- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
Қылмысты істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.
Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан кейін қайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен қамтылмайды.
Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады.
Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, окиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның қалай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды деректерді тауып алып, оларды дәлелдеме есебінде пайдаланады.
Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс ұғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жер де жатады. Ол – жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталық, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жер де, өлікті бөлшектеген жер де, ол бөлшектерді көмген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған қьілмыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді қарауға тура келеді. Осыған байланысты айта кететін бір жай, оқиға болған жер деген түсінік пен қылмыстың болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке осы тергеліп отырған қылмыстың нақтылы болған жері жатады. Ол – оқиға болған жер деген түсініктің құрамдас бір элементі.
Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.
Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.
Криминалистикалық оқулықтарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бұл тергеу әрекетінің мағынасы, оның міндеттері және маңызы, сонымен қатар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және қандай мақсатпен жасағандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселелер жалпы тергеудің алдында түрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы шешіледі. Сондықтан бұл мәселелерді шешуді бір тергеу әрекетіне, яғни оқиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды.
Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға қатысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар қатарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жұмыстары процесуалды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау ұғымына кіргізу орынсыз. Әрине, оқиға болған жерді қарау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді.
Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі бір криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, қылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бұл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құңды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатынасқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады. Бұған тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, заттай дәлелдемелер ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіпті олардың жойылып кетуі де ықтимал. Міне, осыған байланысты тергеуші хабар алысымен, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарауға әрекет жасауы керек. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай кезде жарық нашар болып, оқиға болған жерді егжей-тегжейлі ұқыпты қарап шығуға мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.
Жасалған қылмыстың түрлеріне орай оқиға болған жерді қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер жеке қылмыстарды тергеу әдістемесінде қарастырылады.
