- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техникалық басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты. Ерте заманнан бері заңгер криминалистер жасалған қылмысты дәлелдеуге объективті деректер табу жолында біраз ізденіс жұмыстар жүргізген. Тергеу әрекеттерінің көбін жүргізу арқылы алынған деректі дәлелдемелерде белгілі бір субъективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы жауап алу, тану үшін көрсету, тағы басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған дәлелдемелерде кейбір субъективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы мүмкін. Осы тұрғыдан объективті қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді арнайы зерттеу, сараптау үстінде ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану арқылы алуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы – істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық немесе басқа да арнаулы білімдерді қолдану.
Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі – тергеу әрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнайы білімі бар маманды қатыстыру да, екіншісі – сот сараптамасын тағайындау. Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді қарауға, тергеу экспериментін жүргізуге, т.б қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнаулы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлап, оның тұжырымды қорытындысы осы тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс бойынша сараптама тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман-сарапшы өз мамандығына байланысты сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт (қорытынды) жазып береді. Тергеу және сот үстінде арнаулы білім қолданудың екінші түрі – сараптама тағайындау.
Сараптама деген термин латын тіліндегі "expertus", яғни білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды, Сондықтан істің кейбір мән-жайларын анықтау үшін арнаулы білім қолданып, зерттеу тәжірибелерін жүргізу керек болса сот сараптамасы тағайындалады.
Кейбір заң әдебиетінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылық деген сөз қолданылып жүр. Сарапшылық деген бұл тергеу әрекетінің мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай, экспертизаның мақсаты сараптау емес, арнаулы білім, арнайы әдіс, құрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу. Міне, осыған байланысты сараптама жүргізу процесін эксперттік зерттеу деп атайды. Осындай зерттеу үстінде кейбір объектілерді, заттарды, т.б. жіктеп, іріктеп сараптауға да тура келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айтқандай, сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемлекеттерде тергеу үстінде осындай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизасы деп атайды. Сондықтан сот экспертизасы деген термин халықаралык деңгейде толық қалыптасқан термин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқытатын арнайы сот экспертологиясы дейтін ілім бар. Егер сот экспертизасын, сараптау деп атап кетсек, онда осы теориялық ілімді қалай атар едік, оны сараптология дегеніміз, әрине, орынды болмас еді.
Бірақ, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі мен ҚР-ның “Сот сараптамасы туралы” заңында “экспертиза” – терминінің орнына “сараптама” деген терминді қолдануына байланысты, бұдан былай заң оқулықтарында “сараптама” – терминін қолдануға тура келеді.
Жоғарыда көрсеткендей арнаулы білім қолдану керек жағдайда сот-сараптамасы тағайындалады. Қай саладағы арнаулы білімді қолдану керектігін, қандай сот-сараптамасын тағайындау керек екендігін тергеуші, сот, прокурор шешеді. Осыған байланысты сараптаманы керек жағдайда тағайындау – ол арнаулы білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс анықтауға байланысты. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге бір тұжырымға келе қойған жоқ. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнаулы білімнің өзара ерекшелігі субъективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ, осыған пікірлес басқа да ғалымдардың арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды. Біздің ойымызша "арнаулы білім" деген ұғым ғылым мен техника саласында мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан "арнаулы білім", дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай-ақ арнайы кәсіби білім алу арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының аясында қарауды дұрыс деп санаймыз.
Демек, арнаулы білім ұғымы ретінде ғылым мен техниканың белгілі бір саласында мәселе шешуге қолайлы жағдай жасайтындай арнайы кәсіби дағдысы нәтижесінде қалыптасқан білімдер жиынтығын түсіну қажет. Бұл орайда арнаулы білім қатарына құқықтану ғылымы да, ал бұл білімнің иесіне арнаулы құқықтық білім алған маман, заңгер де жатады. Бірақ құқықтық мәселелерді шешерде сараптама тағайындалмайды. Өйткені құқықтық және қылмыстық іс жүргізуге, сондай-ақ тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді арнаулы білімі бар тергеушінің өзі шеше алады. Алайда, сараптамалық криминалистикалық зерттеулер жүргізуді талап ететін мәселелерді шешу заңгердің өкілеттігіне жатпайды. Тек жоғары білімге қоса арнайы дайындықтан өткен криминалистикалық сараптамалық зерттеу өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зерттеулерді жүргізе алады. Кейде тергеушінің сарапшылық әзірлігі болуы, бұрын сарапшы-криминалист қызметін атқаруы да мүмкін. Мұндай жағдайда, соған қарамастан, тергеуші арнаулы криминалистикалық мәселелерді өз еркімен шеше алмайды, өйткені бір адам әрі сарапшы-криминалисталық өкілеттікті, әрі тергеушілік өкілеттікті қатар атқаруына рұқсат етілмейді.
Кейбір объектілерді, айталық, құжаттарды сотта қарағанда, үлгілерді іріктегенде белгілі бір криминалистикалық әзірлігі бар тергеуші, әдетте, бұған маман-криминалист шақырылатын мәселелерді өз еркімен шешуі мүмкін. Занда көрсетілгендей, маман-криминалист қылмыстық іс жүргізуші жеке тұлға, әйтсе де ол іске тергеушіге көмектесу үшін ғана қатыстырылады. Сондықтан ол өз алдына қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыра алмайды, оның тұжырымдары ғана тергеу әрекеті жөніндегі хаттамаға енгізіледі.
