- •Мазмұны
- •1Тарау Басқару психологиясы пәні және әдіснамасы
- •1.1. Басқару психологиясы пәні
- •1.2 Басқару психологиясының негізгі зерттеу әдістері
- •1.3 Басқару психологиясының методологиялық негіздері
- •1.4 Басқарудың психологиялық заңдары
- •1.Басқару іс-әрекетіндегі басқару психологиясының негізгі заңдарын атаңыз.
- •1.5. Басқарудың психологиялық теориялары
- •3. Басқару стилдері теориясы
- •4. Р.Блейк және д.Мутонның басқару теориясы.
- •2. Басқару психологиясының тарихы
- •2.1 Басқару психологиясы ғылымының қалыптасуы және даму тарихы
- •2.2. Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы
- •2.3 Басқару қызметінің мәдениеті
- •2.4. Басқару функциялары
- •2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары
- •2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі
- •2.6. Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы
- •3. Басқару процесінің психологиясы
- •3.1. Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері
- •3.2. Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы
- •3.3 Басқарудағы ұйымдастыру психологиясы және принциптері
- •4. Басқару субъектісінің психологиясы
- •4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі және өзін-өзі бағалау
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның типологиясы.
- •Тұлға құрылымындағы қабілеттер
- •4.4. Басқарудағы мінез және темперамент
- •4.5. Басқарудағы ерік жігер
- •5. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
- •5.2. Қабылдау
- •6. Басшылық жасау және көшбасшылық
- •6.1. Басшының тиімді басшылық жасау әдістері
- •6.2. Блейк пен Мутонның басқарушылық торы
- •5 Сурет
- •Көшбасшылық пен басшылық етудің салыстырмалы сипаттамалары
- •7. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер
- •8. Басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация
- •Басшының объективті мақсатқа мотивтеу түрлері
- •9. Басқарудағы іскерлік қарым-қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
- •2. Шилеленсті жақтардың қарым-қатынасының ашықтығы және тиімділігі
- •3. Өзара сенім мен ынтымақтастық жағдайын жасау
- •4. Шиеленістің мәнін анықтау
- •10. Жауапкершілік психологиясы
- •11. Ұйымдағы стресс
- •12. Басқару мақсаттары және олардың ерекшеліктері
- •13. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы және тактикасы
- •13.1. Басқарудағы шешім қабылдау
- •14. Басқару мақсаттарын шешу әдістері
- •15. Басқару кадрларын дайындау және бағалау
- •Ұйым жұмысының кадрлар туралы саясаттың тиімділігіне байланысы
- •Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар
- •Психологиялық практикум Басқару психологиясы туралы пікір
- •Психологиялық практикум Басшының адамдарға және міндетке бағытталуын анықтау мақсатымен ұсынылатын тест
- •Тесті орындау нәтижесін өңдеу
- •Тесті орындау нәтижесін бағалау
- •Психологиялық практикум Мақсатқа жету мотивін бағалау тесті
- •4. Психологиялық практикум
- •Шиеленіс тереңдігінің шкаласы
- •5.Психологиялық практикум Өзіңіздің шиеленісу деңгейіңізді анықтайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •6. Психологиялық практикум. Топ мүшелерінің жауапкершілігі мен жауапкершіліксіз іс-әрекеттерін бағалайтын тест
- •Нәтижені бағалау
- •7. Психологиялық практикум
- •7. Стресс жағдайына қаншалықты ұшырау мүмкіндігіңізді анықтайтын тест
- •8. Психологиялық практикум Стратегиялық бағытты анықтау
- •9. Психологиялық практикум Басшы тұлғасының психологиялық қасиетін сараптап бағалау.
