- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
Басқару психологиясы психологияның түрлі зерттеу әдістеріне, оның ең негізгілері бақылау және экспериментке сүйенеді. Бақыалау әдісі мәні және мазмұнына қарай шындықты бейнелейтін күрделі, объективті процесс. Себебі бақылау ұйымның табиғи қызметі жағдайында іске асатындықтан бақылаушы өзінің бақыланушысына және ақпарат жинап оны жалпылауға өзіндік әсер етеді. Бақылау әдісінде бақылаушы адамдардың қарым-қатынасы процесіндегі дәйектер мен құбылыстарды және байқалған пікірлерді тіркеп отырады. Бақылаушының қарым-қатынастағы ролі пассивті. Бақылау әдісі түрлі жағдайларда ақпарат жинау үшін қолданылады. Мысалы жоспарланған зерттеудің бағытын алдын ала анықтауда пайдаланылады. Мұндай мақсаттағы бақылау зерттелетін құбылысты көру ауқымын кеңейтіп, мәнді жағдайды бөліп қарауға, оған қатысатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар психологиялық ақпарат алу үшін басқа зерттеу әдістерін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда бақылау жеке зерттеу әдісі ретінде де қолданылады. Тәжірибеде бақылау жүргізу процесінде қамтылатын мәнді элементтердің тізімі қалыптасқан, олар:
а) бақыланатын - ситуацияға қатысатын адамдар санын, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын, ондағы қарым-қатныастың сипатын, ситуацияға қатысатын адамдардың рөлдерін анықтау;
ә) бақыланатын ситуацияның орны және оны қоршаған заттардың іс-әрекетке әсері;
б) топтың іс-әрекетінің мақсаты - белгілі бір формальды және формалды емес мақсаттардың болуы, ситуацияға қатысушылардың мақсаттары бірдей ме, әлде қарама-қарсы ма? бақыланатын жағдай кездейсоқ па, әлде заңды ма?
в) әлеуметтік мінез-құлық: бақыланатын топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталатыны, стимулы, топтағы психологиялық жағдай, сол жағдайға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланатын топта кездесетін ауытқулар;
г) бақыланатын жағдайдың уақыты - тез немесе ұзақ өтуі, созылуы-ұзақтығы және бақыланатын ситуацияның қайталануы, оның ерекшелігі немесе әдеттегі түрі.
Бақылаушының орнына, бақылауды ұйымдастыруға және басқа да факторларға байланысты бақылаудың бірнеше түрлері болады. Олар:
1.Формальдану дәрежесіне қарай құрылымданған және құрылымданбаған бақылау.
2. Бақылаушының зерттелетін жағдайға қатысуына қарай бақылаушы кіріскен және кіріспеген бақылау.
3. Жүргізілетін орнына, ұйымдастыру жағдайына қарай далалық және зертханалық бақылау.
4. Жүргізілу жиілігіне қарай жүйелі және жүйесіз бақылау болып бөлінеді.
Әдетте басшының жүргізетін бақылауы өзі тікелей қатысатын, далалық және, құрылымсыз, жүйесіз болып келеді. Құрылымдалмаған бақылау нашар формалданған болып келеді. Оны жүргізгенде бақылаушы жоспарын мұқият құрастырмайды, тек зерттелетін жағдайды жалпы анықтайды. Егер басшы нақты зерттеу жоспарын жасап, зерттейтін жағдайының жеке бөліктерін мұқият анықтауға мүмкіндігі болса, сондай – ақ бақылаудың нәтижелерін үнемі тіркеп отырса, құрылымданған бақылауды жүргізуге мүмкіндік болады. Бақылау әдісінің мұндай типі стандарттаудың жоғары талабына сәйкес келеді, нәтижелерін тіркеуге арнайы ресми парақтар пайдаланылады. Тәжірибеде түрлі бақылаушылардың алған мәліметтері бір-біріне жақын болатыны белгілі.
