- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
Әр адам өзінің өмір сүру барысында белгілі бір өмір сүру стратегиясын іске асырады. Өмірлік стратегия - адамның бағдары мен басымдылықтары арқылы мінезінде іске асырылатын идеал түзіліс. Өмірлік стратегиялар тұлға бағдарының ерекше сатысына жатады. Өмірлік стратегияларды Т.Е.Резник және Ю.М. Резник белсенділіктің сипатына қарай қарастырады.
Тұлғаның сапаларының жиынтығы еңбек әрекетінде анық байқалады. Тұлға типологиясы баршылық. Соның ішінде кез келген кәсіптік іс-әрекетте байқалатын санасыз жалпы типтерін қарастырамыз. Бұл зерттеудің авторы Э.Шпрангер кез келген тұлғада осы алты типтің біреуі басым болады деп есептейді.
1.Теориялық адам, таза түрінде тек бірақ құштарлығы болады. Ол: мәселеге, теорияны түсіндіруге, байланысты құруға құштарлық. Оның қиналысы - ойы шынайы өмірден алшақтығы. Ол үшін ең маңыздысы қалай болған күнде де таным әдістерінің тазалығы-шындық.
2. Экономикалық адамның басты талабы - пайдалылық. Ол үшін барлығы да өмірді қолдау құралы, өз өмірін жақсарту, өмір сүру үшін күрес. Экономикалық адам барынша көп пайда табу үшін материалды, күшті, уақытты үнемдейді, өмірінің мәні іс-әрекетте емес, оның тиімді әсерінде.
3. Эстетикалық адам.Бұл адамдардың дүниетанымы алдын ала көре білу немесе сұңғыла, интуициясымен ерекшеленеді. Эстетикалық адам теориялық адам сияқты өмірдің экономикалық жағдайларымен бетпе-бет келгенде дәрменсіз.
4. Әлеуметтік адам. Бұл титің басты ерекшелігі оның басқа адамға бағытталуы және басқа адамды өзіндей көруі. Әлеуметтік бағыттың ең жоғары көрінісі- махаббат. Ол тұтас өмірдегі негізгі сезім болуы мүмкін.
5. Саяси адам. Бұл адамдардың басты құндылығы билік болып табылдады. Э.Шпрангер тіпті тура мағанасында олар араласатын жұмыстар саяси болмасада саяси адам деп атаған. Белсенді және пассивті саяси адамдар болады. Олардың кейбіреулері жоғары әлеуметтік дәрежеге тырысады, тек соған қолы жеткенде ғана даңқтың буымен өзін көсем ретінде, өз орнымдамын деп есептейді. Енді біреулері керісінше басшылықсыз өмірде өз орнын бағдарлай алмайды. Олар өз талғамында, іс-әрекетінде, пікірінде, дүниетанымында дәрменсіз. Физикалық және рухани саяси болмыспен қатар дәстүрге бағдарланған адамдар да саяси болады.
6. Діншіл адам Бұл адамның рухани құрылымы үнемі және тұтас жоғары құндылықтарға қол жеткізуге бағытталады. C.М.Смыгин өз қызметкерлерімен бірге мұндай адамдардың орындаушылық іс-әрекеттерін жеті психологиялық ерекшеліктерімен (өлшеммен) сипаттайды:
1)мақсаттылық - мақсатсыздық; 2) мотивтелген-қызықпайтын; 3) өзбеттілік-тәуелділік; 4) ұйымдасқандық-берекесіздік; 5) жауапкершілікті-жауапкершіліксіз. 6) құзырлылықты - құзырлылықсыз; 7) шығармашыл-күнделікті тұрмысқа бағыттылық. Осы шкалалар бойынша орындаушылардың психологиялық бағытын жасап, сапалық талдау арқылы барынша ортақ үлгілерін-типтерін анықтауға болады. Оладың негізгілері:
1) ізденгіш, құзырлы, өз бетімен орындайтын шығармашылық тип; 2) ұйымдасқан, қызығушылығы басым, мақсатты-жоғары талапты тип; 3) регламенттелген (басым бөлігі); 4) енжарлық; 5) басшының нұсқауын «түрлендіруші»; 6) нашар мотивтелген; 7) орындаудан бас тартатын тип; 8) басқаруға қиын орындаушылар.
