Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник Криминалистика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.85 Кб
Скачать

§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу

Құжатқа заңдық күш беретін қажетті реквизиттің бірі – қолтаңба болып табылады.

Жалған қолтаңба жасау кезінде орындаушы ең алдымен жалған қойылып отырған қол мен түпнұсқаның сыртқы белгілерін ұқсатып жасауға тырысады. Бұл әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда қолды қойған тұлғаның қолжазбасына және қойылған қолына ұқсату жолымен, ал кейде арнайы техникалық әдістер қолдану арқылы қолтаңбаның түпнұсқасына дәлме-дәл келтіріп, сол түлғаның атынан орындалады. Осы екінші әдіс техникалық жалған қол қою деп аталады. Мұндай жалған қол қоюдың келесідей түрлері бар: алдын-ала қарындашпен салып алып, оны кейін үстінен бастыру арқылы; қолтаңбаны үстінен бастыру немесе терезеге қою жолымен көшіру қағазын қолданып бір қағаздан екінші қағазға түсіру арқылы; жоғарғы көшірмелік қасиеттегі бояғыш заттарды қолтаңба түпнұсқасынан жалған құжатқа көшіру арқылы; компьютерлік әдістерді қолдану арқылы жалған қолтаңбалар жасалынады. Жалған қол қоюдың басқа да әдістері кездеседі.

Көшіру қағазы арқылы жалған қол қоюдың техникалық белгілері: әріп элементтерінің тік немесе доғал болып қисық түсуі, штрихтардың басталуы мен аяқталу элементтерінің қисық түсуі және жазу құралдары іздеріндегі себепсіз үзілістердің болуы; біріккен екі штрихтың болуы, алдын-ала дайындалған штрихтар, екіншісі – бастырып сызу нәтижесінде пайда болған штрихтар. Қолтаңбаны көшірме қағазын қолданып бастыру нәтижесінде, алғашқы штрихтар құжат бетіне көшірме қағазының бояуымен боялып түседі, ал қойылған қолды көшірме қағазын қолданбай-ақ үстінен бастырып жазу кезінде жалған құжатта түссіз бастырылған штрихтар пайда болады.

Алдын-ала дайындалып бастырылып жазылған іздер және көшірме қағазының бояу штрихтарынан қалған іздер микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады.

Терезеге қою арқылы бастырып көшірілген жалған қолтаңбаны, орындаушының жүргізген бояу қозғалыс белгілері арқылы, ал қаламсаппен бастырылып көшірілген жалған қолтаңба штрих бояуларының тегіс түспеу нәтижесінде пайда болған белгілері арқылы анықталады.

Барлық жағдайларда көшірме қағазын пайдалану жолымен көшірілген жалған қолтаңбаның жазу белгілері, құжаттағы түпнұсқа белгілеріне сәйкес келмейді. Себебі бастыру кезінде қозғалыс іздерін дәлме-дәл, тура түсіру мүмкін емес.

Қазіргі көшірмелі-көбейтпелі комьютерлік құралдардың көмегімен түпнұсқа қолға толық сәйкес келетін қолтаңбаларды алуға мүмкіндік береді. Мұндай қолтаңбаларды зерттеу штрихтардың құрамын (бөліктерін), олардың микроқұрылымын және оларды қағазға түсіру әдістерін анықтаумен ерекшеленеді.

§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу

Жалған мөр және мөртаңбаларын жасау әдіс-тәсілдері мен оларды анықтау әдістері. Бұл жалғандық әртүрлі әдістер қолдану арқылы жасалады. Соның ішінде қолданатын ең қарапайым әдіс – жалған құжатқа таңбаның бейнесін (суретін) тікелей салу. Ол келесідей бірнеше белгілер арқылы анықталады: алдын-ала дайындық белгілері (қарындаш штрихтары, таңба бейнесінің жекеленген детальдарын салу), белгілі бір жазу немесе сызу құралдарын қолдану (қарындаштың, циркульдің басу іздері) салынған шрифт (бірдей әріптердің конфигурациясының әртүрлілігі (сәйкес келмеуі), белгілер көлемінің, олардың өзара қашықтығының бірдей болмауы штрихтарда (қолданылған жазу немесе сызу құралдарына байланысты) бояудың жайылуы.

Сондай-ақ, жалған таңбалар суреті қағазға салынған клише

қолдану жолымен орындалады.