Мысалы, М.К.Горшков және Ф.Э.Шереги «Әлеуметтік зерттеулерді қалай жүргізу керек?» деген еңбектерінде жиналыстар мен отырыстарда сөйлеушілерді бақылау үшін мынадй карточка-жүйені пайдалануды ұсынады.
Тегі, аты, әкесінің аты
Қызметі
1Кімнің бастамасымен сөйледі:
001-алдын ала жазылды;
002-ауызша өзі сұранды;
003-өзі жазбаша сөз сұрады;
004-президиум сөйлеуін ұсынды.
2.Сөзін бастаған уақыт: - сағ. -мин.
3.Сөйлеген сөзінің негізгі қағидасы:
Тақырыбы
Сөзінің объектісі
4. Аудиторияның сөйлеушіні көргендегі реакциясы:
005-жағымды;
006-жағымсыз;
007-реакция байқалмайды.
5. Сөйлеген сөзінің бағыты:
008-құптау,
009-бейтарап;
010 - сыни.
6.Кімнің атынан сөйледі:
011- жеке өз атынан;
012-ұжымның атынан;
013- белгісіз.
7.Сөзін аяқтаған уақыт: - сағ. -мин.
8.Сөйлеген сөзінің ұзақтығы - мин.
Бұдан ары қарай карточка өңделіп, берілген сызба бойынша барынша нақты мәлімет алынады.
Бақылаушының ұжымның жұмысына кірісуіне қарай бақылау жүргізу екі түрде жүргізіледі.
1.Бақылаушы бақыланатын процеске кіріспейтін бақылау бақыланушыға белгілі және онымен қарым-қатынаста жүргізіледі. Мұндай бақылауда жалпы бақылаушының рөлі мен мақсаты белгілі болады. Жеке жағдайда бақылаудың бұл формасы алдымен еңбек процесіндегі адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауда қолданылады. Көп жағдайда бұл мақсатпен адамдарды бақылау мүлде ерекше жағдайларда жүргізіледі. Мысалы, жеңіл машинаны жүргізуді үйретуші нұсқаушы оқушының жаттығу жұмысының ерекшелігін бақылайды. Бұл жұмыстың ерекшелігі бақыланушыға бақылаушының алдына қойған мақсаты, оның бақыланушаға қатысты әлеуметтік жағдайы белгілі болатыны. Бақылаудың бұл түрінің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Артықшылығы зерттеушінің табиғи жағдайда зерттеу жүргізуі және зерттеу нәтижелерін тіркеуде бақылаушы жасырынбайды. Зерттеуші бақыланушының көзінше өз жазбаларын жазып, бақылауды ашық жүргізеді.
Кемшілігі бақылау мақсаты анық айтылмаған жағдайда бақыланушының мінез-құлқын саналы түрде өзгертуі немесе ұялуы мүмкін.
2. Бақылаушы зерттелетін жағдайға өзі кірісіп әлеуметтік процесте бақыланушымен бірге іс-әрекет жасайды. Бақылаушының зерттелетін жағдайға кірісуі түрлі сипатта болуы мүмкін. Бір жағдайда бақыланушы бақылаушыны топтың басқа мүшелерінен бөліп қарамайды, белгісіздік сақталады. Ал екінші жағдайда бақылаушы бақыланатын топтың іс-әрекетіне қатынасады, бірақ өзінің зерттеу мақсатын жасырмайды. Бақылаудың бұл түрінің артықшылығы бақылаушының бақыланушымен таныстығы және тікелей қарым-қатынаста болуы. Бұл мол ақпарат алуға мүмкіндік тудырады.
Кемшіліктері: біріншіден нәтижелерді бірден тіркеудің қиындығы, екіншіден, бақылау жағдайының сырттай нашарлауына бақылаушының ешқандай ықпал ете алмауы.
