Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник Криминалистика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.85 Кб
Скачать

§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері

Құжаттарды қолдан жасаудың барынша кең тараған түрлері: түпнұсқа құжаттың мазмұнына қырып өшіру, қосып жазу, химиялық реактивтер қолдану, құжаттың кейбір беттерін, кұжаттағы фотосуреттерді ауыстыру жолдарымен өзгерістер енгізу.

Тазарту дегеніміз — мәтінді өшіргішпен немесе өткір

заттармен: лезвия, пышақ, скальпельмен, қыру арқылы механикалық

өшіру.

Қырып өшіру нәтижесінде қағаздың беткі қабатының құрылымы өзгереді, бұзылады және қағаз бетінде тікірейген талшықтар пайда болады. Олар қиғаш түсірілетін жарықтықта зерттеу кезінде мұқият бақылау жүргізу арқылы көзге көрінеді. Қағаз бетіндегі мәтінді қырып өшіру нәтижесінде қағаз жұқарады. Пайда болған мұндай белгілер кұжаттарды өткінші жарықтықта қарау кезінде анықталуы мүмкін.

Қағаздың беткі қабатымен бірге, оның қорғаушы торы, ассюре, баспаханалық сызықтар мен бастапқы орындалған мәтіннің штрихтары жойылады немесе зақымданып бүлінеді. Бұл белгілер құжаттарды үлкейткіш әйнектер (лупа) немесе микроскоп арқылы қарағанда анықталады. Сонымен қатар, қорғаныш торы мен ассюренің зақымдалған сызықтарының үстінен қайта басып жазу іздері, қырып тазаланған жерлерде қайта орындалған жазбалардың микроқұрылымдарының өзгешелік белгілері, бастапқы мәтіннен қалған штрихтар байқалады, әсіресе, сапасы төмен қағаздарда сұйық бояғыштарды пайдалану арқылы жазбаларды орындау кезінде айрықша көзге көрінеді.

Қырып тазартылған жазуларды оқу үшін физика-химиялық әдістер жиынтығы қолданылады. Бұл әдістер нашар көрінетін штрихтарды, бастапқы мәтіннің люминесценциясын қалпына келтіреді. Штрихтарын қырып тазартқан жағдайда бастапқы жазылған мәтін өткінші жарықта қарау және фотосуретке түсіру арқылы анықталуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда құжаттың бастапқы мәтінін бастырып жазудан қалған қағаздың кері жағындағы бедері бойынша немесе бастапқы мәтінді орындау кезінде астындағы параққа басылып түскен іздері арқылы оқуға болады. Бастырып жазу іздері қиғаш түсетін жарықта қарау арқылы анықталады.

Өңдеу - бұл бастапқы жазбаларды (немесе оның бөліктерін) химиялық жолдармен өшіру, яғни штрихтарды түссіздендіру арқылы жою.

Химиялық реактивтер қолдану арқылы өңдеу фактісі қағаздың механикалық қасиетінің өзгеру белгілері бойынша анықталады. Химиялық заттармен өңделген қағаз жұқарып, жыртылғыш, әрі кедір-бұдырлы болып келеді. Қағаздың беткі қабатында майда жарықшалар (мелкие трещины) пайда болуы мүмкін. Қағаз бетінің оптикалық қасиеті: түсі, түрі, люминесценция сипаты өзгереді. Барлық жағдайда күмән туғызатын құжаттарды көрінбейтін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерде қарап, зерттеу қажет. Ультракүлгін сәулелері әсерінен көптеген химиялық өңдеу құралдары мен заттары люминесценцияланады. Қағаз бетінің әртүрлі люминесценциялану сипаты (қарқыны мен түсі) бойынша өңдеу әрекеті жүргізілгендігін көре аламыз. Кейбір жағдайларда ультракулгін сәулелерінің әсерінен бастапқы мәтіндегі штрихтардың люминесценциялануы байқалады. Егер зерттелетін құжатқа спектрдің көк-жасыл бөліктерімен әсер етсе, көрінбейтін инфрақызыл сәулелердің де аумағында люминесценция пайда болуы мүмкін.

Бастапқы жазылған мәтіннің нашар көрінетін штрихтарын жарық фильтрлерді іріктеу, контрасты және түс айыру әдістерін қолдану жолымен қалпына келтіріледі.

Өңдеу фактісі мен өңделген мәтіннің мазмұнын химиялық

әдістермен де зерттеп: қүжаттың беткі қабатының сипатын

(қышқылды және сілтілі ортасын), өңдеу үшін қолданылған заттың

шығу тегін анықтауға, сонымен қатар, түссіздендірілген

жазбаларды қалпына келтіруге болады.

Бастапқы жазылған мәтінді өшіру мақсатында штрихтарды

сумен, спиртпен және басқа да ерітінділермен жуу әдісі де

қолданылады. Бұл кезде құжаттың беткі қабатында жиегі түрлі-түсті

дақ тәріздес бұлдырланған іздер қалады. Жуылған жазбаларды

қалпына келтіру әдістері жоғарыда көрсетілгендей, өңдеу фактісін

анықтау кезіндегі қолданылатын әдістер сияқты.

Қосып жазу – құжаттың мәтініне жаңа жазбаларды немесе жекеленген белгілерді, кейде жекеленген штрихтарды енгізу арқылы мәтіннің бастапқы мазмұны мен мағынасын өзгерту әдісі. Қосып жазу көбінесе құжаттың мәтіні жоқ бос жерлерде жазу материалдарының түсіне ұқсастырылып арнайы іріктеп алынып орындалады.

