Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РК-ні жалпы скери жарылары.практика нсауы 7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

4.Бақылау сұрақтары:

1. Сабаздар мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.

2. Көтермелеулер және оны қолдану тәртібі.

3. тәртіптік жазалар және оны қолдану.

4.Әскери қызметшіні лауазымынан оларды лауазымға тағайындау

5. Аға офицерлердің теріс қылықтарының талқылануы.

6. Әскери қызметшілерге лауазымынан уақытша шеттету.

7. Алдын алу мақсатында әскери қызметшілердің теріс қылықтары командирдің (бастықтың) шешімі.

5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде,тәртіптік жазалардың ережелерін,сарбаздар(матростар)мен (сержанттарға)(старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар туралы.

2. Әскери бөлімде командирлердің)бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға(старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығын,тәртіптік жазаларды қолдану ретін,тәртіптік жазаларды орындау тәртібін оқыту

7. Үй тапсырмасы:ҚРҚК-дегі әскери әскери бөлімде командирлердің)бастықтардың)өздеріне бағынышты сарбаздар(матростар)мен сержанттарға(старшиналарға) тәртіптік жазаларды қолдану құқығын,тәртіптік жазаларды қолдану ретін,тәртіптік жазаларды орындау тәртібін оқытуды қайталау.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007. 2.Т.Қарғабаев

3.Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас., Түркістан, 2007

4. Т.Қарғабаев, Гарнизондық қызметті ұйымдастыру. Түркістан, 2007.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

9 Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:" Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебін жүргізу"

1.Жоспары:

Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебін жүргізу.

1.Көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелері.

2.ҚРҚК-рі әскери қызметкерлердің үлгілік лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтарының салыстырмалы кестесі.

3.Әскери бөлім нің(корабльдің) қызмет кітабы.

4.Тәртіптік ретпен қолданылған қамауды атқаруға келтірудің тәртібі.Оқыту әдістемесі

2.Сабақтың мақсаты: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелер, тәртіптік ретпен қолданылған қамауды атқаруға келтірудің тәртібін түсіндіре жеткізу.

3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі Әскери бөлімдерде көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелерінің маңызын түсіндір жеткізу

1.Көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелері.

Көтермелеу мен тәртіптік жазалардың есебі барлық бөлімшелер мен әскери бөлімдерде жүргізіледі.

Жарғыда көзделген барлық көтермелеу мен тәртіптік жазалар, оның ішінде командирдің (бастықтың) бөлімшенің (команданын), әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамына жариялаған көтермелеулері қызмет кәртішкесіне (3-қосымша) жеті күндік мерзімнен кешіктірілмей жазылады.

Әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алу кезінде қызметтік кәртішкесіндегі «Жазалар» деген бөлімнің тиісті бағанына жазаның қашан және оны кімнің алып тастағаны туралы белгі жасалады.

Егер әскери қызметшіге қолданылған тәртіптік жаза бір жыл ішіндс алынбаған болса және ол бұл кезенде басқа теріс әрекет жасамаса, «Жазалар» деген бөлімнің тиісті бағанына мерзімі өтуіне байланысты жазаның алынып тасталғандығы туралы белгі жасалады.

Қызметтік кәртішкелер:

а)ротада - сарбаздар мен сержанттарға;

б)әскери бөлімнін штабында - әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери кызметшілерге, прапоршиктер (мичмандар) мен офицерлерге;

в)1 және 2-рангідегі корабльдерде: матростар мен старшиналарға әскери бөлімшелерде, қызметте және жекелеген командаларда; әскери қызметті келісім-шарт бойыиша өткеруші әскери қызметшілерге, мичмандар мен офицерлерге - корабль командирінің көмекшісі;

г)3-рангідегі корабльде – корабльдің көмскшісі корабльдің бүкіл жеке құрамына;

д)4-рангідегі корабльде – басқармада бүкіл жеке құрамға жүргізіледі.

Әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлеріне, сондай-ақ жоғары офицерлерге арналған қызметтік кәртішкелер жоғарыда тұрған штабтарда жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызметтің әскери кызметшілеріне арналған қызметтік кәртішкесіндегі әрбір жазбаны рота (тиісті бөлімшенің) командирі куәландыруы тиіс.

Әскери кызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілерге, прапорщиктер (мичмандар) мен офицерлерге арналған қызметтік кәртішкедегі жазбаны әскери бөлімнің штаб бастығы (корабль командирінің көмекшісі, 4-рангідегі корабльдің командирі), ал әскери бөлімдердің, кұрамалардың командирлері мен жоғары офицерлерге арналғандарды - жоғарыда тұрған штабтың бастығы растайды.

Батальондардың, полктердің, корабльдердің командирлері мен оларға теңестірілгендер тәртіптік практиканың қолданылуының (көтермелеулер мен қолданылған жазалардың) дұрыстығын тексеру мақсатында қызмет кәртішкелерін мерзім сайын қарап отыруға міндетті. Әрбір әскери қызметші жылына бір рет, сондай-ақ жылжытылуы немесе жаңа кызмет орнына ауыстырылуы кезеңінде өзінің қызмет кәртішкесімен қолын коя отырып танысуы тиіс.