- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
I-ТАРАУ.
Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
Жекеленген қылмыс түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі – бұл криминалистиканың басқа бөлімдерімен тығыз байланыса отырып, криминалистік ілімнің бірыңғай жүйесін құрайтын қорытынды бөлім болып табылады.
Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі немесе криминалистикалық әдістеме – криминалистиканың жеке тарауы бола отырып, нақты заң талаптарына сәйкес тергеу әрекетін неғұрлым тиімді әрі нәтижелі жүргізуге ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мақсатында жекеленген қылмыс түрлерін ашу, тергеу, оларды алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру заңдылықтарын зерттейді.
Криминалистикалық әдістемені қалыптастыру мүмкіндігі – әрбір қылмыстық іс-әрекет жеке өзіне ғана тән ерекше белгілерді, сонымен қатар барлық қылмыстарға тән жалпы белгілерді иемденетіндігіне негізделеді (бұл қылмыстың жекеленген бір түріне немесе тобына қатысты белгілер). Мәселен, ұрлық жасауда, оны жасау уақыты, мерзімі, әдістемесі мен жағдайларына қарамастан жалпы белгілері бір болып келеді және басқа да қылмыс түрлерінен: адам өлтіру, зорлау, тонау, т.б. осы белгілері арқылы ажыратылады. Қылмыстың жекеленген топтарына ортақ жалпы белгілердің болуы – нақты бір қылмыс жөнінде іс қозғау ерекшеліктерін, осы қылмыстарды тергеу кезінде туындаған типтік болжауларды, сондай-ақ алғашқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаты мен міндеттерін, оларды неғұрлым тиімді жүргізу әдіс-тәсілдерін, нақты қылмыстық құбылыстарды ескерту, алдын алу шараларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тергеу әдістемесі негізделетін фундаментті құрайды.
Қылмыс белгілерінің жалпылығы олардың әрқайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдістемесінде әрбір нақты іс-әрекетті тергеуге қатысты нұсқаулар жоқ және болуы да мүмкін емес, әдістеме – жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып барлық қылмыстық әрекеттерге тән сипаттамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші оларды нақты бір қылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме ұсыныстарын нақты бір қылмыстық істі тергеуге механикалық алмастыру – тергеушінің қылмысты ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін қиындатады. Демек, криминалистикалық техника мен криминалистикалық тактикадағы қылмыстық оқиғалардың жекеленген түрлері мен топтарының тергеуге қатысты мәліметтері мен оларды мақсатты пайдалануға бағытталған әдістеме жөніндегі ұсыныстарды жинақтайды.
Осыған байланысты криминалистиканың төртінші бөлімі – адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлық жасау және т.б. әрекеттерді тергеу әдістемелерінде мазмұндайтын бірқатар тараулардан тұрады. Бір қарағанда бұл бөлім, яғни қылмыстың түріне байланысты тергеу – жинақталған әдістемені құрайтын тарау ретінде көрінуі мүмкін. Мұндай көзқарастар тергеу әдістемесінің ғылыми тұтастығын және ғылыми құндылығын толығымен бейнелеуді, сонымен қатар кез-келген қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді ғылыми түрде ұйымдастыруға негізделген жалпы заңдылықтарды көрсетпейді.
Қылмыстардың жалпы белгілерінің болуына негізделе отырып, бұл бөлім қылмыстық істің кез-келген түрі мен тобына қатысты сұрақтарды дұрыс шешуге байланысты маңызды мәселелерді зерттейді. Бұл дегеніміз, криминалистиканың «криминалистикалық әдістеме» деп аталатын бөлімі келесідей екі бөлімнен тұратынын көрсетеді:
криминалистикалық әдістемесінің жалпы ережелері;
қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері .
Жалпы ережелер – бұл криминалистикалық әдістеменің (жүйесі, міндеттері, ғылымның басқа түрлерімен байланысты және т.б.) теориясы.
Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережелерінің құрылымдық элемент құралына төмендегідей мәселелер кіреді:
-криминалистикалық әдістеменің ұғымы, пәні; әдістеменің криминалистиканың басқа бөлімдерімен өзара байланысы; криминалистика жүйесінде әдістеменің маңызы мен рөлі;
-анықтауға жататын мән-жайлардың ұғымы мен мазмұны;
-қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ұғымы, мәні және мазмұны;
-тергеу ситуациясының түсінігі мен мәні;
-тергеу кезеңдерінің түсінігі; әрбір кезеңнің міндеттері мен жалпы сипаттамасы.
