- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
3. Басқару стилдері теориясы
Тұлға теориясын жасаумен айналысқан атақты неміс – американ психологы К.Левин басқару стилінің тұжырымдамасын жасап, негіздеді. Экспреимент мәліметтеріне сәйкес ол негізгі үш басқару стилін анықтап, оларға сипаттама берді. Олар:
-авторитарлық -ықпалды (директивтік);
-демократиялық (алқалы);
-бейтарап-нейтраль (бекер-босқа). Бір стилдің екіншісінен басты ерекшелігінің көрсеткіші-басшының шешім қабылдау тәсілі болып табылады. Басқару шешімдерін қабылдаудың екі түрі бар: демократиялық (алқалы) және авторитарлық (директивтік). Шешім қабылдаудың бұл екі түрі туралы пікірлер әртүрлі
4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
Америка зерттеушілері Р.Блейк және Д.Мутон кез келген басқару іс-әрекетін екі «өлшеммен»: өндіріске қатынасы және адамдарға қамқорлығымен өлшеуді ұсынды.
Басшының өндіріске қатынасы көптеген мәселелерді: қабылданатын шешімнің тиімділігі, кадрларды іріктеу, адамдар мен өндірістік процестерді ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің көлемі мен сапасын қадағалау т.б. қамтиды.
Адамдарға қамқорлық жасау- мақсатқа қол жеткізуге адамдардың жеке үлес қосуын қамтамасыз ету, олардың өзін-өзі сыилауын қолдау, жауапкершіліктерін арттыру, жұмыс істеуге жақысы жағдай туғызып, өзара жағымды қарым-қатынас қалыптастыру.
Осы екі өлшемдер бойынша жоғары көрсеткіштер тиімді басқарудың белгісі болып табылады. Бұл теория К.Левиннің теориясынан туындайды, бірақ оның басты ерекшелігі екі параметрлері бойынша да жоғары көрсеткіштің өзара байланысы. Бірақ бұл көрсеткішер теория жүзінде ғана, іс жүзінде бұл теорияның жүзеге асуы қиындау.Соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулерде басқару тиімділігінің неғұрлым жетілген нақты критерилері анықталуда. Оған жататын теориялардың бірі-Рационалды басқару теориясы.
5. Рационалды басқару теориясы. Америка мамандарының менеджмент саласындағы жұмыстарына сүйене отырып, жапон зерттеушісі Т.Коно рационалды басқару теориясын ұсынды. Өзінің «Жапон кәсіпорнының құрылымы және стратегиясы» атты кітабында ол басқарудың төрт типін бөліп, сипаттайды.
-жаңашыл-аналитикалық;
-жаңашыл-интуитивтік;
-консервативтік- аналитикалық;
-консервативтік- интуитивтік.
Т.Кононың пікірі бойынша жаңашыл-аналитикалық басқару типі неғұрлым тиімді болып табылады, бұл тип ұйымдастыру арқылы қатаң нарықтық бәсекелестікте төтеп беруді қамтамасыз етуге қабілетті. Ол мынадай менеджердің мінез-құлқын қамтиды:
-ұйымға берілгендік;
-қуаттылық және жаңашылдық;
-жаңа идеялар мен ақпараттарға сергек қарау;
-көп көлемді бастама мен идеяларды ой елегінен өткізу, генерациялау;
-жылдам шешім қабылдау;
-ұжымдық қимылды жақсы кіріктіру;
-бағыт пен мақсаттың нақтылығы;
-басқалардың пікірін ескеруге даяр болу;
-сәтсіздіктерге шыдамдылық.
Т.Кононың өзі бұл теориясын басқаруға қатынасу ториясының бір түрі деп есептейді. Ал көпшілік зерттеушілер мұнда басқарудың рационалдық теориясы туралы сөз қозғауға болады деп есептейді. Т.Коно тиімді басқару дегеніміз рационалды басқару, ал жаңашыл-аналитикалық басқару типі барынша тиімді деп санайды.
