- •Анестезия
- •Десмургия
- •Қан кету
- •Қан құю жолдары мен тәсілдері
- •Жаралар
- •Зақымдар (травматология)
- •Травмалық шок. Травмалық токсикоз. Травмалық асфиксия.
- •Жедел өлім кезінде шұғыл көмек стандарты (2012ж)
- •Авс реанимация бағдарламасы
- •Сав реанимация бағдарламасы:
- •Сүйек сыну, буын шығу
- •Термиялық зақымдар
- •Хирургиялық инфекция
- •Анаэробты хирургиялық жара инфекциясы
- •Некроздар
- •Ісіктер
- •Туа біткен кемістіктер ( Даму ақаулары)
- •Бүйрек аплазиясы, қосымша бүйрек, бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, поликистоз, бүйрек кистасы, қуықтың экстрофиясы, крипторхизм-емдеуі хирургиялық.
- •Хирургиялық науқасты зерттеу
- •Амбулаториялық хирургия
- •Операцияға дейінгі кезең
- •Операциядан кейінгі кезең
Қан кету
Сұрақтар:
Қан кету және қан азаю түсінігі, түрлері.
Қан кетудің белгілері
Қан кеткеннен кейінгі жедел қан аздық
Организмнің қан кетуге қарсы реакциясы.
Қанның өздігінен тоқтауына ықпал етуші факторлар
Уақытша қан тоқтату әдістері.
Түпкілікті қан тоқтату: механикалық, химиялық, физикалық, биологиялық әдістері.
Қан кетуден өлу себептері.
Қаны кеткен адамға, қан кету зардаптарында алғашқы медициналық көмек көрсету.
Қан кеткен және қаны аз адамдарды тасымалдау ережелері мен әдістері.
1. Қан сұйық ткань. Ол организмде тамырларда- артерия, вена, капилляр бойымен айналады. Органдар жарақаттанған кезде кесіліп үзілген тамырдан қан ағады. Қанның қан тамырынан шығуын қан кету деп атайды. Ересек адам денесінде шамамен 5л. қан айналады. Қан кеткен кезде бұл мөлшер азаяды. Органдар, тканьдер, клеткалар қан жетпей өз жұмыстарын атқара алмайды. Ми, бауыр, бүйрек, ішкі секреция бездері гипоксияға ұшырайды, бұл басқа органдарға, жалпы организмге кері әсер етеді. Мұның өзі организмді терминалдық жағдайға ұшыратады.
Сондықтан фельдшер қан кетуді, оның зардаптарын біліп, дер кезінде көмек көрсетіп, қан тоқтата білуі керек және қаны кеткен адамды тасымалдай білуі керек. Алғашқы медициналық көмек көрсетуде фельдшердің, акушерканың алатын орны өзгеше. Ол уақытша қан тоқату әдістерін біліп, науқастың жағдайына байланысты диагноз қойып, тасымалдау әдістерін білуі тиіс.
Қан кетудің классификациясы:
а) қай тамырдан шыққанына байланысты:
Артериядан қан кету- қан артерия тамырынан алқызыл фонтанша атады, не бүлкілдеп ағады. Өздігінен тоқтамайды. Адам тез қансырайды.
Венадан қан кету –вена тамырынан кеткен қан күрең түсті, баяу ағады, ірі тамырдан қан кетсе тез анемия болады.
Паренхималық органнан кеткен қан деп - өкпе, бауыр, талақ, бүйректерден кеткен қанды айтады. Бұл органдардан қан кетуді тоқтату қиын.
Капиллярлық қан кету белгісі– жеңіл жара, сызат түскенде уақ капиллярлардан кеткен қан жараның бетіне тамшылап шығып тұрады, тез арада тоқтайды.
Б) себебіне байланысты қан кетудің мынадай түрлері бар:
Травмалық- жарақат, сынық кезінде зақымдалған тамырлардан кетеді.
Патологиялық- қан аурулары (гемофилия, лейкоз т.б.) кезінде қан ұю процесі бұзылғандықтан, қан тамыры аурулары (грипп, цинга т.б.) кезінде қан тамырының қабырғалары селдірегендіктен қан кете бастайды.
В) қанның қай жерге кетуіне байланысты:
Сыртқа кету- кеткен қан көзге көрініп тұрады. Мысалы ауыздан, шектен, мұрыннан
Ішке кету- ішкі қуыстарға кеткен қанды белгілеріне қарай айырады. Мысалы, буын ішіне, бас сүйек ішіне т.б.
