- •4. Агрохимия үшін полимерлі үлдірлердің маңыздылығы, қолданылуын түсіндіріңіз
- •5.Топырақтың сіңіру қасиетін реттеуде полимерлі гидрогельдерді қолдану.
- •6.Гидрогельдердің түрлері мен алынуына тоқталыңыз
- •Полимерлі реагенттерді қолдану арқылы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру.
- •8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.
- •Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары
- •Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
- •12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
- •13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
- •15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.
- •Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.
- •Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
- •Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
- •Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
- •Детоксиканттардың негізгі түрлері, алу жолдары. Торфтан детоксикант алу технологиясы
- •Топырақ құнарлығына детоксиканттардың әсері қандай және қолдану қажет пе? Ауыр металдарды жоюдың басқа әдістері
- •25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
- •26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
- •27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
- •28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
- •29. Агрохимияда қолданылатын полимерлі материалдардың маңыздылығы мен қажеттілігі. Кемшіліктері бар ма?
- •30..Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары
Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
Қазіргі кезде агрохимияда синтетикалық жолмен алынған көптеген тыңайтқыштар кеңінен қолданылады. Олар өсімдіктердің өсуін тездеткенімен, олардың сапасын төмендетеді және топырақтың құнарлылығын бірте-бірте жояды. Сол себепті, қазіргі агрохимияның негізгі жұмыстарының бірі- табиғи органикалық тыңайтқыштар жасау.
Қара шірінді – топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар; гумус қышқылдарынан (гумин қышқылы және фульвоқышқылдар), гуминнен, т.б. заттардан тұрады. Топырақтан бөлінген гумин қышқылдарын құрғатқанда, одан қара қоңыр немесе қою түсті препарат алынады.
Топырақтың 90%-ы гумустың үлесіне тиеді.
Топырақ түзілуде Гумустың алатын орны ерекше. Ол өсімдіктер үшін қоректік заттар көзі ғана емес, топырақ құрылымын жақсартып, оның құнарлылығын арттырады.
Қазіргі кезде экологияның нашарлауы- топырақың құнарлылығының жойылын әеліп отыр. Сол себепті табиғи органикалық тыңайытқыштарды қолдану маңызды. Себебі, синтетикалық тыңайтқыштар өсімдіктің өсуіне бір жола жәрдемдеседі де, одан қалған қалдықтар топырақ құнарлылығын жояды. Гумусты тыңайтқыштарды органикалық қалдықтарды жаңбыр құрттарымен өңдеу арқылы алады. Осындай жолмен алынған тыңайтқыштардың бірі- биогумус. Ол:
Топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді;
Тұқымның өсуін, жемістің пісуін жылдамдатады;
Өсімдіктің жеміс беруін және сапасын жақсартады;
Экологиялық таза өнімді қамтамасыз етеді
11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
Гуминді заттар гумустың құрамында болады. Бұл- топырақта, торфта, көмірде жоғары молекулалы қосылыс. Олар қоректік элементтерді және энергияны жинақтайды, катиондардың алмасуына қатысады, улы заттардың кері әсерін төмендетеді, организмдердің дамуына және планетаның жылу тепе-теңдігін сақтауға ықпал жасайды.
Гуминді заттар гумин қышқылы, гумус түрінде көрсетілген.
Гумус қышқылдары- қара-қоңыр бояумен қаныққан азотқұрамды жоғары молекулалы оксикарбон қышқылдары.
Гумин қышқылдары – табиғи органикалық қосылыстардың күрделі қоспасы, өсімдік қалдықтарының ыдырауының және олардың гумификациялануының нәтижесінде түзіледі.
Химиялық құрылымы жағынан гуминдік заттар- жоғары молекулалы (молекулалық массасы – 1300-1500) фенолдық, карбоксильдік және ацетотоптары, жай эфирлі байланыстары бар конденсациялы ароматты қосылыс. Гумусты заттар ішінде гуминды қышқылдар медицинада көптеп қолданылады. Бұл заттың қолданылуының оның антиоксиданттылығында. Ол көптеген аурулардың пайда болуын тежейді. Қазіргі кезде СПИД ке қарсы дәрі шығарылуда осы гумин қышқылының қатысымен. Себебі ол аурудың пайда болуын тежейді.
12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
Организмде оксиданттар кез-келген электронмен химиялық реакцияға түседі. Тірі жасушалардың сыртқы қабатын бұзадып,тез қартаюға алып келеді. Генетикалық ақпараттардың орталығы ДНҚ-ны бұзады. Осыған байланысты гумусты заттарда антиоксиданттық қасиеттің болатындығы анықталып, дәрілік заттар алынған. Күшті әсері барантиоксиданттартар:Аскорбиновая кислота (витамин C),Витамин E, Альфа-липоевая кислота, Глютатион, Мелатонин, Витамин А, Биофлаваноидтар.
Антиоксиданттар әр түрлі типті қосылыстарға жатқандықтан олардың бөлу технологиялары да әр түрлі болады. Мысалы гумустік заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін ретинол дәрідегі А витаминін алсақ: Оның өсімдік шикізатынан бөлудің бірнеше жолы бар: Витамин А (ретинол)
Балаховский және Розенберг әдісі
Речевский әдісі
Коагуляциялық әдіс
Дрон және Манко әдісі
Солодкин әдісі, Зофрин әдісі
Линдквист-Рысаков әдісі
Ең ауқымды көп таралған әдіс коагуляциялық әдіс. Бұл әдіс бойынша А витаминін сәбізден алады. Ең бірінші сәбіз жуылып, одан кейін туралып, шырын алыну үшін жоғарғы қысымда пресстеледі. Алынғын шырынды қайнатып 80-90 С, оның pH мәнін 4-4,5 келтіреді. Бұл жағдайда каротин молекулалары белок молекулаларымен бірге тұнып коагуляция процесі жүреді. Алынғын белок және каротин натрий сульфатымен сусыздандырады. Алынған заттар қоспасын бензин немесе петролейн эфирімен экстракциялайды және вауумды жағдайда каротин молекуласын концентрлейді. 25-30 г литр мәніне жеткенде айдауды тоқтатып, қайта кристалдау арқылы каротин молекуласын бөліп алады. Витамин А FeSО4 пен қышқылдық ортада әрекеттесу нәтижесінде қызғылт түс түзілуі тиіс. Ретинол SbCl3 әрекеттесу кезінде көк түс пайда болады
Организмде антиоксиданттардың тінді қорғауының 4 кезеңі
1. Оксиданттардың түзілуін қадағалау.
2. ”Оксидант-бастамашыны” аулау ж/е оксиданттардың түзілуінің тізбектік реакциясын үзу.
3. Ұсталмаған оксиданттардың өндірген қалдықтарын қармау
4. Жасушаларды қалпына келтіру ж/е бос радикалдар қалдықтарын сыртқа шығару
