Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khirurgiadan_lektsialar_zhinagy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.71 Mб
Скачать

Некроздар

Сұрақтары

  1. Некроз. Жалпы түсінік, себептері мен шарттары.

  2. Құрғақ және ылғалды гангрена. Жалпы емдеу принциптері, алдын алу

  3. Тромбоздар мен эмболиялар.

  4. Облитерациялық эндартериит. Облитерациялық атеросклероз. Коллатерал қан айналымның маңызы.

  5. Қан айналу бұзылысының жекелеген түрлері. Трофикалық (варикоздық, травмадан кейінгі, тыртық, күйіктен кейінгі т.б.) ойық жара. Тері ойылуы. Тесіктер. Диагностикасы. Емдеуі.

1.Тірі организмдегі клеткалар мен ұлпалардьщ өлуі некроз деп аталады. Некроздың себебі: қан айналымы мен ұлпа қоректенуінің бұзылуы. Оған жағдай жасайтын мына аурулар:

1. бұлшық ет пен қан тамырларының зақымдануы.

  1. ұлпалардың жгут пен гипс таңғышымен қысылуы.

  2. жарықтың буынуы.

  3. күйіктер, үсіктер.

  4. қан тамырларының бітелуі (тромб, эндартериит, атеросклөроз).

  5. токсиндер әсері.

  6. іріңді инфекция (туберкулез, сифилис жарасы)

  7. авитаминоз.

  8. иннервацияның бұзылуы.

Жалпы жағдайы нашар авитаминоз, жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті, орталық нерв жүйесі бүлінуі, анемия, аурсыну, тоңу, инфекциялық ауруға ұшырағандар некрозга тез шалдығады. Некроз түрлері гангрена, инфаркт, ойық жаралар, жыланкөз тесік.

2. Гангрена қан айналымы тоқтауынан болған шіру. Гангренаның ылғалды және құрғақ деген түрлері болады. Құрғақ гангрена - артериялар біртіндеп бітелгенде пайда болады. Өлген тканьдер бірте-бірте құрғайды, қара-қоңыр түсті, кейіннен қара түсті болады. Өлі ткань мен тірі ткань арасында демаркациялық линия деген шекара пайда болады. Шіріген ткань өздігінен түсіп қалуы ұзаққа созылатын процесс. Сондықтан оны эктомия не ампутация операциясын жасап, алып тастайды.

Ылғалды гангрена – артерия, вена қуысы эмбол, тромб, жарақатпен тез бітелгенде және осыған инфекция қосылганда пайда болады.

Клиникасы: ісіну, терісінде сұр түсті дақтар, күлбіреуіктер пайда болады, ішіндегі жиналған сұйық шірік иісті болады. Ұлпалар кеуіп үлгермейді, шіріп, ыдырайды, оған инфекция қосылып, науқастың жағдайы ауырлайды.

Жөргілікті емдеуі: шіріген тканьдерді алып тастайды - некрәктомия.

Жалпы емдеуі: дезинтоксикациялық сұйықтар құйып, антибиотиктер егіп, жүрек-тамыр дәрілерін береді.

Алдын алу: себепші ауруларын емдеу, жгут таңу ережесін сақтау, гипс таңғышын қыспай таңу. Ылғал гангренаны құрғаққа айналдырады. Эмбол, тромбты алып тастап, гангреналы аяқты ампутация жа-сайды.

Жедел ганрена басталғанда алғашқы медициналық көмек көрсету:

  1. Наркотикалық аналгетик беру, 1 мл промедол.

  2. Спазм кетіретін дәрілер-спазмолитиктер –папаверин 2 мл,

  3. Футлярлы новокаин блокадасы.

  4. Иммобилизация жасау.

  5. Тез арада ауруханага жеткізу.

3. Тромбоз –қанның ұйып, қан тамырын бітеуі . Эмболия – қан тамыры ішінде бөтен заттың айналып жүруі. Осы екі жағдай қан тамырының саңылауын бітеп, ткань қорегін бұзады. Ткань өлі еттенеді. Себептері: жүрек ревматизмі, атеросклероз, миокард инфарктісі, жүрек ақаулары, флеботромбоздар, онкологиялық аурулар, жамбас веналарының және аяқ веналарының варикоздары, операциядан кейінгі кезеңде енжар қимылсыз болуы, іріңді инфекция т.б. басқаша айтқанда қан айналысы баяу, ұзақ уақыт төсек тартып жатқан, жасы ұлғайған, әлсіз қимылсыз жатқан науқастарда осы асқынулар қатері болады. Патогенезі: бірі біріне байланысты тізбектей жүретін процесс буындарынан тұрады, олар: 1) тамыр жүйесінің бір бөлігінде тромб түзілуі; 2)тромбының бөлшектенуі, үзіліп, эмболдың қозғалуы; 3) эмболдың артерия қабырғасына жабысуы; 4) артерия бітелуіне байланысты жергілікті және жалпы бұзылыстар. Және тромбының артерия спазмынан ұлғайып, қан айналысын бұзуы некроздарға соқтырады.

4. Облитерациялық эндартериит. Облитерациялық атеросклероз. Коллатерал қан айналымның маңызы.