Аралас қан кету деген түрлері бар.
Г) Уақытына байланысты
Бірінші рет
Екінші рет ерте қан кету
Екінші рет кеш қан кету түрлері бар.
Д) Ұзақтығына байланысты:
Жедел қан кету.
Созылмалы қан кету деген түрлері болады..
Е) Қайталануына байланысты:
Бір рет
Қайталанып қан кету
Көп рет қан кету болады.
Ж) Клиникасына қарай:
Айқын
Жасырын қан кету клиникасы болады.
2. Қан кету клиникасы, қан аздық (анемия) белгілері:
Қан кетудің жергілікті белгілері: жарақат болған немесе ауырған органнан қан бөлінеді. Мысалы мұрыннан қан кету, ауыздан қанды құсық шығу, қан аралас ұлы дәрет, қанды қақырық, буын ішіне қан кету т.б. қуыстарға қан жиналу белгілері. Гематома- латынша «қанды ісік» деген мағынаны білдіреді, бұл қанның бір аумаққа жиналуы, қан кеткеннің жергілікті белгілерінің бірі.
Жалпы белгілері қаны азайған кезде білінеді: басы айналады, көзі қарауытады, әлсірейді, шөлдейді, салқын тер басады, ауа жетпей есіней береді, ұйқысы келеді, жүрегі айниды, құсады, талып қалады.
Диагностика: науқастан жоғары айтылғандай шағымдарын жинастырып болған соң, артериялық қысымын, пульсін, тыныс жиілігін есептейсіз Қаны азайған адамда А/Қ төмендейді, пульсі әлсіз, жиі болады, тынысы жиілейді. Лабораториялық қан анализінде – эритроцит саны азаяды, гемоглобині төмендейді.
6. Қан кеткеннен болған шок геморрагиялық шок деп аталады. А/Қ, пульсі, тыныс жиілігі, қан анализіне қарап қаны кеткен адамның жеңіл, орташа, ауыр, өте ауыр жағдайын бағалайсыз.
Қаны кетудің ауырлық дәрежелері:
Ауырлық дәрежелері |
Пульсі |
А/Қ |
Тыныс жиілігі |
Гемоглобин |
Жойылған қан мөлшері |
Жеңіл |
90 |
110/70 |
20-24 |
100г/л |
кеткен қан 15-25%, ШИ=1 (100/100), |
Орташа |
100 |
100/60 |
25-30 |
80г/л |
кеткен қан 25-45% ШИ=1,5 (120/80), |
Ауыр |
130 |
80/60 |
30-40 |
60г/л |
кеткен қан 50% астам. ШИ=2 (140/70). |
Гемор.шок |
Жіпше |
60-тан төмен |
өте жиі |
60-тан төмен |
40% |
Жағдайы бұдан төмендесе клиникалық өлім болады.
Медпункттің, жедел жәрдем машинасының фельдшері А/Қ, пульсі, тыныс жиілігіне қарап қан кету ауырлығын есептей алады.
7. Анатомиядан өткендей қанды ұйытатын және ұйыпайтын факторлар бар. Олар коагуляция-антикоагуляция жүйесі. Қан кеткен кезде коагуляция жүйесі күшейеді. Қан кетіп жатқан тамырдың дефектісін ұйыған қан басып қан кету тоқтайды, яғни, қан өздігінен тоқтайды. Егер қан кету өздігінен тоқтамаса (ірі тамырлардан, үлкен жаралардан қан кеткенде) фельдшер оны уақытша тоқтата алу керек. Олар мынадай әдістер:
Адам денесінің жағдайын өзгерту: қол-аяқтарын барынша бүгу, мысалы: қолды шынтақтан бүгіп таңып тастау- шынтақтан төмен орналасқан артерияның қанын тоқтатады. Сол сияқты екі қолды артқа бұрап шынтақтарын тигізе байлап тастаса, бұғана астындағы, қолтық артерияларынан қан кету тоқтайды. Аяқты тізеден бүгіп, не шабынан бүгіп таңса, бүгілген жерден төменгі артериялардан қан кету тоқтайды.
Қатты қысып таңу- капиллярлық, веналық қан кетуді тоқтатады. Аяқ-қолдың, бастың жеңіл жараларында стерильді салфеткамен таңғыш салып қысып таңса, қан тоқтайды.