Басқарудың рационалдығы мен тиімділігінің арасында қатаң тәуелділік бар ма? Тәжірибеде барлығы да жағдайға: басшының қызметкерлерді өз жағына тарта алу қабілетіне, оларды шешім қабылдау процесіне қатыстыруына байланысты. Бұл жағдай «басқаруға қатысу» тұжырымдамасының негізі болып табылады.
6. Басқаруға қатысу. Ашығын айтқанда бұл теория өмірде жоқ. Басқаруға қатысу теориясын жақтаушылар оның кейбір жақтарын қолдайды. Бұл теорияның мәні ұжымның алдына мәселе қойып оны шешуге қызметкерлер қатынасқанда, яғни басқару жұмысына қатысқанда басқару тиімдірек болады. Басқаруға қатысу өзінше басқарудың бір типі, оның негізгі жақтары:
-басшының бағыныштылармен уақтылы жиналыс өткізуі;
-басшы мен бағыныштылар арасында қарым-қатынастың ашықтығы;
-бағыныштылардың ұйымдастыру шешімдерін жасап және қабылдауға қатыстырылуы;
-бағыныштыларға басшының кейбір өкілеттілігін беру;
-қатардағы жұмысшылардың ұйымдастыру шараларын жоспарлап және жүзеге асыруға қатысуы;
-мәселені шешу жолдарының түрлерін өз бетімен жасап ұсыну құқы бар кіші топтарды құру.
Сырттай қарағанда бұл теория жағымды болғанымен оны кез келген басшы кез келген жағдайда қолдана бермейді.
Бұл тұжырымдаманы жақтаушылардың пікіріне қарағанда, оны жүзеге асырудың белгілі бір жағдайы бар. Ол жағдай мынадай үш факторды ескеруді талап етеді:
-басшының сипаттамасы;
-бағыныштылардың сипаттамасы;
-топ алдында тұрған мақсаттың сипаттамасы.
Басқаруға қатысу теориясын іке асыратын басшыда мынадай сапалар болуы қажет:
-өзіне сенімділік;
-жоғары білім деңгейі;
-бағыныштылардың ұсыныстарын бағалау қабілеті;
-қызметкерлердің креативтік дамуына бағытталу.
Басқаруға қатысу бағыныштылар типтерінің ерекшелігіне қарай белгілі бір топтар үшін тиімді болады. Бұл стиль мынадай адамдарға тән:
-білім, білік, дағды деңгейі жоғары;
-тәуелсіздікті анық қажетсінетіндер;
-жеке басының өсуіне, шығармашылыққа құлшынысы күшті;
-стратегиялық мақсаттарға бағдарланған;
-қарым-қатынаста теңдікке тырысатын.
Сонымен қатар басқаруға қатысу белгілі бір басқару міндеттерінің типіне сәйкес келеді. Бұған барынша сәйкес келетін міндеттер:
-мүмкін болатын шешімнің көптігі;
-теориялық талдауды және жоғары кәсіби деңгейді талап ететуі;
-орташа күштің арқасында орындалатын жұмыстар.
Осы талаптардың барлығы басқаруға қатысу теориясының тек белгілі бір жағдайда және шектеулі көлемде ғана мүмкін болатынын көрсетеді.
7. Басқару тиімділігінің мүмкін болатын моделі. Бұл теория төмендегідей алғышарттардан туындайды:
1.Басқару стилі ұжымды басқарушы қызметінің тиімділігіне сәйкес болғанда;
2.Басқару стилі мен тиімділігі оның мүмкін болуына жағдай жасайтын бірнеше көрсеткіштермен (ұжым және оның мүшелерінің ерекшеліктерімен, шешілетін міндеттің арнайылығымен) байланысты.
Әлеуметтік және басқару психологиясы саласының белгілі маманы Ф.Филлердің Басқару тиімділігінің мүмкін болатын моделінің мәні мынадай:
1. Басқарудың тиімділігі стилі мен типіне қарамастан басшының жағдайды бақылау дәрежесінен көрінеді.