Бақылау түрлі жағдайда жүруі мүмкін. Бақылау бақыланатын топтың жұмыс орнында табиғи жағдайда жүргізілсе, далалық деп аталады. Бақыланатын топтың өзі үйренген ортада бақылау жүргізу бақыланушылардың іс-әрекетін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Бақыланатын процесті сипаттауда ерекше мұқияттылық пен нақтылық қажет болған жағдайда тіркеуге техникалық құралдар (магнитофон, сурет, электрондық таспа құралдары, кино - бейнеқұралдары) пайдаланылады. Жаңа әдістер жасауда және эксперименттік тексеру мақсаты қойылғанда бақылаудың зертханалық түрі жүргізіледі. Мұнда арнайы құралдармен жабдықталған бөлмеде студенттермен басқару дағдысын қалыптастыру немесе шиеленістен шығу туралы сабақ өткізіледі. Іскерлік ойынға қатысушылардың әрқайсысы ретімен басқарушы немесе бағынышты адамның ролін атқарады. Жүріп жатқан жағдайды барлық қатысушылар немесе кейбіреулері бақылап, жазып отырады. Соңынан оқу үдерісі талданып, бақылаушылардың мәліметінің негізінде ұсыныстар жасалады.
Бақылау бір реттік немесе жүйелі түрде ұзақ жүргізілуі мүмкін. Жүйелі бақылау үнемі белгілі уақытта жүргізіледі. Жүйелі бақылауда құрылымдалған әдіспен бақылаудың барлық әрекетін жоғары дәлдікпен мұқият тіркеліп отырылады. Кей жағдайда жүйелі бақылауда бақылаушы алдын ала жоспарланбаған жағдайда бақылау жүргізетін кездері болады. Мұндай бақылау бір реттік сипатта болады. Басшы өз жұмысында бұл әдіске сүйенгенімен оның мынадай кемшіліктерін есінде сақтауы тиіс.
1.Бақылаушының көңіл-күйі. Көңіл-күйі жақсы болса, ол адамдардың іс-әрекетіндегі (мінезіндегі) кейбір «жағымсыз» жағдайларды байқамауы немесе байқауы мүмкін.
2. Бақыланушыға қатысты бақылаушының әлеуметтік жағдайы. Бақылаушының қызығушылығы мен құндылықтарына қарай бақыланушы мінезінің кейбір актілері тез қабылданған тәрізді болып көрінуі, яғни асыра немесе төмен бағалауы мүмкін.
3. Бақылаушының күту үрдісі. Күту үрдісі бақылаушының белгілі бір пікірін қалыптастыруға (белгілі бір болжауға сенімі) ықпал етеді. Бақыланушы өзінің іс-әрекетін (мінез-құлқын) бақылайтыны белгілі болғандықтан өзінің әлеуметтік роліне сәйкес «жасанды» мінез көрсетуі мүмкін.
4.Бақыланатын жағдайдың бірреттігі. Бір рет бақылау бақылаушының бақыланушымен әлеуметтік байланысты қалыптастыру мүмкіндігін азайтады. Бір рет бақыланған жағдайға сүйеніп қорытынды жасап, бақыланушы мінез-құлықының себептерін детерминантын анықтау мүмкін емес. Бір рет байқалған аса мәнді болып есептелмейтін мінез-құлық акті мұндайда мінез - құлықтың әдеттегі, күнделікті түрі болып есептелуі мүмкін.
5. Бақылаушының бақыланушымен алдын ала кездесуі. «Алғашқы әсер» бақылаушының одан кейінгі бақылауларында орын алады.
6.Бақылау нәтижесін жүйелеу қажеттілігі. Бұл жүйе туралы түсінік бақылау нәтижесін егжей тегжейлі беруде қателіктерге әкелуі мүмкін.
7.Келесі оқиғаны табу. Жалпы нақты жағдайға жауап сәкес болғанымен ол бақылаушының қалыптасқан пікіріне шешімді ықпал етеді.
8.Психологиялық қанығу. Көп жағдайда бақылаушы жағдайды ерекше қабылдауға тырысады. Бұл оның өзін жинақы ұстауын, ойын шоғырландыру қабілетін арттырады. Мұндай жағдайда қосалқы оқиғалар сирек еске алынады, кейде керісінше оларға шектен тыс назар аударылады.
