- •Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негізі
- •§1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
- •§ 2. Криминалистиканың жүйесі
- •§ 3. Криминалистиканың әдістері
- •Криминалистикалық идентификация және диагностика
- •§ 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі
- •§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі) Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
- •§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы
- •§4. Диагностика криминалистиканың ілімi ретінде
- •Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы
- •§ 1.Криминалистикалық техниканың пәні және түсінігі
- •§2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары
- •§1. Криминалистік-фотография, бейне - және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
- •§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың
- •§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану
- •§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын
- •§1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері, жүйесі
- •§2. Адамның трасологиялық іздері
- •§3. Бұзу құралдарының іздері.
- •§4. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу
- •§5. Көлік құралдарының іздері
- •§6. Бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау
- •§2. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
- •§3. Объектілерді табу және қарау
- •§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.
- •§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері
- •§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі
- •§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі
- •§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері
- •§6. Үлгілердің түсінігі
- •§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
- •§ 2. Құжаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдері
- •§3. Құжаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру
- •§4. Техникалық жалған қол қоюды зерттеу
- •§6. Мөр және мөртаңбаларын зерттеу
- •§6. Баспа әдіспен жазылған құжаттарды зерттеу
- •§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
- •§8. Құжат материалдарын зерттеу
- •§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері
- •§ 2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу
- •§ 4. Топырақтану
- •§ 5. Талшық заттарды зерттеу
- •Криминалистикалық габитоскопия
- •§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері
- •§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі
- •§3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.
- •§4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану
- •§5. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау
- •Криминалистикалық тіркеу
- •§ 1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құқықтық негіздері
- •§ 2.Криминалистикалық тіркеудің түрлері
- •§ 3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
- •§4. Қылмыс болған жерден қашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеу
- •§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.
- •§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.
- •§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.
- •Криминалистикалық тактика
- •Қарау тактикасы
- •§1. Тергеу қарауы, түсінігі, мәні, түрлері
- •§2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері
- •§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§4. Оқиға болған жерді қарау кезеңдері және тәсілдері
- •§5. Куәландыру
- •Тергеу экспериментінің тактикасы
- •§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
- •§3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер
- •§4. Тергеу экспериментінің барысы және оның қорытындысын бекіту, нәтижелерін тексеріп, сынау
- •Тінту тактикасы
- •§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері
- •§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту
- •Жауап алу тактикасы
- •§1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.
- •§2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
- •§3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері
- •§4. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
- •§5. Беттестіру тактикасы
- •Тану үшін көрсету тактикасы
- •§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері
- •§2. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жүмыстары
- •§3. Адамдарды тану үшін көрсетудің процесуалдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктері
- •§4. Мәйіттің жеке басын анықтау
- •§5. Жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§6. Тұрғын-үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері
- •§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту
- •Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
- •§1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі
- •§2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері
- •VIII-тарау. Ұстау тактикасы
- •§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері
- •§2. Ұстауға әзірлік
- •§3. Ұстаудың тактикалық әдістері
- •Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы
- •§1. Тергеу үстінде арнайы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері
- •§2. Сот сараптамасының түрлері
- •§3. Сот сараптамалық мекемелер
- •§4. Сот сараптамасын тағайындау
- •§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері
- •§6. Сот сараптамасын бағалау және дәлелдеме есебінде пайдалану ерекшеліктері
- •Iy бөлім. Қылмыстың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі
- •Êриминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
- •§1 Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен міндеттері.
- •§ 2. Қылмыстардың жеке түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидалары
- •§ 3. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары
- •Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
- •§1 Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
- •§2. Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
- •Қылмыскердің тұлғасы
- •Қылмыстың жәбірленушісі
- •Қылмыс жасау тәсілі
- •Қылмыс жасау механизмі
- •Бастапқы тергеу ситуациясы
- •Қылмыс жасау жағдайы
- •Қылмыстық қол сұғушылықтың заты
- •Қылмыстың материалдық іздері
- •Қылмыстың ниеті және мақсаты
- •10. Қылмыстың салдары
- •Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
- •Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар
- •Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
- •Тергеу болжауы және тергеуді жоспарлау
- •§1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы
- •§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы
- •§3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы
- •Адам өлтіру және дене жарақатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты
- •§2. Адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспары
- •§4 Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері
- •§5. Келесі тергеу кезеңдерінің міндеттері (мақсаты)
- •Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемсі
- •§1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
- •§3. Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Тонау және қарақшылық жолымен жаса лған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
- •§1. Тонау және қарақшылық шабуылдарының криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және тергеуді жоспарлау
- •§3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
- •Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі
- •§1. Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасы.
- •§2.Алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспары.
- •§3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикасы.
- •§4. Кейінгі тергеу әрекеттері
- •VIII-тарау. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі
- •§1. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу.
- •§2. Типтік ситуациялар, тергеу болжауы және алғашқы кезеңі.
- •§3. Кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттері.
- •Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
- •§1. Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы
- •§2. Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы қезеңі
- •§3. Тергеу әрекетінің тактикасы
- •Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеудің әдістемесі
- •§ 1. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамасы
- •§ 2. Тергеудің типтік ситуациялары, болжау және жоспарлау
- •§ 3. Тергеу әрекеттерінің тактикасы
§1. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері мен түрлері
Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу дегеніміз -қылмыстық және азаматтық істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттарды зерттеу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында жаратылыстану және басқа да техникалық ғылым салаларынан алынған теориялық ережелер мен арнайы әдістерді жүйелендіру негізінде қалыптасқан криминалистикалық техниканың жеке бір саласы.
Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеуге жататын мәселелер шеңбері, зерттеу кезінде қолданылатын әдістер сияқты кең ауқымды және көптүрлі. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жалпы мәселелері идентификациялық және идентификациялық емес деп екі топқа бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
Идентификациялық:
құжаттар бір әдіспен жасалған ба (немесе реквизиттері)?
құжаттағы мөр таңбалары осы мөрмен басылған ба?
құжаттағы жазбалар осы қаламмен жазылған ба?
құжат мәтіні осы жазу машинкасында басылған б?
құжаттың бланкісі осы клише көмегімен орындалынған ба?
құжаттың бланкісі осы станокта басылған ба?
құжаттың бланкісін дайындауда осы бояулар қолданылған ба?
құжаттың бланкісін дайындау үшін қағаз қолданылған ба?
құжаттың бланкісін дайындау үшін материалдар қолданылған ба және т.б.
Идентификациялық емес:
құжат мәтінінде қандай да бір өзгерістер бар ма, бар болса қандай, қандай әдіспен жасалған және құжаттың бастапқы мазмұны қандай болған?
құжат немесе оның реквизиттері қандай әдіспен жасалған?
құжат кай уақытта жасалған және де оның реквизиттері қандай кезектілікте жасалған?
құжат қандай техникалық құрал-жабдықтар мен материалдардың көмегімен дайындалған?
мөрдің таңбасы қандай әдіспен салынған?
өшіп қалған, түссіздендірілген және қан жұққан жазбалардың мазмұны қандай?
жанған, жыртылған құжаттардың мазмұны қандай?
жалған құжатты жасау үшін қолданылған материалдар қайда және қандай аяда қолданылады және т.б.
Техника-криминалистикалық зерттеудің тікелей объектілеріне төмендегілер жатады: реквизиттер, құжат материалдары және техникалық құралдар.
1. Құжаттардың реквизиттері, оларға: мәтіндер, жазба мәтіндері, қолтаңба
және басқа да таңба түрлері; баспа түріндегі таңбалар (мөр, жазу
машинкасының және мөртаңба, телеграфтық, кассалық және басқа
да белгілерді басатын аппараттар мен құрылғылар); фотосуреттер, маркілер, бланкілер жатады.
2. Құжаттарды немесе оның жекеленген реквизиттерін жасау үшін қолданылатын техникалық құралдар: жазу
құралдары (шарикті қаламның стержені, қарындаштар,
фломастерлер), компьютерлер, принтерлер, сканерлер, ризографтар, клишелер, мөр және мөртаңбалар, баспаханалық техникаға
жататын жазу құрылғылары: баспа машинкалары және басқа да
белгілерді басатын кұрылғылар (кассалық, телеграфтық және т.б.);
қағаз тескіштер, компостерлер, перфораторлар; қырып тазарту жолымен штрихтарды кетіру үшін қолданылатын құралдар; қағаз кесетін машинкалар; түптейтін құрылғылар және т.б.
3. Құжат материалдарына келесідей қолжазба материалдары жатады: сия, тушь, шарикті қаламның пасталары, бояулар, қарындаш графиті,
электрографикалық тонерлер; құжаттар жасайтын қағаз, картон;
қосымша қолданылатын қажетті материалдар - клей, қорғағыш
қабаттар, түптеуге қажетті (ледерин тәріздес) материалдар, өңдеу,
түзету үшін пайдаланылатын (сұйықтықтар, «штрих» тәріздес),
құралдар; уландырғыш заттар — күнделікті үй-тұрмысында қолданылатын химиялық заттар, фармацевтік препараттар және т.б.
Жоғарыда аталған тікелей объектілерге қатысты құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жеке әдістемесі қалыптасқан. Олар, құжаттарға сот-техникалық сараптамаларын жүргізу кезінде қолданылады. Құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жекеленген әдіс-тәсілдерін тергеуші құжаттарға тергеу қарауын жүргізген кезде қолдануы мүмкін.
Қылмыскерлер әртүрлі әдіс-тәсілдермен жалған құжаттар жасаулары мүмкін. Жалған жасаудың техникалық әдістері негізінен екі топқа бөлінеді: толық және жартылай. Жартылай жалған жасау қылмыскердің қолындағы түпнұсқа құжатқа өзгерістер енгізуден тұрады. Жартылай жалған жасаудың әдістеріне: тазарту, уландыру, жуу, қосып жазу, қосып басу, фотосуреттерді және қағаз беттерін ауыстыру. Құжаттарды толық жалған жасау келесідей нұсқаларда жүргізіледі. Қылмыскер мөр басылған және мекеме штампы қойылған құжаттың таза бланкісін тауып, оған тек мәтін енгізіп, басқарушының қолтаңбаларын жалған қояды. Басқа нұсқасы, қылмыскер таза бланк тауып, оған жалған мөр және қолтаңба қойып, сәйкес мәтін енгізеді. Соңғы бір нұсқасы, қылмыскер құжат бланкін қолдан дайындап, құжатқа қажетті қалған реквизиттерді енгізеді. Құжаттарды техникалық жалған жасаудан қорғау үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған. Құжаттардың жалпы жүйесі бойынша қатаң тіркеудегі құжаттарды бөліп қарауға болады.
