Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fizkhim_kitap.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
490.32 Кб
Скачать
  1. Презентация (слайдтар)

  2. Плакаттар.

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

  1. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и коллоидная химия.-М.:ВШ;1990.-487б.

  2. Равич –Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.-М.,2001.-254б.

  3. Кругляков П.М.,Хаскова Т.Н. Физическая и коллоидная химия.-М.:ВШ;2005.-319б.

  4. Бугреева Е.В. және т.б. Практикум по физической и коллоидной химии.-М.:ВШ;1990.-255б.

  5. Х.М.Рубина және т.б. Практикум по физической и коллоидной химии.-М.:ВШ;2001.-152б.

  6. Еремин В.В. және т.б. Задачи по физической химии.- М.:Экзамен,2003.-320б.

  7. Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А.., Дауренбеков Қ.Н. Бейорганикалық, физикалық және коллоидтық химия .-Шымкент.2004.

Қосымша:

  1. Мушкамбаров Н.Н. Физическая и коллоидная химия. .-М.:ГЭОТАР-МЕД;2001.-384б.

  2. Зимон А.Д. Физическая химия.-М.:Агар,2003.320б.

  3. Белик В.В. Физическая и коллоидная химия. .-М.:Академия;2005.-288б

  4. Слесарев В.И.Химия. Основы химии живого.Спб.:Химиздат,2001.-784б.

  5. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.-М.:ВШ,2003.-560б.

  6. Гельфман М.И..Практикум по физической химии.-СПб.:Лань,2003.-256б.

  7. И .Тинико, К.Зауэр, Дж. Паглиси. Физическая химия. Принципы и применеие в биологических науках.-М.:Техносфера,2005.-744б.

  8. Бабков А.В. және т.б. Практикум общей химии. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.-М.:ВШ,,2001.-237б.

  9. ГлинкаН.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов/Под ред. В.А.Рабиновича және т.б. – М.:Интеграл-Пресс,2006,-240б.

  10. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии: Учебное пособие для вузов/под ред. В.А.Рабиновича және т.б. – М.:Интеграл-Пресс,2006,-240б.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қандай құбылыстар беттік деп аталады?Артық мөлшерде беттік энергияның пайда болу себебі қандай ?

  2. Беттік керілу: анықтамасы, физикалық мәні, өлшем бірлігі.

  3. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: сорбция, абсорбция, адсорбция, десорбция, адсорбиялық тепе-теңдік, адсорбент, адсорбат, адсорбтив, беттік активтілік.

  4. Физикалық және химиялық адсобцияны келесі параметрлербойынша салыстырыңыз:

  5. қайтымдылығы, талғампаздылығы, адсорбциялық жылуы, температурадан тәуелділігі. Мысалдар келтіріңіз.

  6. Беттік активті заттар. БАЗ молекулаларының құрылысының ерекшеліктері.

  7. БАЗ және БАЕЗ үшін беттік керілу изотермасы.

  8. Беттік активтілік деген не? Оны қалай анықтайды?

  9. Дюкло-Траубе ережесінің анықтамасын келтіріңіз. График көмегімен бейнелеңіз.

  10. Еруі оң (теріс) адсорбция ретінде берілетін заттарды атаңыз.

  11. Адсорбция изотермасы. Шеткі адсорбцияны графикалық түрде анықтау.

  12. Қатты дене бетіндеерітіндіден адсорбция процесін қарастырыңыз. Адсорбция изотермасын сипаттаңыз.

  13. Лэгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз.Лэгмюрдің адсорбциялық теңдеуін келтіріңіз. Сәйкес келетін адсорбцияизотермасын анализдеңіз.

  14. Фрейндлихтің адсорбциялық теңдеуін келтіріңіз. Оның қолданылатын аймақтары қандай? Фрейндлих теңдеуіндегі тұрақтыларды қалай табады?

  15. Адсорбциялық негізі теорияларды өзара салыстырып қараңыз: Лэнгмюр, БЭТ, Поляни, БЭТ теориясы бойынша сәйкес келетін адсорбция изотермиясының түрі қандай?

