- •2.2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
- •2.3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •3 Тақырып. Мемлекетті басқарудағы жүйелі тәсіл
- •1. Жүйенің жалпы теориясы
- •2.Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
- •3.Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
- •4.Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары
- •5.Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
- •6.Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
- •4.1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар бұтағы
- •4.2. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4.3. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5.1. Мемлекеттік басқару қағидалары.
- •5.2 Мемлекеттік басќару әдістері жайлы түсінік
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру
- •1.Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi
- •2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
- •1.3.Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi
Тақырып 2. Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
Дәріс жоспары:
1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
2.1Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде Басқарушылық тәжірибеде басқарушылық қызметті жүзеге асыру негізгі 2 бағытта дамыды: 1) Мемлекеттік басқару; 2) Қоғамдық басқару. Олар өте тығыз байланысады, бірін-бірі толықтырады және бірегей басқарушылық «қалыпқа келтіруді» құрайды, әлеуметтік жүйені толығы мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік басқарудың маңыздылығы әлеуметтік рөлі мен қоғамдағы мемлекеттің орнынан бастау алады. Тек қана қоғамдық өмірдің қайта құруда экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар, әлеуметтік процестердің кешенін жалпы реттеуде, мемлекеттің алатын орны зор. Мемлекет экономика салаларымен, әлеуметтік қабаттар және жалпы қоғам масштабында әкімшілік-саяси құрылыс арқылы басқаруды қамтамасыз етеді. Азаматтардың қоғамдық бірігуінде басқару, осы ұйымның масштабымен шектеледі. Мемлекет (оның мекемелері орнында) көптеген және күрделі қоғамдағы қызметтерді атқарады, соған байланысты әлеуметтік жүйені басқару оның жүрегі болып саналады.
Үкіметтің қамқорлығымен өндірілетін ұлттық өнімнің көлемін, мемлекеттік инвестициялардың меншікті салмағы мен абсолюттік өлшемдерін, білім мен ғылыми зерттеулерді, халықтың, жоқ-жітік топтарына әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтауды және сол сияқты дұрыстығын анықтау мүмкін. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау, жұмысшылардың еңбегі мен денсаулығын қорғау, тұтынушылардың мүдделерін қорғау, экономиканың белгілі салаларында баға белгілеу үшін бақылау мен бос жұмыс орындарына бірден кіргізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекет шараларының пайдалы коэффициент әсерін өлшеу мен нақты анықтау күмәнді. Бір жағынан, мемлекет құқықтық нормалардың және «ресми (заңды) зорлық-зомбылық» пайдаланудың көмегімен елге қажетті тәртіп белгілейді және қуаттайды. Екінші жағынан, ол өзі қоғамға бағынады, қоғамға қызмет көрсетеді, қоғаммен сайланады. Басқаша айтқанда, кез келген қоғамда қоғам мен мемлекет арасында пайда болатын өзара іс-қимыл болады, оның сапасы мен деңгейі басқару саласындағы саясаттың тиімділігімен анықталады. Қоғам мемлекетке тәуелді, онсыз екеуі де өзінің тиімді қалыптасуына, ал экономика азды-көпті тұрақты пайдасына кепілдік бере алмайды.
2.2. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субектісі—мемлекет, ал объектісі—қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет: субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретінде мемлекетт қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-қүқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік қүрылымдарының өкілдерін сайлау жэне референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.
2.3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
Мемлекеттік басқару – көптеген әр түрлі функцияларды орындауға талапталған күрделі институт. Ол мемлекеттік-әкімшілдік, мәдени-әлеуметтік және өндірістік құбылыстарды, сонымен бірге табиғи, экономикалық, техникалық және басқадай құбылыстарды қамтиды. Көптен көп, қазіргі жоғары дамыған қоғамдарда басқарудың көп деңгейінің жүйесі құрылады, оған жататындар: 1)дәстүрлі адамдық қатынастар (жанұя); 2)кәсіпшілдік қатынастар; 3)нарықтық (бәсекелестік) қатынастар; 4)мемлекеттік реттеу; 5)идеологиялық қатынастар мен жаппай ақпараттық құралдар.
Осының барлығын есептегеннің қажеттісі, мемлекеттік басқарудың әр түрлі органдарының тік және көлденең өзара қатынастарының сипатын анықтайтын үйлесімдері, құрылымдық кепілдері көптеген оъективтік және субъективтік факторлармен ескеріледі. Сондықтан таңданатыны жоқ, өйткені әр түрлі мемлекеттерде олар өзіндік өзгешеліктерімен болады. Мемлекеттік басқару жүйесіне мемлекеттік биліктің басқару түрін, қызметін, құрылымын және басқадай өлшемдерін таңдау елеулі әсерін тигізеді. Басқару түрінен және оның қызметіне әжептәуір дәрежеде әртүрлі мемлекеттік органдардың тиімді қызмет істеуі байланысты болады.
Қазіргі жағдайда сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының қызметінің күрделілігі мен құқықтық реттеу көлемі, оған сәйкес жекеленген лауазымды адамдар мен әкімшілдік мекемелердің жазылған құқықтық нормалардың бұзылуының саны өседі. Саяси плюрализм ұсынылатын шаралардың тиімділігін күшейте отырып, қабылданатын шешімдердің сипатына әсер етеді. Ол әртүрлі түрдегі ықпалды мүдделі топтардың саяси әсерін күшейтуге әкеліп соғады.
Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады.
Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:
елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі
бағыттарын жоспарлау мен даярлау;
адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе
ұйымдастыру;
қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;
еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;
ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;
барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;
әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.
