Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник Криминалистика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.85 Кб
Скачать

§5. Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері және ғылыми негіздері

Құжаттағы мәтіннің авторын анықтау мақсатында жүргізілетін криминалистикалық зерттеулер, криминалистикалық автортанудың құзыреттілігіне жатады. Криминалистикалық автортанудың бұл түрі қолжазуды криминалистикалық зерттеу барысында жазба тіл заңдылығын зерттейтін нақты бір арнайы ғылымды қолдану негізінде қалыптасқан.

Мәтінді орындаушы жөніндегі мәселені шешу кезінде жазу тіл белгілері көмекші маңыздағы ғана рөлді атқарады. Ал автортану зерттеулерінде, олар басты рольді атқара отырып құжатты толтырған автордың жеке басы туралы белгілі бір қорытындыға келуге негіз болады. Бұл әсіресе мәтінді орындаушы мен автор әртүрлі тұлғалар болған жағдайдағы іс үшін өте маңызды болып табылады.

Жазу тілдің қызмет етуінің негізін тілдік және интеллектуалдық дағдылар кешені құрайды. Тілдік дағдыға жоғарыда көрсеткендей - тарау, бөлім, пункттік, орфографиялық, лексико-фразеологиялық, синтаксистік және стилистік дағдылар жатады.

Интеллектуалдық дағды әр адамға тән болмысты тану әдісін сипаттайды және қабылдау, ойлау, есте сақтау дағдыларынан тұрады. Бұл дағдылардың мазмұнын адам психикасынан көрініс табатын меңгерілген және жекеленген тілдік және ойлау нормалары мен одан ауытқулықтар құрайды.

Дағдылар мазмұны, олар нақты тұлғаларда қалыптасу жағдайы мен ерекшелігіне тікелей байланысты болады және де қабылданған мәліметтерді сол тұлғаның қолдануымен анықталады.

Жекеленген тілдік және интеллектуалдық дағдылар ойлау, сөйлеу нормаларының белгілі бір жиынтығының әрбір адамда қалыптасуы мен оларды сөйлеу барысында қолдану ерекшелігінен көрініс табады.

Мұнда адам қандай да бір норманы қолданып сөйлеуге үйреніп, қалыптасады және ол әдетте өзінің ойын жеткізу кезінде сөз құрамының барлығын емес, жартылай ғана жеткізуге дағдыланады. Осыған байланысты әр адамда сирек кездесетін қайталанбайтын тілдік жиынтықтар мен интеллектуалдық дағдылар пайда болады. Осы жекелей қалыптасқан дағдылар арқылы зерттелетін құжат мәтінінің авторын идентификациялауға болады.

Криминалистикалық автортанудың ғылыми негізін – адам тілінің сөйлеу шарты мен заңдылығын, тілдің жекелену себебін, динамикалық тұрақтылығын, жазба тілінің алуан түрлілігін анықтау туралы және қылмысты тергеу мақсатында оны зерттеу әдістері жөніндегі білімдер жүйесі құрайды. Криминалистикалық автортану келесідей салааралық ғылым мәліметтерін жинақтайды: адамдар арасындағы қатынас теориясы – коммуникациялық, лингвистикалық, психологиялық және психолингвистикалық, криминалистикалық мәліметтер (идентификация теориясы, криминалистикалық қолжазба). Сонымен қатар, қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде де қолданылады.

Жалпы анықталатын мәселелер екі топқа бөлінеді:

 Идентификациялық – бір немесе бірнеше құжаттың нақты авторын анықтаудан (идентификациялық мақсатта);

 Идентификациялық емес – автордың ұлтын, топтық қатынасын, яғни оның білім деңгейін, кәсібін, жазу тілінің стильдік дағдысының болуы, әлеуметтік-демографиялық көрінісі туралы және т.б. (классификациялық-диагностикалық мақсатта) жағдайларын анықтаудан.

Соңғы уақыттарда БАҚ (СМИ) -дағы тіл тигізуге байланысты келтірілген моральдық зиянды өтеу арыздары көбеюде. Осы саннаттағы істер бойынша ақиқатқа жету үшін соттар автортану сараптамасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын лингвистикалық сараптаманы тағайындайды. Сараптаманың шешуіне идентификациялық сипаттағы сұрақтар қойылады:

 мәтінде осы азаматты қорлайтын және тіл тигізетін сөздер, сөз тіркестері кездесе ме?

 мәтін авторының азамматқа беріп отырған мінездемесі қандай?

 басылымда моральдық және т.б. қағидаларды сақтау көз-қарасымен азаматтың жеке басын, қызметін негативті жағынан сипаттайтын мәліметтер, мән-жайлар бар ма?

Криминалистикалық автортанудың объектілері – бұл әртүрлі құжат мәтіндері, жазба, жазылған мәтіндер, сонымен қатар принтер, ризографтар, баспаханалық құралдарды қолдана отырып көбейткіш тәсіл көмегімен алынған құжаттағы мәтіндер. Автортануда мәтін деген түсінікке бір ойды білдіретін сөйлемдер жиынтығы жатады. Жеке сөйлемдер мен сөз тіркестері осы автортанудың объектісі бола алмайды. Сөйлемдер мәтін материалының мазмұнын ғана құрайды. Автортану зерттеуінің бірлігі болып сөйлемдер қарастырылады, ал қолжазбатанудың зерттеу бірлігіне жеке жазба белгілері жатады (әріп және сан).

Құжаттың мәтіні күрделі жүйелі құрылым болып табылады, олардың элементтері белгілі бір өзара әрекет ету заңдылығымен байланысты. Идентификациялық зерттеу жүргізу үшін мәтіннің минималды көлемі шамамен бірнеше сөйлемдерден тұруы қажет.

Мәтіннің авторын анықтау барысында мәтіннің құрылымдық қасиетін көрсететін мәліметтер қолданылады. Бір жағынан танылатын объект ойлау заты туралы мәлімет. Бұл мәліметтерден автордың қатынасқа түсетін заттары мен құбылыстары, сондай-ақ оның араласатын адамдары туралы ақпарат алуға болады. Осы мәліметтер бойынша оның шынайы өмір сүру ортасын; әлеуметтік, этникалық, кәсіптік және біліктілік деңгейі анықталады. Мұндай ақпараттарды зерттеу мен қолдану арнайы білімді қажет етеді. Құжат мәтінін зерттеудің бастапқы кезеңінде автордың жеке басы туралы шартты моделін қалыптастырып аламыз. Автор өзінің ойын сөйлеу қабілетімен білдіреді. Осы арқылы автордың білім деңгейі, жазу тілін меңгеру дағдысы, этникалық көзқарастары, эмоциялық жағдайымен басқа да оның жеке басын сипаттайтын мәліметтерді ала аламыз. Алынған мәліметтер арнайы білімі бар адамның жазба тілі белгілерін зерттеу нәтижесінде анықталады.