Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-ні жалпы скери жарылары.практика нсауы 7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

2.Әскери қызмет өткеру тәртібі.

3.Әскери қызметшілердің құқықтары.

4.Мерзімді шақыру бойынша қызмет түрлері.

5.Келісім шарт негізіндегі қызмет түрлері.

6. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы.

7. Қаруды қолданудың немесе пайдалану.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Әскери қызметтің түрлері мен танысу мен талдаулар жасау.

2.Әскери қызмет өткеру тәртібі туралы талдаулар жасау.

3. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы деңгейіне талдау жасау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Әскери қызмет өткеру тәртібі жайлы бейне т.б материалдар жинақтау

2. Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануын тақырыбын толықтыру.

7. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі әскери қызмет өткеру тәртібі,әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын оқыту әдістемесі .

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

2. Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:" Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынас"

1.Жоспары:

1 Дара басшылық .

2.Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.Аға және кіші шенділер.

3.Бұйрық (өкім) оларды ,орындау және бақылау тәртібі.беру

4.Әскери қызметшілердің бастамашылығы.

5.Әскери әдеп және әскери қызметшілердің мінез құлықы туралы.

6. Әскери сәлемдесу. Оқыту әдістемесі.

2.Сабақтың мақсаты: Әскери бөлімдердегі дара басшылық, командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.Аға және кіші шенділердің қызметімен таныстыру.

3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметшілердің дара басшылығы бастықтар мен бағыныштылардың,аға және кіші шенділердің қызметі тәртібін үйрету.

1. Дара басшылық .

Дара басшылык Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру принциптерін, оларға басшылық ету әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас принциптерінің бірі болып табылады. Мүның мәні командирге (бастыққа) бағыныстыларына қатысты барлық құқықтардың берілуіне және оған әскери бөлімінің, бөлімшенің және әрбір әскери қызметшінің өмірі мен қызметінің барлық жақтары үшін мемлекет алдында дербес жауапкершіліктің жүктелуінде болып табылады.

Дара басшылық командирдің (бастықтың) ахуалды жан-жақты бағалай отырып, шешімдерді жеке-дара қабылдау, заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына қатаң сәйкестікте тиісті бұйрықтар беру және олардың орындалуын камтамасыз ету құқығынан көрінеді.

Бұйрықты талқылауға жол берілмейді, ал бұйрыққа бағынбау немесе басқадай орындамау әскери қылмыс болып табылады.

Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметшілер басқаларға қатысты бастықтар немесе бағыныстылар болуы мүмкін.

Бастықтың бағыныстыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзегс асыруға міндетгі. Бастық бағынысты үшін әдептілік пен ұстамдыдыктың үлгісі болуға тиіс. Бағыныстының адамдық кадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.

Бағынысты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.

Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттерінесәйкес бағыныстыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойьнша бастықтар болып табылады.