Тамырды саусақпен басу- кейбір ірі артериялардан қан кеткен кезде тез анемия болып, адам өміріне қауіп туғанда қолданылады. Сол кезде қан атқылап жатқан тамырды саусақпен қыса тұру керек болады. Мысалы:1.мойындағы ұйқы артериясы, венасынан қан кеткен кезде ол тамырларды бас бармақпен не қалған 4 саусақпен УІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіндегі ұйқы артериясының түбіртегіне басса, қан кетуді тоқтатуға болады. 2. бұғана асты артериясынан қан кеткенде оны 1 қабырғаға басады. 3. Самай артериясынан қан кетсе оны самай сүйегіне басады т.с.с.
Жараны тампондау-капиллярлық қан кеткен жараның ішін стерильді бинт, дәкемен толтырып қысып таңып тастайды. 48 сағ. кейін ұйыған қан тамырларды бітейді.
Салқын басу- мұзды мұйықты жарақат болған жерге не операциялық жараның үстіне қояды. Салқыннан тамырлар қысылып, спазм болады.
Қысқышпен тамырды қысу- егер ірі тамырдан қаны кетіп жатса, жарадан олардың екі шетін тауып қысқыш (зажим) салып тоқтатады. Қысқышты жарада қалдырып, жараны стерильді материалмен таңады.
Жгут таңу ережесі:
Жгутты қол-ақтың артериясынан, ұйқы артериясынан қан кеткенде салады.
Жгуттың астына қыртысы жоқ тегіс мата салу керек.
Жгутты жарадан жоғары, бірақ жақын таңу керек.
Жгутты қатты созып, бірнеше орап, екі шетін мықтап бекітеді.
Ол дұрыс таңылса, жгуттен төменірек пульсі болмайды.
Жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды, некроз болады, осы уақыттан асып бара жатса оны босатып, қол-аяғы жылынғанша күтіп, бұрынғы жеріне сәл ығыстырып қайта таңады.
Жгуттың салынған уақытын қағазға не жгут қасындағы теріге жазып қояды.
Жгут салынған мүшені иммобилизация жасайды.
Науқасқа анальгетик егеді, зембілге жатқызып, ауруханаға бірінші кезекте жеткізеді.
Жгут болмаса қолдан бұрама жасап, осы ережелерге сәйкес таңады.
Қандай тәсілмен уақытша қан тоқтатылса да науқасты жағдайына байланысты емханаға не ауруханаға жеткізіп, дәрігерге көрсету керек.
8. Ауруханада дәрігерлер қанды түпкілікті тоқтатумен айналысады. Оның түрлері:
Қан тамырын қысқышпен қысып, байлау.
Тамырды байлау
Кесілген тамырды жалғап тігу
Тамырды протездеу.
Қансыраған органды резекциялау не алып тастау (мысалы, талақты)
Ыссы температураны, мысалы паренхималық қан кету кезінде қолдану. Жараны 60-70 градустағы ыссы физиологиялық.ерітіндімен жуады.
Салқын температура қолдану, яғни криохирургиялық аппаратпен тоқтату.
Диотермокаутермен немесе лазермен тоқтату әдістері.
Фармакологиялық дәрілер қолдану: хлорлы кальций 10%-10,0 мл, викасол 1 1,0мл, дицинон 2,0 мл, Е-аминокапрон қышқылы 5- 200,0, кальций глюконаты 1010%-10,0 мл. Бұл дәрілер қанның ұюын күшейтеді. Ал адреналин , мезатон, окситоцин, вазопрессин және т.б. қан тамырын тарылтады. Эритроцит тұнбасын, тромбоцит тұнбасын, фибриноген, тромбин, гемостатикалық губканы дәрігер қан ұю анализін (коагулограмманы) бақылап отырып қолданады. Қан тоқтағанның 1- белгісі – гемодинамика көрсеткіштерінің тұрақтануы.
9. Қан кету зардаптары: жедел анемия, созылмалы анемия, орган мен тканьдердің қысылып қалуы, ауа эмболиясы, жалған аневризма (гематома жиналып, сыртынан қапталып, қан тамырының кеңейген бөлігі). Коагулопатиялық синдром- көп қаны кеткенде қан ұйытатын элементтер де көп кеткендіктен қаны ұйымау симтомы. Геморрагиялық шок. Өлім. Мұндай зардаптар болмас үшін қаны кеткен адамның дер кезінде қанын тоқтатып, ем беру керек.
