Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
агрохимия полимер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135.48 Кб
Скачать

15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.

  • Өсімдіктің қоректенуі – өсімдіктердің қоршаған ортадан бейорганикалық қосылыстарды қабылдап, бойына сіңіруі және олардың өсімдік бөліктерінің қалыптасуы мен жаңаруына, функцияларының энергиямен қамтамасыз етілуіне қолданылатын органик.заттарға айналуы.

  • Өсімдік қоректік заттарды жапырақтары және тамырлары арқылы қабылдайды Осыған орай оның қоректенуінің екі түрі болады. Өсімдік ауа арқылы қоректенуде өзінің жасыл жапырақтарының көмегімен, атмосферадағы көмірқышқыл газын ассимиляциялайды. Ал, тамыр арқылы қоректенуде топырақтағы суды, минералдық тұздардың иондарын және өте аз мөлшерде органикалық қосылыстарды сіңіреді. Соңғы жылдардағы зерттеулер органикалық заттар өсімдіктің тамырында түзіле бастайтындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан өсімдіктің осы екі қоректену түрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Өсімдіктің минералдық заттарды тамыры арқылы пайдаланылатыны жөнінде алғашқы деректер Дютроштың 1837 жылғы зерттеу жұмыстарында кездеседі. Ол өсімдік клеткаларының қоректік элементтерді қабылдауын диффузия құбылысымен, топырақтағы иондардың қозғалысын концентрациясы жоғары ерітіндіден концентрациясы төмен ерітіндіге жылжуымен түсіндірді.

  • Диффузиялық-осмостық теорияны жақтаушылар Де Фриз,Пфеффер, Майер өсімдіктің тамыры қоректік заттарды сумен бірге сорады деп түсіндіреді. Олардың пікірінше өсімдіктің қоректік заттарды сіңіруі транспирация құбылысына тікелей тәуелді. Шын мәнінде өсімдіктің қоректік заттарды қабылдауын тек қана бұл теориямен түсіндіру дұрыс емес.

  • XIX ғасырдың аяғында Овертон өсімдіктің қоректенуі жөнінде өзінің липоидтық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша өсімдік клеткасына оның цитоплазмасының липидтік компонентінде еріген заттар енеді. Липоидтық теорияның диффузиялық-осмостық теориядан айырмашылығы еріген заттардыжекелеп пайдалануы, химиялық реакция арқылы цитоплазманың сыртқы қабатында жүреді деп түсіндіруінде.

  • Ультрафильтрация теориясын ашқан Траубе мен Руланд цитоплазма қабықшасы арқылы қоректік заттардың клеткаға енуі оның (цитоплазма қабықшасы) тесіктерінің көлемі мен сол заттардың молекулаларының мөлшеріне байланысты деп дәлелдеді.Өсімдіктің амин қышқылдарын, фитин және кейбір жоғары молекулалы органикалық заттарды сіңіруін бұл теориямен түсіндіру мүмкін емес.

  • ХХ ғасырдың басында Дево өте сұйық ерітіндідегі катиондардың өсімдік клеткасымен жылдам байланысатынын анықтады. Бұл жағдай абсорбция теориясының пайда болуы мен дамуына әсерін тигізді. Дево өсімдік клеткасына енген катион эквивалентті мөлшерде оның құрамындағы басқа катиондарды ығыстратынын атап көрсетті. Бүл құбылыстың өзі ерітінді концентрациясы мен уақытқа байланысты өтеді. 1921-1928 жылдары Д.А. Сабинин клетканың заттарды бойына сіңіруі адсорбция реакциясы арқылы өтетіндігін анықтады. Д.А.Сабинин өсімдіктің қоректенуі жеке мүшелердің пайда болуы мен дамуының арасында байланыс бар екенін көрсетті.

Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі

  • Өсімдік күн энергиясын жапырақтағы хлорофилл пигментінің қатысуымен сіңіріп, оны химиялық энергияға айналдырады. Нәтижесінде азотсыз органикалық зат (глюкоза) және оттек пайда болады.

  • Фотосинтез реакциясының жиынтық теңдеуі

  • 6CO2 + 6H20 + 674*4.187→C6H12O6 +6 O2

  • Өсімдік фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген оттектің шамалы бөлігін тыныс алуға пайдаланады, ал көбі атмосфераға ұшып кетеді. Глюкоза күрделі көмірсулар мен ақуыз, май, органикалық қышқылдардың синтезделуіне қатысады. Фотосинтетикалық аппараттың қызметі өсімдік түріне, жапырақ жасына, күн сәулесінің құрамына, өсімдіктің азотпен қоректенуіне байланысты. Орташа есеппен жапырақ өзіне түсетін күн сәулесі спектрінің көрінетін бөлігінжегі энергияның 80-90%-ын және жарықтың жалпы энергиясының 50%-ын сіңіреді. Бұл сіңірілген энергияның 90%-ы транспирацияға және жапырақты қыздыруға, ал 1-5%-ые фотосинтез процесіне жұмсайды. Фотосинтезге хлорофилл сіңіретін қызыл және күлгін-көк сәулелер пайдаланылады. Бұл сәулелерді физиологиялық активті радиация-ФАР деп атайды.