9.Бағалаудағы қателік. Бұл бақылауда кететін қателіктің негізіне бақылаушының оқиғаны түрлі бейнеде қабылдауы жатады.
10. «Гало-әсер». Бұл бақыланушының бақылаушыға жалпы әсер етуіне негізделеді де, қабылдау және жүйелеу үстірт бақыланады. Мысалы бақылаушы бақылаушыдан бірқатар жағымды мінез-құлық актісін байқайды да, оларды мәнді деп есептейді. Тіпті бақыламай-ақ оған жағымды сапаларды таңуға даяр болады.
11.«Кешірімділік әсері». Мұнда бақылаудың жалпы нәтижелері бойынша жағымды бағалау дәстүрі басым болады. Бағалау нәтижесі бақыланушыға жағымсыздық туғызады деп есептейтін жағдайларда бұл әсер орын алады. Мұның себептері: бақылаушының өз абыройын ойлауы, бақыланушыны ұнатуы, онымен жеке таныстығы, зерттеу жұмысын үстірт жүргізуі. Шындығында бағалаудағы мұндай «кеңпейілділік» бақылаушының кешірімділігінен бұрын іске немқұрайдылығын көрсетеді.
12.Моделдеу қателігі. Бұл жағдайда жан-жақты бақылаудың орнына дедуктивті қорытынды жасалады. Мұндай қателікті көп жағдайда қисындық немесе теориялық деп атайды. Мысалы, жылыжүзді адамдарды қайырымды, қайырымдылар сенгіш деп «қисындаймыз». Шешен сөйлейтін адамдар мәдениетті, ал мәдениетті адам шешен сөйлеуі тиіс деп есептелінеді. Сол сияқты күліп тұрған адамды әзілқой, көзілдірік кигенді - интеллигент, толықтарды –қайырымды санаймыз.
13.Контрастық қателік. Бақылаушы басқа адамдарды бағалағанда көп жағдайда санасыз түрде өзінде байқалатын мінез-құлық сапаларын ескермейді немесе жоққа шығарады. Нәтижесінде өзінің мінез-құлықына қарама-қарсы белгілерді сызып тастайды.
Осылардың барлығы бақылау әдісінің басты кемшілігі пассивтік екенін көрсетеді. Кейде объекттің өзін көрсетуін ұзақ күтуге тура келеді. Сондай – ақ бұл сәтті байқамай қалу, оның өтіп кетуі немесе күткен жағдайға дұрыс түсінік берілмеуі мүмкін. Басшы өз жұмысында мұндай қателіктерді жіберіп алмауы үшін эксперимент әдісі қолданылады. Эксперимент жүргізу арқылы басқа жолмен мүлде алу мүмкін болмайтын ерекше ақпараттарды жинауға болады. Мысалы, өндірістің өнімділігін арттыру мақсатында бірқатар моральдық және материалдық ынталандыруды пайдалануды шештіңіз. Бірақ бұл қалаған нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік бере ме, жағымсыз салдары болмай ма, бұрыннан қолданылып келген адал еңбекті бағалаудың әсерін төмендетпей ме? деген күдікпен қатар басқа да көптеген мәселелер түсініксіз болады. Міне, осындай мәселелеріді шешуде эксперименттік зерттеу әдістері қолданылады. Экспериментті жүргізудің басты мақсаты - нәтижесі тікелей практикаға шығатын, түрлі басқару шешімдерінде пайдаланылатын болжамды сынау болып табылады. Экспериментті басында барынша біртекті жағдайда аздаған зерттелінушілер тобымен жүргізу ұсынылады. Экспериментті жүргізудің басты қисыны таңдап алынған эксперименттік топты ерекше экспериментальдық жағдайда ұстағанда зерттеуші үшін нақтылаушы болып табылатын қажетті сипаттамалардың бағытын, көлемін және тұрақтылығын бақылап отыру