Мұндай клишеден жасалған жалған таңбалар құжаттың қажетті жеріне штрихтарды ылғалдандырып көшіру нәтижесінде жүзеге асырылады. Клишеден түскен таңба бейнесі – біркелкі емес, нашар көрінетін штрихтармен және құжаттың жекелеген жерлерінде бояудың жайылып түсуінен көрініс табады. Сонымен қатар, құжаттағы таңба түскен қағаз бөлігі басқа участкілерден ерекшеленіп тұрады, әсіресе ультракүлгін сәулелерімен зерттеу кезінде люминесценция сипатымен ерекшеленеді. Тәжірибесі жоқ орындаушылар таңбаны бір құжаттан екінші құжатқа тікелей көшіреді, мұндай жағдайда таңба бейнесі теріс көрініс береді. Ал тәжірибелі адамдар ылғалдандырып көшіру әдісімен таңбаны алдымен "тегіс клишеге" түсіріп алып, содан соң құжатқа көшіреді.

Аралық (жалпақ жазық) клише ретінде әдетте ылғалданған фотоқағаздар, пленкілер немесе жақсы көшіру қабілеттілігі бар басқа да материалдар (піскен жүмыртқаның белогы және т.б.) қолданылады.

Мұндай әдіспен жасалған жалған таңбалар келесідей белгілері:

штрихтағы бояулардың біркелкі түспеуі, бояу түсінің нашар түсуі, бояудың жайылып түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады. Түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады.

Ультракүлгін сәулелерімен зерттеп қарау барысында "тегіс клишемен" қатынаста болған қағаз бөлігінде люминесценцияның күшейтілген түрі байқалады. Мөртаңбаны жалған құжатқа көшіру кезінде көшірме қағазының көмегімен түсіру, үстінен бастырып жазу, терезе жарығына қойып түсіру әдістері қолданылады.

Клишенің өзін қолдан жасаудың да бірнеше әдістері бар. Бедерлі клише – ағашты, линолеумді, теріні және басқа да (майысқақ) иілгіш, созылғыш материалды ойып немесе баспаханалық әріптерді жинақтау арқылы жасалады. Бұл таңба мәтіндерінен теріс түскен әріптер мен грамматикалық қателер де кездеседі.

Қолдан қиып жасалған клише ойықтары келесідей белгілермен сипатталады: нақты геометриялық формалардың қатаң түрде болмауы, белгілердің ара қашықтығының біркелкі болмауы, сөздердің, жолдардың, дөңгеленген элемент белгілердің дұрыс емес формада болуы, дөңгеленіп қиылған штрихтердің іздерімен және әртүрлі көлемдегі штрихтермен сипатталады. Мәтінде бұл ойықтардың жеке белгілері кездеседі. Нақты айтқанда сәулеленген бейнедегі геометриялық қателіктер кездеседі. Ойықты қарау кезінде клишенің жалғандығы баспаханалық шрифтың жиынтығы арқылы анықталады. Яғни, баспаханалық әріпті теру ережелерінің бұзылуын табу арқылы анықталады (әртүрлі шрифтердің қолданылуы, жол сызықтарының тегіс болмауы, грамматикалық және т.б. қателіктер). Сонымен қатар, штрихтердегі бояулардың біркелкі бөлінбеуі.

Мөрлерді идентификациялау. Құжаттағы мөртаңбаларды зерттеу кезінде ол осы мекеменің мөрімен басылды ма, әлде сезіктіден алынған немесе қандай да бір басқа мөрмен басылған ба, соны анықтау қажеттігі туындайды.

Мұндай зерттеу жүргізу үшін тексеріліп отырған мөртаңбаны зерттеліп отырған құжаттағы мөртаңбамен салыстырып қарау керек. Салыстырмалы зерттеуде қолданылатын мөртаңба үлгілері болуы қажет. Үлгілер зерттеліп отырған құжаттың қағазындай қағазға және қатты ақ қағазға мөртаңбаларды 10-12 рет әртүрлі дәрежеде басу жолымен алынады.

Мөр және мөртаңбаны идентификациялау салыстырмалы зерттеу жолымен олардың жалпы және жеке белгілерінің сәйкестігі мен ерекшелігін анықтай отырып жүргізіледі.

Мөрдің жалпы белгілеріне: оның формасы, көлемі, мөрдегі мәтіннің орналасуы мен мазмұны, елтаңбаның, эмблеманың, шрифтің көлемі мен суреті жатады. Мөрді жасау мен қолдануға байланысты кейбір: ұсақ деталь формалары, бір-біріне қатысты жеке элементтердің орналасуы, штрихтарды қосу бұрышының көлемі, ерекшеліктерін, жеке әріптер мен белгілердің және т.б. қисаюы мен өзгеру ерекшеліктерін жеке белгілерге жатқызамыз.