- •1.1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептсрі
- •1.2 Банктік тәуекелдерді топтаудың критерийлері мен принциптері
- •1.4 Коммерциялық банктердің тәуекелдерді басқару және несиелік тәуекелді бағалау әдістері
- •1.3 Банктік тәуекелдерді бағалау әдістері.
- •Value at Risk (VaR) моделі.
- •Іі. Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқару проблемаларын және оларды төмендету жолдары.
- •2.1 . Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқару проблемалары.
- •2.2. Қазіргі кезде несиелік тәуекелдерді төмендету жолдары
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды.
Соңғы жылдары Қазақстанның екінші деңгейлі банктері үшін «тәуекел» категориясының мәні мен мазмұны артуда. Қазақстан өз тәуелділігін алған күннен бастап бүгінгі таңға дейін көптеген коммерциялық банктер тәуекелді дүрыс басқармау нәтижесінде банкроттыққа ұшырады. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан.
Әр банк өзінің қызмет ету саласына байланысты өзіне тән тәуекелдің түрлерін, оларды бағалаудың оптималды әдістерінің жиынын анықтайды. Банк үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау қиынға соғады. Осы мәселені шешу үшін банк алдын ала болашақта пайда болуы мүмкін барлық тәуекелдердің түрін және оларға төтеп беру мүмкіндігін анықтап алады. Егер де тәуекел жеткіліксіз дәрежеде анықталып талданса. нэтнжесінде банктің банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуекелді басқарудың, талдаудың, бағалаудың маңызы өте зор.
Банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келеді. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл кызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыкқа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.
Банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:
1. коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы; 2.банктік тәуекелдің пайда болу немесе ыкпал ету аясы; 3.банк клиенттерінің құрамы;
4.тәуекелділікті есептеу әдістері;
5.банктік тәуекелдің деңгейі;
6.тәуекелді уақыт түрғысынан үлестіру;
7.тәуекелді есепке алу сипаты;
банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.
Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің каражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Г.С. Сейткасымов «Банковское дело»- Алматы: Экономика , 2009г
2. Н.Рамазанов – Банковский сектор Казахстана . Кредитный бум и его издержки .
3. Банковское дело /под . ред В.И.Колесникова , Л.П. Кроливецкой .- М.:Финансы и статистика ,2011
4.Вальравен К.Д. Управление рисками в коммерческом банке – Вашингтон Институт экон. Развития Мирового банка ,2008
5. Хандурев А.А.Управление рисками банков // Деньги и кредит ,2013 ,№6
6.С.Б. Мақыш «Коммерциялық банктердің операциясы».- Алматы-2013ж
7.Панова Г.С. «Кредитная политика комбанка» .-М.-2014
8.Тлеукулова Г. Организация взаимодействия головного банка с филиалами при управлении кредитными рисками //Финансы и Кредит № 4-2008г
9. Поляк «Финансовый менеджмент»,2011
10 .Питер С. Роуз «Банковский менеджмент »М.-2012г
11.Овчаров А.О. Организация управления рисками в комбанке // Банковское дело ,2008 , №1
