- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына келтіріп қайта өңдеуге бейімделген ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өңдеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстарды алдын алу әдістері мен техникалық құралдардың жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық техника – криминалистикадағы алғашқы пайда болған түсінік, оның құрылу кезіндегі негізгі ғылым.
Криминалистикалық техника термині, біріншіден – криминалистика ғылымының бір бөлімін, ал екіншіден – техникалық құралдардың жиынтығын білдіреді, яғни құрылғылар, аппараттар, құралдар, сот өндірісіндегі дәлелдемелерді зерттеу мен жинауға қажетті басқа да құралдар.
Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне – қылмыскерлердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөнінде мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады.
Криминалистикалық техниканың қарастыратын мәселелерінің көптігіне байланысты оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады.
Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді шешедi:
- жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар;
- криминалистикалық техниканы дамыту.
Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелері қарастырылады:
- қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығы;
- олар дәлел болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығы;
- бұл дәлелдерді, қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен алуға болатындығы. Мысалы, қылмыс ісіндегі саусақтың қалдырған ізін криминалистер XX-ғасырда ұнтақтың көмегімен табуға болатынын, оны дактопленкаға бекітіп, бирка жасап, сол пленканы алуға болатынын анықтаған;
- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен зерттелетіндігін қарастырады, бірақ көбінесе бұл мәселені экспертология шешеді;
- қылмыс ісі жайлы, қолданылған қару жайлы, қылмыскерлер жайлы, қалдырылған іздері жайлы және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығы;
- қандай техникалық құралдар қылмыс жасауға кедергі жасай алатындығы.
Аталған мәселелер арнайы болып табылады, ал осылардың әрқайсысында нақты мәселелер бар және әлі де бола береді.
Яғни бұл нақты мәселелер нысанның түрлеріне, қылмыс іздеріне байланысты болады – атылатын немесе суық қару, қолдың немесе автокөліктің іздері және т.с.с.
Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен қажетті жекеленген іздерді немесе оларға қатысты объектілердің түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді қалдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері идентификацияның көмегімен шешіледі.
Криминалистикалық техника идентификациямен тығыз байланысатын басқа да идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) мәселелерді шешеді. Олардың қатарына іздердің пайда болу механизмін анықтау жатады. Бұзу іздері арқылы іздердің пайда болу механизмі, құралдардың қозғалыс бағыты, бөгет пен қарым-қатынасқа түсу бұрышы, басу күші және т.б. анықталады.
Кей жағдайларда іздің пайда болу механизмі туралы мәселе тергеу барысында өзіндік мағынаға ие болады. Әсіресе, іздің пайда болу жағдайлары: із қалдырушы объектінің әсер ету бағыты, күші, ара-қашықтығы, жылдамдығы, іздердің пайда болу уақыты мен кезектілігі (мысалы: ату ара қашықтығы мен бағыты, жәбірленушіге жарақат салудың кезектілігі, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы мен бағыты). Сонымен қатар, із қалдырушыларды зерттеу механизмі кейде іздің қалыптасуына әсер ететін тікелей себепті әрекетті анықтау мәселелерін де қарастырады, мысалы: әйнектегі ойық тас лақтырудан ба, әлде оқтан пайда болды ма; киімдегі зақым жыртылудан, әлде кесуден пайда болды ма; аңшы қару оқпанының жарылуы себебі неде және т.б.
Жоғарыда көрсетілген криминалистикалық техниканың қарастыратын негізгі мәселелерін келесідей бөліп көрсетуге болады:
1. Идентификациялық:
а) жеке тепе-теңдігін анықтау (идентификация);
ә) объектілердің қай топқа жататындығын анықтау.
2. Идентификациялық емес:
а) қылмыстың материалдық іздерін анықтау, бекіту және алу;
ә) іздердің пайда болуына әкеп соққан әрекеттердің жағдайын, механизмін, себептерін анықтау және т.б.
