ерітінділердің электрөткізгіштігі
- •4. Кондуктометрия.
- •5. Кондуктометрлік титрлеу және оның фармацевтикалық анализде қолданылуы.
- •1. Беттік құбылыстар және адсорбция. Негізгі түсініктері.
- •2. Фазалардың жылжымалы бөліну бетіндегі («сұйықтық -газ», «сұйықтық-сұйықтық») адсорбциясы.
- •3. Жұғу. Ағу. Когезия. Адгезия
- •5. Күшті электролиттердің эквивалентті және талғамды адсорбциясы. Ион алмасу адсорбциясы
- •Презентация (слайдтар)
- •Плакаттар.
- •3. Коллоидты ерітінділердің классификациясы
- •5. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері.
- •Коллоидты ерітінділердің кинетикалық және агрегативтік тұрақтылығы
- •Зольдердің электролиттермен коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесі
- •Коллоидты ерітінділердің тұрақтылық теориялары
- •Коллоидты қорғау. Дәрілік қалыптардың технологиясындағы маңызы
- •Жмз. Негізгі түсініктері. Жмз жіктелуі.
- •Жмз ерітінділерінің тұтқырлығы
- •Полиэлектролиттер. Изоэлектрлік нүкте
- •Жмз ерітінділерінің осмостық қысымы. Доннан мембраналық тепе-теңдігі
- •Гельдер мен сірнелер
- •Балқу нүктесін анықтауға арналған “Apotec” құралын пайдалану бойынша жетекшілік
- •2 Кесте:
- •2 Кесте:
- •I тәжірбие. Мыс(II) және темір (III) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматографиямен бөлу
- •2 Тәжірбие. Тағам өнімдеріндегі темір(III) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау.
3. Коллоидты ерітінділердің классификациясы
Зольдер – қ/с жүйелер типіне жататын жоғары дисперсті коллоидты жүйелер.
Зольдер типтері:
лиозольдер - дисперсті ортасы сұйық болатын зольдер (грекше lios –сұйықтық);
аэрозольдер - дисперсті ортасы газ тәріздес болатын зольдер;
гидрозольдер - дисперсті ортасы су болатын зольдер;
органозольдер - дисперсті ортасы органикалық қосылыс болатын зольдер.
Органозольдерге мысалдар:
алкозольдер (дисперсті ортасы –спирт)
бензозольдер (дисперсті ортасы-бензол)
этерозольдер (дисперсті ортасы –эфир)
Химиялық конденсация – бұл негізінде нашар еритін немесе ерімейтін тұнбалардың түзілуіне әкелетін кез келген химиялық реакциялар жатқан әдіс.
Химиялық конденсация әдісіне қолданылатын реакциялар:
гидролиз (ауыр металдар гидроксидтерінің зольдерін алу);
тотықсыздану (асыл металдар зольдерін алу);
тотығу-тотықсыздану (күкірт, күміс зольдерін алу);
алмасу (нашар еритін қосылыстардың зольдерін алу);
комплекс түзілу.
Химиялық концентрация әдісімен коллоидты ерітінділерді алу үшін қажет шарттар:
реакция өнімдерінің біреуінің (дисперстік фаза) дисперстік ортада ерімеуі немесе нашар ерігіштігі;
стабилизатор ролін атқаратын реагенттер біреуінің артық мөлшерде болуы;
әрекеттесуші заттардың төмен концентрациясы.
Пептизация – бұл пептизаторлардың әсерін (электролиттер ерітінділері, БАЗ ерітінділері, еріткіштер) жаңадан дайындалған тұнбаның зольге өту процесі.
Адсорбциялық пептизация – бұл талғамды адсорбцияға қабілетті ионы бар электролит әсерінен тұнбаның зольге өту процесі.
Химиялық пептизация – бұл тұнбаның пептизатормен химиялық өзара әрекеттесіп, стабилизатор болып табылатын электролит түзілуінің нәтижесінде зольге өту процесі.
Әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері
Диспергирлеу:
практикалық аса маңызды;
энергетикалық жұмсауды қажет етеді;
әрдайым керекті дисперстілікке жете бермейді.
Конденсация:
максимальды дисперстілікке жетуге мүмкіндік береді (а= - м);
энергетикалық жұмсауды қажет етпейді.
5. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері.
Диализ – бұл төмен молекулалы заттарды тез өткізетін және коллоидты бөлшектерді ұстап қалатын жартылай өткізгіш мембраналарды қолданылуына негізделген әдіс.
Электродиализ – бұл тұрақты электр тоғының әсерінен жеделдетілген диализ әдісі.
Ультрафильртация – бұл мембрананың екі жағынан түсетін қысымдар айырымы есебінен жүретін диализ әдісі.
ҰСЫНЫСТАР:
Дәріске дайындық кезінде берілген тақырыптың фармация мен фармацевтикалық препараттар технологиясымен байланысына аса көңіл бөліңіз.
Коллоидты химия – Сіз зерттеп жатқан пәннің маңызды тарауы.
Дисперсті жүйелер табиғатта кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, көптеген дәрілік қалыптар (ұнтақтар, суспензиялар, эмульсиялар, зольдер) дисперсті жүйелер болып табылады.
Бірінші сұрақты қарастырғанда дисперстіліктің өлшем бірлігін есте сақтаңыз. Сізге белгілі дөрекі дисперсті жүйелер, шын ерітінділер мен зольдерге мысалдар келтіріңіз.
Молекулалық-дисперсті жүйелерді йонды-дисперсті жүйелерден ажырата біліңіз. Дисперсті жүйелердің жалпы қасиеттерін – бөлшектер өлшемі, осы бөлшектерді микроскоп арқылы көре алу және олардың мембрана арқылы өтуі, термодинамикалық тұрақтылығы, оптикалық қасиеттері және т.б. салыстырыңыз. Осы қасиеттердегі айырмашылықты түсіну коллоидты ерітінділерді шын және дөрекі дисперсті жүйелерден алудың мүмкін болатын әдістерін болжауға көмек береді.