2. Кез келген жағдай үш өлшемнің жиынтығы болуы мүмкін. Олар:
-басшының бағыныштылармен қатынасының жағымдылық дәрежесі;
-топтағы басшы билігінің (әсерінің) ауқымдылығы (бағыныштылардың іс-әрекетін және ынталандырудың әр түрін пайдалануды бақылау мүмкіндігі).
-топтық міндеттің құрылымы (қойылған мақсаттың нақтылығы, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін көре білу және т.б.).
3. Осы өлшемдердің тұтас сандық бағасы басшының жағдайды бақылау дәрежесі туралы айтуға негіз болады. Басқару стилдері мен мүмкін болатын моделдің ара қатынасы қандай Көптеген эксперименттік зерттеулер авторитарлы-ықпалды тип басшылары бақылау деңгейі төмен және жоғары болуын қажет ететін жағдайларда жоғары тиімділікке қол жеткізетінін, ал демократ-басшы орташа бақылауды қажет ететін жағдайларда қол жеткізетінін көрсетеді.
Деңгейі жоғары болса да жағдайға қарай бақылау тиімділіктің көрсеткіші бола алмайды. Басқару жағдайға байланысты бақылау деңгейі төмен немесе жоғары болса да тиімді болуы мүмкін. Жағдайға байланысты бақылау жоғары болса да басқару тиімсіз болуы мүмкін. Жағдайға байланысты бақылау дәрежесі тиімді басқарудың өлшемі бола алмайды. Бұл зерттеушілерді басқарудың тиімділігінің критериі психология саласында деп оны мынадай формуламен көрсетеді.
Тиімді басқару = тиімді басшы.
8. Ситуациялық-/жағдайлық/ көшбасшылық теориясы. Бұл теория Америка психологтарының тиімді басқару дегеніміз не? деген сұраққа көп жылғы бақылауының нәтижесінде туған. Олар менеджерлердің жұмыстарының тиімді және тиімсіз орындауларын күнделікті жазып, талдаған. Мәліметтерді талдау қорытындысы тек көшбасшылық басқару сапасы бар басшылардың тиімді екенін көрсеткен. Міндеттің ерекшеліктеріне, басқару стиліне және басқа да жағдайларға қарамастан көшбасшы ғана тиімді басқарушы бола алатынын көрсеткен. Теория авторлары көшбасшылық нәтижеге жету үшін бар ресурстарды (оның ішінде адам ресурстары да) пайдалану қабілеті деген анықтама берген. Сөйтіп, көшбасшылық психологиялық талдаудың пәніне айналды. Бірақ П.Херси және К.Бландэдтің ситуациялық көшбасшылық теориясы классикалық теорияға жатады және басқару әрекетіне тікелей қатысты.
П.Херси және К.Бландэд көшбасшылық туралы:
1. Көшбасшылық басшы мен ұжымның әрекеттесу тәсілі. Бірақ тұлға мен топтың әрекеттесу тәсілдері көп. Бірақ, олардың кез келгені көшбасшы бола алмайды. Басқару стилі топтың даму деңгейіне сәйкес келетін басшы ғана көшбасшы болады.
2.Топтың дамуының төрт деңгейі болады. Әр топ оны іскер басқарған жағдайда жоғары жетістіктерге жетуі мүмкін.
А деңгейі – топ жұмыс істегісі келмейді және қабілетсіз.
Б деңгейі – топ қабылдағыш (жартылай қалайды, бірақ жұмыс істей алмайды.
В деңгейі – топ қалайды және жартылай жұмыс істеуге қабілетті.
Г деңгейі – топ толық қалайды және жұмыс істеуге қабілетті.
3.Топтың әрбір даму деңгейіне (кемелдену) басқару стилдері сәйкес келеді. Бұл сәйкес басқару стилі тек басқару үшін ғана тиімді емес, сонымен қатар топтың одан ары қарай жоғары деңгейге көтерілуіне алғышарт жасайды.