керек. Сонда ғана зерттеушінің сценариі бойынша оның элементтері бір-бірімен байланыса бастайды. Эксперименттің нәтижелілігі қажетті жағдайды жасаумен байланысты. Бұл алдымен үш сәтке байланысты. Біріншіден, нақтылаушы ретінде зерттелетін мәселенің ең мәнділері алынады. Екіншіден, нақтылаушы сипаттама эксперименттік топта зерттеушінің өзі қосып, өзгертіп отыратын сапалармен байланысты. Мұндай сипаттама (мәселен марапаттаудың жаңа түрін енгізу) факторлық деп аталады. Экспериментте есепке алынбайтын (мәселен, жұмыстың ауысымы, жыл мезгілдері) өлшемдерді нейтраль-бейтарап деп атайды. Бейтарап сипаттамалар эксперименттің барысында сыртқы әсерсіз өздері өзгеруі (мұндай жағдайда «өзгермелі» деп аталады) немесе өзгермей қалуы мүмкін. Үшіншіден, эксперимент жағдайына жатпайтын құбылыстар болғанымен экспериментті өзгертуге ықпал етуі мүмкін құбылыстар экспериментке әсер етпейтіндей болуы тиіс. Эксперименттік зерттеулердің тиімділігі мынадай талаптардың іске асуымен байланысты:
1.Экспериментатор белгілеген эксперменттік жағдайдың жүйесі шындыққа сәйкес келуі тиіс. «Экспериментальдық жүйенің» құрылымы мен жағдайы белгіленген «табиғи жүйенің» құрылымы мен жағдайына сәйкес келуі қажет. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері барынша табиғи процеске көшірілуі тиіс.
2. Эксперименталдық жүйеде басқаруға жақсы жағдай жасалуы тиіс.Экспериментте басты әсер ететін себеп нақты көрсетіліп, басқа жағдайлардан бөлек назарда болуы. Эксперименттік ситуация жағдайы белгілі дәрежеде бақыланатындай стандартталған және тұрақты болуы қажет. Эксперименттің орындалуы және зерттеудің нақтылығы осы жағдайлардың басқарылу (бақылану) дәрежесіне байланысты.
3.Эксперименке араласу нәтижесі де бақыланатын болуы қажет. Эксперименттік фактор әсерімен (белгілердің өзгеруі) мүмкіндігінше кейбір өзгерістерді тіркей білу керек. Өлшеу құралдары тіпті байқалмайтын белгілер мен өзгерістерді көрсететіндей етіп құрастырылуы тиіс. Эксперименттер экспериментальдық жағдайдың сипатына, болжауды дәлелдеудің қисындық құрылымына байланысты ажыратылады.
Экспериментальдық жағдайдың сипатына қарай эксперимент - табиғи және зертханалық деп бөлінеді. Табиғи экспериментте объект (топ) өзінің табиғи өмір сүру ортасында (жұмыс уақыты, сабақ) болады. Топ эксперименке қатнасатыны туралы хабардар болуы немесе болмауы да мүмкін. Ал хабардар болу эксперименттің жүруіне әсер етуіне қарай нақты жағдайға сәйкес шешіледі. Мысалы археологиялық зерттеулер жүргізілетін топты қажет құралдармен әр жұма сайын қамтамасыз ететін адамдар олармен қарым-қатынасында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы өз пікірлерін айтып, топтың көңіл-күйіне әсер етіп, топта стрестік реакция тудырған. Бұл жағдайда тәуелсіз ауытқулардың әсерінен жасанды тұйық орта қалыптаспаған. Зертханалық экспериментте эксперименттік топ мүшелері де, эксперименттік жағдай да жасанды болатындықтан топ мүшелері эксперимент туралы хабардар болады.