  16. Панет-Фаянс ережесіне анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

  17. Талғамда адсорбция деген не? Эквивалентті адсорбция деген не?

  18. Ион алмасу адсорбция процесінің мәгі неде? Оның медицина мен армацияда қолданылуына мысалдар келтіріңіз.

  19. Лэнгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз. Лэнгмюрдың адсорбциялық теңдеуін келтіріңіз. Сәйкес келетін изотермасын анализдеңіз.

  20. Фрейндлихтің адсорбциялық теңдеуін келтіріңіз. Оның қолданатын аймақтары қандай? Фрейндлих теңдеуіндегі тұрақтыларды қалай табады?

  21. Адсорбциялық негізгі теорияларды өзара салыстырып қараңыз: Лэнгмюр, БЭТ, Поляни, БЭТ теориясы бойынша сәйкес келетін адсорбция изотермасының түрі қандай?

  22. Панет-Фаянс ережесіне анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

  23. Талғамды адсорбция деген не? Эквивалентті адсорбция деген не?

  24. Ион алмасу адсорбция процесінің мәні неде? Оның медицина мен фармацияда қолданылуына мысалдар келтіріңіз.

8 ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: Дисперсті жүйелер: классификациясы, алынуы, қасиеттері, фармацияда қолданылуы.

МАҚСАТЫ: Дисперсті жүйелер, оолардың классификациясы, жалпы қасиеттері, алудың және тазартудың негізгі әдістері туралы түсініктермен.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

  1. Коллоидты химия пәні және оның фармациядағы маңызы.

  2. Дисперсті жүйелер. Дисперсті жүйелердің классификациясы және олардың жалпы қасиеттері.

  3. Коллоидты ерітінділердің алу әдістері.

  4. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері.

ДӘРІСТІҢ ТЕЗИСТЕРІ:

1. Коллоидты химия пәні және оның фармациядағы маңызы.

Коллоидты химия – бұл жоғары дисперсті гетерогенді жүйелердің қасиеттері мен оларда тетін процестерді зерттейтін ғылым.

Базалық негізі – физикалық және коллоидты химия болып табылатын арнайы пәндер:

  • фармацевтикалық химия

  • синтетикалық дәрілік препараттар химиясы мен технологиясы;

  • фитопрепараттар технологиясы;

  • дәрілердің дәріханалық технологиясы және т.б

Фармациядағы коллоидты химияны зерттеудегі алынған білімнің қолданылуына мысалдар:

  • Коллоидты жүйелердің молекулярлық – кинетикалық, реологиялық және оптикалық қасиеттері – жұмсақ дәрілік қалыптар, ЖМЗ және т.б анализінің жетік технологиясы мен әдістерінің негізі.

  • Электрокинетикалық құбылыстары – дәрілік заттарды организмге енгізуді жеделдету үшін қолданылады.

  • Коллоидты ерітінділерді алу және тазарту әдістері дәрілік препараттар технологиясында кеңінен қолданылады.

  • Коагуляция теориясы эмульсия, суспензия, золь түріндегі тұрақты дәрілік препараттарды алудың негізін тудырады.

2. Дисперсті жүйелер. Дисперсті жүйелердің классификасиясы және олардың жалпы қасиеттері.

Дисперсті жүйелер – бұл сұйық, қатты немесе газ тәріздес ортада біркелкі таралған көптеген кіші бөлшектерден тұратын жүйелер.

Дисперстілік – бөлшектенудің өлшемі.

Дисперсті жүйенің негізгі белгілері:

  • жоғары дисперстілік

  • гетерогенділік.

Дисперсті жүйелердің гетерогенділігі олардың екі фазадан тұратындыгында байқалады:

  • дисперсті фаза;

  • дисперстік орта.

Дисперсті фаза – сұйықтықтың майда тамшылары, қатты бөлшектері немесе газ көбіктері түрінде өте майдаланған күйінде болатын фаза.

Дисперсті орта – дисперсті фазаның бөлшектері біркелкі таралған біртекті зат.

