- •3.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •3. Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы (2014ж 11 қараша)
- •– Билет
- •2. Қазақстан жаңа экономикалық саясат жолдарында
- •3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •3. 1954-62Жж. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
3. Қр президенті н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы (2014ж 11 қараша)
Президент Жолдауының нақтылығы мен ширақтығы, қаржылық мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар берілді. Соның ішінде қаражат елдің экономикасы мен халықтың әл-қуатын арттыруға ғана жұмсалуы керектігі дұрыс айтылды. Бізде барлық бағдарламалар әрбір жылға бөлінген және оның жыл сайынғы атқарылатын көлемі мен оған бөлінетін қаражат та нақтыланып отыр. Әрбір әкім, әрбір министр оның қайда, қалай жұмсалатынын біледі. Сондықтан да әлдеқандай бұра тартушылыққа жол берілмеуі керек. Өкінішке қарай, осы күнге дейін мұндай қатаң талап болмағандықтан, бюджет қаражаты оңды-солды шашылып келді. Жолдауда мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд., жолдар салуға 70 млрд. теңге бөлінетіні нақ осындай ойларға жетелейді емес пе? Астанадан тарам-тарам жолдардың басталуы – жүректен шыққан тамырларының бейнесіндей болады деген образ да халыққа жақсы әсер етуі мүмкін. Бұл жол шын мәнінде бәріне өмір беретін, жақсы тұрмысқа жеткізетін жолдар болмақ. Оған жолдарды салу барысында жаңадан 200 мыңдай жұмыс орындары ашылады деген сөз де дәлел емес пе? Сондықтан бұл Жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сеніміміз зор.
– Билет
1. XVI – XVIII ғғ қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті Қазақ халқының тіршілік - тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. XVI -XVIII ғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарихи-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.