Қарастырылған мәселелерді шешу мақсатында криминалистикалық техниканың әдістерін тергеуші, маман, сарапшы қолдана алады. Бұл криминалистикалық техниканың тұтастығын көрсетеді. Сондықтан тергеу және сараптамалық криминалистикалық техниканы жеке ғылыми пән ретінде қарастырып өңдеуді талап ететін немесе криминалистикалық сараптаманы криминалистикадан бөліп қарастырғысы келетін авторлармен келісе алмаймыз.
Бірақ та, бір жағынан, тергеуші мен маманның криминалистикалық техниканы қолдану, екінші жағынан сарапшының криминалистикалық техниканы қолдану ерекшелігін ескерген жөн.
Сонымен, криминалистика ғылымындағы криминалистикалық техника бөлімі өте маңызды бөлім.
Криминалистикалық техника қылмысты тергеу мақсатында нақты жаратылыс және техникалық ғылымдарды пайдалану негізінде қалыптасып пайда болған. Олар, қылмыстық сот өндірісі мәселелерін шешу мен заттай дәлелдемелерді зерттеуге бейімделген – физика, биология, химия, математика және басқа да ғылымдарының әдістерін қолданудан тұрады. Сонымен қатар, криминалистиканың өзінің жеке қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдері мен техникалық құралдары бар. Криминалистика ілімі шеңберінде қылмысты алдын алу мен тергеуге арнайы бейімделіп жасалған нақты (жаратылыс) және техникалық ғылым әдістерінің жиынтығы қалыптасқан.
Заттай дәлелдемелермен жұмыс жасау және оларды зерттеудің жеке типтік мәселелерін шешуге бағытталған әдістемелік жүйенің күрделілік деңгейіне байланысты әртүрлі техникалық әдістер қолданылады. Мысалы: құжаттарды қарау кезінде жарықты қиғашынан түсіру арқылы жарықтандыру әдісін қолдануға болады.
Тергеу әрекетінің жүйесіндегі техникалық тәсілдер тактикалық әдістермен тығыз байланысты. Олар тергеу әрекеті құрамындағы қылмысты тергеу мен оны ашу мақсатында қолданылады. Ұрлық болған жерден қолдың көрінбейтін іздерін табу мәселесін шешу үшін, ұрлық болған жердегі қылмыскердің әрекетінің мазмұны мен оны жасау кезектілігін алдын ала анықтап, объектіні бұзу механизмін модельдеу қажет. Бұларды анықтамай із жеткізушілерді (тасымалдаушыларды) табу мүмкін емес. Тергеу және сараптама қызметіндегі қолданылатын техникалық тәсілдер сонымен бірге криминалистикалық әдістемеден де көрініс табады. Олар нақты сараптамалық немесе тергеу мәселелерін шешуге арналған.
Криминалистикалық техниканың ерекшелік сипаты – оның заңға сәйкес қолдануы болып табылады.
Криминалистикалық техника заңда көрсетілген тергеу әрекеттерінде қолданылады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған – қарау, тінту және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, өлшеу, үлгі алу, қалып жасау және т.б.) кезінде қолданылады.
Тергеу әрекеті барысында қолданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі қажет. Қарау хаттамасында қандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол қандай нүктеден және қандай әдіспен түсірілгендігі нақты көрсетілуі тиіс.
Егер криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сақтамай қолданылған жағдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады.
Криминалистикалық техниканың әдістері қылмыстық процесс шегінен тыс, басқа да, атап айтқанда – анықтама органының жедел-іздестіру қызметі кезінде, сондай-ақ, қылмысты алдын алу шараларын жүргізуде де қолданылады.