10.Асқазаннан қан кеткенде көмек көрсету:
Адам қан аралас құсады, ұлы дәреті қарайып кетеді- осы екі белгі асқазан-шектен қан кеткенннің екі айқын белгісі деп аталады. Асқазаннан кеткен қан кофе қоюы түстес, ас қалдығы аралас болады. Науқастың анамнезінде асқазан ауруы (гастрит, ойық жара, қатерлі ісік), улану және т.б. болуы мүмкін Бұған қоса анемия белгілері болады. Науқасқа О (аштық) диета тағайындалады. Оны жатқызып, ішіне мұзды мұйық басады, 2-4 мл викасол, 10мл хлорлы кальций егеді, 5 аминокапрон қышқылын-200 мл к/т немесе ішкізуге болады. Зембілде жатқан науқастың ми гипоксиясы болмас үшін бас жағы аяқ жағына қарағанда төмен болуы керек. Ауруханаға жеткізеді.
Егер өкпеден қан кетсе адам қан аралас қақырады, жөтел қысады, демігеді. Қанды қақырықта көпіршік аралас, алқызы түсті. Науқастың анамнезінде кеуде зақымы, не өкпе ауруы болуы мүмкін. Адамды шалқайтып отырғызу керек. Кеудесіне мұзды мұйық басады, таза ауа желпиді, терең демалуын сұрайды. Жөтелге қарсы дәрі береді, гемостатикалық дәрілер егеді. Науқасты ауруханаға салады.
Егер жатырдан қан кетсе, науқасты зембілге жатқызып, викасол 2-4 мл б/е егуге болады. Ауруханаға тасымалдайды.
Мұрыннан қан кеткен жағдайда адамды басын алға иіп отырғызады. Сіңбірмеуін, аузымен дем алуын сұрайды. Мұрнын саусақпен қатты қысуға, мұрнына тампон тығуға болады. Мұрнының үстіне, желкесіне мұзды мұйық қоюға болады. Қаны тоқтамаса, ЛОР-дәрігерге жібересіз.
Жұлынған тістің орны қанауы тиылмаса, стерильді салфеткамен жараның орнын толтырып жағымен қысып ұстату керек. Тоқтамаса тіс дәрігеріне жібереді.
Егер қан ішке кетіп жасырын болса, науқасты зембілге шалқасынан жатқызып, гемостатик дәрілер егіп, жағдайы ауыр болса, ауруханаға жеткізеді.
11.Қаны кеткен адамның қанын тоқтатып, гемостатик дәрілер беріп, сол бойда дәрігерге жеткізу керек. Егер анемия белгілері болса, оны зембілге жатқызып, басын төменірек түсіріп, іш қуысы органдарына зақым келмеген болса, ыссы шай, кофе, сусындар береді. Гемостатикалық дәрілер егеді. Стационарға жеткізеді. Қаны ішкі органдарға, миына жиналатындай қылып, қол- аяғын жоғары көтеріп, басын төмен түсіріп тасымалдайды. Егер жүрегі тоқтап қалса, реанимациялық шаралар жасап тірілтеді. Шокқа қарсы медиц. көмек көрсете отырып, науқасты қымтап қалың етіп жауып, А/Қ, пульсін, тынысын өлшеп қадағалап, реанимацияға жеткізеді.
Мына сұрақтарға жауап бер:
Қан кету түрлері .
Қан кету белгілері.
Қаны аздық белгілері
Қан кеткеннің диагнозын қалай қояды.
Уақытша қан тоқтату әдістері.
Біржолата қан тоқтату әдістері.
Қаны кеткен адамға қалай көмектесесіз.
Гемостатикалық дәрілерді ата.
Қан құю - гемотрансфузия
Лекция сұрақтары:
1) Қан құю тарихы. Қан құю жөніндегі жаңа принциптер. Изоагглютинация және қан топтары.
2) Донорлық. Қан құю қызметінің ұйымдастырылуы. Қанды консервілеу, оны сақтау және қанның құюға жарамдылығын анықтау.
3) Қанның препаттары мен құрамдары. Қан құюдың көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері.
4) Қан құю жолдары мен тәсілдері. Қан алмастырып құю, реинфузия, консервіленген қанды құю, аутоинфузия, тікелей құю.
