Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауылщаруашылығы полимер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
524.94 Кб
Скачать
  1. Полимерлі материалдардың ірі қара мал шаруашылығындағы рөлін көрсетіңіз.

Пластик пакеттердің негізін құрайтын полиэтилен мен поливинилхлорид қорша­ған ортада ондаған жылдар бойы сақталады және микроорганизмдерге ешқашан «жұты­лып кетпейді». Ал бұл полимерлерді өртеу канцерогендік қақ пен өте улы диоксин­нің пайда болуына әкеліп соғады. Ыдыс-аяқты және азық-түлік өнімдерін орауға, салуға арналған қапшық ретінде, негізі, жоғары қысымда дайындалған полиэтиленді ғана пайдалануға рұқсат етілген. Себебі төмен қысымда әзірленген пластик пакеттерде катализаторлардың — адам денсаулығына өте зиянды металдардың қалдығы сақталып қалуы ықтимал. Полиэтилен — [—CH2——CH2—]n, ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr3 катализаторын қолданып, Г.Г. Густавсон алған (1884). 1933 — 36 ж 100 мПа қысым мен 200С температурада Англия мен КСРО-да, кейінірек Германия мен АҚШ-та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу t 102 — 105С) және төмен немесе орташа қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу t 125 — 137С) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады. Полиэтиленнің физ.-химиялық қасиеттері температураға өте тәуелді. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б.

14. Полистирол алу жолдары, қолданылуы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері

Полистирол өте термопластикалы материал бола тұра пішінін оңай өзгертеді. Одан бұйымдардың өте көп ассортименттін дайындайды. Полистирол жақсы диэлектрик ретінде электр және радио аппараттарының бөлшектерін, кабель оқшаулағышын өндіруге жұмсалады. Одан сәндік – әрлік материалдар , әр түрлі панельдер, қаптама тақташалар және басқа да көптеген бұйымдар дайындалады. Ол тұрмыстық мақсаттағы нәрселерді – жарық беретін аппаратуралар, ыдыс – аяқтар, галантерия, балалар ойыншықтарын және т.б. дайындауға қолданылады.

Полистиролды өндірісте алу жолдары:

1. Блок әдісімен полистирол өңдірісі

2. Полистирол өңдірісінің суспензиялық әдісі

3. Полистирол өңдірісінің блок-суспензиялық әдісі.

4. Эмульсиялық әдіспен ПС өңдіру

Бұл әдістердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Блокты әдіс кезінде процестің соңына дейін жоғары температураны сақтау керек. Бұл процесс молекулалық массаның төмендеуіне алып келеді. Бұл әдіс негізінен қолданысқа толық енгізілген және бұл әдіспен өнімнің 80%-ті алынады. Негізгі кемшілігі: процесстің журу мерзімі үлкен, себебі конверсия 97-98% дейін жеткенде, процесс баяуланады.

Блокты-суспензиялы әдісте блокты және суспензиялы полимеризация әдісінің артықшылықтары біріктірілген. Бұл әдіс соққыға төзімді ПС және полимер өндірісінде пенополистирол алу болып табылады.

Суспензиялы әдістің артықшылығы: 1. Жоғары өнімділік 2. Процесс төмен температурада журу себебінен полимердің молекулалық массасы жоғары және полидисперстілігі төмен. Кемшілігі: Суспензиялық полимерлеудің негізгі кемшілігі – көпсатылығы және ағынды сулардың көптігі және суспензиялық полимерленудің үздіксіз процесін қалыптастыру қиынға түседі, себебі суспензия тұрақты емес және полимер араластырғыштарға мен аппарат қабырғаларына жабысады. Мерзімді реакторлар үлкен мөлшері және процесті интенсивтендіру себебінен жоғары өнімділікке ие. Сондықтан өндіріс мерзімді реакторлар арқасында іске асырылады.

Эмульсиялы әдісінің кемшілігі: 1. Төмен диэлектрлік қасиеттері, 2. Полимер эмульгатор қалдықтарымен ластану нәтижесінде оның мөлдірлігі төмен болады.