Криминалистикада ғылым мен техниканың жетістіктері кеңінен қолданылуы криминалистикалық техниканың дамуына әкеліп, қазіргі кезде келесідей негізгі салалары қалыптасқан:
криминалистикалық техниканың жалпы ережелері;
криминалистикалық фотография, дыбыс және бейнежазба;
трасология (іздер жөніндегі ілім);
криминалистикалық баллистика;
криминалистикалық қолжазбатану және автортану;
құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу;
суық қаруды криминалистикалық зерттеу;
криминалистикалық жарылыстану;
заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу;
одорология;
фоноскопия;
адамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру;
криминалистикалық тіркеу және есепке алу.
Криминалистикалық техника әдістерімен зерттелетін: іздер, атыс қарулары, құжаттар және басқа да заттай дәлелдемелер – жоғарыда аталған сала тізімдері криминалистикалық техниканың жүйесі негізінде қағидалардан тұрады.
Криминалистикалық техниканы әдіс бойынша жүйелендіру мен мамандандыру, оны кеңінен өңдеп жетілдіруді қажет етеді.
Криминалистикалық техниканы тағайындау әдістерін келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдері. Бұл әдістемелердің тобы дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде үлкен мағынаға ие болады, мысалы: қылмыс болған жерден қолдың, аяқтың, көлік құралының, атыс құралының іздерін, өзге де объектілер мен жерлерден микроіздер және бөлшектерді табу мен алу тәсілдері.
2. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістері мен тәсілдері. Бұл әдістер тобын тергеуші мен маман тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданулары мүмкін, бірақ негізінен криминалистикклық сараптама жүргізу кезінде заттай дәлелдемелерді лабораториялық зерттеу үшін арналған. Олардың қатарына адамдарды, жануарларды, бұзу құралдарын, ату қаруын, заттардың шығу тегін және т.б. идентификациялау әдісі жатады.
Криминалистикалық техниканың әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топқа жататындығы бойынша жүйеленеді. Атап айтқанда: а) физикалық; ә) химиялық; б) физика-химиялық; в) ботаникалық; г) физиологиялық; д) математикалық; е) логикалық; ж) биологиялық.
Криминалистикалық техника жалпы ғылым, сондай-ақ арнайы әдіс ретінде қолданылады. Ғылым бөлімі ретінде криминалистикалық техника жеке техникалық құралдар мен криминалистикалық техника әдісі мен тәсілдерін қамтиды. Табиғи және техникалық ғылымның криминалистикалық жағдайдың интеграциясы, нақты техникалық құралдардың күрделігі, сондай-ақ күрделі технологиялық операцияларды қолдану әдістерінің өрлеуі мен дамуы тек қана криминалистикалық техниканы айтып қана қоймайды, сонымен қатар технологияны да атап өту керек, әсіресе бұл әртүрлі қылмысты зерттеу кезіндегі әдіс тактикамен, техникамен байланысты сұрақтарды шешкенде көрінеді.
Криминалистикалық техниканың құралы, әдісі мен тәсілінің қайнар көзі мен қылмыстық сот өндірісіне қажеттілік қабілетінің дәрежесіне байланысты үш топқа бөлінеді: бірінші, басқа ғылым мен техникаға байланысты және бейнеленбеген түрде қолданылатын құралдар, әдіс пен тәсілдер құрайды. Бұларға мысалы, фотоаппараттар, жалпы тұрғыдағы бейне және дыбыс жазу аппараттары, микроскоптар, спектрометрлер, хроматографтар және басқа да іздестіру және зерттеу құралдары.
Екінші топқа – басқа білім түріне байланысты бейнелейтін құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдер кіреді. Олар қылмысты ашу және тексеру мақсатына арналған құралдар. Оларға мысалы, суретке түсіру немесе сурет қондырғыларының арнайы әдістері.
Ал үшінші топқа, қылмысты ашу және зерттеу мақсатында арнайы криминалистикамен өңдеп жасалған құрал, әдіс пен тәсілдер құрайды. Оларға мысалы, салыстырмалы микроскоптар, дактилоскопиялық тіркеуді немесе суреттердің жинағын құрайтын жұмыс орнын компьютерлендіру және т.б. жатады.