5) Сәйкестікке тексеру. Құйылған қанның әсер ету механизмі. Қан құю техникасы. Қанды көк тамырға, артерия ішіне және сүйек ішіне құю.
6) Қан құю кезіндегі асқынулар, олардың алдын алу және емдеу.
7).Қан алмастырғыш сұйықтар. Қан алмастырғыш сұйықтардың химиялық құрамы және мақсаты бойынша топтастырылуы. Қан алмастырғыш сұйықтарды құю кезінде сынама жасау. Қан алмастырғыш сұйықтар құю кезіндегі асқынулар, олардың алдын алу және емдеу.
1.Қан құю тарихында кем дегенде төрт кезеңді атап өтуге болады. Бірінші кезең ерте дүние тарихына жатады, онда қанды емдік дәрі ретінде ішуге қолданған. Екінші кезең Гарвейдің қан айналым шеңберін ашқаннан кейінгі уақыт, адамға қан құю мүмкіндігін жануарға тәжірибе қойып зерттеумен және адамға жануар қанын құйып зерттеумен сипатталған. Адамға адам қанын құю 1819 Англияда болған. Қан құюдың ғылыми негіздемесі қан топтары ашылған соң алынды. К.Ландштейнер қан топтарын 1901 жылы ашты, әуелі 3 топ ашылды, төртінші топты Янский (1907) және Мосс (1910) бір біріне байланыссыз ашты.
Төртінші кезең Ұлы Отан соғысынан кейін басталды. Шамов В.Н, Еланский Н.И., Спасокукоцкий С.И. еңбектері үлкен маңызға ие болды. Қан құю жұмысында 1926ж.Москвада ашылған әлемдегі ең бірінші Қан құю Институтының ролі үлкен болды.
Көптеген жылдар бойы тұтас қан көп жақты әсері бар универсал (әмбебап) трансфузиялық орта деп саналып келді. Құйылған қанның организмде кеткен қанның орнын толтырушы, гемостаздық, стимуляциялық, дезинтоксикациялық, шокқа қарсы және трофикалық әсерлеріне негіздеп, қан құюды қарапайым процедура деп есептеді. Гемотрансфузияны өте жиі қолдану көптеген реакциялар мен асқынуларға соқтырып, олардың мәні қазіргі заманғы иммунология тұрғысынан алғанда ғана белгілі болды.
Тұтас қанды құйған кезде организм өзіне жетпейтін элементтерден (мысалы, эритроциттен) басқа, функционалдық тұрғыда кеміс тромбоциттерді, лейкоциттерді, иммунноагрессивті лимфоциттерді, антидене мен антигендерді алады, солар посттрансфузиялық реакциялар мен асқынулардың себептері болуы мүмкін. Тұтас қанды құю жүктілік кезінде асқынулар туындатып, қанның басқа құрамдарын құюды қиындатады.
Қанның құрамды бөліктерін алу әдістерінің дамуы, оларды емдеу тәжірибесінде кеңінен қолдану - тұтас қанды құюға болатын жағдай (көрсетілім) ЖОҚ деп санауға рұқсат етеді. Тұтас қанды өте көп қан кетіп, қажетті қан құрамдары (эритроцит тұнбасы, жаңадан мұздатылған плазма) болмаған кезде ғана құюға болады. Яғни қазіргі қан құюдағы бір принцип- науқасқа тек қажет қан құрамын құю керек дейді.
Қазіргі гемотрансфузияның тағы бір принципі «бір донор- бір реципиент», яғни бір науқасты емдеуде бір немесе саны шектеулі донорлардан алынған қан құйылуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру посттрансфузиялық асқынуларды күрт азайтады.
Изоагглютинация (қан топтары туралы ілім) және қан топтары.
Адамдардың эритроциттерінде екі антиген бар, оларды агглютиноген деп атайды және латын алфавитінің бас әріптерімен А және В деп белгілейді. Сарысуда екі антидене болады, оларды агглютинин деп атап, грек әріптерімен α (альфа) және β (бета) деп белгілейді. Қандай агглютиноген мен агглютинин болуына қарай 4 қан топтары болады. Адам қанында аттас агглютиноген мен агглютинин болмайды. Аттас агглютиногендер мен агглютининдер кездескен кезде, агглютинация (желімделу) реакциясы жүреді де эритроциттер бұзылып, еріп, яғни гемолиз болады, тұнба болып түседі. Мұндай құбылыс сәйкеспейтін топтың қанын құйғанда болатын гемотрансфузиялық шокта кездеседі.