Басшы қарым-қатынастағы өз әріптесінің типологиялық ролін анықтау арқылы дұрыс әрекет жасай алады. Психологтар ұйым қызметкерлерінің төмендегідей рөлін атап көрсетеді:
Майысқақ. Мұндай адамдарды қандай да бір шешім қабылдау үшін алдын ала дайындау керек. Алғаш кездескенде олардан «бар»»немесе «жоқ» деген нақты ұсынысты күту мүмкін емес. Мұндай адамдармен арасына уақыт салып бірнеше рет кездесу керек.
Бәрін бірден шешуді ұнататындар майысқақтарға қарама-қарсы тип. Бұл категория адамдарына тән ерекшелік кезесудің соңында міндетті түрде шешім қабылдауы тиіс.
Барлаушы. Әріптесіне қамқорсып, көңіл аударып түрлі мәліметтерді суыртпақтап тартып алады, өзі ештеме айтпайды. Егер айта қалса, онысы көбіне қате немесе іске қатыссыз болады.
Тәлімгер. Кейде өзіне залалды болса да жақындарына, таныстарына шынайы қамқорлық жасайды.Тәлімгер ақыл айтуға, басымдық көрсетуге икем.
Мақтаншақ. Әріптестері мен басшыларға өзінің жеке басындағы және қызметіндегі жеңістері мен жетістіктерін айтуды ұнатады. Оны тыңдап, мақтап ары қарай жұмысты жалғастыру керек.
Әңгімешіл. Өзінің басынан өткеннің бәрін ұсақ түйегіне дейін әріптестеріне айтуды ұнатады. Оған қолдау, түсіністік танытып, өз ісіне берілгендігін мақтау керек. Әңгімешіл хабар таратып, өсек айтады. Оған жасырын сырды айтуға болмайды.
Үйде өскен психолог. Бұл үнемі басқа адамдардың айтқанын талдайды. Мұндай адамдар басқалардың қолдау көрсеткенін қалайды. Олар «сіз не деген сезімтал, сұңғыласыз», «затты қалай нәзік сезінесіз, сізден нағыз психолог шығады» деген сияқты мақтауларды ұнатады.
Жолы болғыштар. Басқа қатынасушыларға қарағанда бір нәрсеге қолы жеткен, ешкімнен сұрамай ақ ел тыңдаса да, тыңдамаса да өз жетістігін айта береді. Өзінің қолы жеткен жетістігі туралы айтатын адамдар өз өмір жолын басқаға үлгі тұтып, үйреткісі келеді. Сондықтан оны ақырын тыңдап, пайдалысын алу керек.
Жылауықтар. Жұмысы қалай жүріп жатса да үнемі өзінің және басқалардың жағымсыз жағдайларымен өмір сүреді. Егер, мұндай адаммен қарым-қатынаста әріптесі ширақ және өмірге риза болып көрінсе, ол қызғаныштан ызаланады. Басқа адамның өзінен артық болғанын қаламайды.
Сексуалдық сұғанақтар. Сырт көзге сексуалдық жағымды объект болуға тырысатындықтан, олармен қарым-қатынаста абай болу керек. Себебі олар кез келген іс-әрекеттен сексуалдық сұғанақтықты іздеп, адамды кіналауға даяр болады.
Біреудің қолымен от көсеуші-Манипулятор. Өзінің еркін басқаға таңуға даяр, кез келген сөзді, кез келген жағдайды өз пайдасына бұрады. Қандай болса да жағдайды білуге тырысады. Олармен қарым-қатынаста байсалды, орнықты болу крек. Негізгі мақсаты адамға қалай болғанда да «міндетті әсер ету». Өзі басшы бола отырып, одан да жоғарыдан басқаруды көксейді.
Тұлғаның ролі мен типологиясы негізінен адамның өзін қандай деңгейде көргісі келетініне, нені бағалайтынына, келешекте немен айналысқысы келетініне байланысты. Бір сөзбен айтқанда, әр адам өз өмірінде белгілі бір өмірлік стратегияны іске асырады.
Өмірлік стратегия дегеніміз адамның мінез-құлқы арқылы іске асырылатын оның бағдары және құндылықтары, тамаша білімі. Өмірлік стратегия тұға бағдарының ерекше түріне жатады. Ол белсенділіктің сипатына қарай анықталады. Т.Е.Резник, Ю.М.Резник өмірлік стратегиянының негізгі үш типін бөліп көрсетеді. Олар: өмірлік игілік стратегиясы, өмірлік жетістік стратегиясы, өмірде өзін іске асыру.
