Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник Криминалистика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
697.85 Кб
Скачать

§3. Қолжазба белгілерінің түсінігі

Әрбір адамның жазба тіл дағдысын сипаттайтын белгілер жиынтығын екі топқа бөлеміз:

1. жазба тілінің белгілері;

2. жазба белгілері.

Жазба тіл белгілері жазудың мағыналық жағын сипаттайтын тілдің бір түрі. Ал, жазба белгілері жазба тілінің қозғалып сызылу жағынан қарастырады.

Жазба тілі – грамматикалық, лексикалық және стильдік жағынан сипаттайды. Егер де мәтін компьютер, жазу машинкасымен емес қолмен орындалған болса, бұл белгілер қолжазба белгілерін толықтырады. Мәтін компьютер, жазу машинкасымен орындалса, оның авторы немесе орындаушысы анықталады. Грамматикалық белгілерге: сөздердің әріптік құрылым ерекшелігі, сөйлем құрастыру мен сөйлем белгілерін қою жатады. Лексикалық белгілер адамның тіл байлығындағы сөз қорына байланысты зерттеледі. Стильдік жағынан зерттеген кезде сөйлемнің жүйелі, кезекті немесе орынсыз қолдануы, жергілікті немесе таңдамалы сондай-ақ, жай немес күрделі, анықтаушы, салыстырмалы және пысықтаушы сөздерді қолдану және т.б. жағдайлары анықталады.

Жазба тілінің мағыналық және қозғалыс жақтары бірге қарастырылады. Сауаттылықтың белгілері бір дәрежесіне қозғалыс координациясының белгілі бір дәрежесі сәйкес келеді және қолжазбаның мазмұны мен оны қолдану мақсаты қолжазба белгілеріне әсерін тигізеді. Осыған байланысты жазба тілді зерттеу идентификацияға маңызы бар жазба белгілерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қолтаңбалық зерттеуде қолжазу белгілері басты рөл атқарады.

Қолжазбаны сипаттайтын қолжазу белгілері жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы белгілеріне қолжазбадан көрініс тапқан жазба қозғалыс дағдысының жалпы қасиеттері туралы мәліметтер жатады. Бұл мәліметтер жалпы жазу қозғалыс жүйесінен көрінеді.

Жеке белгілер – жазба қозғалыс дағдысының жекеленген жақтарын, ерекшеліктерін сипаттап, жеке әріптерді немесе олардың тіркестерін орындау кезінде көрініс табады.

Қолжазбаны қозғалыс жүйесі ретінде жалпы белгілер сипаттайды. Оларға төмендегідей белгілер жатады:

1. Қолжазбаның маңызды белгісіне қалыптасу дәрежесі жатады. Яғни, жазба техникасын меңгеру деңгейін анықтау. Осыған сәйкес қолжазудың қалыптасу деңгейін төмен, орташа және жоғары деп бөлеміз. Қолжазбаның қалыптасуы орындаушының мәтінді жылдам, үйлесімді және тұрақты қозғалыспен орындау қабілетінен тұрады. Қолжазбаның қалыптасу деңгейі тек қана мәтінді орындаушы арқылы ғана төмендеуі мүмкін. Қолжазбаның жоғары деңгейде қалыптасуы үшін орындаушы ұзақ уақыт жаттығулар жасауы қажет. Осыған байланысты зерттеліп отырған құжаттағы қолжазу дәрежесі тексеріліп отырған адамның әдеттегі қалыптасқан жазуынан жоғары деңгейде болса, күдіктеніп отырған орындаушы бұл мәтінді орындамады деген шешімге келуге болады.

Қалыптасу деңгейі бірдей қолжазбаларды құрылысына байланысты ажыратамыз. Қолжазбаның жазба белгілері ресми жазбаға сәйкес болған жазу қарапайым болып саналады. Егер ресми жазуда ауытқулықтар болса, ал жазудың ауытқу сипатына сәйкес – күрделенген немесе қысқартылған болады.