Басқарудың негізгі төрт стилі бар:
А тобы үшін «нұсқау беру».
Б тобы үшін «бөлу»немесе «жария ету».
В тобы үшін «басқаруға қатысу».
Г тобы үшін «өкілеттігін беру» деп талдау жасайды.
Нұсқау беру стилінде басшы өзіне бағынышты адамдарға мұқият нұсқау береді және міндеттің орындалуын бақылайды. Нәтижесінде өз талабына сәйкес келмейтін жұмыстарды және оған жауап беретін адамдарды анықтап, қанағаттанбайтынын көрсетеді. Көшбасшы қателіктерді атап көрсетіп, олардың мәнін нақты түсіндіреді және жұмысты жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Жария ету стилінде көшбасшы бір жағынан бастамашыл, үнемі жаңалықтарды ұсынады, нұсқау беруде, көрсетуде және қадағалауда белсенділік танытады. Ал екінші жағынан, жұмысшыларды белгілі және анықталған жұмыс үлгісі бойынша іс-әрекетке жұмылдырады. Мұндай көшбасшы бағыныштыларымен бірге жасалған жұмыстың үлгіге сәйкестігін талдап, қызметкерлерінің алынған нәтижеге мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Басқаруға қатысу. Көшбасшы топтағы моральдық жағдайға баса назар аударып, жеке ат салысу сезімдерін мадақтайды.Тікелей нұсқау беру және бақылауды шектеп, бағыныштылардың мәселені өздігінен шешуге қатысуын үйретіп, оларға барынша жауапкершілік жүктейді. Мұндай басқаруда бұйрық аз болады. Басшы бағыныштылардың жұмысына ерекше жағдайда ғана кірісіп, шешім қабылдайды. Ол жеке белсенділікті және бастамашылдықты көтермелейді.
Өкілеттікті беру. Көшбасшы жұмыстың басым бөлігін топтың жеке мүшелеріне қалдырып, өзін соңғы резерв ретінде ұстайды. Күнделікті бақылауды жұмысшылардың өздері жүргізеді. Тиімді басшы мынадай сұрақтарға жауап береді:
Топ дамудың қандай сатысында?
Қандай басқару стилін қолдану керек?
Басшы осы сұрақтарға дұрыс жауап таба алса, топпен көшбасшылық қарым-қатынасқа қол жеткізе алады. Сөйтіп, басқару іс-әрекеті және оның практикалық жақтарын зерттеу жолдары көптеп саналады. Бірақ бұлардың жеке біреуін қолданып қажет нәтижеге қол жеткізу қиын. Сондықтан басшы ғылыми ақпаратты шығармашылықпен талдап және басқару мәселелерін шешуге шығармашылықпен қарауы тиіс.
Сұрақтар:
Басқару теорияларының алғышарттары қандай?
Қандай басқару теориялары бар?
3. Психоанлиз, Үйрету,б асқару стилдері теориясы, Р.Блейк және Д.Мутонның басқару теориясы, Рационалды басқару теориясы, Басқаруға қатысу. Басқару тиімділігінің мүмкін болатын моделі. Ситуациялық-жағдайлық көшбасшылық теориясысының мәні қандай?
4.К.Бландэдтің ситуациялық көшбасшылық теориясы неліктен классикалық теорияға жатады?
5.Херси және К.Бландэдтің басшы мен ұжымның әрекеттесу тәсілі, топтың дамуы және оны басқару туралы пікірлері қандай?
Әдебиеттер
1. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.
2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. Пер. с английского М.Дело, 1992
3. Тейлор Ф.У. Менеджмент. Пер. с английского М., Контроллинг,1992.
4. Файоль А. Общее и промышленное управление.Пер. с французск М.,Контроллинг,1992.
5. Ладанов В. Практический менеджмент. Часть1-ш. М.: Ника,1992.