- •10. Психологиялық практикум Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті
- •Жауап парағы
- •11. Психологиялық практикум Адамның қарым-қатынасын трансактылық талдау/ э.Берн бойынша /
- •12. Психологиялық практикум Өзін-өзі бағалау
- •13. Психологиялық практикум Басқару ситуациясын шешіңіздер
- •14. Психологиялық практикум Ұйымдағы мінез-құлық этикасын тестілеу
- •15. Психологиялық практикум
- •Нәтижені талдау
- •16. Психологиялық практикум Тұлғаның өзіне қатынасын зерттеу сауалнамасы
- •Кесте ішінде шкала бойынша мағынасы
- •Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Библиографиямен жұмыс істеу әдістемесі
- •2.Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
- •3.Оқылған материалды конспектілеу әдістемесі
- •4.Рефератты жазу және дайындау
- •Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •Басқару психологиясы пәнiнен реферат тақырыптары
- •Әдебиеттер
- •Назиля мұқатайқызы іргебаева басқару психологиясы
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ КІТАПХАНАСЫ
Назиля ІРГЕБАЕВА
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
АСТАНА 2010 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы
АСТАНА, 2010
УДК 159 9 (07)
ББК 88.4 я 7
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті ұсынған
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
А.Л.Нұрмағамбетов, психология ғылымдарының докторы.
А.Ә.Жайтапова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Г.М.Кәрібаева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент
І 70
Іргебаева Н.М., Басқару психологиясы: Әлеуметтік мамандықтарға арналған оқу құралы /- Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. – 234 б.
ISBN 978-601-7252-38-0
Басқару психологиясы оқу құралында адамның іс-әрекетінің ерекше саласының бірі-басқару, түрлі ұйымдардың белгілі бір мақсаттарын шешу жолдарын ұйымдастыру және ол жұмыстағы басшыға қойылатын талаптар және басшының басқару стильдерінің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Оқу құралында басқару іс-әрекетінің психологиялық мәселелері талдананып, шетелдік және отандық ғылыми тәжірибелердің негізінде басқару психологиясы бойынша теориялық материалдар және практикалық жұмыстар берілген.
Басқару үрдісіндегі басқару субъектісі және объектісінің психологиялық ерекшеліктері, мінез-құлық стратегиясы және қарым-қатынас жүйесі талданған. Оқу құралында «Басқару психологиясы» курсын жоғары оқу орындарында өтуде басқару жұмысын ұйымдастыруда кездесетін проблемалар қамтылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарға, PhD докторанттарға, оқытушыларға сондай-ақ басқару психологиясы мәселелерімен айналысатын мамандарға, ізденушілерге, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына арналған.
УДК 159 9 (07)
ББК 88.4 я 7
І 0605010200
00 (05)-09
ISBN 978-601-7252-38-0
© Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010.
© Іргебаева Н.М., 2010.
Мазмұны
Пайдаланылған негізгі ұғымдар..................................................................5-8
КІРІСПЕ............................................................................................................8-10
Бірінші тақырып. Басқару психологиясы пәні және оның әдіснамасы.10-38
Басқару психологиясы пәні.....................................................................11-13
Басқару психологиясының зерттеу әдістері..........................................13-22
Басқару психологиясының методологиялық негіздері.........................22-26
Басқару психологиясының заңдылықтары............................................26-29
Басқару теориялары.................................................................................30-38
Екінші тақырып. Басқару психологиясының тарихы..............................38-61
2.1 Басқару психологиясының қалыптасуы және дамуы...........................38-41
2.2 Қазақстандағы басқару психологиясының дамуы................................42-44
2.3 Басқару мәдениеті....................................................................................44-46
2.4 Басқару функциялары..............................................................................46-49
2.4.1 Басқарушының негізгі функциялары.................................................49-51
2.5 Басқару деңгейлерінің қызметі...............................................................51-55
2.6 Қазіргі басқарудың психологиялық құрылымы...................................55-61
Үшінші тақырып. Басқару процесінің психологиясы...….…..............62-74
3.1 Басқару іс-әрекетінің психологиялық негіздері....................................62-66
3.2 Мақсатты анықтау және жоспарлау психологиясы.............................66-69
3.3 Басқаруды ұйымдастыру психологиясы және принциптері...............69-74
Төртінші тақырып. Басқару субъектісінің психологиясы..…....………74-77
4.1.Психологиядағы тұлға түсінігі................................................................77-82
