- •Жататын көп қоректі зиянды жәндіктер
- •Күздік көбелегі
- •Шалғын көбелек
- •Гессен шыбынның имаго мен жалған пілләсы.
- •Арпа швед шыбынның имаго мен дернәсілі.
- •Астық сабақ егеушінің имаго мен дернәсілі.
- •Зиянды бакашықтың имагосы және олармен зақымдалған масақ.
- •Түсініктеме
- •Дақылдарының зиянды жәндіктері
- •13 Тақырып - көкөніс және бақша дақылдарының зиянды жәндіктері Түсініктеме
Шалғын көбелек
Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.). Ересек жәндіктерде жыныстық диморфизм анық байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы 25 мм – ге дейін. Жұлдызқұрт өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ дамиды. Мєдени жєне жабайы өсімдіктер зақымданады. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Ó¨сімдік сабағының ішінде жұлдызқұрттар кеміріп, жолдармен қуыс жасайды. Кемірудің єсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы.
Күресу шаралары. Едєуір зақым кеміргіш түн көбелектердің картоп дақылында саны 5-10, астық дақылдарында 2-3, кызылша, жүгері, мақтада 0,5-2 жұлдызқұрт/м2 астам болса байқалады. Жерүстілік түн көбелектердің зиян тигізетін экономикалық шегі: карадринаның 1-3 жұлдызқұрт өсімдікте егер 30-50% өсімдік көлемінде табылса; мақта көбелектің 100 өсімдікке келетін саны 8-12 жұлдызқұрт болса; шалғын көбелек 10-20 жұлдызқұрт/м2, сабақ көбелектің 10 өсімдікте 5 жүмыртқа топтары табылса. Егер зиянкестердің саны ЭЗШ деңгейінен жоғары болса, жұлдызқұрттарды төменгі жастарында химиялық не болмаса биологиялық препараттармен жою керек. Инсектицидтер Â«Тізім...» регламенттары бойынша қолданылады.
Қабыршақ қанаттылардың көбеюінің алдын алу, жұлдызқұрттарының санын азайту үшін арамшөптермен жүйелі түрде күресу, топырақты ерте терең сыдыра жырту, отамалы дақылдардың қатар аралықтарын қопсыту қажет. Маусым кезеңінде өсімдіктерді суарған жағдайларда да кеміргіш көбелектердің жұдызқұрттарының саны азаяды. Сабақ көбелектермен күресу үшін өсімдіктерді төмен шабу қажет (10 см жоғары емес). Жұлдызқұрттар қыстайтын жүгері, картоп, тарының өсімдік қалдықтарын, арамшөптерді танаптан шығарып жояды. Маусымды колонизация єдісімен трихограмма
( Trichogrammatidae - тұқымдасы) көбелек құрттарының ішкі паразитін есебімен 60-80 мың дара/га екі мезгіл қолдану тиімді болады.
4- тақырып АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ САБАҚ ІШІ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ
Түсініктеме
Осы топтың зиянды өкілдерінің зақымдайтын фазаларының қоректенуі, дамуы сабақ іші жєне жапырақ түтікшесінде өтеді.
Гессен шыбыны - Мауеtiola destrucor Say. (Cecidomyidae – галлица
Гессен шыбынның имаго мен жалған пілләсы.
тұқымдасы, Diptera – қос қанаттылар отряды). Ересек зиянкестер масаларға ұқсас, дене ұзындығы 2,5-3,5 мм, мұртшалары 17 бунақты, ұзын. Денесінің түсі үстіңгі жағында сарғыш - күрең немесе қара - күңгірт, төменгі жағында ақшылдау.
Личинкасы ақ, ұршық тєрізді, ұзындығы 4 мм. Олар бидай, қарабидай, жатаған бидайық, арпабастың сабақтардың негізінде жалған піллє немесе пупарий ішінде қыстайды (жалған піллє – қатайған түлеу терісі ). Көктемде қуыршақтану да сол жерде өтеді. Жалған піллєдан шыбындардың ұшуы ұзақ мерзімде байқалады. Ересектерінде ауыз мүшесі кеміп дамыған. Ò°рғашылары жұмыртқаларын топтап, жапырақтың үстіңгі бетіне салады. Ауаның температурасы 150С төмен болғанда олар жұмыртқа салмайды. Эмбрионалдық дамуы 4-7 күн. Жұмыртқадан шыққан личинкалар жапырақтың қынабына енеді жєне сабаққа сүлікше қадалады да, оның шырынын сорады. Қаупітілігі жұмсақ бидайға жоғары, ал арпаға шамалы, сұлыға қауіптілігі жоқ. Ó¨сімдік жапырақтары кеңейеді, сабақтары жуандау болып көрінеді. Жапырақтар сарғаяды жєне ерте зақымдаса - өсімдік өліп қалады, ал кейін (түтіктену фазасынан бастап) зақымдалған сабақтар тіке өспейді. Олардың зақымдалған жерлері жіңішкереді жєне бүгілістер пайда болады, астықты орып жинау жұмыстарын қиындатады.
Маусым кезеңінде 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Гессен шыбыны ылғал сүйгіш. Құрғақшылықта олар жаппай өледі, дернәсілдерінің дамуы үзіліске ұшырайды. Көбінесе 1- ші ұрпақтың дернәсілдері зиян келтіреді.
Швед шыбындары: арпа - Oscinella pusilla Meig., сұлы - O. frit L. ( acтық шыбын тұқымдастары - Chloropidae, қос қанаттылар отряды - Diptera ).
Биологиясы жєне морфологиясы жағынан айырмашылығы жоқ. Ересек шыбын қара, денесі дөңес болып келеді. Денесінің ұзындығы 1,5-2,0 мм. Личинкасы қаралау- ақшыл, ұзындығы 3-4 мм. Сұлы швед шыбыны сұлыны закымдайды.