2. Жазудың қисаюы – жазба белгісінің бойлық осі мен жол сызығының арақатынасы арқылы анықталады. Жазулар тік, оң және сол жаққа қарай қисайған болып бөлінеді. Жазудың қисаюы тұрақты белгілер қатарына жатпайды, сондықтан да жазбаны бүркемелеу мақсатында жиі өзгертіледі.

3. Қолжазудың åêïiíäiëiãi әріптерді орындау кезіндегі тік және көлденең жасалған қозғалыстың өзара қатынасын көрсетеді. Төмен åêïiíäi жазылған қолжазбадағы әріптердің ені, оның биіктігі тең немесе биіктігінің жартысына тең. Жоғары åêïiíäå орындалған қолжазба әріптерінің ені

биіктігінен жоғары түрде орындалады. Ал, өтпелі көрсеткіштерге ие қолжазбалар орташа åêïiíäå орындалу болып табылады.

4. Қолжазбаның көлемі - әріптердің орташа биіктігіне қарай анықталады. Ірі көлемде әріптердің орташа биіктігі – 4мм-ден жоғары, орташа – 4мм-ãå äåéií аралығында, ұсақ көлемде әріп биіктігі – 2мм-ге дейін.

5. Жазбаның жылдам шапшаңдықпен орындалғандығы жазу құралын қағаз бетінен алмастан, әріптерді, олардың тіркестерін және сөздерді үзбей жазуды көрсетеді (жазбаның жоғары байланыстылығы), әріпті конструкцияда жеңілдетіп жазу, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының үшкірленуінен көрініс табады.

Баяу жылдамдықта жазылған қолжазбадан жазу құралының қағаз бетінен жиі үзіліс алуын, сондай-ақ әріп конструкцияларының күрделілігін, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының доғалдануын байқаймыз. Жазба құралын қағаз бетінен үзбей орындалған әріптердің саны бойынша қолжазу төмен, орташа, жоғары байланыстағы деп бөлінеді. Біріншісінде 3 әріпке дейін, екіншісінде 3-6 әріпке дейін, ал соңғысында 6 әріптен жоғары орындалады. Бұл белгі тұрақты болып табылады, себебі жазба байланыстылық деңгейін ұзақ жаттығуларсыз көтеру мүмкін емес.

6. Әріптердің қағаз бетіне батып жазылуы – жазба құралдарына салынған салмақ арқылы сипатталады. Қолжазбаның қатты, орташа және әлсіз басып жазу түрлері бар. Әріп штрихтарының ені тек басып жазумен ғана емес, сонымен қатар қағаздың сапасына, жазу құралының ерекшелігіне байланысты сипатталады.

7. Әріптердің, олардың тіркестерінің, сөздердің дұрыс орындалуынан көрініс табатын қозғалыстың кеңістікте тура орындалуы үйлесімділік болып табылады. Төмен үйлесімділікті келесілер көрсетеді: тік штрихтардың бөліну салдарынан әріптердің ирелеңдеп түсуі, әріптің иілген жерінің бұрыштануы, жекеленген элементтердің бір-біріне сәйкес келмеуі, әріптің басталуы мен аяқталуы кезіндегі штрихтардың (дәлме-дәл) тура келмеуі.

8. Қолжазбаны орындау қозғалысының құрылысы, формасы, бағыты, созылуы, саны, кезектілігі, үзілмеулігі және үдетілуі жағынан қарастырылады. Қолжазбада жиі кездесетін қозғалыс формасы – тіксызықты-бұрышты, дөңгеленген, доғал тәріздес, ілмек тәріздес болып келеді. Жазбалар қозғалыс бағытына қарай оң жақты және сол жақты болып бөлінеді. Әдетте сағат тіліне қарсы бағытталған сол жақты қозғалыстар жиі кездеседі. Керісінше оң жаққа қарай бағытталған қозғалыстағы қолжазбалар сирек кездеседі.

Әріптердің бойлық осінің орналасуы тік және оңға бағытталған, тұрақты емес қолжазба түрін көрсетеді.