Зертханалық эксперименттер жеке тәжірибе немесе кішірек тәжірибелер түрінде жабық кеңістікте жүргізіледі. Классикалық мысалы: шешім қабылдаумен байланысты эксперимент, қоғамдық басшылық пен бағыныштылық мәселелерін зерттеу эксперименттері, тұлғаға қоғамдық ықпал ету туралы эксперименттер. Мысалы Я.Олтмент пен Д.Тейлордың әлеуметтік кірісу феноменін зерттеуге бағытталған экспериментінде екі апта бойы бір-бірімен мінез құлқы сәйкес келетін (басымдыққа қажеттіліктерінде бірін-бірі толықтырып отырған) және мінез құлқы сәйкес келмейтін (екеуі де басымдыққа тырысқан) екі жұп жеке жерде оқшау өмір сүрген. Бір-бірімен сәйкес келмейтін жұп мүшелері алғашында бөлмені тұтас ортақ деп қабылдағанымен, біртіндеп орындық, стөл, төсекті өздеріне иемдене бастайды. Соңына қарай тіпті бір-біріне кірмейтін болады. Ал, бір-біріне сәйкес келетін жұп кеңістікті бірден бөлуге кіріскенімен, соңынан барлық заттар мен кеңістікті бірдей пайдаланған.
Табиғи және зертханалық эксперименте ақпарат жинауда қосымша әдіс ретінде сұрақ және байқау әдістері қолданылады. Олар бойынша алынған нәтижелерге сүйеніп, зерттеуші эксперименттің жүру процесіне араласу не араласпау туралы мәселелерді шешіп отырады.
Болжаудың қисындық дәлелдеу құрылымында сызықтық және параллель эксперимент қолданылады. Сызықтық экспериментте бір топ әрі нақтылаушы (алғашқы жағдайы) әрі эксперименттік (бір немесе бірнеше сипаты өзгергеннен кейін) болып есептелініп, сол топтағы жағдай талданады. Эксперимент басталғанға дейін алдын ала объектінің нақтылаушы, факторлық және бейтарап сипаттары тіркеліп, одан кейін топтың факторлық (жұмыс істеу жағдайын өзгерту) сипаттамасы өзгертіледі. Алдын ала белгіленген уақыт өткеннен кейін объектінің жағдайы нақтылаушы мәліметтер алу үшін қайта өлшенеді.
Параллель экспериментке бірден екі топ: нақтылаушы және эксперименттік топтар қатысады. Екі топтың құрамы барлық нақтылаушы, және бейтарап, яғни эксперименттің жүруіне (ең алдымен әлеуметтік-демографиялық белгілері) бірдей әсер етуі тиіс.Нақтылаушы эксперименттің сипаттамалары тұтас экспериментті жүргізу уақатында өзгермеуі қажет, ал эксперименттіктің сипаттамалары өзгереді. Эксперимент аяқталғаннан кейін екі топтың нақтылаушы сипттамалары салыстырылып пайда болған өзгерістердің көлемі мен себептері туралы қорытынды жасалады. Экспериментті дайындап жүргізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1).эксперименттің мақсатын анықтау;
2).эксперимент ретінде пайдаланылатын объектіні, нақтылаушы және эксперименттік топты таңдау;
3).эксперименттің пәнін анықтау;
4). нақтылаушы, факторлық және нейтраль сипаттарын таңдап алу;
5).эксперименттің жағдайын анықтау және эксперименттік жағдай тудыру;
6).болжамды құрастыру және міндеттерді анықтау;
7)индикаторларды және эксперименттің жүруін бақылау әдісін анықтау;
8). нәтижелерді тіркеу әдісін анықтау;
9). эксперименттің тиімділігін тексеру. Басқару жұмысында ғылыми болжамды тексеруде экспериментті қолдану басшылықтың дәрежесін көтерумен қатар басшының басқарушылық мүмкіндігін арттырады.