4.2. Еңбек әрекетіндегі тұлға типологиясы................................................. 77-82
4.3. Тұлға құрылымындағы қабілеттер.............................................................................................82-86
4.4. Басқарудағы мінез және темперамент.....................................................................................87-92
4.5. Басқарудағы ерік жігер............................................................................92-95
Бесінші тақырып. Басқару іс-әрекетіндегі таным процестері және зейін
5.1 Түйсік.........................................................................................................95-98
5.2 Қабылдау...................................................................................................98-102
5.3 Ес-жад.....................................................................................................102-104
5.4 Ойлау......................................................................................................104-107
5.5 Қиял........................................................................................................107-110
5.5 Зейін........................................................................................................100-112
Алтыншы тақырып. Басшылық жасау және көшбасшылық...............112-114
6.1.Басшының тиімді басшылық жасау әдістері......................................114-117
6.2.Р.Блейк және Д.Мутонның басқарушылық торы..............................117-125
Жетінші тақырып. Жоғары деңгейдегі басқарушылық қабілеттер.....126-129
Сегізінші тақырып. Басқарудағы мотивтер және мотивация.............129-138
Тоғызыншы тақырып. Басқарудағы іскерлік қарым –қатынастар және
басқару жұмысындағы шиеленістер..........................................................138-152
Он бірінші тақырып.Ұйымдағы стресс...................................................152-157
Он екінші тақырып. Басқару мақсаттары және олардың
ерекшеліктері...............................................................................................157-163
Он үшінші тақырып. Басқару мақсаттарын шешу стратегиясы
және тактикасы............................................................................................163-166
13.1 Басқаруда шешім қабылдау................................................................167-181
Он төртінші тақырып. Басқару мақсаттарын шешу әдістері...............181-184
Он бесінші тақырып. Басқару кадрларын дайындау және бағалау……………………………………………......................................185-198
Басшыларға кеңес...............................................................................................198
Басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтар.........................................................................................................199-231
Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар..................232-237
Басқару психологиясы пәнiнен студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары.......................................................................................................238
Басқару психологиясы пәні бойынша реферат тақырыптары........................238
Басқару психологиясы пәні бойынша емтихан сұрақтары......................239-241
Әдебиеттер ..................................................................................................241-244
Пайдаланылған негізгі ұғымдар
Адам ресурстарын жоспарлау – Ұйымдағы ұйымдастыру мақсаттарын іске асырудағы персоналдарға қажеттілікті анықтау процесі.
Авторлық жүйе - қызмет негiзiнде дәстүрлi емес тәсiл, идея, тұжырымдама алынған авторлық мектеп.
Актив - ұжымның, ұйымның ең озық, белсендi, iскер бөлiмi.
Анализ - затты, құбылысты, процестi ойша, немесе нақты талдау.
Апатия - психологиялық немқұрайдылық, енжар күй-жағдай.
Аргумент – байымдау, басқа бiр пiкiрдiң шындығын растау немесе дәлелдеудiң негiздемесi.
Аттестация – Стандартталған критерилердің көмегімен лауазымдық міндеттердің орындалу тиімділігі бағаланатын персоналды бағалау әдісі.
Аффект - «жан толқуы» деген латын сөзі. Адамның психологиялық күйінің сүйініш, күйініш сезімдерінің айқын көрінісі.
Әлеуметтік бейімделу - қоршаған ортаның өзгеруіне индивидтің белсенді үйрену процесі.
Әлеуметтік дистанция - тұлғаны әлеуметтік топта немесе қоғамдағы орны бойынша шеттету немесе жақындату деңгейі.
Әлеуметтік институт - салыстырмалы жоғары ұйымдастырылған әлеуметтік жүйе, ол әлеуметтік құрылымның тұрақтылығымен, өзінің элементтерінің интеграциясының тереңдігімен, олардың қызметінің икемділігімен және динамикалылығымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік статус - әлеуметтік топ және оның қоғамдағы өкілдерінің әлеуметтік байланыс және қарым – қатынас жүйесіндегі жағдайының интегративті көрсеткіші.