1 -кестеде АВО жүйесі бойынша қан топтары көрсетілген.
1-кесте.
Қан топтары |
Эритроциттегі агглютиноген |
Сарысудағы агглютинин |
Таралуы |
О (нөл) |
ЖОҚ |
α β |
33,5 % |
А (ІІ) |
А |
β |
37,8 % |
В (ІІІ) |
В |
α |
20,6 % |
АВ (ІУ) |
АВ |
жоқ |
8,1 % |
Резус –фактор туралы түсінік.
1940 жылы эритроцитте тағы бір антиген (агглютиноген) табылып, оны резус-фактор деп атады. Егер адамның қанында резус-фактор бар болса, оның қаны резус-оң мәнді, егер резус-фактор болмаса, резус-теріс қан деп аталады.
Қан құю ережесі:
Реципиентте қандай қан тобы мен резус-фактор болса, оған құйылатын қан да сондай топ пен резус фактордыкі болуы тиіс.
2). Донорлық. Қан құю қызметінің ұйымдастырылуы. Қанды консервілеу, оны сақтау және қанның құюға жарамдылығын анықтау.
Донор деп созылмалы аурумен ауырмайтын, жұқпалы аурулары жоқ, дені сау 18 жас пен 60 жас аралығындағы қан тапсырушы адамды атайды. Донор болу құрметті іс. Донор қанды 2-3 айда бір рет тапсырса, саулығына еш нұқсан келмейді. Донордың қанын дайындап, консервациялайтын, сақтайтын, емдеу мекемелерін тапсырыс бойынша қанмен қамтамасыз ететін мекемені Қан орталығы деп атайды. Донорлар тұрақты түрде қан тапсырып тұрса, Қан орталығының тізімінде болады, 6 ай сайын медициналық тексеруден өтеді. Қан орталығында донордың қанын консервант (қазіргісі Оңтүстік Кореяның гемакон консерванты) құйылған контейнерге консервациялайды. Контейнердің сыртында паспорттық мәліметтер: нөмірі бар этикеткасы болуы тиіс, онда дайындалу мерзімі, қан тобы мен резус-факторы көрсетілуі, консервант атауы, донордың аты-жөні, қанды дайындаған мекеменің атауы, дәрігердің қолы болуы керек.
Донордың тапсырған қанын инфекциялық ауру қоздырғыштарының бар-жоғына ИФА анализін алып, тексеруден өткізеді. Плазмасын бөлек контейнерлерге алып, -45—50 °С температурада мұздатқышта 4 ай бойы карантинге қояды. Карантин уақыты өткен соң, осы плазмадан және плазманы тапсырған донордан жұқпалы аурулар анализіне қан алады. Егер нәтиже теріс болса, плазманы құюға болады, яғни карантиннен шығарады, оны тапсырыс бойынша сұратқанша -45—50 °С температурада мұздатқышта 1-3 жылға дейін сақтауға болады. Егер нәтиже оң болса (жұқпалы ауру қоздырғыштары бар болса), плазманы жояды. Қанның плазманы алғаннан кейін қалған бөлігін- эрмассаны +4-+6 °С температурада тоңазытқышта (консервант Гемаком болса) 35 күн сақтайды. Ауруханадан тапсырыс болса, эрмассадан (эритроцит тұнбасынан) лейкомасса мен тромбомассаны бөліп алады.
Қан орталығыынң қызметкерлері қан құрамдарын сақтау барысында оларды тексеріп, жарамдылығын макроскопиялық бағалайды. Қанның жарамдылығын анықтау үшін қан, қан құрамдары құйылған контейнерді сырттай қарайды.
Осы кезде мынадай мәліметтерге назар аудару керек:
контейнер герметикалығы бұзылуы;
көзге көрініп анықталатын гемолиз, эритроцит тұнбаларының ұюы;
лайлылығы, жапалақтардың, пленканың, плазмада бактериалдық жұқпаның болуы;
контейнерде марканың немесе этикетканың жоқтығы, және этикеткадағы мәліметтердің дұрыс танылмауы.