Кіші топтардағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде кеңінен қолданылатын әдіс социометрия. «Социометрия»термині латын тілінде socius-жолдас, қатысушы деген түсінікті білдірсе, metrum -өлшеу. XIX ғасырда алғаш рет бір топтың екінші топқа әсерін зерттеуде социометрия әдісін Джекобр Морено пайдаланған. Социометрия әдісін қолдану топтағы еңбек өнімділігін арттырумен қатар шиеленістерді жеңілдетіп, топтық шешімдерді анықтап және қабылдауға әсер етеді. Методология нақты болып, социометрия әдісінің нәтижелері сауатты қолданылса топтың қызметі мен дамуы туралы мәнді теориялық қорытынды жасауға мүмкіндік болады. Ол ұжымды жасақтап, қызметінің тиімділгін арттыруда мәнді жетістіктерге қол жеткізеді. Тұлғаның топтағы жағдайын сипаттайтын негізгі социометриялық түсініктер: «дәреже», «әлеуметтік роль». Индивидтің топтың өміріндегі, топтық процестердің дамуындағы орны -дәреже болып табылады. Дәреже топ мүшесінің топтағы қызметімен, оның міндеттерімен анықталады.Ол индивидтің объективті ерекшеліктерімен қатар оның қызметін қоршаған адамдардың қабылдауынан байқалады. Индивидтің әлеуметтік ролі топтың оған жүктеген қызметінің жиынтығымен өлшенеді. Әлеуметтік ролдер қатаң болмайды. Ол орындаушының жеке тұлғасы мен жағдайы әсер ететін көп қырлы және динамикалық құбылыс. Социометрияның көмегімен өзара қарым-қатынас процесінде қолданылатын шаралардың санын анықтауға болады. Социометрия адамдар арасындағы өздері сезінбейтін, кейде өзінде бар жоғын байқамайтын симпатия және антипатияныны анықтауда пайдаланылады. Социометрияның ең басты жағымды жағы оны жүргізудің жылдамдығы және нәтижесінің математикалық өңделіп, графикалық түрде берілуі. Социометрия әдісінің негізі адамдардың қарым-қатынасының кез келген саласында қолдануға болатын «Кіммен бірге болуды қалайсыз?..» кіммен бірге жұмыс істегіңіз келеді, демалғыңыз келеді т.б. сұрақтан тұрады. Негізінен социометрия әдісінде еңбек ету және демалыс саласына қарай таңдаудың екі бағыты қолданылады. Сонымен қатар бұл әдісте адамның екінші адамды қаншалықты деңгейде қалайтынын (өте қалау, қалау, бәрі бір, қаламау, барынша қаламау) және таңдалатын адамдардың санын шектеуге болады.Таңдауды матрицаға енгізгенде социометриялық «жұлдыздар» (көпшілігі таңдаған адамдар) мен «қаламайтын» (көпшілігі қаламайтын) адамдарға симпатия мен антипатияның бір-бірімен күрделі байланысын және аралық бөліктерінің осы полюстермен барлық иерархиясын көруге болады. Топ мүшелерінің қабылданып, қабылданбауының біржақтылығы, сондай – ақ социометрияның анонимділігі бұл әдістің қауіптілігін көрсетеді. Егер сұрақтар парағы немесе, социоматрица респонденттердің қолына түскен жағдайда топ ішінде шиеленіс тууы мүмкін.
Сұрақ жүргізуде көп жағдайда дихотомиалық критерий қолданылады. Ол кіші топтағы қарым-қатынасты нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, жұмысты кіммен бірге атқарғысы келетінін анықтау туралы сұрағанда кіммен атқарғысы келмейтіні туралы да сұралады. Кей жағдайда респондент тек өзі қалайтын адамдардың атын атаумен қатар өзі үшін мәнді болып есептелінбейтіндерді ретпен көрсетеді. Мұндай жағдайда сұрақ бірінші, екінші және үшінші кезекте кімдерді өзіне жақын санайтыны туралы қойылады. Социометриялық сауал жүргізуде әрбір қатысушыға социометриялық сауалнама және топ мүшелерінің тізімі беріледі. Зерттеу жұмысын жүргізу қолайлы болуы үшін топ мүшелерінің аты жөні шифрланады. Социометриялық карточка саулдың мақсатын, мәнін және оны қалай толтыруды түсіндіруден және сауалнамаға қатысуды сұраудан басталады. Одан ары қарай карточканы қалай толтыру керектігі, шектеу туралы ақпарат беріледі. Социометриялық зерттеуді анонимді жүргізу мүмкін болмайтындықтан сұралатындарды алдын ала ескертіп, оның жауабының құпия сақталатынын ескерту қажет. Социометриялық зерттеу сұрақтарын талдау формальды және формальды емес критерилер арқылы жүргізіледі. Топтың әрбір мүшесінің сұрақтарға жауаптары белгіленетін социоматрицаға (1-сызба) жазылады.