Конденсациялық әдістер мен диспергирлеу әдістері дәрілік препараттар технологиясында кеңінен деспиргирования қолданылады, сондықтан оларды мұқият түрде қарастыру керек. Химиялық реакция нәтижесінде коллоидты ерітінділерді түзілу үшін қажет болатын үш шарттарды түсінуге тырысыңыз.
Ультрадыбыс диспергирлеу әдісімен зольдерді алу кезінде пайда болатын квитанция құбылысына аса көңіл бөліңіз. Осындай әдіспен алынған құбылыстың арқасында алынған дәрілік препараттардың дисперстілігі жеткілікті және стерильді болғандықтан, оларды инъекциялар үшін қолдануға болады.
Коллоидты ерітінділерді тазартудың негізгі әдісі – Грэм ұсынған диализ өте баяу жүретін процесс, сондықтан, оның мәнін түсіне отырып, электродиализ мен ультрафильтрацияны толық қарастырыңыз. Ультрафильтрация медицинада шұғыл түрде бүйрек жертіліксіз болғанда адам қанын тазарту үшін қолданылады.
Коллоидты ерітінділерді алу әдістерінің әрқайсысының нақты бір артықшылықтары мен кемшіліетерінің болатынын есте ұстаңыз.
Тақырыпты зерттеу процесінде конспект құрастырыңыз және бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. Жаңа терминдер мен анықтамаларды жаттаңыз.
КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛ:
Презентация (слайдтар).
Плакаттар.
ӘДЕБИЕТ:
Евстратова К.И. және т.б. Физическая и колоидная химия. – М.: ВШ, 1990.-487 б.
Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и колоидная химия.-М., 2001.-254 б.
Кругляков П.М., Хаскова Т.Н. Физическая и колоидная химия.-М.: ВШ, 2005.-319 б.
Бугреева Е.В. және т.б. Практикум по физической и колоидной химии.-М.: ВШ 1990.-255б.
Х.М. Рубина және т.б. Практикум по физической и колоидной химии.-М., 2001.-152б.
Қосымша:
Мушкамбаров Н.Н. Физическая и колоидная химия. – М.: ВШ, ГЭОТАР-МЕД, 2001.-384 б.
Зимон А.Д. Физическая химия. – М.: Агар, 2003.-320 б.
Белик В.В. Физическая и колоидная химия. – М.: «Академия», 2005.-288 б.
Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. – СПб.: Химиздат, 2001.-784 б.
Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.-560 б.
И.Тиноко, К.Зауэр, Дж.Паглиси. Физическая химия. Принципы и применение в биологических науках. – М.: Техносфера, 2005.-744 б.
Бабков А.В. және т.б. Практикум по общей химии. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. – М.: ВШ, 2001-237б.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
Дисперстілік, дисперсті жүйе, дисперсті фаза, дисперсті орта ұғымдарына анықтама беріңіз. Дисперстіліктің өлшем бірлігі қандай?
Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемі бойынша дискретті жүйелерді қалай жіктейді? Мысалдар келтіріңіз.
Дисперсті фаза мен дисперстік ортаның агрегаттық күйі бойынша дисперсті жүйелер қандай болады?
Суспензиялар, эмульсиялар, аэрозольдер болып табылатын фармацевтикалық препараттарға мысалдар келтіріңіз.
Коллоидты ерітінділер деген не? Коллоидты ерітінділер, дөрекі дисперсті жүйелер және шын ерітінділердің жалпы қасиеттерін салыстырыңыз.
Дисперсті фазаның дисперсиялық ортамен өзара әрекеттеесуі бойынша коллоидты ерітінділер қандай болады? Олардың қасиеттерін сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
Дисперсті жүйелер топографиялық белгілері бойынша қалай классификацияланады?
Бос-және байланысқан дисперсті жүйелерге мысалдар келтіріңіз.
Коллоидты ерітінділер қандай қасиеті бойынша шын ерітінділерден ерекшеленеді? Тиндаль конусы деген не?
Коллоидты ерітінділерді алудың негізгі екі әдісін атаңыз.
Коллоидты ерітінділерді алудың қандай диспергирлеу әдістері белгілі? Әрқайсысын сипаттаңыз
Кавитация деген не? Осы құбылыстың қандай практикалық маңызы бар?
Коллоидты ерітінділерді алудың қандай әдістерін конденсациялық деп атайды?
Физикалық конденсация әдісінің мәнін түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
Химиялық конденсация әдісінің сипаттаңыз. Коллоидты ерітінділердің түзілу үшін қажет болатын шарттарды көрсетіңіз.
Стабилизатор деген не? Оның ролі қандай?
Пептизация деген не? Пептизацияның қандай әдістері белгілі? Мысалдар келтіріңіз.
№9 ДӘРІС
ТАҚЫРЫБЫ: Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы мен коагуляциясы
МАҚСАТЫ: Коллоидты ерітінділердің коагуляция процесінің негізгі физика-химиялық заңдылықтарымен танысу, зольдер тұрақтылығының теориялық аспектлері мен коллоидтық қорғау механизмін талдау.
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
Коллоидты ерітінділердің кинетикалық және агрегативтік тұрақтылығы.
Зольдердің электролиттермен коагуляциясы. Шульце – Гарди ережесі.
Коллоидты ерітінділердің тұрақтылық теориялары.
Коллоидты қорғау. Дәрілік қалыптардың техникасындағы маңызы.
ДӘРІСТІҢ ТЕЗИСТЕРІ:
