- •3.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •3. Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы (2014ж 11 қараша)
- •– Билет
- •2. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жолдарында
- •3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •3. 1954-62Жж. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
3. 1954-62Жж. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
1954-55жж ресейлік және украиндық 650 000 тың игеруші келіп қоныстанды. Оның 150 000 механизаторлар. Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1млрд.100 млн. – 1млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді . Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады . 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд. Сом жұмсалды . 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн. –ға жуық тыңгерлер көшіп келді. 1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі : КСРО-да 13.4 млн.га , Қ-нда -6.5 млн. га .1954 жылғы 13 тамыз –“Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы ” қаулы қабылданды . 1956 жылғы егістік көлемі 28-30 млн. га. ға. Жеткізу міндеті қойылды . 1955 жылы жоспардағы 7.5 млн. орнына 9.4 млн . га жер жыртылды Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар келді . 1954 жылы көктем Қ-н тыңында 120- дан совхоз құрылды. 1954 жыл- тың жер астықтың жалпы түсімінің 40% -дан астамын берді . Тың игеру жылдары Қ-нда 25 млн. га жер жыртылды .
Нәтижесінде:
Жем шөп жайылымдық жерлер азайды. Мал саны азайды. Жер эрозияға ұшырады.
1951 жылы 330 мың ірі қара, 3,2 млн қой ешкі, 89 мың жылқы, 64 мың шошқа шығын болды. Ет, сүт өнімі азайды.
1956 жылы 1 млд пұт астық қар астында қалды. 1954-62жж 2млн адам сырттан келіп, қоныстанды. 1897 ж қазақ саны 85% болса, 1962. жылы 29% болды.