Әлеуметтік топ – қоғамдағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік, саяси, құқықтық, діни қарым-қатынас жүйесі негізіндегі белгілер, қоғам өмірімен байланысты жеке әлеуметтік немесе басқа базаларда болатын кең мағынадағы топтық қоғамның жиынтығы.
Басшы /менеджер/ – ұйымдағы барлық басқару қызметтеріне персоналдың қызметінің көмегімен жауап беретін адам
Басқару - еңбек процесімен біріккен адамдардың жеке қарым-қатынастары байқалатын адамзат іс-әрекетінің өте күрделі салаларының бірі.
Басқару кдрлары – барлық басқару бөліктерінің басшылары мен олардың орынбасарлары.
Басшылық адамдармен бірге өндірістің тұтас технологиялық процестеріне ықпал ету.
Бiлiм – адам санасында түсiнiк, пайымдау, теория түрiнде шындықтың бара-бар бейнесiн тану процесiнiң нәтижесi.
Білік - қажетті мінез-құлық стандарттарын көрсететін қабілеттілік.
Бiлiктілік - ( латын тілінде сampetenlia, compete - бірге қол жеткіземіз, жетемін, лайықпын) ұғымы сөздіктерде «не туралы болса да пайымдауға мүмкіндік беретін білімге ие болу», «жетік болу, құқықты болу» деп түсіндіріледі. Үлкен экономикалық сөздік / Л.Н. Азрилиянның редакциясы.-М.: «Правовая культура» қоры, 1994.-528 б.
Біліктілік- (квалификация; латынның сапасы қандай және жасаймын) деген сөздерінен алынған. Біліктілік дегеніміз қызметкердің іс - әрекеттің нақты бір түрінде күрделілігі белгілі бір дәрежедегі еңбек функцияларын орындауға мүмкіндік беретіндей қабілеттерінің даму деңгейі. Біліктілік қызметкердің теориялық білімдері мен практикалық машықтарының көлемімен анықталады және оның ең маңызды әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы болып табылады».
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, масс-медиа)- радио, телеарна, баспа және интернет. БАҚ ақпараттардың әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз етіп қоймай, плюрализм мен жариялылықтың ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Даналық - тұлғаның таланты мен белсендi iс-әрекетiнiң жоғары дәрежеде көрiнетiн әлеуметтiк қасиетi.
Даму - материя мен сананың қажеттi, заңды бағытта өзгеруi, олардың жан-жақты сипаты.
Дағды - қайталау нәтижесінде қалыптасатын санасыз іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң, әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі - динамикалық стереотип.
Дербестiк (индивидуальность)- жеке адамның өзiне ғана тән ерешелiгi. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрiнуi.
Диагностика - жұмыс тәртiбiнде мүмкiн болатын ауытқуларды болжау үшiн, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгiлердi техникалық басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдiстерi мен принцптерi туралы iлiм.
Жаһандану - бүкіл дүниежүзілік экономикалық, саяси және мәдени кірігу процесі.
Заңдылық-Легитимділік – (латын тілінде Legitimus-заңды) заңдылық тұжырымдамасы Үкімет пен құқық арасындағы өзара әрекетті қамтиды, Мемлекет заңдылығының бастауы Үкімет билігін қоғамның мойындауы.
Ерiк-жiгер - қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi iшкi күш-қайрат қабiлетi. Ерiк әрекетi арқылы адам сыртқы ортаның түрлі жағымсыз әсерлеріне және үстемдік жүргізуге қарсы тұрады.
Идея - обьективтi шындықты ойлау түрiндегi философиялық түсiнiк.
Идентификация – индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның орнына қоюы, оның жеке тұлғалық мағыналарын игеруі.
Интерпретация - талдаудың көп деңгейлі процедурасы, әлеуметтанушылық талдамның алғышарттары мен нәтижелерін түсіндіру.