5) паспортталуының дұрыстығы (нөмірі бар этикеткасы болуы, онда дайындалу мерзімі, қан тобы мен резус-факторы болуы, консервант атауы, донордың аты-жөні, қанды дайындаған мекеменің атауы, дәрігердің қолы болуы керек)
3). Қанның препаттары мен құрамдары. Қан құюдың көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері.
Тұтас қанның құрамында ауыр гемотрансфузиялық асқынулар болдыратын клеткалық антигендер, плазмалық антигендік факторлар көп болғандықтан көбіне қан құрамдары мен препараттарын құйған дұрыс.
Қанның негізгі құрамдары мыналар:
Эритроцит тұнбасы (ЭТ)
ЭТ қанның негізгі құрамы. Тұтас қанды құрамдарына ажыратып, эритроциттерді тұндырып алу үшін қанды 4° С температурада сақтайды немесе центрифугалайды. ЭТ құю көрсетілген жағдай- анемия, соның ішінде постгеморрагиялық анемия.
Лейкоцит тұнбасы (ЛТ)
ЛТ негізгі жұмысы-микробтардың фагоцитозы және түрлі генезді иммунодепрессияны түзету. ЛТ-ны тұтас қанды центрифугалаған соң лейкоциттік пленканы сыпырып алып, плазманы алып тастау әдісімен немесе лейкоцитоферез әдісімен алады. ЛТ-ны жаңа дайындалған бойында немесе сақтау мерзімі 1 тәуліктен асырмай пайдаланады. ЛТ лейкоциттер санын көбейтеді және лейкоцитопоэзді қолдайды.
Тромбоцит тұнбасы (ТТ)
ТТ- бұл тромбоциттермен қаныққан плазма. Тромбоциттер гомеостаз жүйесінің басты құрамдары болып табылады. Сондықтан тромбоциттерді гомеостаз бұзылған кезде, жасанды қан айналысымен жүргізілген операциялар кезінде қолданады. ТТ-ны жаңа донор қанынан центрифугалау арқылы немесе тромбоцитоферез арқылы алады. ТТ 24 сағаттан артыққа сақталмайды.
Плазма.
Плазма- қанның сұйық бөлігі, оның құрамына белоктар, липопротеидтер, түрлі ферменттер, гормондар, витаминдер және басқа да биологиялық активті заттар кіреді. ЭТ сияқты плазма да жиі қолданылатын қан құрамы. Қазіргі заманғы хирургияда плазманың бірнеше түрі қолданылады, бұлар- жаңа мұздатылған плазма, сұйық плазма және құрғақ (лиофилизирленген) плазма, т.б. Жиі қолданылатыны- жаңа мұздатылған плазма, себебі оның барлық биологиялық қасиеттері сақталған. Құяр алдында плазманы 37-38° С температурадағы суға батырады. Жылытылған плазма бір сағаттай уақыт сақталады. Қайтадан мұздатуға болмайды. Плазманы кеткен плазманың орнын толтыру мақсатында, дезинтоксикациялық, стимуляциялық әсер үшін және гемостатикалық мақсатта құяды. Плазма құю көрсетілген жағдайлар: ДВС-синдром, көп қан кету, күйік ауруы, іріңді-септикалық жағдай, коагулопатия, гемофилия т.б.
Плазманы құйған кезде донор мен реципиент қандары АВО жүйесі бойынша сәйкес келу керек. Плазма құярда биологиялық сынама жасайды.Қан құрамдарына-плазма, эр масса (эритроцит тұнбасы), лейкомасса (лейкоцит тұнбасы), тромбомасса (тромоцит тұнбасы)жатады.
Қан препараттарына мыналар жатады:
Альбумин ерітіндісі 5% 100мл., 200мл. |
Альбумин ерітіндісі 10% 20мл., 50мл., 100мл., 200мл. |
Альбумин ерітіндісі 20% 100мл. |
Иммуноглобулин -қалыпты сұйық адам иммуноглобулині 1,5мл., 3мл. |
Иммуноглобулин- антистафилококк сұйығы 3мл., 5мл. |
Иммуноглобулин антирезус 1мл., 2мл. |
Фибринді желім 10мл. |
Глюнат 5мл. және т.б. |
Қан құюға болатын жағдай(көрсетілімі) –анемия. Қарсы көрсетілімдері-гепатит, нефриттер, т.б. аурулар.
4). Қан құю жолдары мен тәсілдері. Қан алмастырып құю, реинфузия, консервіленген қанды құю, аутоинфузия, тікелей құю.
