- •2.2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
- •2.3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •3 Тақырып. Мемлекетті басқарудағы жүйелі тәсіл
- •1. Жүйенің жалпы теориясы
- •2.Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
- •3.Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
- •4.Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары
- •5.Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
- •6.Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
- •4.1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар бұтағы
- •4.2. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4.3. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5.1. Мемлекеттік басқару қағидалары.
- •5.2 Мемлекеттік басќару әдістері жайлы түсінік
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру
- •1.Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi
- •2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
- •1.3.Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi
2.Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе сөзі көптеген элменттерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс- пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін) экономикалық жүйе деп ұғуға болады».
Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негігі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдыққа пайда болды деуге болады, әйтсе де, ХVІІІ және ХІХ ғасырыларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:
бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақытыланады. Қызметтік ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағадарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;
екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;
үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде тәуелсіз сараптама қолданылады.).
3.Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі тән. Басқару процесі көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенін қамтиды әрі объенктивті және субъективті факторлар жиынтығының әрекетімен анықталады.
Басқару процесінде объективті мен субъективтінің арақатынасы «анықтаушы» және «шешуші» ұғымдар арқылы анықталуы мүмкін. Оның өзіңде де, «анықтаушы» құбылыстың қажетті шарты ретінде болғанда ғана анықталмақ.
Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалар мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы өндірістің негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.
Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.
Қоғамдық өндірістің басқару объектісіне барлық халық шаруашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.
Халық шаруашылығының басқару объектісіне саналы түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.
Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру процесініі объектісіне ие.
Өндірісіті басқару объектісі – бұл ел территориясына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру әлдеқайда тиімді территориялық кешендерді құру.
Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды бейөндірісітік салалар алады – ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет.
Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлердің ұжымы жатады.
Осылайша, кең мағынасында барлық өндіріс басқару объектілері деп саналады.
Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді.
Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады.
Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып көрсету қажет: өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; әділ сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары.
Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді:
билік органдары (өкілдікті органдар);
мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік комитеттер, министрліктер.
