Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауылщаруашылығы полимер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
524.94 Кб
Скачать
  1. Полипропиленді полиэтиленмен салыстыра отырып, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.

Полипропилен химиялық тұрақты материал. Полипропилендерге ерекше әсер ететіндер тотықтырғыштар олар- хлор сульфон қышқылы , түтіндегіш азот қышқылы , галогендер және олеум. Бөлме температурасында концентрленген (58%) күкірт қышқылы және 30% сутегі пероксиді мардымсыз жұмыс жасайды. Осы реагентермен байланыс 60 °C жоғары болса полтпропилен деструкцияға ұшырайды.

Полипропилен — суға төзімді материал. Ұзақ уақыт бойы бөлме температурасында 6 ай уақыт аралығында сумен ұзақ байланыста болсада суды жүту қабілеті 0,5% ал60ºС — 2% құрайды. Бөлме температурасында полипропилен органикалық еріткіштерде аздап ісінеді. 100 °C жоғарылағанда бензол, толуол сияқты ароматты көмірсутектерде ериді.

Полипропилен полтэтиленге қарағанда жоғары балқу температурасына ие сәйкесінше ыдырау температурасы жоғары. Таза изоактивті полипропилен 176 °C та ериді. Пропиленнен жасалған барлық заттар қайнауға төзімді және ешқандай өзгеріссіз бумен стерилдеуге ұшырауы мүмкін одан механикалық қасиеттері өзгермейді. Полиэтиленге қарағанда полипропилен жылуға тұрақтылығы бойынша ерекшеленедіі, температурасының нәзіктігі –(аязға тұрақтылығы ) 5 тен −15ºС дейін ауытқиды. Аязға тұрақтылықты изотактикалық полипропиленнің макромалекуласының этилен тізбегінен енгізу арқылы көтеруге болады.

  1. Ірі қара мал шаруашылығына полимерлік материалдардың қолданылуын түсіндіріп маңыздылығын ашыңыз.

Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды-далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7–10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, турлар саны азайып, ХVІІ ғасырдың басында біржола жойылып кеткен. Сиыр – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын күдір тұқымдастар өкілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қолтұқымдары өсіріледі. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген. Ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы – еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы. Ірі қарадан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, сиырдың қолтұқымдары негізінен 2 бағытта өсірілуде.

  1. Сүт өнімдерін өңдеуге пайдаланылатын полимерлі материалдарға мысал келтіріп, анализ жасаңыз.

Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэл. қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, мех. жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді Пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды.

Cүт өнімдерін өңдеуде негізінен көптеген полимерлік материалдар қолданылады. Көбінесе қаптау кезінде қолданылады.

А — пастеризиленген сүт үшін

б — ұзақ уақыт сақталатын өнім үшін

Ең көп қолданылатын полимер полиэтилен.