- •Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
- •1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?
- •2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер
- •3. Сынып жетекшілерінен көмек
- •1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;
- •2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;
- •3. Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін
- •1) Мұғалімнің тест жұмыстары көбейеді
- •2) Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын
- •3)Кейін осы тесттердің барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.
- •25 Сұрақтан тұратын тест құрап келуді тапсырамын.
- •2015-2016 Оқу жылындағы қазақ тілінен қыркүйек, қазан, қараша айында алынған тест жұмысының қорытындысын, диаграммасын көрсету
1) Мұғалімнің тест жұмыстары көбейеді
2) Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын
дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды.
3)Кейін осы тесттердің барлық оқушыларға таратып, талдау жасайды.
Осы сынама тестердің де оқушыға пайдасы өте көп. Оқушы өзін ҰБТ-ы тапсырып отырғандай сезінеді, әрі жауабын білгенше асығады. Кейбір оқушылар жауаптарының қаншалықты дұрыстығын білу үшін мұғалімдерге тексертуге тырысады. Бұл дұрыс емес, оқушы әуелі өзі тексеріп, онан сон қасындағыларға тексертіп, тек күмәнданған сұрағын ғана мұғалімнен сұрауы керек. Мен оқушыларға өз сабағымды сынама тест аяқталсымен өздеріне тексертіп, жоғарғы жағына нешеу дұрыс екенін жаздырып қоямын. Кейін жауабы келгенде сол жауаппен салыстырып, қате кеткен жері болса, өздеріне қайта іздетемін. Сонда ғана оқушының өз ісіне деген жауапкершілігі арта түседі, әрі өзіне деген сенімі күшейеді. Тақырып бойынша бақылау тесттері менің соңғы уақыттағы көп пайдаланып жүрген әдісім. Жылдық жоспарым бойынша өтілген тақырыпты талдап болған сон, міндетті түрде сол тақырыпқа байланысты тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының сол тақырыпты қалай меңгергенін көріп, қай жерлерді дұрыс меңгере алмағанын көруге болады. Тақырыпқа байланысты тест түрлеріне мен «Шың» кітабынан алғандарым бар және әр тақырыпқа байланысты өзім жинақтап жазғандарымды пайдаланамын.
Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау- Бұл тестпен жұмыс
жасау кезінде байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі. 4) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.
5 ) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; Деңгейлік тапсырмалар негізін мен «Достық» орталығынан бір оқушының алған журналынан көріп, соның негізінде жасай бастадым. Бұл жеке бір тақырыпта жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқауға болады.
Логикалық тапсырмаларды талдау- Соңғы жылдары ҰБТ кезінде
берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйреткен дұрыс. 7) Топтық және жеке дайындық. Бұл екі дайындық түріменде жұмыс жүргізіп көрдім. Екеуі де өте тиімді.
Топтық дайындық жайына келсем менде қазақ тілінен оқушыларды топқа бөліп дайындаймын. Аралас топтар: бір топта үздіктер, жақсылар, орташалар да бар болатындай етіп топтастырамын. Талап бәріне бірдей. Топта тек өзін ғана ойлауға болмайды, қасындағыларға да өз білетінін үйретуге міндетті. Берілген тапсырманы топ мүшелері түгел орындап болған жағдайда ғана келесі тапсырмаға көшуге болады. Және тапсырманы орындауға байланысты топтарға орын беріледі.
Ал енді топпен жүргізген жұмыстарыма қысқаша тоқталып өтсем деймін. Менің ҰБТ –дегі басты бағытым- тапсырма беру, соның орындалуын талап ету. Менің сабақ беретін сыныптарымда қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындыққа байланысты төрт дәптерлері бар
Ереже дәптерлері 10-сыныпта жазғызу керек.
Тесті белгілеу дәптерлері
Сұрақ жазу дәптерлері
Тест сұрақтарын дайындау дәптерлері
Сабақ жоспарымда сын тұрғысынан ойлау мен модульдік оқыту
технологияларының кейбір әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.
Оқушыны топпен жұмыс жасайды
Тақырып бойынша тапсырмаларды таратып,оқытып, топ ішінде талдау жасатамын.
Жекелеген оқушыларды шығарып,өзім тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.
Берілген тақырып негізінде оқушылар өздері бір-біріне сұрақ дайындайды.
Тақырыпқа байланысты тест немесе кестемен жұмыс. Кесте «Шың» кітабынан алынған үлгі бойынша жасалған.
Уй тапсырмасына бүгінгі тақырыпқа байланысты