Интеграция (кiрiгу)- жалпы ағзаның, жүйенiң жекелеген жiктелген бөлiктерiнiң байланыс жағдайын бiлдiретiн түсiнiк.
Интелект (парасат) - психологиялық түсiнiк, ойлау, ұтымды таным.
Интроверт пен экстроверт-кейбір адамның тұйық өзімен - өзі болып, өзінің ой пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері-интроверттер делінеді.Ал екінші бір адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отырады. Бұл -экстроверттер.
Креатив - деттен тыс идеяларды тудыру қабілеттілігі, мәселелік жағдайларды тез, нәтижелі шешу.
Қоғам – тұрақтылық және тұтастықпен өзіндік реттеушілік, өзіндік дамуы бар жүйе. Адамдардың өзара әрекеттесуінің негізінде пайда болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болатын, мәдениет деңгейінің жетістігімен сипатталатын өзара байланысты және өзара әрекеттің тарихи негізінде құрылатын адамдардың жиынтығы.
Қабылдау - адамның сезім мүшелері арқылы заттар мен құбылыстарды, әр түрлі ақпараттарды тұтас бейнелеу процесі.
Концепция (тұжырымдама) - қандай да бiр құбылысты түсiнудiң белгiлi тәсiлi, негiзделуi, жетекшi идеясы, әр түрдiң құрамалы принцпi.
Менеджмент- ұйым шеңберінде қойылған белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалған реттелген іс-шаралардың жиынтығын көрсетеді.
Менталитет - діл
Ой- саналы тілек, әрекет жасауға даярлық, ұмтылу.
Персоналды бағалау - Ұйымдағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін және ұйымдастыру мақсаттарын орындауының тиімділігін анықтау процесі.
Перцептивтік әсер - қабылдау процесіне қатысты әсерлену түрлері. Перцевтивтік әсер психологиялық тұрғыдан анықтағанда - объективтік шындықтың сезім мүшелері арқылы тікелей бейнеленуі.
Технология - объектінің сапалы өзгерісі және өндеудің әдісі мен құралына негізделген білімдер жүйесі, сонымен қоса оны практикада қолданудың тиімді әдісі.
Толеранттық - өзге сенім өкілдеріне, ұлттарға шыдамдылық, сыйластықпен қарау.
Тренинг - семинар - белгілі бір ғылыми, оқу және т.б. мәселелер бойынша талқылауға арналған топтық сабақтың түрі.
Транспаренттілік - ұйымның жұмысы жайлы ақпараттың құпиясыздығын, ашықтығын қамтамасыз ететін ұстаным.
Сана - психиканың тек адамға тән ең жоғары сатысы, объективтік болмыстың адам миындағы бейнесі.
Синектика - күрделі мақсаттарды шешуге бағытталған топтық іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру тәсілі.
Стресс - адамның жүйке және физикалық күйзелісіндегі ауыр психофизиологиялық қалпы.
Стереотип - таптаурын, бірсарынды.
Прессинг - қысымға алу.
Ұйымдастыру - басқару қызметінің бір сатысы, бар жұмысты үйлестіру процесі, мақсаты - менеджердің өз қызметін, оған бағыныштылардың қызметін реттеу.