Жеке әдістемелер – бұл қылмыстардың нақты түрлері мен топтарын тергеудің ұсыныстары, бағдарламалары болып табылады. Жалпы ережелер мен жеке әдістемелер өзара тығыз байланысты, олар алдын-ала тергеудің сапасын арттыру мәселелерін, сондай-ақ қылмыстылықпен күресті күшейту міндеттерін көздейтін ұсыныстардың ғылыми негізділігін көрсетеді (жалпы негізділігінен тұрады).
Жеке әдістемелер өз кезегінде мынандай 2 топқа бөлінеді:
- типтік;
- ерекше.
Алғашқылары қылмыстық заңда көзделген қылмыстардың жекеленген түрлері бойынша құрылған және қылмыстық жазалайтын әрекет түрлерінің санына сәйкес келеді. Қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуы жеке әдістемелердің өңделуін қажет етеді. Декриминализация өз кезегінде әдістемелер санының азайуына әкеп соқтырады.
Қазіргі іс жүзіндегі қылмыстық заңға қылмыстық топтың оншақты түрі мәлім.
Ерекше жеке әдістемелер – бұл бастапқы белгілерден ерекшеленетін басқа белгілердің бөліну негізіне кіретін әдістемелер:
қылмыстың жасалу орыны бойынша (мысалы: темір жолда; су транспоттарында және т.б.);
қылмыскердің жеке басының сипаттамасы бойынша (кәмелетке жасы толмағандардың, рецидивистердің, әйелдердің);
қылмыстық әрекетті жасау сәтінен бастап өткен уақыт мөлшері бойынша (бұрынғы жасалған қылмыстар);
тергеуге қатысатын тергеушілердің саны бойынша (тергеу әрекетін бригадалық әдіспен жүргізу әдістемесі).
Жеке әдістемелер – бөлшектенуіне байланысты бір сатылы, екі сатылы және т.б. болып келеді. Мысалы: жымқыру жолымен жасалған мүлікті ұрлау қылмысын тергеу әдістемесі – үй-жайларда, ғимаратта жасалған ұрлықты тергеу әдістемесі және қалтаға және т.б. түсу жолымен жасалған ұрлық қылмысын тергеу әдістемесі болып бөлінеді.
Тәжірибедегі нақты қылмыспен күрес жүргізуге байланысты бөлшектеу әдістемелерін өңдеу қажеттілігі туындайды.
Бұл бөлімнің негізгі міндеті – қылмысты тергеу мен оның алдын алу әдістерін өңдеу және жұмыс барысында криминалистикалық техника мен тактиканың әдіс-тәсілдерін неғұрлым тиімді пайдалану болып табылады. Оны шешу мәселесі тергеу тәжірибесіндегі ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар мен тәсілдерді (сонымен қатар, қылмыстық әрекеттерді жасау мен оның ізін жасыру тәсілдерін) пайдалану дағдысын ескере отырып, ғылыми талдаулар жасау негізінде жүзеге асырылады. Тергеу әдістемесінің құндылығы тергеу жұмысының әдістері мен формаларын жан-жақты талдаумен, сондай-ақ криминалистиканың соңғы жетістіктерінің нәтижесімен анықталады. Ол қылмысты тергеу мен ашу процесі барысында тергеушіге тергеу ісін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, жіберілуі мүмкін кемшіліктердің, сонымен қатар уақытты бос өткізудің алдын алуға көмегін тигізеді.
Криминалистикалық әдістеменің арнайы мәселелеріне (міндеттеріне) келесілерді жатқызуға болады:
қылмыс пен қылмыстылықтың криминалистикалық бағытын (позициясын) зерттеу;
қылмыстардың әртүрлі топтары мен түрлерін тергеу жолымен ашу және алдын алудың нәтижелі тәжірибесін зерттеу мен талдап қорыту;
жасалған қылмыстық жауаптылық әрекеттері бойынша тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы заңдылықтарын анықтау;
тергеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру, сонымен қатар қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын алдын алудағы ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар құрастыру.
Криминалистикалық әдістеменің қайнар көздеріне:
қылмыс құрамының белгілерін, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша тергеу барысындағы дәлелдеу пәні мен шектерін анықтайтын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормалары;
криминалистиканың, криминалистикалық техниканың, криминалистикалық тактиканың жалпы теориясының ережелері, криминалистикалық-ұйымдастырушылық ережелері;
қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу тәжірибесі;
қылмыстарды тергеу кезінде пайдаланылатын басқа да ғылымдардың (сот-медицинасы, психология, криминология және т.б.) жекеленген ережелері жатады.
