Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тгу лекция қысқартылған - копия1111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.89 Кб
Скачать

5.2 Мемлекеттік басќару әдістері жайлы түсінік

Ғылыми терминологияда, ќұќыќ салаларында және кейбір нормаларда әдіс деген ұѓым кең маѓынада ќолданылады. Мемлекеттік басќару ќызметінде де ол кеңінен ќолданыс тапќан. Әкімшілік ќұќыќтыќ реттеу саласында, ең бірінші кезекте мемлекеттік басќару саласында, сонымен ќатар мемлекеттік ќызметшілер ќатынасында әдістің маңызын аныќтау басты мәселеге жатады. Әкімшілік ќұќыќ субъектілерінің ќызмет: әлеуметтік ортада жүргізіледі және ќұќыќтыќ, нормаларда; көрсетілген өздерінің мазмұнына ќарай әлеумепік сипатќа ие болады.

Ќандай болмасын әлеуметтік ќызметте әрбір ќатысушы өзінің еркін келесі ќатысушыѓа білдіреді. Сондыќтан әкімшілік ќұќыќтың субъектілерінің ќызметі туралы айтќандыќтан, бұл жердс олар тарапынан әлеуметтік ќуќыќтыќ ќатынастың басќа ќатысушыларына өздерінің еркін білдіруін айтамыз. Бұл жаәдайда әдіс әкімшілік ќұќыќтың субьектілерінің арасын байланыстыратын кұралѓа айналады.

Біраќ әдіс әкімшілік ќұќыќтың субъектілерінің еркін басќа ќатысушыларѓа білдіру десек ол жалпы ережеге сәйкес келетін еді, ал әдіс ќатысушылардың еркін ѓана білдіріп ќоймайды, сонымен ќатар сол ерік білдірудің сипатына жатады. Демек, әкімшілік ќұќыќ субъектілерінің әдісі дегенімізге ќызметке ќатысушьшардың біреуінің екіншісіне езінің еркін білдіру сипаты жатады,

Басқару теориясының және методолгиялық негізінің кешенді сипаты

саяси әлеуметтік және саяси құқықтық өмірді зерттеудің объективтік және субъективтік, әлеуметтік, социологиялық және жалпы ғылыми, теориялық, эмпирикалық әдістердің жиынтығын анықтайды. Объективті әдіс зерттелуші объектіні мемлекет пен оның қызметін қандай да бір көзқарас тұрғысынан бағалауды қажетсінбейтін, тарихи қажетті процесс ретінде сырттай бақылап, өзгеріссіз қабылдауды білдіреді. Субъективті әдіс объектіні адамдардың өздері ұйымдастырған саяси әлеуметтік, экономикалық және басқа да өмірлері ретінде қарастыруды ұйғарады.

Субъективті әдістерге мемлекеттік институттардың басқарушылық

қызметтеріне қатысты қоғамдық пікірді зерделеудің әр түрлі социологиялық әдістерін, басқарушылық эксперимент әдістерін, басқару образын қалыптастыратын нормативтік басқарушылық модельдерді әзірлеу тәсілдерінің жиынтығын жатқызуға болады. Эксперимент нақты ғылыми тұжырымдамалар мен теориялық ұсыныстардың негізделуі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру әдісі.

8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру

1. Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi

2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi

3. Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi

1.Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi

Ақпараттық технологияларды дамыту тұрғысында және қоғам мен экономикаға деген ақпараттық-үрдiстердiң ықпалын күшейту, берiлген оқиғаны қамтитын теориялық тұжырымдаманы қайта қарауға және қайта мағынасын ұсынуға әкелiп соғады. Постиндустриялды қоғамның (Д.Рисмен, Д.Бэлл) және жаңа индустриалды қоғамның пiкiрi (Дж.Гэлбрейт) бiрте-бiрте жүйелiк қоғам мен ақпараттық қоғам тұжырымдамасына қарай жаңарып отырды.

Қазiргi қоғамды талдайтын теориялық амалды сипаттай отырып, алдымен "ақпарат" және "бiлiм" ұғымдары арасындағы ерекшелiктерге көңiл аудару керек. Бұл ерекшелiк Дж.Ходжсон арқылы мынадай мағынада түсiндiрiледi: Ақпарат-белгiлi бiр мағынасы бар мәлiметтер жиынтығы. Ал бiлiм - ақпаратты қолдану өнiмi.

Ақпараттанғандық - осы экономикадағы өнiмдiлiк және бәсекелестiк мүмкiндiк тудыратын себептер не қозғаушы күштер, бiрiншi кезекте, бiлiмге негiзделген ақпаратты өңдеу, тиiмдi қолдану және оларды тарату мүмкiндiгiне тәуелiд. Жаһандандыру-экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi өндiрiс, тұтыну және тауар мен табыс айналымы, сондай-ақ оларды құрайтын (кпаитал, еңбек, өнiм, басқару, ақпарат, технология, нарық) экономикалық себептермен байланысты тармақталған жүйенi тiкелей үздiксiз қолдану жаһандандыру көлемiнде ұйымдастырылуда.