Өмірлік игілік стратегиясын іске асырушы басшы өз міндетін белгілі бір шекте ғана орындайды, жауапкершіліктен қашады. Нұсқаулықтар мен жоғары басшылардың нұсқауларына сүйеніп алдын ала қорғанады, бағыныштылармен шиеленіске бармауға, еңбек ұжымының мәселелерне терең кіріспей, жағымсыз үрдістерді байқамауды қалайды. Әдетте мұндай адам өзін психологиялық жағынан қорғап, манипуляцияға тез беріледі.
Бұл стратегияны іске асырушы бағыныштылар нағыз орындаушының үлгісі болып табылады. Олар әлсіз мотивтелген және мотив оның тұлғалық құрылымында болмағандықтан міндетін орындау кезінде үнемі қадағалап, жұмысқа қосымша пайдалану сферасына қатысы бар стимулдармен қолдап отыру керек.
Өмірлік жетістік стратегиясын іске асырушы басшы үлгеруге тырысатындықтан көбіне ойластырылмаған әрекеттің нәтижесінде түрлі жағысыз жағдайларға әкелетін тәуекел шешім қабылдайды. Олар қызба, не болса да мәселені шешуге бағытталған, өктемдігі басым келеді. Олар ұйымда немесе жобада «өмір сүреді», елді қинамайтын шешімдер ұсынады және жауапкершілікті өзіне алады.
Өмірлік жетістік стратегиясын іске асырушы бағыныштылар қызметтестерін шынтағымен сыратын, өзінің қабілетін көрсетуге тырысатын ашық немесе бұқпалаған мәнсапқорлар. Кей жағдайда мұндай бағыныштылардан өз басшысынан асатын көшбасшылар шығады.
Өмірде өзін іске асырушы басшы кәсіби дайндығымен қоса, тамаша тұлғалық сапаларымен топты өзіне ерте алатын харизматикалық тұлға. Мұндай адам мәселенің келешегін болжайды, стратегиялық шешімдер қабылдап, кей жағдайда ғана өз жұмысының жемісін біреу пайдаланады деп сескенеді.
Бұл стратегияны іске асырушы бағыныштылар-идеал қызметкерлер. Себебі олар өз жұмысын сүйеді, жұмысының мәселелерін байқай алады. Бұл тек қана еңбек сол адамның өмірдің мәні туралы түсінігіне сәйкес келген жағдайда болады. Егер, кері болса, ондай бағынышты өмірдің басқа сферасынан тыныстайтын орын іздейді.
Жүйе ретінде психиканың белгілі бір ұйымдастырылу ерекшелігі болады. Онда психикалық процесті, психикалык жағдай, кейіпті, психикалық қасиетті, психикалық жасалымды ажыратады. Ғылыми психологияда барлық психикалық құбылыстардың көп жақты, көп бейнелі көріністерінің формасы төрт топқа біріктіріліп қарастырылады:
біріншіден, психикалық процесті танымдық: түйсік, қабылдау, ес, елес, ойлау, сөйлеу, қиял; эмоциональдық: сезім, еріктік;
екіншіден, психологиялык жағдай, кейіп; функциональдық: интеллектуалдық, эмоциональдық, еріктік, жалпы дайындығы; апатия, сенімсіздік;
үшіншіден, жеке тұлғаның психологиялык қасиеті: бағыттылығы, мінез-кұлқы, қабілеті, темперамент;
төртіншіден, психологиялық жасалымдар: білім, дағды, икемділік, шеберлік. Адам психикасының мазмұны психика бейнелеген ақикат, нақты шындык арқылы бейнеленеді.
Психикалық шындық, ақикат құрылымы өте күрделі. Бірақ оны шартты түрде экзопсихика, эндопсихика, интропсихика деп бөлуге болады.
Экзопсихика - бұл адам психикасының организмге қатынасты сыртқы шындықты бейнелеуі.
Эндопсихика - бұл біздің организміміздің жағдайын бейнелейтін психикалык ақиқат, шындықтың бір бөлшегі.