Облитерациялық эндартериит- артерия тамырларының саңылауы бітелуіне байланысты дамитын ауру. Аяқ тамырларында кездеседі. Себептері: темекі шегу, аяқтарының суыққа жиі шалдығуы, диабеттік ангиопатия. Көбіне ер адамдарда кездеседі. Ауру біртіндеп меңдейді. Аяқтары тоңады, бұлшық еттері жүргенде ауырып, құрысады. Жаяу жүрген кезде әрбір 500-400 метр сайын, кейіннен 300-200 метр, соңында 100-50 метр сайын аяқтары ауырып, ақсаңдайды. Демалып отырғанда ауырғаны кетеді, жүрген кезде біршама қашықтықтан соң қайтадан ақсаңдай бастайды. Мұны «ауыспалы ақсақтық» симптомы деп атайды. Ауру асқынғанда табан, башпайларында некроздық ойық жаралар пайда болады. Олар ұлғайып, гангренаға айналады. Емдеуі: спазмолитиктер, трентал, солкосерил тағайындап, никотин қышқылы ертіндісін схема бойынша егеді, физиопроцедуралар т.б. қан тамырын ұлғайтатын ем береді. Облитерациялық атеросклероз- артерия қан тамырының атеросклероздық қатпарлардан қалыңдап, бітелуі. Себебі: жалпы склероздық процестер. Жасы ұлғайған адамдарда кездеседі. Ірі артерия тамырлары бітеледі. Мысалы, сан артериясы бітеліп, балтыр, табан артерияларында пульс білінбейді. Клиникасы жоғарыда аталғандай. Біртіндеп аяқ ткандерінің қан айналысы бұзылып, ткань өлі еттене бастайды. Ойық жаралар, гангреналар пайда болады. Мұндай аурулар кезінде ірі артерия тамырынан тарамдалатын коллатерал артериялар жақсы дамыған болса, қан айналысы бұзылмауға сеп болады. Мұндай коллатералдарды шунттау операциясы арқылы жасауға тырысады. (артерия-веналық шунттар)

5. Қан айналуы бұзылысының жекелеген түрлері. Трофикалық (варикоздық, травмадан кейінгі, тыртық, күйіктен кейінгі т.б.) ойық жара. Тері ойылуы. Тесіктер. Диагностикасы. Емдеуі.

Қан айналуы бұзылысының жекелеген түрлеріне мыналар жатады:

Ойық жара (язва) - тері мен кілегей қабықтың нашар жазылатын (жетіспеушілігі) кемістігі. Ойық жара ұзаққа созылады. Себебі: ткань қорегі болмауы. Мысалы: вена варикозы, нерв тамырының бұзылуы, сифилис, туберкулез. Ойық жара түрлері: травмалық, нейротрофикалық, пептикалық (асказанда, шекте болатын пептиндер әсерінен болатын ойық жаралар), варикоздық, травмадан кейінгі, тыртық, күйіктен кейінгі жаралар. Ойық жараны емдеу үзақ жұмыс, әуелі себепші ауруын емдейді. Витаминді диета, тез сіңетін белогы көп тамақ ішу керек. Ойық жараға майлы таңғыш салады. Консервативті түрде емделінбесе, оперативті түрде кесіп алып тастайды, тері жамайды.

Жыланкөзтесік- патологиялық канал. Ол тереңдегі ішкі қуыс органды сыртқы ортамен, немесе екі қуыс органды бірі бірімен жалғайды.

Тесіктердің түрлері:

  • туа біткен және пайда болған

  • сыртқы ортамен байланыса қарай: сыртқы және ішкі

  • себебіне қарай: травмалық, патологиялық және жасанды (оперативтік)

  • Тесіктен бөлінген сұйыққа байланысты:

  • несеп тесігі

  • сілекей тесігі

  • нәжіс тесігі

  • іріңді тесік

  • өт тесіктері деген және т.б. түрлері болады.

Емдеуі: себепші ауруын емдейді. Көйбір тесіктер өздері бітеледі, кейбіреуін операция жасап, тігіп бітейді.

Тері ойылуы - төрі мен тері асты тканьдердің науқастың дене салмағынан жаншылып, қан айналысы бұзылғанынан болған некроздар. Ол жауырын, арқа, жамбас, өкпе, желкеде, өкшелерінде пайда болады. Ол төсек тартып жатқан ауыр науқастарда, жұлыны үзілген сал науқастарда тез пайда болады.

Әуелі тері қызарады, сезімі жоғалады, терісі ойыла бастайды, оған инфекция қосылып тканьдер шіріп ыдырайды.

Ойықтың алдын алу: науқасты жиі аударыстырып тұру, киім, жаймасының қыртысын жазу, қиқымдарын тазалау, арқасы қызара бастағанда камфора спиртімен сүртіп, астына үрілген резин дөңгелек салады.

Ойық пайда болғанда мацерация болған жерді сабынды сумен жуып, спиртпен сүртіп, опалайды.

Күлбіреуік пайда болғанда бриллиант көгін жағып, таңып, шіру (некроз) болған тканьді алып, майлы таңғыш салады. Жалпы жағдайын жақсарту үшін витаминді тағам, антибиотик, емдік гимнастика, массаж жасап, нөгізгі ауруларын емдейді.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Некроз түрлері, себептері

  2. Гангрена кезінде фельдшер көмегі

  3. Темекі шегу қандай тамыр ауруына шалдықтырады.

  4. Ойық жараға жағылатын май дәріге рецепт жазу.

  5. Егер науқастың сирағына гипс «етік» таңғышын таңған соң башпайлары көгеріп, ісініп, ауыра бастаса, қандай көмек көрсетесің?

  6. Сирақ веналары тромбозымен ауыратын науқастың сирағы ісініп, қатты ауыра бастады, терісі күлбіреп, көгере бастады, некроз басталды. Тізе асты артериясының тромбозы деп болжама диагноз қойдың. Қандай көмек көрсетесің.?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]