Дисперсті жүйелерге мысалдар:

- тұман (дисперсті фаза – сұйықтық, дисперсті орта – газ);

- сүт (дисперсті фаза – сұйықтық, дисперсті орта – сұйықтық);

- акварельді бояулар (дисперсті фаза – қатты, дисперсті орта – сұйықтық).

Математикалық түрде дисперстілікті Д бөлшектің өлшеміне кері шама ретінде анықтайды.

Д= , осындағы

а – бөлшектің өлшемі (қырдың диаметрі немесе ұзындығы),

[Д] - ,

[а] – м, нм

а) Дисперстілік дәрежесі бойынша дисперсті жүйелердің классификациясы

Жүйенің типі

Бөлшектердің өлшемі

Мысалдар

Дөрекі дисперсті жүйелер

а > 100нм (> м)

акварельді бояулар, тұман, сүт

Шын ерітінділер (молекулярлық және ионды)

а<1нм (< м)

Қышқылдар, сілтілер, тұздар, сулы ерітінділері, қант ерітіндісі

Коллоидты ерітінділер (зольдер)

1нм <а<100нм

<а< м

қан

б) Түрлі типтегі дисперсті жүйелердің жалпы қасиеттері

Жүйе

Қасиеттері

Дөрекі дисперсті

Коллоидты

Шын ерітінді

Фазалар саны

Гетерогенді

Ультрагетерогенді

Гомогенді

Қағазды фильтр

Бөлшектер өтпейді

Бөлшектер өтеді

Бөлшектер өтеді

Жартылай өткізгіш

мембрана

Бөлшектер өтпейді

Бөлшектер өтпейді

Бөлшектер өтеді

Кәдімгі микроскоп

Бөлшектер көрінеді

Бөлшектер көрінбейді

Бөлшектер көрінбейді

Жаңашыл ульрамикроскоп

--------------

Бөлшектер көрінеді

Бөлшектер көрінбейді

Тұрақтылығы

Жүйе термодинамикалық

тұрақсыз

Жүйе салыстырмалы термодинамикалық

тұрақты

Жүйе термодинамикалық

тұрақты

Уақыт

Уақыт өте келе секіреді

Уақыт өте келе секіреді

Уақыт өте келе секірмейді

Жарық

Мөлдір емес, жарықты шағылыстарады

Мөлдір, жарықты шашыратады, опалесциялайды

Мөлдір, опалесцияламайды (оптикалық бос)

в) дисперстік фаза мен дисперстік ортаның агрегаттық қүйі бойынша дисперсті жүйелердің классификациясы

п/п

Дисперсті фаза

Дисперсті орта

Белгіленуі

Жүйенің типі

Мысалдар

1

газ тәріздес

газ тәріздес

Г/Г

Флуктуациялық тығыздығы бар жүйелер

Жер атмосферасы

2

сұйық

газ тәріздес

С/Г

Аэрозольдер (тұмандар)

Тұман, түйір бұлттар, критикалық күйдегі газ

3

қатты

газ тәріздес

Қ/Г

Аэрозольдер (шан, түтін)

Темекі түтіні, қант, цемент шаңдары, космостық шаң

4

газ тәріздес

сұйық

Г/С

Газдық эмульсиялар, көбіктер

Сабын, сыра, өртке қарсы көбік

5

сұйық

сұйық

С/С

Эмульсиялар

Сүт, маргарин, майонез, кремдер

6

қатты

сұйық

Қ/С

Суспензиялар, зольдер

Бактериялар, металлдың судағы зольдері, акварельді бояулар

7

газ тәріздес

қатты

Г/Қ

Қатты көбіктер (кеуекті және капиллярлы жүйелер, ксерогельдер)

Пенопласт, пемза, нан, силикагель, кейбір ионалмасу шайырлары

8

сұйық

қатты

С/Қ

Атауы жоқ (кеуекті денелер және капиллярлы жүйелер, гельдер)

Топырақ, адсорбенттер, сұйық бөліктері бар табиғи минералдар (маржан, опал)

9

қатты

қатты

Қ/Қ

Қатты ерітінділер

Түсті шынылар, минералдар, балқымалар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]