- •Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
- •1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?
- •2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер
- •3. Сынып жетекшілерінен көмек
- •1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;
- •2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;
- •3. Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін
- •1) Мұғалімнің тест жұмыстары көбейеді
- •2) Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын
- •3)Кейін осы тесттердің барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.
- •25 Сұрақтан тұратын тест құрап келуді тапсырамын.
- •2015-2016 Оқу жылындағы қазақ тілінен қыркүйек, қазан, қараша айында алынған тест жұмысының қорытындысын, диаграммасын көрсету
2015-2016 Оқу жылындағы қазақ тілінен қыркүйек, қазан, қараша айында алынған тест жұмысының қорытындысын, диаграммасын көрсету
«Ең ұзақ сөйлемнің де соңына қойылатын нүктесі бар,- деп қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин айтқандай мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Олай болса, сол қойылар соңғы нүктеміз сәтті сөйлемнің соңынан қойылса деп тілейік. Білім нәрін сеуіп жүрген шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, жетістіктерге жетіп, сіздердің мерейлеріңізді арттыра берсін демекпін. Құрметті ұстаздар қауымы, «Ел болашағы-білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп тәрбиелеу -біздің қолымызда екенін жадымыздан шығармайық
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін мектепте кешенді дайындық бағдарламасын жандандыру керек. Ол үшін мынадай міндеттерді ұсынамыз:
Ұйымдастырушылық қызмет
Бағдарлы – психологиялық қызмет
Технологиялық қызмет
Топқа бөлу:
Ұ – ұйымдастырушылық қызмет
Б – бағытты - психологиялық қызмет
Т – технологиялық қызмет
Ұйымдастырушылық бағдарлама
ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы) Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.
Психологиялық бағдарлама
ҰБТ-ға қатысты оқушылар,ата-аналар және мұғалімдерге психологиялық тұрғыдан кеңес беру, жаттығулар, тренингтер өткізу
Технологиялық бағдарлама
Оқушылардың тестімен жұмыс жасау жүйесін дайындау.
тест жасау теориясын меңгеру
күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану.
оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.
