Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.69 Кб
Скачать

1. Мектеп басшыларынан қандай көмек қажет?

А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,

Ә) Дайындық кестесі пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,

Б) Пән мұғалімдерінің сағаттарын толықтыру

В) Пән мұғалімдеріне жеңілдіктер жасауы

Г) Сынама тест сараптамалары бойынша ата-аналар мен оқушылармен жұмыс жүргізу

2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер

А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру

Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек беру

Б) Тесттер,қосымша тапсырмаларды көбейтуге ат салысу

3. Сынып жетекшілерінен көмек

А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.

Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу

Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.

В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру

ІІ. Оқушы

Мұғалімге сенім білдіруі; Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімнің

болуы өте маңызды нарсе. «Үйрету үшін ұрысудың, пайдалы болу үшін намысқа тиюдің қажеті жоқ» деп оқымысты Ларошуфенко айтқандай көп жағдайда мұғалімдер дайындық кезінде оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлуді әдетке айналдырған. Бұл үлкен қате және оқушының намысына тию деп есептеймін. Мейлі ол үздік оқушы болсын, үлгірімі жақсы не төмен оқушы болсын, қалай болғанда да ол мұғалімнің өз еңбегінің жемісі екенін ұмытпауымыз қажет. Осы мәселеге байланысты оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде түйгенім ұрысып, айқайлап, қорқыту арқылы оқушыға білім беру мүмкін емес екен. Ондай жағдайда оқушы білмегенін мұғалімнен сұрауға бата алмайды, қорқады немесе іштей ерегісіп оқуға деген ынтасы жоғалады екен.

Біз ұстаздар оқушыға сенім білдіруіміз керек, тек сол жағдайда ғана оқушыда мүғалімге сенеді. Кейбір оқушылар сынама тесттен кейін өзіне сенім білдірген мұғалімнің сабағынан төмен балл алған жағдайда өз ісіне ұялып кешірім сұрап, келесі жолы қайтседе жақсы балл алатынын айтып, уәде беріп жататын кездері бар.

Тағы бір оқушылар арасындағы қиындық, кейде олар өздері таңдаған мамандыққа сәйкес емес пәндерді таңдап алады. Оның мынадай себептері болуы мүмкін:

1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;

2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;

3. Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін

Бұл қиындық таңдау пәндерінің арасында болатын жағдайлар. Оқушыны өзіміз шатастыратын кездерімізде көп. Мысалы: оқушы биологияны таңдаса, биология пәнінің мұғалім сен физиканы таңда, ол пәнді таңдасаң грантпен оқуға түсу мүмкіндігің көп деп басқа пәнге шығарып салуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біз оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өзіне қажеттісін таңдауға көмектесуіміз қажет.

Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы.

Қазіргі кезде оқушылардың қосымша жүргізілетін дайындықтарға деген жауапкершілігі де, ынтасы артып келе жатыр. Әрине қазір ҰБТ-ға дайындайтын орталықтар қазір көптеп ашылған. Ақылы болғандықтан көптеген оқушылардың оның ішінде ауыл балаларының қалталары оны көтере бермейді. Сондықтан дайындық сабақтарын тегін мектепте ұйымдастырған дұрыс.

Біздің мектептегі қосымша сабақтар уақыты жүйелі түрде белгіленген, қалыптасқан. І-ІІ тоқсандарда 15-00 ден 17-00 аралығынды өткізіледі. Ал ІІІ -ІУ тоқсандарда кешкі 16-00 ден 21-00-ге дейін өткізіледі.Дүйсенбі-бейсенбі күндері негізгі пәндерден , жұма күні таңдау пәндерінен өткізіледі. Сенбі күні жекелеген пәндерден жеке оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Осы әр күнгі қосымша дайындықтың жүйелі өткізілуін қадағалауға арнайы әр күнге директордың орынбасарлары бекітілген.

Бұл кестеден басқа да жекелеген оқушылармен кешкілік немесе таңертең ерте жұмыс жасайтын мұғалімдерде бар. Ауыл мектептерінде ақылы дайындық түрлері мүлдем жоқ немесе сирек болуы мүмкін деуімізге болады.

Қажетті оқу-құралдарының болуы .