Америка әлеуметтанушысы Р.Кроуфорд "бiлiм" және "ақпарат" ұғымын ажырата отырып, былай деп жазды: "Бiлiм-қызметтiң нақты түрiне ақпаратты қолдану мүмкiндiгi".

Француз экономисi Ж.Сапир ақпаратты былай деп есептейдi "хабарландырудан үзiндi ретiнде алып пайдаланылған, нақты бiлiмге қосылған кез-келген мәлiмет". Және әрi қарай:"Ақпарат ұйымның тапсырмасын орындаушының қолына тимегендiктен, оны атуып алу мүмкiндiгi өңдеудiң маңыздылығына жол бередi. Бiлiмдi ақпаратқа қатысты түсiндiргенде орта жағдайы туралы ұсыныс жиынтығы деуге болады. Олай болса, "ақпарат экономикасынан" "бiлiм экономикасына" көшу керек".

Ресей экономисi В.Иноземцев қазiргi шаруашылық жүйесi қатысында "бiлiм экономикасы" терминiн қолданып, "қоғамның маңызды өндiрiстiк ресурсын дұрыс мәнiнде қатысты ақпараттан немесе өндiрiс және технологиялық процестердiң мәлiметтер жиынына, адамзаттың санасынан тыс ақпаратты меңгеруiнен тұрады" деп көрсетедi.

Постиндустриалды теория аясында авторлар қатары жаңа технологиялық өркендеуден туындаған белгi сипатына көңiл аудартады, әрi постриндустриалды теорияны жақтаушылар ақпараттық технологияны мысалға алып, болып жатқан технологиялық өзгерiстердiң мәнiн көрсетедi.

В.Иноземцев қазiргi постиндустриалды қоғамның негiзгi үш белгiсiн бөлiп көрсетедi.

1)ақпараттық игiлiктi тұтыну құрылымында игеру бойынша экономикалық өсудiң шектеу қорын жойды;

2)тұрғындардың көп бөлiгiн жоғары технологиялық тауар өндiрiсi мен қызметiне және өнеркәсiп өнiмiн өндiретiн елдерге деген тәуелдiлiктi төмендету салдарына елiктiру;

3)экономикалық өсудiң жаңа сапасының ең тиiмдi жинақ түрi, адамдардың өз мүмкiндiктерiн дамыту, ал ең табысты инвестиция-адамдардың инвестициясы.

Американдық экономист В.Мартин ақпараттық қоғамды : "…өмiр сапасы, әлеуметтiк өзгерiс мүмкiндiгi және экономикалық дамуды көп дәрежеде ақпаратқа, оны қолдануға тәуелдi қоғам" деп қарастырады. л әрi қарай аппараттық қоғамның бес критерийлерiн келтiредi:

1)экономикалық, ақпараттық бөлiмiн В.Мартиннiң қарастыруы бойынша, бiрiншiден, ақпараттық қоғамға қарай қозғалыс ретiнде, ал екiншiден, қазiргi экономикалық өмiрдiң құрамды бөлiгi ретiнде;

2)технологиялық: берiлген критерий жеке адамның барлық iс-әрекетiне қаншалықты технология енгiзiлетiнiн көрсетедi;

3)әлеуметтiк: жеке адамдардың әлеуметтiк iс-әрекетi ақпараттық технология әсерiнен өзгередi;

4)саяси: қатардағы азаматтар басқаруға тiкелей қатыса алатын жаһандық жиын өткiзудiң өзiндiк түрiн қалыптастыруда;

5)мәдени: ғаламдық көлемде мәдениеттiң өзара әрекетi мен өзара араласуы болады.

Қазiргi уақытта мемлекеттi басқару мақсатында елеулi мәнге ие болған ең жан жақты ақпарат: саяси экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық. Әлемдiк нарықтың аясы мен экономикалық қызметтiң көлемi ұлғаюда, ақша мен iске асатын бөлiм мәнi өсуде және осы кезде ұзақ мерзiмдi, сондай-ақ, қысқа мерзiмдi жоспардағы шешiмдi қабылдау үшiн, көлемi өсiп келе жатқан әр алуан ақпаратты қабылдауға үнемi рұқсат керек болады. Тез дамып келе жатқан әлемдiк ақпарат технологиясының нарығымен бiрге халықаралық ақпарат нарығы да өсуде, ал ақпарат үнемi жаңартуды қажет ететiн, қымбат тұратын құнды тауар болмақ.