Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохимия полимер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.48 Кб
Скачать
  1. Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.

Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары

Су, ауа, топырақтағы құнарлы заттардың өсімдікке өтуін қамтамасыз ететін топырақтық шарттарды түзетулердің келесі түрін қолдана отыра басқаруға болады:

Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары

Физикалық коррекция

Химиялық коррекция

Биологиялық коррекция

Физикалық коррекция деп агротехникалық, агромелиоративтік, гидромелиоративтік іс-шаралар кешендерін түсінеді. Олар оңтайлы жылу-су-ауа және тотығу-тотықсыздану режімі және механикалық өңдеу үшін, сондай-ақ, жақсы агрономиялық құрылым үшін қажет.

Химиялық коррекция – ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімділігін реттеуге бағытталған кешендер іс-шарасы. Бұл кезде топырақтың минералдық қоректенуі, қажет жағдайда элементтермен толықтыру, сондай-ақ, өсуге демеу болатын синтетикалық құралдар қолданылады

.

Биологиялық коррекция әдісі, «топырақ-өсімдік» жүйесіне жетпейтін түйіндерінің орнын толтыруға көмектесетін, өсімдіктің физиологиялық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеретін әдіс. Оларды іске асыру жасанды интенсификация жолымен жүреді. Гумустық заттарды қолдану биологиялық коррекцияға жатады.

Гумустық заттар - аморфты қара-қоңыр немесе қара-қызғылт түсті беттік активті жоғары молекулалық табиғи органикалық қосылыс. Олардың шығу тарихы биохимиялық ыдырау мен өсімдік бөліктерінің, жануарлар қалдықтары, микроағзалар белоктық денелерінің қайтатүрленуі процесімен байланысты. Химиялық тұрғыдан қарағанда, гумустық заттар – әртүрлі молекулалық массалы фрагменттерден, негізінен арилгликопротеидтен тұратын, полимерлер

Гумустық заттардың жалпы құрылымдық формуласы   

Басқаша айтқанда, гумустық заттар лигнин(арил), қант(гликозид), амин қышқылдары және протеидтердің құрылымдық фрагменттерінен тұрады

Зерттеушілер мен бағбандар гумустық заттарды қолданудағы көптеген оң нәтижелерді келтірді:

  • ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін ұлғаюы;

  • Өнімнің біртектілігі мен өлшемдерінің өсуі

  • тағам өнімдеріндегі улы және зиянды заттар мөлшерін азайтуы;

  • Өнімдерді сақтау мерзімінің ұзаруы

  •  топырақ-өсімдік жүйесінің құраушы түйіндерінің динамикасын басқаруға мүмкіндік береді; 

  • алынатын өнімнің сапасы жақсарды;

  • мәдени өсімдіктердің ауру туғызушы ағзаларға тойтарыс беру қабілетін күшейтілуі

  • пестицидтерден кейін өсімдіктердің қалпына келуін тездетуі

  • өсімдіктің иммундық жүйесін жалпы күшейту және т.б.

  1. Агрохимида қолданылатын микротыңайтқыштар. Олардың алынуылын маңыздылығы. Қасиеттері мен артықшылықтары.

Агрохимияда қолданылатын микротыңайтқыштарының кең тараған түрі гумустық микротыңайтқыштар. Топырақ түзілуде Гумустың алатын орны ерекше. Ол өсімдіктер үшін қоректік заттар көзі ғана емес, топырақ құрылымын жақсартып, оның құнарлылығын арттырады. Олардың алынуына келетін болсам, мысалы, микротыңайтқыштардың бір түрі- Биогумус- органикалық қалдықтарды жаңбыр құрттарымен өңдеу арқылы алынатын органикалық тыңайтқыш. Алу шарттары: Eisenia foetida, Lumbricus rubellus және т.б. жаңбыр құрттарын өсіруде:

  • Субстрат температурасы- 20-28°С

  • Ылғалдылық- 70-80

  • Орта рН- 5,0-8,0

  • Өсімдік қалдықтарын, қағаз, картон тасымалдануының бірқалыпты үнемі болуы.

Химиялық құрамы:

  • Ылғалдылығы- 40-45%

  • Органикалық заттар- 80-90%

  • Азот- 1-2% Магний- 0,6-2,3

  • Фосфор- 1,5-3,0% Темір- 0,6-2,5

  • Калий- 1,2-2,0% Марганец- 0,06-0,08

  • Кальций- 4-6%

Басқа тыңайтқыштардан артықшылықтары:

  • Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді;

  • Тұқымның өсуін, жемістің пісуін жылдамдатады;

  • Өсімдіктің жеміс беруін және сапасын жақсартады;

  • Экологиялық таза өнімді қамтамасыз етеді