КІРІСПЕ
«Басқару психологиясы» пәнін жоғары оқу орындарында оқытудың мақсаты студенттердің қазіргі кезде басқару мәселелері туралы психологиялық ой-пікірлердің қалыптасып, дамуын танып-біліп, меңгеруіне арналған. Болашақ «В050300-Психология» және «В050900 - Әлеуметтік жұмыс» мамандарын оқыту процесінде кәсіби ерекшелігіне сәйкес теориялық және практикалық білімдер жүйесін қалыптастыру – пәннің басты мақсаты. Іс жүзінде және өмірде басқару, жеке тұлғаны және топты белгілі бір мақсатқа жетуге бағыттап, оны ұйымдастыру көкейкесті мәселенің бірі. Басқару психологиясы қоғамдағы әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық байланыстар мен қатынастардың құрылымын басқару теорияларын зерттейді. Адамдардың, әлеуметтік топтар мен ұжымдардың экономика саласындағы өзара байланыстарын, өзара әсерлерін, сондай-ақ экономиканың басқа әлеуметтік институттармен байланыстарын басқару процесін шешу жолдарын түсіндіреді. Басқару процесіндегі әлеуметтік құбылыстарды анықтап, тиісті шешім қабылдау, оны дамыту жолдарын көрсетеді.Қазіргі кезде технологиясы дамыған елдердің өндірісіндегі басқару жұмысын іске асыруда психология басты орын алады. Ол басшы мен бағынушылардың бір-біріне әсерін тиімді іске асыруға мүмкіндік берумен қатар, қызметкерлердің өз жұмысының еленуіне риза болып қана қоймай, сол жұмыс процесіне қанғаттануына ықпал етеді. Ол үшін басқару еңбегінің мазмұны саналы психологиялық мәнді, яғни құр жағымды тілек қана емес, барлық сатыдағы басшылар үшін міндетті талап болуы тиіс. «Басқару психологиясы» пәнінен болашақ басшылар меңгеруі тиіс қажетті білім көлемін анықтайтын арнайы білім беру стандарттары жасалған. Себебі олардың жұмысының тиімділігі көп жағдайда өзіне бағыныштылардың іскерліктерін дұрыс бағалап, олардың мінез-құлық мотивтерін анықтап, жеке бастарының ерекшеліктерін білумен қатар өз жұмысын психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білуіне байланысты.
Барлық басқару қызметін іске асыру процесінде басқару шешімдерін қабылдайтын негізгі субъект бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Басқару психологиясы психология ғылымының дербес саласы. Оның ерекшелігі сонда - ол әлеуметтік психология, жалпы психология, инженерлік психология сияқты түрлі ғылымдардың басын біріктіретін интегративті пән. Бұл мағынада басқару психологиясы психологияның пәнаралық байланыстағы бөлімін құрайды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай басқарушының (менеджерге) өзіне, яғни басқару субъектісі ретінде және басқару объектісі ретінде тұлғаға, топқа, сондай-ақ тұтас ұйымға көптеген талаптар жүктейді. Басшы мен орындаушылар арасындағы байланыстың күрделілігі басқару іс-әрекетін бір жақты қарауға болмайтынын көрсетеді. Басқару психологиясын зерттеу «адам-адам» байланыс жүйесі бойынша түрлі деңгейдегі ықпал ету мен басқарудың диалектикалық сипатын көруге жағдай жасады.
Мазмұнына қарай басқару әрекеті өте күрделі және сан қырлы. Ол адамның күш қуатын, жігерін талап ететін ақыл, ой және дене іс - әрекеті. Басқарудың мақсаты берілген әрекеттерді бағынушылардың орындауы және белгілі бір тапсырмалардың шешілуі болып табылады. Басқару жүйесіне басшы мамандарды дайындаудың барлық түрлерінде бұл пән енгізілген. Кез келген деңгейдегі басшының жұмысының тиімді болуы алдымен бағынышты адамдардың мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, олардың мінез -құлық мотивтерін анықтауға байланысты болса, екінші жағынан өз еңбегін психологиялық тұрғыдан дұрыс бағалай білуіне байланысты.
Адамдардың бір - бірімен қарым-қатынасы, оны дұрыс басқару басқарушыдан интегративті біліктілікті талап етеді. Басқару психологиясы философия, саясаттану, әлеуметтану, жалпы психология, әлеуметтік психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Сондай-ақ басқару психологиясының қолданбалы салаларының шығу сипатын да қарастырады. Оқу құралы 15 сабақ тақырыбынан, тақырыпты меңгеру үшін қажет сұрақтар мен әдебиеттер және басқару қызметіне қажет сапаларды анықтауға арналған практикалық сабақтардан тұрады. Сондай - ақ студенттердің өзіндік жұмыстары және рефераттар тақырыптары берілген.
