- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
Криминалистикалық идентификация процесуалды түрде тергеушімен (анықтаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады.
Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесуалдық түрі бұл тану үшін көрсету, сот сараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, теңдестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде құжаттар мен заттарды қарау, куәландыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тергеу барысында тергеуші құжаттардың жыртылған парақ кесінділерін немесе жүзі, ұшы зақымдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің қатысуымен аталған объектілерге бүтінді бөлшек бойынша құрастырып қарау әрекетін жүргізе алады.
Куәландыру әрекеті кей жағдайларда сезіктінің жеке басын идентификациялау үшін де жүргізіледі. Тергеуші куәландыру процесі негізінде татуировка, туа біткен (мең, қал) дақтарды және басқа да жеке идентификациялық белгілерін анықтайды. Бұл анықталған сыртқы белгілердің жиынтығы тергеушіге сезіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндіктер береді.
Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде нәтижелі пайдалану, жүргізілген процесуалдық әрекеттің сапасына ғана емес, сонымен қатар іс бойынша процесуалдық шешім қабылдайтын субъектілердің дұрыс бағалануымен де байланысты.
Идентификация нәтижелері басқа да дәлелдемелермен қатар істің жағдайына байланысты, оларды жинақтап, толық, жан-жақты және объективті түрде қарау арқылы ішкі сенім негізінде бағаланады.
Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау;
екінші кезең, сараптама шеңберіндегі идентификация көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.
Бағалаудың бірінші кезеңінде – сарапшының берген қорытындысының мазмұнына; мамандандырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зерттеуге қолданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылған тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады.
Идентификациялық зерттеулер жүргізу кезіндегі сарапшының қорытындысы бірнеше нұсқада болуы мүмкін:
1. іздестірілетін объектінің тепе-теңдігін анықтау мүмкіндігінің болмауы: мысалы, идентификациялау үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен: Н. немесе Н-мен қалдырылғанын анықтау мүмкін емес.
Идентификациялауға мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс;
2. ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, оқиға болған жерден табылған гильза сезіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан алынуы ықтимал;
-оқиға болған жердегі шегелер мен сезіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мәшенкесімен дайындалып шығарылуы мүмкін;
-жәбірленушінің денесіндегі жарақат сезіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б.
Мұндай нұсқаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады:
-жәбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сезіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын;
-жәбірленушінің аяқ киімі табанындағы қатпарланған топырақ пен Н. үйінің учаскесіндегі топырақ жалпы топтық қатыстылығының болуы мен олардың бір топырақ түріне жататындығын;
-суық қару жүзі мен Н-ның үйінен табылған металл бөлшектерінің бір топқа жатуын;
Ықтималды қорытындылар бойынша сарапшы тек объектілердің жалпы белгілермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың идентификациялық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады;
3. мақұлданбаған тұжырым (қорытынды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мөртаңба - ''Каспий'' банкісінің мөрімен басылмаған;
-мәйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған ''Наган'' револьверімен атылмаған;
-жәбірленушінің қолы байланған темір мен Н-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтінді құрастырмаған;
-К-дан алынған мариуахуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған мариуахуанасы бар пакеттің шығу қайнар көздері бір жерден емес және т.б.
Сарапшының мақұлданбаған тұжырым қорытындысы әртүрлі жалпы белгілердің негізінде немесе жалпы белгілер сәйкес келгенімен де жеке белгілер бойынша анықталады;
4. мақұлданған тұжырым: мысалы,
-бас бухгалтердің атынан берілген кепілдеме қағазындағы қойылған қол Н-нің өзімен орындалған;
-жәбірленуші мәйіттен және сезіктіден алынған бытыра бұрын бір бүтінді құраған;
-жәбірленуші мен сезіктінің киімдеріндегі қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің шығу қайнар көздері бір;
-''фомиктен'' табылған лак-бояу қабаттарының үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-ші үйдің кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады.
Дұрыс шешімді қорытындылар беру үшін сарапшы жалпы белгілердің сәйкес келуіне ғана емес, сонымен қатар қайталанбайтын жүйені құрайтын жеке тұрақты белгілердің де сәйкестігіне көңіл аударуы қажет.
