Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-ні жалпы скери жарылары.практика нсауы 7.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

2. Қрқк-рі әскери қызметкерлердің үлгілік лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтарының салыстырмалы кестесі,әскери бөлім нің(корабльдің) қызмет кітабы".

Тәртіптік ретпен қолданылған қамауды атқаруға келтірудің тәртібі.Оқыту әдістемесі

Гауптвахтада ұстай отырып қамау ықпал етудің ең соңғы шараларының бірі болып табылады және әскери кызметші өрескел теріс іс жасаған жағдайларда немесе командирдің (бастықтың) қабылдаған басқа шаралары дәрменсіз болған кезде қолданылады. Әскери антты қабылдамаған әскери қызмстшіге гауптвахтада ұстай отырып қамау қолданылмайды.

Өресксл тәртіптік теріс істердің тізбесі мен мерзімді әскери қызметтің сарбаздарын (матростарын), сержанттарын (старшиналарын), сондай-ак әскери кызметті келісім-шарт бойынша өткеруші прапорщиктерді (мичмандарды), офицерлерді гауптвахтада ұстай отырып қамауды атқаруға келтірудің тәртібі осы Жарғының 4-қосымшасында келтірілген.

Омырауға тағатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі белгісінен айыру тиісті тәртіптік билігі бар командирдің (бастықтың) жазбаша бұйрығымен жарияланады және сарбаздарға (матростарға) қатысты - әскери бөлімнің саптың алдында; сержанттарға (старшиналарға) қатысты - саптың алдында немесе сержанттардың (старшиналардың) кеңесінде келтіріледі.

Толық емес қызметтік сәйкестігі туралы ескерту әскери қызметші бірнеше рет өрескел теріс іс жасаған соң, өзге шаралар тәрбиелік рөл ойнамаған кезде, не өзінің салдарынан елеулі кінәраттарға алып барған кызметтік міндеттерді орындау кезіндегі іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін қолданылады.

Егер өзіне осы тәртіптік жаза қолданылған әскери қызметші жыл ішінде өзінің мінез-құлқын әскери борышты үлгілі орындаумен түземесе және жаза өзінің тәрбиелік рөлін атқармаса, ол белгіленген тәртіппен лауазымында төмендетуге немесе әскери қызметтен мерзімінен бұрын запаска босатуға ұсынылады.

Тәртіптік жаза - әскери атағын бір сатыға төмендету, төмен лауазымға көшіру - тәртіптік тиісті кұкығы бар командирдің (бастықтың) бұйрығында жарияланады.

Өзіне тәртіптік жаза - әскери атағын бір саты төмендету жазасы жариялану кезінде тиісті айырым белгілерінің ауыстыруға арналған уақыты белгіленеді. Погондарды жұлып тастауға, жапсырма белгілерді кесіп тастауға жәнс әскери қызметшінің жеке басын масқаралайтын басқа да іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Тәртіптік жазалар - қызметтік қамау немесе ақша қаражатын бір айға 25%-ға дейін кысқарту - әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери кызметшілерге және офицерлерге келісім-шарттың талаптарын бұзғаны үшін, әскери кызметшінің абыройына нұқсан келтіретін теріс іс жасағаны үшін және осы Жарғының 4-қосымшасында санамалап көрсетілген жағдайларда, командирдің (бастыктың) қабылдаған басқа шаралары әскери қызметшіге тиісті тәрбие ықпалын жасамаған кезде колданылады.

Жазалардың осы түрлерін қолдану туралы тиісті тәртіптік жазалар құқықтары бар командирлердің (бастықтың) жазбаша бұйрығымен жарияланады.

Қызметтік қамауға ұшыраған адам жазаны қызметте таңғы ұйкыдан тұрудан бастап кешкі ұйкыға жатуға дейін өтейді және өзінің қызметтік міндеттерін орындайды. Қызметке келгені және кеткені туралы өзінің тікелей бастығына баяндайды және бөлім бойьшша кезекшіге белгіленеді. Қамау күндерінде бұл адамдар тәуліктік нарядқа (қарауылға) тағайындалмайды.