Қосып жазуды анықтаудың екі түрлі белгілері бар: жазудың белгілері және материал штрихтарының физика-химиялық қасиеттерінің белгілері. Жазу белгілеріне – қосып жазылған жеке сөздер мен сөйлемдер жатады. Қосып жазылған үзінділер жазба белгілері бойынша құжаттың негізгі мәтінінен ерекшеленеді. Қосып жазу үзінділері бастапқы мәтінді жазған тұлғамен орындалған жағдайдың өзінде де қолжазудың көлемінде, бағытында, екпінділігінде, жол сызықтары формалары мен бағыттарында, сөз арасындағы интервалдар өлшемдерінде, үзіндінің негізгі мәтінге қатысты ерекше орналасуында да айырмашылықтары болады.

Жазу материалдарының физика-химиялық қасиеттерінің

әртүрлілігіне негізделген қосымша жазудың белгілері: штрихтардың

бастыру дәрежесінің өзгешелігі, бұл қиғаш түсірілген жарықта,

жоғарғы топ жиілігінде анықталады; өлшеуіш лупалардың,

микроскоптардың, көмегімен штрихтардың жалпақтығының (енінің) өзгешелігі; штрихтардың микроқұрылымдарының ерекшелігі жазба материалдарының әртүрлігінен, жазба құралдарының ерекшеліктерінен көрініс табады; жазба материалдар құрамын бейнелейтін белгілердің ерекшеліктері: а) жазба материалдарының түсі мен түрі түс бөлгіш, жарықфильтрлердің көмегімен түс ажырату, спектрофометрлер, лазерлік спектроскопия, әдістерімен анықталады; б) инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру және сіңіру қабілеттілігі; в) органикалық ерітінділер мен өңделген полимерлі пленкідегі штрихтардың және олардың баспасының люминесценциясы (адсорбционды-люминесценттік әдіс); г) штрихтардың көшірмелік қабілеттілігі анықталады. Олар жазу материалдарының құрамына немесе штрихтарды жазу уақытына негізделеді (кейінірек жазылған штрихтар жақсы көшіріледі, көшіру арнайы ерітінділермен өңделген әртүрлі материалдарына жүргізіледі); құрам бөлшектері мен қоспалары бойынша ерекшеліктері, олар: электрофорез, хроматография, талдау, лазерлі спектроскопия, микроспектрофотометрия, ультракүлгін және инфрақызыл аумағында, спектрофотометрияда қолданылатын кешенді әдістермен анықталады.

Егер салыстырылатын жазуларда штрихтардың қиылысу нүктесі болса, қосып жазуды анықтау мүмкіндігі артады. Бұл үшін микроскопияны, инфрақызыл люминесценциясының суретін, көшіру әдістерін қолданатын арнайы әдістеме құрылған. Сонымен қатар, жазбаларды орындаудың ескіру мерзіміне байланысты арнайы әдістемелер бар.

Фотокарточкаларды ауыстыру арқылы қайта жабсыру негізінен түлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарда орындалады. Бұл құжаттар баспаханалық мәтіні, қорғау торлары, типографиялық клише сызықтары бар арнайы бланктерде жасалынады. Қылмыскерлер жалған құжат жасау кезінде басқа құжаттағы фотосуретті немесе жаңа суретті, мөр таңбасы бар фотокарточканың үстіне бұрышы қиылған басқа фотосуретті жабсырады. Барлық жағдайда фотосуретті жабсыру белгілері қалады: қайтадан жабыстырған фотосуреттегі мөрдің таңбасын салу; басқа құжаттан алынған фотосуретті жабыстырғанда фотосуреттегі мөр баспасының құжаттағы бөлігіне сәйкес келмеуі; бастапқы жабыстырылған фотокарточканы құжаттан алып тастағанда сызықтардың, қорғаушы тордың бүлінуі, фотосуреттің артқы жағында басқа құжат қағазының бөліктері мен талшықтарының, клейдің іздерінің болуы.

Құжаттың бөліктерін ауыстыру бірнеше бөліктерден тұратын құжаттарда (паспорт, еңбек кітапшасы, қауіпсіздік техникасының инструкциясында, журналдарда, мәміле шарттарда) жүзеге асады. Беттерін ауыстыру белгілері: парақтардың нөмірленуін, серия және нөмірлерінің, былғану дәрежелігінің әртүрлілігі, парақтардың көлемінің, олардың түстерінің сәйкес келмеуі, скрепкадан қалған артық тесу іздерінің болуы, парақтардың нөмірлерін қолдан салу, жабыстыру арқылы және басқа да өзгерту.

Әртүрлі құжаттардың бөліктерін құрастыру жолымен де жалған құжаттар жасалады. Ол әсіресе ескі, көне құжаттарды қолдан жасағанда қолданылады. Бұл айырмашылықтар қағаздарды, мәтін штрихтарын, құжаттың барлық бөліктерінде орындалған мәтіндегі қолжазбаны зерттегенде анықталады. Бастапқы мәтіні бар қағаздың беткі қабатын қиып оның орнына қажетті мәтіні бар жаңа қағаз қабатын жабыстыру жолымен кейбір құжаттарда (кассалық чектер, лотерея билеттері т.б.) белгілеулер ауыстырылады. Бұл кезде клейдің іздері, қағаз бөліктерінің шекарасы, қорғаушы тор сызықтары сәйкес келмейді.