- •4. Агрохимия үшін полимерлі үлдірлердің маңыздылығы, қолданылуын түсіндіріңіз
- •5.Топырақтың сіңіру қасиетін реттеуде полимерлі гидрогельдерді қолдану.
- •6.Гидрогельдердің түрлері мен алынуына тоқталыңыз
- •Полимерлі реагенттерді қолдану арқылы минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру.
- •8. Тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі. Минералды тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, олардың топырақпен әрекеттесуі, қолдану ерекшеліктері.
- •Топырақтың органикалық бөлігі. Гумустық заттар. Гумин қышқылдары
- •Агрохимия үшін гумустық заттардың өндірісі және қолданылуы. Экологиялық жағдайға маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Гумусты заттардың медицинада қолданылу түсіндіріңіз, маңыздылық рөлін ашыңыз.
- •12. Гумусты заттардағы антиоксиданттық қасиет көрсететін дәрілік заттарға мысал келтіріңіз. Алу технологиясына тоқталыңыз.
- •13. Гумусты қышқылдардың негізінде алынған дәрілік заттардың маңыздылығын көрсетіңіз. Химиялық препарттардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихына шолу жасаңыз.
- •15, Өсімдіктердің ауа және тамыр арқылы қоректенуін салыстыра отырып түсіндіріңіз.
- •Мәдени өсімдіктер өнімділігін түзеудің негізгі жолдары арасындағы айырмашылықты анықтап, талдау жасаңыз.
- •Микротыңайтқыштардың экологиялық маңыздылығына сараптама жасаңыз. Гумустық заттардан микротыңайтқыштар алу технологиясы.
- •Агрохимия үшін микротыңайтқыштарды қолданылуының тиімдігін көрсетіңіз. Басқа тыңайтқыштардан артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталыңыз.
- •21. Медицинада қолданылатын магниттік сұйықтық.
- •Детоксиканттар дегеніміз не? Гуминдік заттар детоксиканттар ретінде
- •Детоксиканттардың негізгі түрлері, алу жолдары. Торфтан детоксикант алу технологиясы
- •Топырақ құнарлығына детоксиканттардың әсері қандай және қолдану қажет пе? Ауыр металдарды жоюдың басқа әдістері
- •25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
- •26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
- •27.Сорбенттерге жалпы сипаттама беріңіз ?
- •28. Агрохимияда топырақ сапасын зерттеу әдістері қандай?
- •29. Агрохимияда қолданылатын полимерлі материалдардың маңыздылығы мен қажеттілігі. Кемшіліктері бар ма?
- •30..Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары
25.Агрохимияда сорбенттердің қолданылуы, классификациясы?
Көптонналы микробиологиялық синтездің болашақтағы мақсаттарының бірі отын этанолды алу процессін жүзеге асыру болып табылады. Ашытқы клеткалары табиғатта көп кездеседі, ( жемістер, гүлдердің тәтті шірнесі, сүт өнімдері т.б) Оларды нан өндірісінде , шарап , сыра және этанол, глицеринді өндіру үшін қолданады. Сондықтан өндірістік өнімдердің өнімділігін жақсарту мақсатында активті көмір негізіндегі сорбенттерді қолдану тиімді. Активті көмір негізіндегі сорбенттер жоғары саңылаулығымен ,беріктілігімен ерекшеленеді. Арзан сорбенттерді алуда ауылшаруашылық қалдықтары, грек жаңғағының қабығы, күріш қауызы, жеміс дәндері, сары өрік негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыл шаруашылық қалдықтары негізінде алынған сорбенттер арзан, саңылаулығы және кеуектілігі жоғары, құрамында минералды қоспалар аз, қолайы болып келеді. Олар экологиялық жағынан таза және сорбциялық қасиеттері жақсы сорбенттер қатарына жатады.Осындай сорбенттерді өндірісте этанол өндіруде кеңінен қолдануға болады.Агрохимияда сорбентті күріш қауызынан, яғни ауыл шаруашылығы дақылының қалдығынан дайындайды. Бұдан кейін күріш қауызы ғылым тілінде сорбент болады.
Классификациясы:
Синтетикалық және табиғи материалдар негізінде. Көміртекті адсорбенттер ( белсендірілген көмір және таблеткалық тұрде , белсендірілген көмір талшықтары)
Силикагельдер
Цеолиттер
Алюмогелдер ( альма гель, маалокс)
Алюмосиликаты
Неорганикалық сорбенттер
Ионалмастырғыш материалдар
Органоминералдық және кешенді сорбентер
Сұйық абсорбенттер (су, май)
Органикалық синтетикалық және табиғи сорбенттер ( энтеродез,энтеросорб, полифепан, хитозан , целлюлоза, пектиндер)
26.Сорбенттер мен гумустық заттардың айрмашылығын түсіндіріңіз?
ГУМУС, қара шірінді – топырақ құрамындағы шіріп ыдыраған қара қоңыр түсті органикалық заттар; гумус қышқылдарынан (гумин қышқылы және фульвоқышқылдар), гуминнен, т.б. заттардан тұрады.Мөлшері, микроорганизмдер клеткасындағы ферменттер көмегімен қара қоңыр түсті зат – гумус қышқылдарына айнала алады. Топырақтың 90%-ы Гумустың үлесіне тиеді. Жер бетіндегі Гумустың қоры (2,4 – 2,5)•1012 т-дай. Табиғат аймақтарында тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының хим. құрамы әр түрлі болуына байланысты топырақтағы Гумустың құрамы да әр түрлі келеді. Топырақ түзілуде Гумустың алатын орны ерекше. Ол өсімдіктер үшін қоректік заттар көзі ғана емес, топырақ құрылымын жақсартып, оның құнарлылығын арттырады. Сондықтан егіншілікте қолданылатын барлық шаралар топырақтағы Гумус қорының артуына бағытталған. Ал сорбенттер - сіңіру, газдар немесе сұйық ортадағы ерітіндідегі заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге , соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат, бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат. Екеуінің айрмашылығы гумыстық заттар ол – органикалық топырақ ал сорбент сұйық немесе қатты зат. 1. Гумустық заттар суды жою әсерінен анағұрлым кішірейіп, өз эластикалығы мен ісінуге қабілетін сақтап қалады. Алайда белгілі бір ылғалдың төменгі бөлігіне дейін кептіргеннен кейін олар қайтымсыз жиырылып, суда ісіні қасиетінен айырылады. Сорбенттер ісінуін тоқтатпайд
2. Гумустық заттарда оң зарядталған (мысалы, амин, амид, пептид, имин топтары) функционалдық топтар мен теріс зарядталған (мысалы, карбоксил, метоксил, гидроксил - спирттік, фенолдық және гидроксихинондық, карбонилдік-альдегидтік, кетондық-хинондық) топтардың бар екендігін анықталған. Әртүрлі зарядталған функционалдық топтардың болуы гумустық заттардың амфотерлігін бейнелейді, яғни олар сілтілік әрі қышқыл ерітінділерді бейтараптай алады. Басқаша айтқанда, гумустық заттар-полиэлектролиттер. Сорбенттер сорбенттердің маңызды ерекшеліктерінің бірі – оларды әр түрлі өңдеу әдістерін қолдану арқылы модификациялау және белсендіру.
