Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ҰБТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.69 Кб
Скачать

Оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" – деп белгілі қаламгер Жүсіпбек Аймауытов айтқандай өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі-Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – мұғалім. Мұғалімге қойылатын талаптар : - Оқушыларға бағыт –бағдар беру; - Пәндік оқытуды ұйымдастыру; - Тиімді технологияларды қолдану. ҰБТ өткізудің қажеттілігі, ҰБТ-ның мақсаты жайлы бәрімізде жақсы білеміз. ҰБТ-ның қандай басты ерекшеліктері бар екеніне тоқталып өтсем.

Кемшілігі: - Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады - Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз - Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады - Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін Артықшылығы: - Стандартты түрде жалпыға бірдей білім бағалау шкаласының қолданылуы, -Әділетті,оқушыларға бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды. -Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды -Бағалауы нақты -Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты) -Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.

ҰБТ-нің пайдалы жақтары 

    1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады

     2.Қосымша сабақтар алады

     3.Ата- аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жауапкершілігі артады

     4.Тестілеу арқылы өз білімдерінің деңгейін біліп,білмейтіндерін меңгереді

     5. Мұғалімдердің,мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады

     6.Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді

     7.Жалпы жұртшылықтың білімге деген көзқарасы өзгеріп,назарға алынады

     8.Мұғалім, ата-ана, оқушы арасында байланыс арттады

     9.Оқушылардың біліміне әділ баға қойылады     

10.Мұғалімдердің де еңбегі әділ бағаланады.

Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс? 1. Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; 2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру; 3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру; 4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.

ҰБТ тақырыбы осы отырған көпшілігімізді ойландырып жүрген үлкен тақырып екені бәрімізге мәлім Мен оқушыларды ҰБТ-ға дайындап жүргеніме он жылдай уақыт болды. Сол уақыттар ішінде өзімнің жинақтаған тәжірибелерімді сіздермен бөліскелі отырмын.. Бүгін осы баяндамамда осы мектепте ҰБТ-ға қатысты жүргізіліп жатырған жұмыстармен сіздерді таныстырып өтсем деймін.

Қай пән мұғалімі болмасын, жүмысты бастар кезде алдына мақсат қойып сол мақсатына жетуге тырысады. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыларын жоғарғы көрсеткішке жеткізу. Ал ол үшін мұғалімге қандай қолдау, қандай көмек қажет?

Өз мектебіміздегі жұмыстарды сарапқа сала отырып, мен мынадай шешімге келдім.

Мақсаттарына жету үшін мұғалімге үш топтың қолдауы қажет деп ойлаймын.

І. Ұжым

ІІ. Оқушы

ІІІ. Ата-ана

І . Өздеріңізге белгілі ҰБТ-дің нәтижесі арқылы тек оқушының немесе жеке бір мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның, мектептің білім сапасы сарапқа салынады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындыққа міндетті түрде бүкіл ұжымды араластыру қажет.

І. Ұжымнан көмек