1-сызба
Топтың әрбір мүшесінің сұрақтарға жауаптары белгіленетін социоматрица
|
Таңдайтындар |
Кімді таңдайды |
Таңдау саны |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
+ |
- |
Барлығы |
||
1 |
Айман |
- |
- |
+ |
+ |
- |
2 |
3 |
5 |
2 |
Сұлтан |
+ |
- |
+ |
- |
+ |
3 |
2 |
5 |
3 |
Еркін |
0 |
- |
0 |
+ |
0 |
1 |
1 |
2 |
4 |
Шолпан |
+ |
+ |
- |
+ |
+ |
4 |
1 |
5 |
5 |
Бота |
0 |
+ |
0 |
- |
0 |
1 |
1 |
2 |
|
Барлығы |
+2 |
+2 |
+2 |
+3 |
+2 |
11 |
|
|
|
|
-1 |
-3 |
-0 |
-2 |
-1 |
|
8 |
19 |
Сөйтіп, социометрияның көмегімен топ мүшелерінің қарым-қатынасын анықтаумен қатар, жалпы топқа қатысты кейбір ерекшеліктерді анықтауға болады.
Басқару іс-әрекетінде сирек болса да басқа да психологиялық зерттеулер қолданылады. Олар-әңгімелесу, тест, іс-әрекет нәтижелерін талдау, сауалнама. Қосымша әдістердің ішінде түрлі мәдениеттер жағдайындағы басшылар іс-әрекетін салыстырмалы талдауда кроссмәдениет әдісінің мәні ерекше. Қалыптасқан мемлекеттік дәстүрлер, ұлттық мәдениет басшының іс-әрекетіне, ойлауына ықпал етеді. Шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізген кезде басшы өзінің алдында тек мекеме басшысы ғана емес, белгілі бір мәдениеттің өкілі отырғанын есінен шығармауы қажет. Бұл әдістердің көмегімен мүмкіндігінше нақты мәліметтер алуға болады. Сол арқылы ұжымды басқаруда барынша тиімді және ізгі жолдарды пайдалануға қажет толық және нақты ұсыныстар жасалады.
Сұрақтар:
1. Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістерін атаңыз?
2. Бақылау жүргізу процесінде қамтылатын мәнді элементтерге нелер жатады?
3. Басқару психологиясында бақылау әдісінің орны қандай, оның түрлері мен кемшіліктерін сипаттаңыз.
4.Басқару іс-әрекетіндегі эксперимент әдісін қолдану, түрлері, оның сипаттамасы.
5. Экспериментті дайындап жүргізу қандай тәртіппен жүзеге асырылады?
6. Эксперименттік зерттеулердің тиімділігі қандай талаптардың іске асуымен байланысты ?
7.Факторлық талдау деген не?
8. Социометрия әдісін алғаш пайдалаған кім, ол әдістің сипаттамасы.
9. Басқару іс-әрекетінде қолданылатын қосымша әдістерді талдаңыз, соның ішінде кроссмәдениет әдісінің мәнін қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1.Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.
2.Розанова В.А.Психология управления
3.Науменко Е.А. Психологические основы управления. Учебное пособие. Тюмень: Вектор Букъ, 2000.
4.Майерс Д. Социальная психология. СПб.:Питер, 1998.
5.Чередниченко И.П.,Тельных Н.М.Психология управления /серия «Учебники для высшей школы».-Ростов-на Дону: Феникс,2004.
6. Ахтаева Н.С.Басқару психологиясы.Алматы: Бастау, 2009.
7. Горшков М.К., Шереги Ф.Э. «Әлеуметтік зерттеуледі қалай жүргізу керек» М., 1990.