Қолжазба тұрақтылығының көрсеткішіне, жазба белгілері формасының, өлшемдерінің, қисаюының қайталануы және әртүрлі жағдайда

жазуды орындау барысында қағаз бетінде мәтіннің орналасу ерекшеліктері жатады.

Сонымен, барлық ғалым-криминалистердің еңбектерінде қолжазбаның мынандай жалпы белгілері көрсетілген: қалыптасуы (жазудың жылдамдығы), қолжазбаның өлшемі, шапшаңдығы, тігінен тұрған элементтердің қисаюы, байланыстылығы, жазбадағы қозғалыстың жалпы бағыты, жазбадағы жалпы қозғалыс формасы. Кейбір криминалистер жалпы белгілер қатарына басып жазу белгісін де жатқызады.

Жеке белгілерге жеке жазу белгілерін орындау барысындағы ерекшеліктер және олардың мектептегі жазу үлгілері нормалары мен қолжазбаның жалпы сипаттамасынан ауытқуы жатады. Мұндай ауытқулар әріптің кез-келген штрихтарынан көрініс табады: бастапқы және аяқтаушы, негізгі және байланыстыратын, сопақша және жартылай сопақталған, жол үсті және жол асты, сол және оң жаққа қарай бағытталған қозғалыстар; ілмектеліп және бұрышталып өзара байланысқан элементтер.

Жеке белгілерді 4 топқа бөліп жіктеуге болады:

1. жазу белгілері мен олардың элементтерін орындау кезіндегі қозғалыс бағыттарының ерекшеліктері; Суреттерде “д” әрпінің жазу сызығы жолынан шығып тұрған элементін орындау кезіндегі қозғалыс бағыты көрсетілген. 30-суретте “д” әріпінің солға қарай, 30-1-суретте оң жаққа қарай дөңгеленіп жазылғаны көрсетілген.

2. жазу белгілері мен олардың элементтерінің байланысу ерекшеліктері; суреттерде әріптер мен әріп элементтерінің байланысу ерекшеліктері көрсетілген. 31-суретте “ф” әрпі элементтерінің үздіксіз орындалуы, 31-1-суретте “ж” және “т” әріптері элементтерінің арақашықтығы, 31-2-суретте “б, е, р” және “р, о, в” әріптерінің үздіксіз жазылуы көрсетілген.

3. жазу белгілері мен олардың элементтерінің өлшемі, қисаюы және жылдамдығы бойынша өзара қатыстылығының ерекшелігі; суреттерде әріп элементтерінің өлшемі, қисаюы, екпінділігі бойынша өзара байланыс ерекшелігі көрсетілген. 32-суретте “ж” әрпінің сол жақ элементінің шығыңқы орналасуы, ал 32-1-суретте “а” әрпінің соңғы элементінің жазу жолының ортаңғы бөлігінде орналасуы көрсетілген.

4. жазу белгілері штрихтарының басталуы мен аяқталу нүктелерінің орналасуы және оларды орындау әдістері. Суреттерде “р” әрпінің әртүрлі жазылу түрлері көрсетілген. 33-суретте вертикалды элементтің басқа элементтен жоғарырақ орналасуы, 33-1-суретте вертикалды элементтің бір деңгейде, 33-2-суретте вертикалды элементтің басқа элементтен төмен орналасуы көрсетілген, ал 33-3-суретте вертикалды элемент сол жақтан оң жаққа қарай бағытталған.

Жеке белгілердің идентификациялық маңыздылығы мен мәнділігі, олардың басқа адамдар орындаған қолжазбаларында кездесу жиілігіне байланысты. Жеке белгілердің кездесу жиілігі төмендеген сайын, орындаушыны анықтау кезіндегі қолданылатын белгінің маңыздылығы соғұрлым жоғарылайды.

Қолжазбаны зерттеу орындаушының әлеуметтік-демографиялық сипатына байланысты жорамалдау мақсатында (жынысы, жасы, кәсібі), сонымен қатар олардың психикалық жай-күйін анықтау (ауруға жалдығуы мен көңіл-күйінің бұзылуы) және идентификациялау мақсатында жүргізіледі.