Тест сұрақтары оқулықтардан дайындалатындықтан, 11-сынып оқушыларында төменгі сыныптың оқулықтарының болуы, білім сапасын көтеруге зор пайдасын тигізеді. Оған қосымша Шың кітабы, әр жылғы тесттер жинағы, 5+ тест , қосымша жұмыс дәптерлері болғаны дұрыс. Біздің мектепте 11-сынып оқушыларына мектеп кітапханасынан төменгі сыныптың ескі оқулықтары таратылып беріледі, олар сол оқулықтармен дайындалады.

Тапсырмаларды жауаптылықпен орындауы;.

Оқушыға берілетін тапсырма түрлері түрленіп отырғаны жөн.Тек тестпен жұмыс істеу оқушыны жалықтырады. Оқушыларға тапсырманы берген кезде міндетті түрде оқулықтардан іздейтіндей етіп берген жөн.

ІІІ. Ата-ана

Мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетуі.

(мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарауы кажет)

Ауылдық жерде көп ата-ана жұмыссыз немесе үй шаруасында отырғандар. Олар ҰБТ-ның не нәрсе екенін дұрыс түсіне бермейді, тек ҰБТ-ы арқылы баласы оқуға түсуіне болатынын біледі де, баласының сабақ үлгірімін

ескермей, қайтсе де барады деп тұрып алады. Бұл жағдайда ата-ана мұғалімді тыңдамауы мүмкін. Осы жағдайды зерттей келе менің түйгенім ата-анамен айтысудың еш қажеті жоқ. Кез келген ата-ананың мектепке болсын, мұғалімге болсын көзқарасы баласы арқылы қалыптасады. Баласы жақсы сөз айтса жақсы, жаман айтса жаман деп ойлады.

Бізге баласы арқылы баға береді және баласының пікірімен санасады. Бұл мәселеде біз осы жағдайды пайдалануымыз керек. Баласы ҰБТ-ға барғысы келмесе ата-анасы оны зорлап жібере алмайды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Баласының дайындық сабақтарына жауапкершілікпен қарауы

(баласының үйдегі жағдайын жасауы,бірлесе дайындық жүргізуі)

Ауылдық жер болғандықтан үй шаруасындағы жұмыс түрлері өте көп. Ал ҰБТ-ға баратын оқушыға көп дайындық керек. Бұл жағдайда мұғалім ата-анамен байланысып, үй шаруасына қатысты жұмыс түрлерін азайтудың баласының болашағына қандай жетістіктер әкелетінін түсіндіруі керек.

Қажетті оқу-құралдарымен, заттарымен қамтамасыз етуі. (ҰБТ- ға

қажетті оқулықтардың өте қымбаттығынан  оқушылардың көбінің   оқулықтармен толық қамтамасыз  етілмеуі)       

Осы үш топтың арасындағы жұмыстар жүйелі түрде орындалса ғана мұғалім мақсатына жете алады.

Мұғалім алдына қандай талаптар қоюы керек?

Өзіне және өз біліміне деген сенімділік

Оқушымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.

Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет

Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру қажет.

Дайындық жұмыстарын неден бастаған дүрыс?

Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жыл бойы жасалатын

Жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс. Мен ҰБТ байланысты қазақ тілі мен әдебиет пәнінеде жылдық жоспар жасап, күнделікті пайдаланып жүрмін. 2010 жылы «Қазақ тілі мен әдебиет» республикалық ғылыми –педагогикалық журналының №10 санына «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолдары» тақырыбындағы әдебиет пәнінен дайындық курсына арналған бағдарламам жарық көрді. Бұл бағдарламамда жылдық жоспар, сауалнама, дайындыққа қатысты пайдалануға болатын оқулықтар тізімі, қосымша оқулықтар тізімі көрсетілген. Қосымша оқулықтарға мен 1976-1994 жылғы әдебиеттер тізімін қостым. Қазіргі беріліп жүрген тест сұрақтарының көп жауабын осы оқулықтардан табуға болады. екен.

2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері.Менде 2005 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді. Оған қосымша біздің мектеп мұғалімдері 2010 жылдан бастап оқушылардан алынған барлық сынама тестердің көшірмесін жасап алуды үрдіске айналдырдық. 11- сыныптың жетекшісі алып келген сынама тестін оқушыларға тартпас бұрын көшірмесін жасап алады да, барлық пән мғалімдеріне таратып береді. Бұл жұмыстың мұғалімдерге көп пайдасы бар.