Сарапшының құзыретіндегі процесуалдық ереже талаптарын дұрыс орындауына және сараптамалық зерттеудің әдістемелік талаптарымен сәйкес жіберілген материалдардың толықтығына тергеуші (прокурор, сот) көз жеткізе отырып, бағалаудың келесідей кезеңдеріне өтеді.
Сарапшының қорытындысын бағалаудың екінші кезеңі дәлелдемелік маңызы бар идентификацияларды анықтаудан тұрады.
Жоғарыда көрсетілген қорытынды нұсқа түрлерінен шыға отырып, дәлелдемелік маңыз – ол тек мақұлданған тұжырым түрде берілген, яғни, дұрыс немесе дұрыс емес деген сияқты қорытындыларды көрсетеді. Дегенімен де басқа да, нақты айтқанда: қорытындының ықтималды түрі жанама дәлелдеме ретінде бағаланады деген пікірлер де бар.
Ықтималды қорытындылардың дәлелдемелік маңызы болмағанымен де, олардың қандай да бір дәрежеде пайдасы бар. Олар тергеушінің ұстанған бағытының дұрыстығын бекітетін белгілі бір дәрежеде болжаулар жасауға мүмкіндік береді. Ықтималды қорытындылар көмегі арқылы ақиқатқа жету жолы ашылуы мүмкін.
Тәжірибеде кеңінен тараған кемшіліктердің біріне сарапшының тектік және топтық қатыстылық бойынша берген қорытындысын тергеушілердің (сот, прокурордың) іздестірілетін объектінің тепе-тең деп пайымдауы саналады. Мысалы, сарапшының пышақ жүзінен табылған талшық пен жәбірленушінің көйлек матасының жалпы топтық қатыстылығы бір және олар мақта мата түріне жатады деп берген қорытындыларын тергеушілер бағалауда, олар пышақ жүзіндегі талшықтар жәбірленушінің көйлегінікі деп санайды.
Сарапшының бұл тұжырымдары бір жағынан объекттің оқиғаға қатыстылығын жоққа шығармайды, екінші жағынан алып қарастыратын болсақ қылмысқа қатысты басқа да объектілер болуы мүмкін.
Шын мәнінде бұл қорытындылар ықтималдық сипатқа ие, олар кемшіліктерді болғызбай қоймайды және де ақиқатқа жетудің кепілдігі бола алмайды.
Идентификациялық тұжырымдарды мақұлданған және мақұлданбаған түрде бағалау – дәлелдеменің барлық процесін сипаттайтын келесідей қағидаларды сақтауы керек: біріншіден, маңызды, мәнді дәлелдемелер (соның ішінді сарапшының тұжырымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланысты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның ішінде сарапшының қорытындысы) бір жүйені құруы қажет; үшіншіден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді болуы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоққа шығарылмауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлық дәлелдемелер жиынтығы басқа да әртүрлі болжауларды болғызбауы тиіс.
Басқа процесуалдық формада яғни, тану жолымен жүргізілетін идентификация қорытындыларын бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Идентификацияның барлық кезеңдерін толығымен, яғни ойдағы бейне бойынша идентификациялауды түгелдей тергеушінің өзі жүзеге асырады. Атап айтқанда: танылатын идентификацияланатын тұлғадан жауап алуды; дублерларды, куәгерлерді іріктеп алу мен басқа да дайындық әрекеттерін және тануды (идентификацияны) жүргізуді, сондай-ақ тану қорытындыларын бағалауды, сол сияқты идентификациялық процестердің барлығын тергеушінің өзі орындайды.
Негізінде бағалау қызметі танылушы тұлғалардан жауап алу кезінен басталады және тану әрекетін жүргізу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселеге байланысты бір шешімге келуге ықпалын тигізеді.
Тану жүргізу бойынша дұрыс шешімге келу кезінде оның қорытындыларын бағалау теңдестіру фактісін анықтау қажеттілігін тудырады. Тану әрекетін жүргізуге байланысты қабылданған шешімдер теңдестіруді мүлдем жоққа шығармайды.
