- •Ауылшаруашылығы үшін биоыдыраушы полимерлер және олардың түрлері. Әлем бойынша өндірісі. Экологиялық мәселелер.
- •Ауылшаруашылығы үшін биоыдыраушы үлдірлердің маңыздылығын түсіріңіз. Негізгі түрлеріне тоқталыңыз
- •Қазақстандағы полипропилен өндірісіне баға беріңіз.
- •Полипропиленнің алыну жолдарына мысал келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •Полипропиленді полиэтиленмен салыстыра отырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Ірі қара мал шаруашылығына полимерлік материалдардың қолданылуын түсіндіріп маңыздылығын ашыңыз.
- •Сүт өнімдерін өңдеуге пайдаланылатын полимерлі материалдарға мысал келтіріп, анализ жасаңыз.
- •Полимерлі материалдардың ірі қара мал шаруашылығындағы рөлін көрсетіңіз.
- •14. Полистирол алу жолдары, қолданылуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •15. Полистиролды блокты – суспензиялы әдіспен өндірудің технологиясы
- •16. Полистиролды блокты – суспензиялы әдіспен өндірудің технологиясы мен эмульсиялы әдісті салыстырыңыз
- •17. Полистиролды блокта алу және блокта алу технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері
- •20. Құс шаруышылығы үшін қолданылатын полимерлі материалдар
- •23.Полиуретан. Технологиялық алу жолына тоқталып түсіндіріңіз.
- •24.Полиуретанның қасиеттері, артықшылықтары және қолдану аймағы.
- •25.Полиуретан негізіндегі шнегтер, классификациясы, айырмашылықтарына талдау жасаңыз
- •Суғаруға қажетті полимерлер жабындылар. Целлофан, жалпы сиппаттамасына шолу жасаңыз.
- •Ауыл шаруашылығында суғаруға қолданылатын полиэтиленнен дайындалатын бекіткіштерге сипаттама беріңіз, қолданылуына сараптама жасаңЫыз.
- •Ауылшаруашылығында қолданылатын поливинилхлоридтен дайындалатын құбырлардың қасиеттеріне талдау жасаңыз. Түрлеріне тоқталыңыз
- •Ауылшаруашылығнда суғару үшін қолданылатын құбырлардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Артықшылығы мен кемшіліктерін түсіндіріңіз
- •Ауыл шаруашылығында қолданылатын полимерлердің маңыздылығы , қажеттілігі, экологиялық мәселелері.
Ауылшаруашылығнда суғару үшін қолданылатын құбырлардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Артықшылығы мен кемшіліктерін түсіндіріңіз
Поливинилхлоридті құбырлар қазіргі кездегі рынокта кеңінен қолданыста. Бұл құбырлар өте берік болады. ПВХ құбырлардың жасалатын шикізаттың түріне қарай сәйкес қолданысын табады. Оларды желінуге төзімділігіне байланысты, канализация құбыры ретінде қолданады. Постэкструзия және экструзия процесстерінің пайда болуына байланысты ПВХ жоғары қысымға төзімді, аса химиялық ортаға және жоғары температураға төзімді болып келеді. ПВХ негізгі ерекшеліктері, арзан, жеңіл, жұмыс пен монтажға оңай, жанбайтын болып табылады. ПВХ құбырларды Crap Iinnski, Plastimex, Kacmarekфирмалары жасайды.
Полиэтиленді пластикалық құбырлар ПЭ жаңа құбырларды монтаждау немесе жөндеу мақсатында қолданылады. Көбінесе полиэтиленді құбырларды суық су үшін қолданады. Сонымен қатар мұндай құбырларды газификация үшін пайдалануға болады. Төмен және жоғары қысымды газ тасымалдаушыларында пайдалануға арнайы типтегі полиэтилен қолданылады. Себебі, полиэтилендә құбырлар бухталарда дайындалады және олар химиялық коррозияға төзімді болып келеді. ПЭ құбырлар бухталарда ұзындығы 100м дейін жеткізіледі, бұл кезде максималды диаметр 100мм, немесе 10-12м болатын бөліктерде диаметрлері үлкен, 100-1000мм дейін болады.
Тігілген полиэтиленнен жасалған құбырлар. Тігілген полиэтилен технологиясы сынбайтын және оңай бүгілетін иілгіш материал алуға мүмкіндік береді. Мұндай нәтиже тігу процессінен алынады, полиэтилен кристаллдану дәрежесін өзгертеді. Қазіргі күнде полиэтиленді құбырларды тігудің көптеген әдістері белгілі. Мұндай құбырларды еденді жылытуда, ыстық және суық суды тасымалдауда, т.б. қолданады. Тігілген полиэтиленді құбырларды негізінен ТЕСЕ, КАН, Wirsbo, Rehau, Aquaterm Polska Польша, Polymutan, Viega Германия фирмалары дайындайды. Мұндай құбырлар 2000температураға дейін өз қасиетін сақтап қалады.
Полибутиленді құбырлар кристалды структуралы термопластар болып табылады. Бұл материалдың басқалардан айырмашылығы полимер кристалданудың көптеген түріне ие бола алады. Полибутиленді құбырлар тігілген полиэтиленді құбырларға ұқсас, бірақ эластикалық қасиеті жоғарырақ, сызықтық ұлғаюдың коэффициенті үлкен болып келеді және микробиологиялық әсерге төзімді болып келеді. Полибутиленді құбырлар оңай монтаждалады. Ыстық және суық су тасымалдау үшін пайдаланылады
Полипропиленді құбырлар қазіргі кезде полимерді құбырлар рыногінің көп мөлшерін алып отыр. Оның негізгі материалы ретінде рандомсополимер алынады. Полипропиленді құбырлар 10-20 атмосфера қысымға төзімді, диаметрі 16-100мм болып келеді. Мұндай құбырлардың жұмыс істеу мерзімі 50 жылға дейін, ол құбырды қолданған кездегі температураға байланысты. ПП құбырларды қолданғанда максималды температура – 95o. монтаждан кейін боямауға болады.
Хлорвинилді құбырлар бұл ПВХ молекуласына хлорды қосқан кездегі модификацияланған пластикалық емес поливинилхлорид болып табылады. Мұндай құбырлардың ерекшелігі жақсы температура тұрақтылығында.ыстық және суық су тасымалдауда қолданылады. Хлорвинилді құбырлар фитинг және арнайы желімнің көмегімен жалғастырылады.
Металлполимерлі құбырлар құрылысы үш қабатты, екі қабаты полимер, арасында фольга қабаты, бұл құбырға полимерлі және металл құбырдың қасиетін береді. Металлпропиленді құбырлар пайдалануға жеңіл, төзімді, жұмыс істеу мерзімі үлкен, салмағы аз және дыбыс пен жылуды изоляциялау қасиеті бар.