Интропсихика - ойды, ерік күш, жігерді, киялды, ұйқыны көрсететін психикалық шындықтың бір бөлшегі.
Психика әлем, табиғат туралы хабарды біріктіру, түсіндіру, оны өзіміздің қажеттілігімізбен қатынаста қарастыру, бейімделу процесі барысында тәртібімізді реттеу, шындыққа, ақиқат нақты жағдайға икемделу үшін қажет.
А.Я.Пономарев психиканың сыртқы ортаға катысты екі түрлі қызметін атап көрсетеді. Олар:
Шығармашылык (жаңа ақиқатты жасау); бейімделу (өмір шындығына, жағдайына бейімделу);
Шығармашылыққа қарама-қайшы ұғым адамдардың жасаған нақты мәдениетін, рухани, материалдық құндылықтарын жою;
Адаптацияға қарсы ұғым - бейімделудің әлсіздіктен туындаған (наркомания, қылмыстық тәртіп, невроз..., т.б.) жағымсыз түрі.
Іс-әрекет туралы теорияның негізін салушылардың бірі психолог А.Н.Леонтьев «Алғашқы пайда болған тұлға әлі индивидуалды тұлға емес. Адамдар әлі алғашқы қауымның кіндігін кескен жоқ. Тұлғаны анықтайтын өзінше алынған ішкі шарттар да, сыртқы шарттар да, немесе олардың біртұтастығы емес, тұлға бұл екеуін өзара байланыстыратын процесс. Тұлға өмірмен анықталады» деп жазған. Сонымен қатар А.Н.Леонтьев тұлғаның екі рет тууы туралы пікірінде: «бірінші рет – балада айқын түрде полимотивизация мен оның іс-әрекетінің өзара бағыныштылығы байқалатын кезде, ... екінші рет – оның саналық тұлғасы пайда болған кезде» деп қарастырады. Бірінші тууы үш жастағы дағдарыспен, екіші тууы-жасөспірімдік шақтағы дағдарыспен, өз әрекетін сана арқылы меңгеру пайда болатын кезбен дәл келеді.
Адамның өмірдегі рөлі және типологиясы көп жағдайда адамның өзін қалай кім ретінде көргісі келетініне, нені бағалайтынына, немен айналысқысы келетініне болашақта өзін қалай елестетіне байланысты анықталады.
Мұндай ой-пікірді Абайдың шығармаларынан да кездестіреміз. Б.Ф.Ломов адамның тәртібі мен іс-әрекетіне, өзгеге қатынасына қарай психиканың үш түрлі функциясын бөліп көрсетеді. Олар:танымдык (когаитивтік), реттеушілік (тәртібі мен қызметін, іс-әрекетін реттеу), коммуникативтік ( бір адамның екінші жанға ақпарат беруін қамтамасыз етуге, бірлескен іс-әрекетгі үйлестіруге, реттеуге, адамдар арасьнда қарым-қатынас қалыптастыруға көмектеседі). Осы функцияларды жүзеге асырған уақытта ғана бейімделуге және шығармашылықпен айналысуға болады.
Сұрақтар:
1. Ғылыми психологияда психикалық құбылыстарды неше топқа біріктіріп қарастырады?
2. Психикалық шындықтың құрылымын шартты түрде қалай бөледі, ол немен байланысты, Экзопсихика, эндопсихика, интропсихикалардың ерекшеліктерін талдаңыз.?
3.Э.Шпрангердің тұлғаның типологиясы туралы пікірі және оны жіктеуі.
4. Психологтар ұйым қызметкерлерінің қандай ролін талдайды?
5.А.Я.Пономарев психиканың сыртқы ортаға катысты қызметін қалай түсіндіреді?
6. Б.Ф.Ломов адамның тәртібі мен іс-әрекетіне, өзгеге қатынасына қарай психиканың функциясын қалай сипаттайды?
Әдебиеттер
1. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы, 2005 ж. 10 том.
2.Құнанбаев А. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1968.
3.Чередниченко И. П., Тельных Н. В. Психология управления / Серия «Учебники для высшей школы». - Ростов-на-Дону: Феникс, 2004.
4.Немов Р.С. Общая психология: Краткий курс.-СПб.:Питер, 2006.
5.Берн Э. Что такое человек /Теория личности в западноевропейской и американской психологии. Самара. 1996.
